Қалалық семинар
Тақырыбы: Заманауи зақымдау құралдары
Мақсаты:
* Заманауи зақымдау құралдары туралы мәліметтермен
бөлісу;
* Жаппай қырып жою құралдарынан қорғану жолдарын
көрсету;
* Кәсіби жағынан шыңдалу
Күтілетін нәтиже:
*Заманауи зақымдану құралдары туралы мәліметтермен танысады;
* Жаппай қырып жою құралдарынан қорғану жолдарының
әдістерін іс жүзінде жасап дағдыланады;
* Кәсіби дағдысы шыңдалады
Семинар барысы:
1. Психологиялық ахуал "Кел ойнайық"
Сөз беру. Директор
Білім бөлімінен:
2. Видеожазбаны тамашалау.
Қалай ойлайсыздар, бүгінгі семинарда не жайында әңгіме қозғалмақ? Қандай тақырыпта ой бөлісеміз деп ойлайсыздар? Өз пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.
3. Рахмет! Сонымен бүгінгі семинарымыздың тақырыбы: Заманауи зақымдау құралдары. Семинардың мақсаты мен күтілетін нәтижесі таныстырылады.
4. Жұмысымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық. Қолдарыңызда семинардың бағдарамасы бар. Сол бағдарламаның ішкі бетін ашсаңыздар сурет бар. Сол суреттер стол үстінде де тұр. Бағдарламадағы суреттерге сәйкес столдарға отыруларыңызды сұраймыз. Сонымен бізде төрт топ болды. "Сарапшылар" тобы бүгінгі семинар барысында жұмысшы топтың іс-әрекетін бағалайтын топ болады. Столдарыңызда бағаланатын тапсырмалар мен бағалау критерийлері белгіленген бағалау парағы жатыр. Сол бағалау парағына балдарды қойып, қорытынды шығарасыздар. Ал қалған үш топ бізде жұмысшы топ, яғни тақырыпқа сай әртүрлі тапсырмаларды орындаушы топ болады.
Енді топпен жұмысқа көшпес бұрын "Топтың алтын ережесін" құрып алайық. Әр топ негізгі деген бір-бір ережеден айтып өтсін. Рахмет.
5. Енді жұмыс барысында бәріміз осы ережелерді ұстанамыз деп, тапсырмаларымызға көшейік.
1-тапсырма: қазір қарқынды дамып жатқан ақпараттық технология заманы екенін бәріміз білеміз. Өскелең ұрпаққа заман талабына сай білім беру үшін алдымен ұстаздар қауымы өзі сол заман талабына сай болуы шарт. Біздің 1-тапсырмамыз осы талапқа сай берілмек. Әр столда бір-бір ноутбук қойылған. (экранда слаид ашылады) Қазір әр топ осы ноутбукты пайдаланып, "Заманауи зақымдау құралдары" тақырыбында таныстырылым жасайды. Таныстырылым уақыт, безендірілуі, мазмұнының толық ашылуы, таныстырылымды қорғау кезіндегі топтың ораторлық қабілеті бойынша бағаланады. Слаид саны 1-ден артық болмау керек. Сіздерге 10 минут уақыт беріледі.
(10 минуттан соң топтардың құрған слаидтары флешкаға түсіріліп, сахнадағы компьютерге орнатылуы керек. Жанар жинайды, Қанат орнатады)
2-тапсырма: Бүгін әңгіме зақымдау құралдары туралы болып жатыр. Ендеше олардан қорғанудың да жолын білуіміз керек қой. Келесі тапсырма осы жөніндегі білімге негізделмек. Алдыларыңызда әртүрлі Жалпы әскери қорғану құралдары жатыр. Сіздер сол құралдарды пайдалану ретін көрсетулеріңіз қажет және ол құрал қандай түрге жатады, не үшін қолданылады толық сипаттап түсіндіріп өтесіздер. Бұл тапсырма уақыт, қолдану ережесінің сақталынуы, түсіндірілу деңгейі бойынша бағаланады. Сіздерге киінуге ? минут, сипаттама беруге 3минут уақыт беріледі.
Ал, бастайық! Сәттілік тілейміз!
