Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет48/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78

146
Мектеп директоры орынбасарының (оқу меңгерушісінің) функ-
циялары да көпаспектілі. Оларды директордың оқу жұмысы жөніндегі 
орынбасарының мысалында қарастырайық. Оның лауазымдық 
міндеттеріне келесілер жатады [74]:
– білім беру ұйымының келешегін болжау жəне ағымдағы жо-
спарлауын ұйымдастыру; педагогтардың білім берудің мемлекеттік 
жалпы білім стандарттарын, жалпы білім оқу жоспарлары мен 
бағдарламаларын орындау бойынша жұмысын үйлестіру; МЖБС 
аясында білім беру үдерісінің сапасын бақылау; оқу-тəрбие 
үдерісін ұйымдастыру; оқу үдерісіне заманауи технологияларды 
енгізу;
– пəндік əдістемелік бірлестіктердің білім беру үдерісін жəне білім 
беру ұйымының эксперименталдық жұмысын жетілдіру мақсатымен 
үйлестіру, оқу-тəрбие үдерісінің ғылыми-əдістемелік жəне əлеуметтік-
психологиялық қамтамасыз етуін ұйымдастыру, педагогтардың ең көп 
нəтижелік тəжірибесін жинақтау жəне тарату;
– педагогикалық кадрларды іріктеу мен белгілеуге қатысу, 
педагогикалық қызметкерлердің жəне басқалардың біліктілігін артты-
ру жəне аттестациялауын жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. 
Білім беру мекемелерімен жұмыс істеудегі біздің тəжірибеміз 
көрсеткендей, білім беру мекемелерімен басқаруда басшы мен 
оның орынбасарлары бірыңғай басқарушы команда ретінде жұмыс 
істеуі мүмкін. Бұл көп жағдайда, олардың білім беру мекемесіндегі 
ұзақ бірлескен жұмысының тəжірибесі жеткілікті біріктіргенде 
жəне қалыптасқан жағдай мен оның даму болашағына бірыңғай 
көзқарастары болғанда, мекеме қалай қызмет ететінін жəне оны 
қалай басқару қажеттілігін бірдей түсінгенде жүзеге асады. Сонда, 
көп жағдайда кəсіби емес өміріне қатысты жақын ұстанымдары, 
қызығушылықтары мен талғамдары қалыптасады жəне көрінеді. 
Басқарушы топ, егер де оның жұмысы біріккен-бөлінген келісілген 
қызметтің мақсаты мен міндеттерінің бірлігіне негізделсе, тек 
əкімшілік қатар бағынуында емес, онымен бірге білім беру мекемесі 
қызметінің проблемаларын жалпы анықтауына, нақты шешілуіне, 
ашық талқылауына жəне олардың ұжымдық ізденуіне сүйенсе, ко-
манда болып қалыптасады.
А. А. Жайтапова жəне З. М. Садвақасова мықты команданы си-
паттай отырып [36], келесі айрықша ерекшелігін көрсетеді: коман-
да мүшелері өз жетістігіне сенеді жəне бірін-бірі қолдайды, нақты 
мақсаттар мен анық міндеттерді қояды, бір-біріне сенімділіктің жоғары 
деңгейін көрсетеді, үнемі өз қызметін жетілдіруге жұмыс атқарады 
жəне басқалары.


