6
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР блогы студенттердің білімді
репродуктивтік игеруімен қатар, алған білімдеріне шығармашылық
қайта құру бойынша ықпал етеді.
Білім алушылардың басты / жалпы жəне пəндік құзыреттіліктерін
қалыптастыру үшін бұл оқу құралында теориялық сұрақтарды
практикалық жолмен шешуге бейімдеулерін қалыптастыру мақсатында
əртүрлі типті жəне деңгейлі білім мекемелерінің басқару тəжірибесі
ұсынылған. Осы тəжірибенің белгілі бөлігі Өскемен қаласының мек-
тепке дейінгі білім мекемелері мен жалпы білім беретін мектептеріндегі
тəжірибелік-эксперименталдық жұмыс пен ғылыми жетекшіліктің
қызметін атқаратын автордың тікелей қатысуымен құрылған.
7
І тарау. МЕНЕДЖМЕНТ: ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖƏНЕ БІЛІМ
МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ІСКЕ АСЫРУ ТƏЖІРИБЕСІ
1.1. Білім мен басқаруды жетілдіру факторы ретінде білім
жүйесінің заманауи жағдайы жəне даму келешегі
Индустриалдық қоғамнан ақпараттық (постиндустриалдық)
қоғамға ауысу білімнің адам тіршілік əрекетіндегі алатын басты рөлін
анықтайды. Білім сапасы тек бір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның
да табыстылығының маңызды факторы болатындай қоғамдық өмірдің
аясында қалыптасуда. Квалиметрия саласындағы белгілі маман
А. И. Субетто: «XXI ғасырдың адам жəне қоғамының жаңа онтология-
сында адам қасиеттерінің, қоғам парасатының сапасы жəне қоғамдағы
білім беру жүйесі сапасының озық даму заңы тұрақты даму шарты бо-
лып табылады» деген [99, 44 б.]
Осының салдарынан, бүгінгі таңда бүкіл білім беру жүйесінің да-
муымен қатар, оның бөлек мекемелерінде де даму стратегиясының
бағыттарын анықтау маңыздылығы едəуір өсуде. Осы саладағы ма-
мандар мақұлдағандай [16], стратегиялық менеджменттің мəні – үш
маңызды сұраққа жауап беруінде:
– Қазіргі таңда кəсіпорын қандай жағдайда?
– Бірнеше жылдан кейін ол қандай жағдайда болғысы келеді?
– Күтілетін жағдайға қалай жетуге болады?
Менеджерлер бірінші сұраққа жауап беру үшін кəсіпорынның
ағымдағы жағдайын ұғынумен қатар, осы кəсіпорын құрауышының
бірі болатын жүйенің ерекшеліктерін де жақсы түсінуі тиіс. Мұнда
стратегиялық көру, əлеуметтік өмірдің тиісті саласының даму келешегін
түсіну қажет. Осы себептен кез келген саладағы басқару, сонымен
қатар, білім беру жүйесінде ерекше деңгейдегі басқару болжамдық
(келешектік) сипаттағы ақпараты бар негізгі нормативтік-құқықтық
құжаттарға негізделуі тиіс.
Осы нормативтік-құқықтық актілерді əрекет ету саласы, олар-
ды шығаратын субъектілері жəне басқа көптеген белгілері бойын-
ша жіктеуге болады. Заңдық күші бойынша нормативтік-құқықтық
құжаттар 2 топқа бөлінуі мүмкін:
1) жоғары заңдық құқыққа ие заңдар - актілер;
2) заңға тəуелді актілер - заңдарға негізделген жəне оларға қарама-
қайшы келмейтін актілер.
Білім беру қызметін жəне басқаруды реттейтін құжаттардың бірінші
тобына Қазақстан Республикасының Конституциясы жəне 2007 жылғы
ҚР-ның «Білім туралы» Заңы жатады. Екінші – аса кеңейтілген топ,
8
мысалы, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 12 жылдық
орта білім туралы тұжырымдамасы жəне Қазақстан Республикасының
үздіксіз педагогикалық білімінің тұжырымдамасы, ҚР Үкіметінің
қаулысымен бекітілген білім бағдарламаларын іске асыратын Білім
ұйымдары қызметінің типтік ережелері сияқты құжаттар ұсынылған.
Қазақстан Республикасындағы білім жағдайы жəне дамуы тура-
лы Ұлттық баяндамада (2008 ж.) «білім беруді дамытудың заманауи
кезеңінде тұрғындар үшін білім беру қызметтерінің жоғары сапасына
қол жеткізу айрықша маңызды. 2000 жылы Нью-Йоркте ең дамыған
елдер, Мемлекеттер Басшылары Саммитінің Декларациясымен
қабылданған мыңжылдықтың даму мақсаттарының бірі – жалпы баста-
уыш білімге қол жеткізу, білім беру жүйелерінің бағытында ең жоғары
сапасын белсенді жетілдіру [66, 4 б.].
Белгілі болғандай, тұрғындардың білімділік сапасының межелері,
адам денсаулығы, ұзақ өмір сүруі, ІЖК мөлшері əртүрлі интегралдық
ел аралық өлшемдерінің көрсеткіштері болады. Олардың ішіндегі,
ең танымалдарының бірі – əртүрлі елдер мен өңірлердің өмір сүру
деңгейлерін салыстырмалы талдаудың стандарттық құралы болатын
адамның даму индексі. Тұрғындар білімділігі екі параметрдің негізінде
- ересек тұрғындардың сауаттылығы жəне білім берудің негізгі
деңгейлерімен (бастауыш, орта жəне жоғары) тұрғындардың қамтылуы
дəрежесі арқылы анықталады. Қазақстан Республикасындағы білім
беру жағдайы жəне дамуы туралы Ұлттық баяндамада (2008 ж.)
айтылғандай, соңғы 12 жылда адам даму индексінің (АДИ) артуы бо-
йынша елдердің тиісінше рейтингісінде Қазақстан 20 орынға жоғары
көтеріліп, Беларусь жəне Ресейден басқа, ТМД-ның барлық елдерін
артта қалдырып, 2007 жылы 73-ші орынды иеленді [66, 5 б.].
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі реформалардың
қарқындылығы, кең көлемде дамуы мен динамикасы осы салаға едəуір
назар аударылғанын растауда. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-
2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясы мемлекет дамуының жеті негізгі
басымдылығынан, оның ішінде əлеуметтік өмір саласымен байланыс-
ты мына пункттерден тұрады:
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Саясат ішіндегі тұрақтылық жəне қоғам консолидациясы.
3. Шетел инвестицияларының жəне ішкі жинақтаулардың жоғары
деңгейі мен ашық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен əл-ауқаты.
5. Инфрақұрылым, əсіресе, көлік пен байланыс.
6. Кəсіби үкімет.
9
7. Негізгі функцияларға дейін шектелген кəсіби мемлекет.
«Білім беру жүйесі» деп аталатын кеңінен қолданылатын термин
нені ұқтырады? Білім беру жүйесі 2007 жылғы ҚР «Білім туралы»
Заңында өзара əрекет етушілердің жиынтығы ретінде төмендегіше си-
патталады:
1) білім деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білімнің
мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары жəне білім берудің оқу
бағдарламалары;
2) меншіктік нышанына, типі мен түріне қарамастан білім беретін,
оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдары;
3) білімді басқару органдары жəне тиісті инфрақұрылым, оның
ішінде білім сапасының мониторингісін жүзеге асыратын ғылыми
жəне оқу-əдістемелік қамту ұйымдары.
ҚР «Білім туралы» Заңының (2007 ж.) 2 тарауы өз баптарында
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, білім саласындағы уəкілетті орган
құзыреттілігінің, білім саласындағы жергілікті өкілетті жəне атқарушы
органдары құзыреттілігінің сипаттамасын ашуда.
«Білім туралы» заңында көрсетілгендей, білім саласындағы
мемлекеттік реттеу білімге деген конституциялық құқықтардың іске
асыруын қамтамасыз ететін жағдайларды қалыптастыруға жəне білім
беру ұйымдарымен ұсынылатын білім қызметтерінің жоғары сапасын
қамтуға бағытталған (8 тарау, 54-бап).
Соңғы жылдардағы білім берудегі реформалар білімнің əртүрлі
деңгейлері мен бағыттарын қамтитын инновациялардың тұтас
жүйелерін енгізуімен байланысты. «Білім туралы» заңында білім
берудің оқу бағдарламаларындағы үздіксіздік пен сабақтастықты
көздейтін деңгейлерге келесілер жатқызылған:
1) мектепке дейінгі тəрбие мен оқу;
2) бастауыш білім;
3) негізгі орта білім;
4) орта білім (жалпы орта білім, техникалық жəне кəсіби білім);
5) орта білімнен кейінгі білім;
6) жоғары білім;
7) жоғары білімнен кейінгі білім.
Балалардың мектепке дейінгі сапалы білімге қолжетімділігін
қамтамасыз ету, мектепке дейінгі білім мен оқу жүйесінің мазмұнын
білім берудің бүкіл жүйесімен жаңғыртуына сəйкес келісу қажеттілігі
мектепке дейінгі мекемелер желісі сан жағынан ғана емес сапа жағынан
да өзгере бастағанын анықтады. Дəстүрлі балабақшалар, балабақша-
бөбекжайлармен қатар, оның ішінде баланың бастауыш жалпы білім
алуына мүмкіндік беретін балабақша-мектептер құрыла бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |