152
үйрету – бұл мектеп басшылығының көпқырлы үдерісінің
өте маңызды,
тек бір жағы болуда. Егер бас тəрбиеші тек қалай тəрбиелеу керектігін
оқытса, сонымен бірге, балалармен тікелей араласпаса, ол тəрбиеші бо-
луын тоқтатады. Деректер директорлық жұмысымның алғашқы аптала-
рынан бастап баламен жалпы қызығушылықтар, əуестенулер мен тал-
пыныстар болмаса, менің алдымда бала жүрегіне деген жол біржолата
жабылатынына сендірді. Балаларға деген тура, тікелей тəрбиелік
ықпалсыз, мен директор ретінде педагог-тəрбиешінің ең маңызды
қасиеті – балалардың рухани əлемін түсіну қабілетін жоғалтамын. Мен
сынып жетекшілеріне қызығатымын: олар əрдайым балалармен.
<...> Мен кейде оқушылар өз тəрбиешісімен бір нəрсеге қызығып,
өзара талқылап жатқанда келіп оларға сөйлегенімде, ал олар мені
көрмегенде азап шегетінмін: балалар өз тəрбиешісімен
бай рухани өмір
сүреді, оларда өздерінің құпиялары болады. Осындайда мектеп директо-
ры қажет пе? Жоқ, қажет емес. Директор мəні бойынша мұғалім үстінен
инспектор, əкімгер-шенеунік болған жəне міндеттеріне педагогтың
бағдарламаны дұрыс баяндауын, артық немесе қате айтпауын бақылау
жатқан революцияға дейінгі мектепте қалыптасқан басшылықтың
əдістері мен нысандары, қазіргі күні анахронизм болып қалды.
Тəрбиелеудің қиын ісінде мұғалімдердің көздері алдында өзіне озық
педагогикалық идеяларын іске асырған үздік тəжірибесінің құрылуы,
туындауы жəне мақұлдануы заманауи мектеппен басқарушылық етудің
мəні болуда. Кімде кім осы тəжірибенің жаратушысы болса, оның еңбегі
басқа тəрбиешілер үшін үлгі болса, – сол мектеп директоры болуға тиіс.
Осындай директорсыз – жақсы тəрбиешісіз – осы күндері мектепті еле-
стетуге болмайды. Тəрбие – бұл ең бастысы адам тану.
Баланы білмей,
оның ақыл-ой дамуын, ойлауын, қызғушылықтарын, əуестенулерін,
қабілеттерін, талаптарын, бейімділіктерін білмей, тəрбие болмайды.
Ауруханың бас дəрігері өз пациенттерінсіз нағыз дəрігер бола алмайты-
ны сияқты, мектеп директоры да, егер онда тəрбиеленушілер жоқ болса,
тəрбиешілерге басшылық жүргізе алмайды. Егерде, ол бала мектепке
келген алғашқы күндерінен бастап кəмілеттік аттестатын алғанға дейін
онымен бірге баспалдақтан баспалдаққа көтерілсе, тікелей оның ақыл-
ой,
адамгершілік, эстетикалық, эмоциялық, дене дамуы жөнінде қамын
ойласа, оған өзінің рухани байлығымен бөліссе, өзінікі деген мағынада
айтамыз. Мектепте кім орталық фигура болады? Мектеп директоры
басқа тəрбиешілер теңелу керек болатын тəрбие үдерісінің қай аясын-
да үлгі болуға тиіс? Мектептің басты фигурасы – бұл алғашқы балалар
ұйымы – сынып ұжымының тəрбиешісі. Ол оқушыларға білім беретін
мұғалім де, балалардың досы да, олардың көпқырлы рухани өмірінің
жетекшісі де. Оқу – бұл тəрбиелеу түсінігінің
кең мағынасындағы
153
гүл күлтелерінің бірі болуда. Тəрбиелеуде гүлдің əсемдігін құрайтын
көптеген күлтелерінің арасында басты күлтесі жоқ сияқты басты
жəне болмашысы жоқ. Тəрбиелеуде барлығы – сабақ та, сабақтан
тыс уақытта балалардың қызығушылықтарын дамыту да, ұжымдағы
тəрбеленушілердің өзара қарым-қатынасы да басты болады.
Сухомлинский В. А. Сердце отдаю детям
2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
А) Педагогикалық ғылымдар докторы, мектеп директоры Е. А. Ям-
бург сұхбатында өзі туралы былай айтты:
– Мен, өкініше орай, тым либералмын. Сондықтан да,
педагогика-
лық кадрларды өзара толықтыру қағидаты бойынша іріктеймін. Көбісі
жасайтындай, егер мен орынбасарларымды жəне мұғалімдерді өзіме
қарап таңдасам, мектепті басқару жылдам жоғалтар еді. Либералды
директордың қол астында бір-екі өктемшіл орынбасары, ал өктемшілде
бір-екі либерал-орынбасар болуға тиіс. Сонда мектеп кемесі қандай да
бір жаққа ауытқымай жүзеді. Бұл педагогтарға да қатысты, өйткені
келешекте балалар жұмсақ жəне қатал, демократ жəне кейде демо-
крат емес əртүрлі адамдармен жұмыс істеуге, қызметтес болуға тура
келеді.
[Дереккөзі – http://www.rg.ru/2008/08/28/yamburg.html]
Б) Ол – 45-те, ал ол – 27-де. Ол ... маңызды кəсіби байланыстарға
ие
болған директор, ал ол – диссертация қорғап үлгерген, бірақ əлі
басқарушылық тəжірибесі мен біліктілігі жоқ орынбасар. Ол – гумани-
тарий, ал ол – химик.
Басқа нұсқа. Олар – бір буынның адамдары. Ол – көшбасшы,
ғылымдар докторы, … ойлампаз жəне зерек. Ал ол – орынбасар,
қылықты жəне əр нəрседе оған сəйкес болуға ұмтылатын бейқам оқушы
қызға ұқсас. Ол – қой көзді жəне қабағы қатыңқы қара торы еркек. Ол
жасыл көзді жəне оның қолаң жирен шаштары күнге ұқсас.
<...>
В) Ұйымды мықты көшбасшы басқарады. Директордың сыртқы
бейнесі мектеп қуатына дес бермейді. Ал кім орынбасарлары болады?
Олар бірінші тұлғаға еш дес бермейді. Күш пен қуат. Ең сүйікті
мұғалім де осылай көрінетініне таңданудың еш қажеті жоқ. Директор
– зияткер жəне қол астындағылардан да (осы қабырғаларда оннан
астам ғылым кандидаттары дайындалған), балалардан да (келешекте
154
олардың арасында да əр екінші оқушы медаль алушы болады) осыны
талап етеді. Мектептің əр бұрышында директордың «өз адамы» бар
деген сезім пайда болады. Директор оларға толығымен сенеді жəне
олар арқылы көрінетін «мен» дегені ешқашан алдамайтынын біледі.
Руднев Е. А. Лидер и его команды
// Директор школы. – 2006. – №5. – б.15-22
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Е ҚОСЫМШАСЫНЫҢ негізінде («Педагогикалық қызметкерлер
мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының типтік біліктілік
сипаттамалары») мектеп директорының жəне
директор орынбасарының
функционалдық міндеттерін салыстырыңыз.
2. Ұсынылған
1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛЫМЕН танысыңыз.
В. А. Сухомлинский көрсеткен мектеп директоры функцияларын
жəне Лауазымдардың типтік біліктілік сипаттамаларында ұсынылған
функционалдық міндеттемелердің берілуін салыстырыңыз.
3.
2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛЫНДА директорлардың өздеріне
орынбасарларды іріктеу нұсқаларымен (А, Б, В) танысыңыз. Бүкіл
білім беру мекемесі, оның педагогикалық ұжымы, басқарушылардың
өздері үшін əр нұсқаның оң жəне кері əсерлерін анықтаңыз. Өз
қорытындыларыңызды дəлелдеңіз.
4. Басқару иерархиясындағы орны, басқарушы функцияларды қол-
дану аясы бойынша менеджер лауазымдарының санаттарын көрсетіңіз.
5.
Білім беру аясында, басқарушы функцияларын атқаратын басшы
нені істей алу керектігін атаңыз.
2.2. Педагог оқу-тəрбие үдерісінің менеджері ретінде
TQM қағидаты ретінде басқару үдерісіне қызметкерлерді
жұмылдыру менеджердің басты функциясына құқық беру, яғни қол
астындағы адамға міндеттерді немесе басшы əрекетінің саласы-
нан қызметті тапсыруға айналатынына əкеледі. Құқық беру басшыға
маңызды міндеттер үшін уақытты босатуға көмектесе қоймай, соны-
мен қатар жұмыстағы уəждеуді жəне қызметкерлердің біліктілігін,
олардың жұмысымен қанағаттануын арттыруға ықпал етеді, қол
астындағылардың қабілеттіліктерінің, ынталығының, дербестігінің
жəне құзыреттілігінің ашылуына жағдай жасайды.