147
Осындай басқарушы команда педагогикалық ұжымға жұмыстың 
ұйымдастыруына өз көзқарастарын, кəсіби қызметінің құндылықтары 
мен мəндерін, менеджменттің заманауи қағидаттарын мекемемен 
басқарудың төмен дəрежелерін көрсете отырып, қызметкерлермен 
белсенді өзара əрекеттескенде, жұмысқа қабілетті педагогикалық ко-
манданы құру мүмкіндігіне ие болады. Осы жағдайда білім берумен 
басқаруға заманауи менеджменттің идеяларын жүзеге асыру, TQM 
қағидаттарын, əсіресе, жетекшіліктің көшбасшылығы, қызметкерлерді 
басқаруға жұмылдыру, үнемі жетілдіру жəне басқаларды енгізу туралы 
айтуға болады. Білім беру мекемесінің осы айырмашылықтары, біздің 
ойымызша, сондай-ақ, қазақстандық білім беру кеңестігінде «кай-
зен» («кай» – «өзгеру» жəне «зен» (цен) – «жақсы») тұжырымдамасы 
элементтерінің болуын растайды. 
Жапонияда пайда болған басқарудың осы тұжырымдамасы 
компанияның барлық қызметкерлерінің белсенді қатысуының 
арқасында ғана мүмкін болатын үздіксіз жетілу үдерісін білдіреді. 
Мұнда қызметкер тек еңбек ресурсы сияқты емес, тұтас тұлға 
ретінде қабылданады жəне дамиды. Қызметкерлердің, əртүрлі жұмыс 
топтарының, олардың құзыреттілігін тек өндірістік үдерістегі ғана 
емес, сонымен қатар ұйым өмірінің барлық жақтарына қатысуының 
маңыздылығын түсіну, сондай-ақ, еңбек ұжымының əр мүшесінің өз 
қызметін жақсартуға қосқан үлесінің маңыздылығын мойындау кайзен 
тұжырымдамасында маңызды болуда. Осы мойындау ұжыммен жалпы 
мақсаттарға жету бойынша синергетикалық əсерді қамтамасыз етуге 
мүмкіндік беретін, шабыттандыратын, уəждейтін жəне бағыттаушы 
қызметін атқарады.
Заманауи нарықтық жағдайларда басқарудың дəстүрлі 
функционалдық құрылымдарынан сыртқы ортамен белсенді өзара 
əрекеттесуімен жəне басқарудың төмен деңгейлеріне жауапкершілік 
пен өкілеттіліктеріне құқық берудің жоғары дəрежесімен си-
патталатын бейімдік – үдерістік, жобалық құрылымдарына ауы-
суы жүргізіледі. Көп жағдайларда қызметкерлердің жəне бүкіл 
компанияның нарықтағы үнемі өзгеруші талаптарға, сыртқы 
ортаның жағдайларына жылдам жəне тиімді икемделуіне ықпал 
ететін жұмыс топтары мен командалар осындай ұйымдардың негізгі 
құрауыштарының бірі болады.
Егер бизнес, қаржы салалары үшін жұмыс командалары тек сапа-
мен (TQM) жалпы басқарудың маңызды құраушы жүйесі бола баста-
са, білім беру аясында осындай құбылыс жетерліктей таралған. Көп 
жағдайда педагог бір мезгілде əртүрлі шығармашылық, проблемалық 
топтарға ене отырып, белгілі функционалдық құрылымға (мектеп-


148
ке, кафедраға, əдістемелік бірлестікке жəне т.б.) жатады. Желілік 
өзара əрекеттесуді қамтамасыз ететін əртүрлі команда қатарына 
жататын қызметкерлерді ұйым өміріне жұмылдырады, оған оның 
тиімділігіне белсенді ықпал етуге мүмкіндік береді, жеке жəне 
ұжымдық жауапкершілік сезімін бекітеді. Көптеген топтар бірнеше 
білім беру мекемелерінің (мектепаралық бірлестіктер, даму бой-
ынша кеңестер жəне т.с.с.) базасында құрылғандықтан, педагог-
пен кəсіби проблемаларын көру, олардың шешуіне қатысуы едəуір 
кеңейеді.
Өскемен қаласы білім бөлімі осы міндеттің маңыздылығын ескере 
отырып, қалалық əдістемелік кабинетімен қала мектептерінде коман-
да құрастыру үдерістеріне ықпал ету бойынша үлкен жұмыс атқаруда. 
Негізінен, бірнеше жылдар бойы кəсіби педагогикалық конкурстар 
кешеніне «Жылдың педагогикалық командасы» атты номинациясы 
енгізілген оның міндеттері келесідей: 
– қала мектептерінің қызметіне педагогикалық менеджменттің 
енгізілуін қамтамасыз ету;
– білім беру жүйесінде қызметкерлермен басқаруда инновациялық 
көзқарастарды түсіну жəне жүзеге асыру;
– қала мектептерінде тиімді қызмет ететін педагогикалық 
командалардың қалыптасуына негізгі көзқарастарды зерделеу;
– мектеп жұмысының тəжірибесінде қолданылатын валидтік меже-
лерді жəне ұйым мен қызметкерлердің даму сапасы мониторингісінің 
тиімді əдістерін талдау жəне қорытындылау.
Білім беру жүйесінде болып жатқан біршама өзгерістер білім 
беру сапасымен басқырудың ғана емес, сонымен қатар, білім беру-
мен сапалы басқарудың маңыздылығын да негіздейді. Осы саладағы 
белгілі маман П. Друкер осыған орай «нəтижелік» жəне «тиімділік» 
деген түсініктер арасында нақты шекараны өзерделеген болатын. 
Оның пікірі бойынша, нəтижелілік дұрыс нəрселер болып жатқанын, 
ал тиімділік дұрыс нəрселердің дұрыс жүріп жатқанын көрсетеді 
[30]. 
Осыған байланысты өз функцияларын сауатты жүргізумен қатар, 
өзі басқаратын адамдарды шабыттандыратын, оларға көшбасшы 
бола алатын жетекшіге қажеттілік туындайды. TQM (сапамен жал-
пы басқару) – басқарудың заманауи парадигмасының алғашқы 
қағидаттарының бірі, басшылықтың көшбасшы қағидаты болатынын 
атап кету маңызды.
Е. П. Михалева, заманауи менеджердің ерекшеліктерін қарастыра 
отырып [61], оның шаруашылық жетекшісінен қағидаттық 
айырмашылықтарын көрсетеді (8-кестені қараңыз). 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау