Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет67/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78

203
жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сəйкестігі анықта-
лады (бұдан əрі – МЖМС)» делінген .
6. Аттестаттауды өткізу кезіндегі зерделеу нысандары:
1) білім беру ұйымдарының жалпы сипаттамасы;
2) кадрлар құрамы;
3) білім алушылардың контингенті;
4) оқу-əдістемелік жұмысы;
5) оқу-тəрбие жұмысы жəне педагогикалық жүктеме;
6) оқу-материалдық активі;
7) оқу жəне ғылыми зертханалары;
8) ақпараттық жабдықтар мен кітапхана қоры;
9) білім алушылардың білім сапасын бағалау;
10) ғылыми-зерттеу жұмысы;
11) кəсіптік практика болып табылады.
Осы тізімнен көргеніміздей, білім беру ұйымында жүргізілетін 
басқару үдерістері тікелей түрде аттестаттау нысандарының тізіміне 
жатпайды, олар осы тізімде ұсынылған қызметтің əртүрлі бағыттарына 
«сіңіп кеткен».
Педагогикалық үдеріс жағдайының дəстүрлі талдауы жəне оның 
қорытындыларының объективтік бағалауы қандай да бір дəрежеде 
білім беру мекемесінде педагогикалық менеджменттің сапасын 
да анықтауға мүмкіндік беретіні даусыз. Бірақ білім беру үдерісі 
сапасының жəне басқару үдерістері сапасының өзара негізделуі 
біркелкі сипатта болмайды, өйткені мектеп қызметінің табыстылығы 
көптеген факторларға байланысты. Іс жүзінде білім беру мекемесінің 
басшысы кəсіби біліктілігінің жетіспеушілігін педагогикалық 
ұжымның кəсіби құзыреттіліктерінің жоғары сипаттамалары, 
қалыптасқан танымдық түрткілерге жəне білімін жалғастыруға деген 
ұстанымдарына ие оқушылардың дамыған зияткерлік қабілеттерімен 
орны толатынын байқауға болады. Сонымен қатар, мықты басқарушы 
құрамы бар білім беру мекемесі оқушылардың танымдық қабілеттері 
мен оқу уəждеуі дамымағандықтан, өмірлік жоспарларына білімін 
жалғастыру кірмегендіктен, сонымен қоса, ата-аналардың көпшілігіне 
балалардың білімдері, олардың білім болашағы, сондай-ақ, маңызды 
болмағандықтан, көп жағдайда, білім сапасының жақсы нəтижелерін 
көрсете алмайды. Алайда көп жағдайда дəл қабылданатын басқарушы 
шешімдердің жеткіліксіз нəтижелігі, жоспарлауды жəне жедел 
басшылықты ұйымдастырудың төмен деңгейі, басқару буындарының 
теңсіздігі,  басқарушы қызметкерлерінің құзыретсіздігі жақсы жұмыс 
істейтін мекеменің «аяқ асты» шалысуына, жеткен шыңдарын 
жоғалтуға жəне басқаларына əкеліп соғады. Осының салдарынан тек 


204
ұйым жұмысының сапасы ғана тұрақты талдауды қажет етпейді, со-
нымен қатар, оның жеке бөлімшелері жəне буындарымен басқару 
сапасын да бақылау қажет. Басқару үдерістері бүкіл ұйымның, оның 
құрылымдық бөлімшелерінің қызмет етуінде, еңбек ұжымының 
жəне нақты қызметкерлердің жұмысында негізгі, жүйе құраушы рөл 
атқарады. Басқару үдерістеріне жеткіліксіз назар аудару қандай да бір 
дəрежеде бақылау жүргізгенде себептер емес, оның салдарлары тал-
данатына, «сырқат» емес, тек оның симптоматикасы анықталатынына 
əкеліп соғады.
Сонымен, біз менеджмент тиімділігін бағалау межесі ретінде 
қарастырғымыз келген басқару нəтижесі тура да, қосалқы да, 
уақыт бойынша жақын да, алыс та бола алады, бұл оның талда-
уын қиындатады. Осы нəтиже əлеуметтік-экономикалық, əлеуметтік-
психологиялық жəне əлеуметтік-ұйымдастырушы əсерлермен бай-
ланысты болуы мүмкін, сонда білім беру аясында бірінші топтағы 
əсерлерді бақылау күрделі болады. Əлеуметтік-экономикалық жəне 
əлеуметтік-психологиялық əсерлер белгілі қарама-қайшылықта болуы 
мүмкін, мысалы, білім алушылардың əлеуметтену проблемаларын аса 
өнімді шешуіне, олардың қабілеттерін дамытуға бағытталған білім беру 
жүйесіне, жеке білім беру мекемесіне қомақты қаржы қаражаттарын 
салуды талап етеді. Экономикалық тиімділікке жетуге тырысу өз 
кезегінде оқушылардың əлеуметтену үдерістерінің, педагогтардың 
кəсіби жетілуінің нəтижелігін төмендетеді.
Əдебиетті талдау қазіргі таңда материалдық өндіріс аясында да фир-
мамен басқару тиімділігін бағалауға бірыңғай көзқарастың жоқтығын 
көрсетеді [16, 20, 28, 48 жəне басқалары]. Г. В. Ковалишина [48] іс 
жүзінде бағалардың өлшемдігі жетерліктей жоғары болғандықтан, 
ал басқарылатын объектінің (фирманың) параметрлерінің сандық 
салыстыруын көбінесе өткізу мүмкін болмағандықтан, басқарудың 
барлық аспектілерін бағалау жүргізілмейтінін атап өтеді. Сондықтан 
да бірқатар жағдайларда басқару тиімділігін бағалау фирманың қаржы-
экономикалық жағдайымен шектеледі. Ұйым тиімділігінің əлеуметтік-
экономикалық межелерінің арасында əдетте келесілер аталады:
– тұрақтылық (өндіріс, құрылым, нарықтағы жағдай);
– өсу (өндіріс, жұмыспен қамтылғандардың санының, жаңалық-
тарды енгізуінің өсу қарқындары);
– ұйымның сыртқы ортаның өзгерулеріне бейімделу қабілеті 
(сыртқы орта жəне ұйым қызметі көрсеткіштерінің өзара байланысы);
– ұйымныңөз қызметін ұзақ мерзімді ауқымда жоспарлай білу, 
болашақ өзгерістерді болжай алу қабілеті, бұл белгілі дəрежеде тұрақсыз 
экономика жағдайларында тəуекелдікті азайтуға мүмкіндік береді.


205
Əлеуметтік-экономикалық өлшемдер, əлеуметтік саладағы меке-
мелер пайда алуға бейімделмегендіктен, осы мекемелердің қызмет 
тиімділігін, оның ішінде, олармен басқаруды бағалау кезінде негізгі 
болмайды.
Əлеуметтік-ұйымдастырушылық əсерлер ұйымның есеп, өндіріс 
жəне қызметкерлердің еңбек үдерістерін жетілдіруінде, оның құрылы-
мын оңтайландыруда, өндіріс циклдерін қысқартуда жəне басқаларда 
білінеді. Е. В. Маслов [56] қызметкерлермен басқару үдерістеріне қарай 
тиімділікті кадр қызметінің ұйымдастырушы құрылымын бағалау 
арқылы қарастырады. Құрылым тиімділігінің тура көрсеткіштері 
болмағандықтан, ол басқарудың осы құрылымының қарапайымдылығы 
(иерархиялық деңгейлердің саны, құрылым көлемі, байланыс бөлімдері 
мен «көпірлерінің» саны, əр бөлімнің бейіні мен біркелкілігі) жəне 
басқа жанама өлшемдерін келтіреді. Сонда ол байланыс көп жəне 
күрделі болып, иерархиялық деңгейлері көп болған сайын басқару 
жүйесінің қызмет ету тиімділігі төмен болатынын ерекше көрсетеді. 
Құрылымдық бөлімшелердің тым көп болуы, қандай да бір функцияны 
бірнеше құрылымдық бөлімше атқаратынына əкеледі. Осының салда-
рынан қызметтің үйлесуі жəне келісілуі қиындайды, басқарушы лауа-
зымдар саны артады, қызметкерлердің жұмысбастылығының дəрежесі 
төмендейді, аппаратты ұстау қымбаттайды. Осы өлшемдер, басқару 
құрылымы қарапайым жəне дəстүрлі болатын, жалпы білім беру орта 
мектебіне қатысты аз қолданылады. Бірақ жоғары кəсіби білім беру 
мекемелерімен (институттармен, академиялармен, университеттер-
мен жəне т.б.) басқаруда басқарушы аппараттың өсуіне беталыс анық 
көрінуі мүмкін. 
Қызметкерлермен басқару қызметінің ұйымдастырушы құры-
лымының тиімділігі көп жағдайда осы құрылымның динамикалы-
ғына, қызметкерлермен басқару алдында тұрған міндеттердің 
өзгеруіне жəне күрделенуіне қаншалықты жылдам ықпал ететініне, 
ол шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайларына қаншалықты 
бейімделуіне байланысты.
Басқарудың əлеуметтік-психологиялық тиімділігі ұжымдағы пси-
хологиялық климатпен, деструктивтік шиеленістердің жоқтығымен, 
еңбек ұжымының ұйымшылдығына жəне т.б. байланысты. Əлеуметтік-
психологиялық аспектілерді талдау қызметкерлерді уəждеу межелері-
нің, қызметкерлердің атқаратын жұмысынан қанағаттану дəрежесінің 
жəне басқаларының негізінде жүргізіледі. Білім беру мекемесінің 
əлеуметтік-психологиялық тиімділік көрсеткіштерінің кешеніне білім 
беру қызметтерінің негізгі тұтынушылары – білім алушылар жəне ата-
аналардың қанағаттануымен байланысты сипаттамалар енуге тиіс.


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау