134
сапасын бағалау/мониторинг функцияларын атқаратын бөлімдерді
құрады.
«Бақылау» деген 1.4.4-тарауында белгіленгендей, мемлекеттік-
қоғамдық басқару идеяларын жүзеге асырумен байланысты білім беру
үдерісі субъектілерінің (педагогтардың, ата-аналардың, оқушылардың)
білім беру мекемесінің жұмысы туралы пікірлерін талдауымен байла-
нысты ақпарат маңызды болуда. Пікірлердің деректері балабақшаның,
мектептің, ЖОО-ның мықты жəне əлсіз жақтарын түсіну, білімнің
қол жеткізген сапасын бағалау үшін ғана емес, сонымен бірге, даму
болашағын анықтау үшін өте маңызды.
Еліміздің аккредиттелген агенттіктерімен ҚР-ның ЖОО қызметінің
сыртқы бағасы да (ҚР БжҒМ Ұлттық аккредитациялық орталығымен,
Білім беруде сапамен қамтамасыз ету бойынша тəуелсіз қазақстандық
агенттігімен), даусыз, оқу үдерісінің материалдық-техникалық
қамтамасыз ету, оқытушылардың сапалық құрамы, олардың ғылыми-
зерттеу қызметінің тиімділігі, студенттерді оқытудың нəтижелері жəне
т.б. жөніндегі ақпаратты жинақтауда негізделетінін атап кету қажет.
Бірақ сапа бақылауы жүргізілетін дəстүрлі көрсеткіштермен қатар,
жұмыс берушілерде түлектердің дайындық сапасы жөніндегі пікірлері
кеңінен пайдаланылады, студенттердің сауалнамаға жауап беруі
жүргізіледі, кəсіби қоғамдастық өкілдерінің пікірлері жинақталады.
Білім беру жүйесіне мониторингті енгізу бірқатар проблемалардың
шешілуін талап етеді [71]. Жекелеп айтқанда, оларға мыналар жатады:
– қазіргі таңда бүкіл əлемнің жəне Қазақстан Республикасының
білім беру жүйелерінде жүріп жатқан түбегейлі өзгерістердің
концептуалдық негіздерін анықтау. Осы негіздерді ұғыну орта мектеп-
те, орта кəсіптілік оқу мекемелерінің жəне ЖОО түлектерінің кəсіби
дайындығының сапа мониторингісінің барабар тұжырымдамасын
жасауға мүмкіндік береді;
– білім беру сапасы мониторингісінің тиімді технологияларын
түсіну жəне іріктеу, бұл жайт сыртқы жəне ішкі бақылаудың дəстүрлі
əдістерімен қатар, инновациялық əдістерді де (инжиниринг əдістері)
негізді етіп үйлестіретін мониторинг жүйесін құруға мүмкіндік
береді;
Сапаны бағалаудың ұлттық жүйесіне құрамдас бөліктерімен
білім сапасын бағалаудың облыстық жүйелері (БСБОЖ) енеді. «Білім
қорытындыларының жəне əлеуметтік əсерлердің жүйелі мониторин-
гісін жүргізу мақсатымен ұлттық жəне өңірлік деңгейде басқару жəне
даму жолдарын болжаудың ақпараттық базасы түрінде білім монито-
ринг жүйесі енгізілетін болады. Осы мақсатқа жету үшін Білім сапа-
сын бағалаудың ұлттық орталығы Білім статистикасы жəне бағалаудың
135
ұлттық орталығы қайта құрылатын болады (əрі қарай – БСжБҰО) [2,
28 б.]. Білім сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу қазіргі таңда
білім мониторингісін жетілдіру бағыттарының бірі болуда.
ҚР білім беруінің заманауи жүйесінде, сондай-ақ əртүрлі
көзқарастардың негізінде жүргізілу мүмкін аккредиттеу білім сапа-
сын бағалаудың маңызды үдерісінің бірі болуда. Сонымен, мысалы,
шетелдердің көпшілігінде аккредиттеу тəуелсіз кəсіби ұйымдары тара-
пынан ЖОО-ның сапалы білім беру қызметтерін ұсыну қажеттіліктерін
растау ретінде қарастырылады. Қазақстанда ҚР ҒжБМ Ұлттық аккре-
диттелген орталық (ҰАО) құрылған, оның функциясына ЖОО-ның
институционалдық аккредиттеуі жəне кəсіптілік білім бағдарламала-
рын аккредиттеуі, сапа бағалауын Болон процесінің шарттарымен
үйлестіру үшін келісілген белгілермен аккредиттеу рəсімдерін əзірлеу,
шетелдік білім беру ұйымдарымен берілген білім туралы құжаттарды
мойындау жəне нострификациялау рəсімдерін жүргізу, сапаны қамту
бойынша халықаралық бағдарламаларға қатысу жəне т.б. енеді.
Сондай-ақ, 2008 жылы Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тəуелсіз
қазақстандық агенттік (БСҚТҚА) құрылған болатын.
Білім сапасының сыртқы бағасына тəуелсіз мамандандырылған
халықарарлық агенттіктер де жұмылдырылған. Қазіргі таңда олардың
қызметі көбінесе ҚР жоғары кəсіби білім жүйесімен байланысты,
бірақ жалпы білім беру аясында бірқатар жылдар бойында оқушылар
дайындығының сапасы бойынша, олардың оқу сауаттылығының,
математикалық, табиғи-ғылыми сауаттылығының деңгейі аясында
жəне басқалары бойынша халықаралық зерттеулер жүргізілуде. Осы
зерттеулердің қатарына PISA, TIMMS, PIRLS жəне басқалары жатады
(1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ қараңыз).
1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Білім беру аясында халықаралық байланыстарды кеңейту, білім
беру кеңістігін жаһандандыру, алған деректерін салыстырмалы тал-
дау үшін негіз ретінде пайдалануын, кең интернационалды салыстыру
зерттеулерін жүзеге асыратын əртүрлі халықаралық ұйымдармен өзара
əрекеттесу қажеттілігін ұғынуға əкеп соқтырады.
Халықаралық аккредитациялық агенттіктер жоғары білім сапа-
сын қамтамасыз ету жəне бағалауда үлкен рөл атқарады. Атауынан
көруге болатындай, инженерлік ғылымдары, информатика, табиғи
ғылымдары мен математика саласында білім бағдарламаларының
аккредиттеуін жүргізетін ASIIN – (Accreditation Agency for Study
136
Programs in Engineering, Informatics, Natural Sciences and Mathematics)
осының мысалы.
ASIIN – инженерия, сəулет, информатика, табиғи ғылымдары мен
математика саласында ұлттық жəне халықаралық бакалаврлық жəне
магистрлік білім бағдарламаларын (ББ) аккредиттейтін коммерциялық
емес, тіркелген бірлестік ретіндегі тəуелсіз агенттік. Ол осы мақсат
үшін кəсіптілік білімдерінің салалары бойынша ББ бағалау рəсімдері
мен талаптарын бекітеді. Оқытушы жəне оқу жұмысының жоғары
стандарттарын жəне кəсіби дайындығының баламалығын қамтамасыз
ету – ASIIN аккредиттеу қызметінің негізгі қағидаты. ББ аясында қол
жеткізілетін құзыреттіліктердің еуропалық біліктілік нормалары талап-
тарына сəйкес болу мəселесі – ASIIN-аккредиттеудің мəні. Бұдан басқа,
ASIIN-мен аккредиттелген білім бағдарламаларының халықаралық та-
нылуы басым маңызға ие.
Оқу жетістіктерін бағалау бойынша IEA (International Association
for the Evaluation of Educational Achievement) халықаралық ассо-
циациясы орта білім жүйесінде осындай ұйымдардың бірі болып
есептеледі. TIMSS, PISA жəне басқалары халықаралық монито-
ринг бағдарламаларының қатарына жатады. TIMSS математикалық,
табиғи-ғылыми сауаттылығының саласында бағалау мақсаттарында
жүргізеледі; PISA – оқу жетістіктерін бағалау бойынша; CIVIC –
əлеуметтік пəндер жəне əлеуметтік құзыреттіліктерді қалыптастыру
саласында; PIRLS – оқу сапасын жəне мəтінді түсінуін зерделеу сала-
сында; SITES – оқытудағы ақпараттық технологиялар бойынша; LES
– шетел тілдері бойынша халықаралық зерттеу.
TIMSS – математикалық жəне табиғи-ғылыми білім сапасын
бағалау бойынша халықаралық зерттеу (Third International Mathematics
and Science Study) – зерттелетін проблематикасы жəне оған қатысатын
елдер саны бойынша білім саласындағы ХХ ғасырдың ең кең, ауқымды
жобасы. Жобаның негізгі мақсаты – əлемнің əртүрлі елдерінде
оқушылардың математикалық жəне табиғи-ғылыми дайындығын са-
лыстыру жəне оқыту нəтижелеріне ықпал ететін факторларды анықтау.
Зерттеу негізгі мектеп оқушыларын тестілеу жəне сауалнама көмегімен
жүргізіледі, сонымен қатар зерттеуге қатысқан барлық елдерде табиғи-
ғылыми пəндер бойынша бағдарламалар талданды.
PISA білім алушылардың халықаралық бағалау бағдарламасы ретін-
де (Жаңа мыңжылдықтағы білімділер мен ептілердің мониторингісі)
«оқу сауаттылығы», «математикалық сауаттылық» жəне «табиғи-
ғылыми сауаттылығы» сияқты үш бағыт бойынша оқушылар
дайындығының зерттеуін көздейді. Оның əрқайсысы белгілі мектеп
пəндеріне сəйкес келеді. Оқушылармен негізгі түсініктерді ұғынуына,
Достарыңызбен бөлісу: |