3-тапсырма: Сіздер әскери іске қатысы жоқ оқушы, мұғалім, ата-ана, ауыл тұрғындары арасында жүрген әскери адамсыздар. Төтенше жағдай болған жағдайда айналаңыздағы адамдарға дұрыс бағыт-бағдар беретін бірден-бір адам сіздерсіздер. Келесі тапсырма мынадай : Бүгінгі семинардың тақырыбына сай, әрине құдай басқа бермей-ақ қойсын. Бірақ, жаман айтпай, жақсы жоқ деген. Сондай жағдай бола қалған жағдайда, яғни төтенше жағдай туралы дабыл соғылған кездегі, халықтың, өзіңіздің іс-әрекетіңіздің жоспарын құрасыздар. Жоспарды столда жатқан А3 қағазына жазасыздар. Құрған жоспарларыңыз уақыт, жоспардың қарапайым халыққа түсінікті тілде жазылуы, безендірілуі бойынша бағаланады. Сіздерге 7 минут уақыт беріледі. Болған соң әр топ өз жоспарымен таныстырып, түсіндіреді.
3а-тапсырма: Келесі таныстырылымдарды қорғауға кезек береміз.
3б. Топтар сараланатын жұмыстарын аяқтады. Сарапшылар бағаларыңыздың қорытындысын шығара берсеңіздер болады. Ал біз кезекті мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, бүгінгі семинардың ұйытқысы, яғни ұйымдастырушысы Искаков Ерғали Абдулмажитұлына береміз.
6. Сөзді сарапшылар тобына береміз.
7. Біраз жұмыс жасадық. Енді бойымызды бір сергітіп алайық. Топ болып "Аспанға қараймын" әнін орындап көрейік. Қазір қыздар әр топқа таңдап алуға алдыларыңызға жеребе апарады. Сол алған жеребеде жазылған әдіс бойынша осы әнді орындайсыздар. Дайындыққа 3 минут береміз.
Бірінші кезекті "Әскери хорға береміз"
Ортаға осы әнді "Әскери хор + оркестр" түрінде орындайтын топты шақырамыз
Кезек әнді "Әскери хор + оркестр + марш" түрінде орындайтын топқа беріледі.
Ал, соңғы түйенің жүгі ауыр деп ортаға "Әскери хор + оркестр + марш + РБ" түрінде орындаушыларды шақырамыз. Рахмет!!!
8. Енді семинарымыздың екінші бөлімі десек те болады, интеллектуалды тапсырмаларға көшеміз.
* Ортаға әр топтан екі адам шығу керек. (шыққан соң)
Сіздерге мынадай тапсырма: қазір сіздерге үш-төрт сурет көрсетіледі. Сіздер сол суреттерді бір ғана сөзбен атайсыздар. (әр топқа екі тапсырмадан)
* Ортаға әр топтан бір-бір адам шықсын. "Кім жылдам". Столда автомат жатыр. Сіздер сол автоматты уақытқа шашып, жинайсыздар. (уақыт қадағаланады). Ең жылдам ұстаз анықталады.
* Әскери адамдар кез-келген тосын жағдайға дайын болу керек. Сіздерді тапсырмамен басқа елге жіберсе, сіздер өздеріңіздің бөтен екеніңізді білдірмей, сол ортаға сіңе білулеріңіз керек. Яғни актер да бола аласыздар. Сіздерге мынадай тапсырма: Тағы да қыздар таңдау үшін алдыларыңызға жеребе апарады. Әр топ бірден аласыздар. (алған соң) Енді сол қағазда жазылған кинофильмнен үзінді көрсетесіздер. Қай топқа қай фильм түсті екен? Экранға назар салыңыздар. (экранда фильмдердің суреті мен музыкасы орындалады да бұл фильм қай топта екені айтылады) Іске сәт! Сіздерге 10 минут беріледі.
10 минуттан соң әр топ үзінділерін көрсетеді.
9. Міне, әріптестер, бүгінгі біздің семинарымызда өз мәресіне жақындап қалды. Келесі кезекте рефлексия "От шашу". Қыздар сіздерге жұлдызшалар таратып береді. Сол жұлдызшаларға семинар туралы ойларыңызды, әсерлеріңізді, ұсыныстарыңызды жазып қалдыруларыңызды сұраймыз. Көңіл қалтырмас үшін тамаша, керемет дегенді ғана жазбай, сын мен ұсыныс жазсаңыздар тамаша болар еді. Жазып болған соң жұлдызшаларыңызды от шашу суреті салынған маркер тақтасының қасындағы қыздарға берсеңіздер болады.
10. Міне, семинарымыз аяқталуға аз қалды. Енді кезекті сіздердің қорытынды сөздеріңізге береміз.
11. Ой-пікірлеріңізді білдіріп болғандарыңызды келесі кабинетке "Кофе-брейкке" шақырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |