137
олармен жоғарыда көрсетілген үш бағыт аясында зерделенетін негізгі
əдістерді игеруіне жəне өз білімдерін əртүрлі жағдайларда пайдалану
ептілігіне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, зерттеуде оқу
пəндерінің нақты мазмұнын игеруін тексеруге көп уақыт бөлінбеуде.
Негізгі уақыт ересек өмірге қажетті жəне оқу пəндерін зерделегенде
алынған неғұрлым кең білімдер мен ептіліктердің жағдайын зерделеу-
ге, сондай-ақ оқушылардың пəнаралық құзыреттілігін бағалауға, мыса-
лы, əртүрлі пəндерді зерделеу аясында немесе алға қойылған міндетті
шешу үшін ақпараттың басқа дереккөздерінен алынған білімдерді пай-
далануына бөлінген болатын.
Программа международной оценки обучающихся
(Мониторинг знаний и умений в новом тысячелетии)
//http://http:www.centeroko
2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
Неғұрлым көп автономдық (дербестік) ЖОО-на белсенді ұстанымды
алуға мүмкіндік береді: жоғарыдан нұсқаулықты тоспай, өз əлеуетін
жүзеге асыруына тырысу, өз бетімен даму стратегиясы мен саясатын
анықтау, өз айырмашылығын есепке ала отырып, өзінің жетістікке
жету межелерін орнату, жаңа сапаға қол жеткізу.
<...> Стратегиялық университеттік менеджменттің əртүрлі
тұжырымдамалары үшін жалпы белгісі негізгі кезеңдерді орын-
дау циклділігі, итерактивтілігі болып табылады. Мұндайда сапаны
бағалау мен бақылау орталық орындарының бірінен орын алады. Бір
жағынан, жағдайды бағалау, оны талдау, қызметті жоспарлау, өндірістік
үдерістерді ұйымдастыру жəне алға қойылған міндеттердің жүзеге
асыру кезеңінен əрдайым бұрын болады. Басқа жағынан алғанда,
басқарушы циклы бағалау кезеңімен жəне онда негізделген жетістіктер
мен сəтсіздіктерді, сонымен қатар, оларды тудырған себептерді
талдаумен аяқталады. Сонымен, басқару үдерісінде бағалау рөлін
анықтағанда, дəл сапаны бағалау мен бақылау басқарудың циклдігін
жəне үздіксіздігін негіздейді деп мақұлдауға болады. Бұл жайт осы
кезеңді ең маңызды етеді.
Білім жүйелерінің жəне институттармен басқаруда қолданылатын
бағалаудың əртүрлі үлгілері белгілі. Олардың мақсаттары, бастамашылда-
ры əртүрлі болуы, əртүрлі аспаптық механизмдерді пайдалануы мүмкін.
Үкімет пен кəсіби ұйымдардың тарапынан бақылау дəрежесі, экономикалық
қыспақ, мəдени дəстүрлер жəне т.б. тарихи қалыптасқан дəстүрлер ғана
емес, сондай-ақ ЖОО-да өзін-өзі басқару жүйесінің дамығандығы да қандай
да бір үлгінің басым қолданылуы себепші болады.
138
Көптеген елдерде жоғары білімді бақылау ісін Білім министрлігінің
немесе ұлттық комиссиялар жүргізеді. Ал АҚШ-тағы жоғары білім
институционалдық деңгейде жүргізіледі. Мұнымен АҚШ-ғы уни-
верситеттер ең алдымен, университеттің өзі бастап жүргізетін ішкі
бағалауға бейімделгені анықталады. Ең бастысы, мұндай бағалау уни-
верситет қызметін жақсартуға жəне сапаға қол жеткізуге бағытталған.
Ал бұл институционалдық, бағдарламалық жəне жеке деңгейде өзін-өзі
бағалаудың жалпыны қамтитын үдерісін жүргізу жолымен атқарылады
жəне де осы қызмет оқу мекемесінің ішінде шоғырланған. Бағалаудың
осындай үлгілері көптеген канадалық ЖОО-да жəне Латын Америкасы
елдерінің бірқатар университеттерінде пайдаланылады.
Ұлыбритания университеттерінің көпшілігі ішкі бағалауды жиі пай-
даланады, бұл осы елдегі ЖОО əртүрлі қорлар арқылы қаржыландыру
мəселелерімен байланысты. Ішкі бағалау ЖОО-ның қызметі жалпы
қабылданған стандарттарға қаншалықты сəйкес келетінін анықтау
мақсатында үкімет жəне кəсіби ұйымдармен атқарылады. Бұл
жағдайда, білікті жақтас бақылаушылармен орындалатын қызметтің
сараптамалық шолуы инструментарий болып табылады. Сондай-ақ,
Францияда республика президентіне бағынатын жоғары біліммен
басқарудың ұлттық органымен жүргізілетін сыртқы бақылау басым
бағытта.
Көптеген елдер сыртқы жəне ішкі бағалауды қолдана отырып,
аралық ұстанымға ие болады. Мысалы, Нидерландыда университет-
тердің бір бөлігі ішкі бағалауды бағдарламалық деңгейде, ал сыртқы
бағалауды – институционалдық деңгейде қолданса, Норвегия, Да-
ния жəне Финляндияда сыртқы бағалау ішкі бағалау жүргізілген соң
атқарылады; Испанияда ішкі бағалау оқу бағдарламаларда жəне зерт-
теулерде оқыту сапасын бағалағанда ғана емес, сонымен қатар, уни-
верситет деңгейінде басқару бағалауында да белсенді қолданылады.
<...> Ең бастысы, бағалау мақсаттарын түсінуді өзгерту, барлығы
қолданатын жəне ұғынатын белгілерді əзірлеу қажет.
Бағалауды жүргізу мақсаты тек жай ғана жұмыстағы кемшіліктерді
анықтау жəне сол үшін жазалау болмауға тиіс. Осы рəсімнің басты
міндеті – нақты адамның жұмыс сапасын жақсарту жəне осы арқылы
ірі мақсаттарға жету – бағалауға алынған адамдар жұмылдырылған
оқу бағдарламаларының сапасын жақсарту жəне бүкіл ұйымның
жалпы жұмысының жаңа сапасына қол жеткізу. Осындай көзқараста
əңгіме өз қызметінің сапасын жақсарту бойынша əрі қарай жұмыстың
бағыттары жөнінде болады. Бұл жағдайда адам үдеріс объектісінен
қандай да бір дəрежеде үдеріс субъектісіне айналады жəне өзін-өзі
бағалауда белсенді қатысу мүмкіндігіне ие болады. Өз жұмысының
139
сапасын жақсартуға деген ұмтылыс, міндетті түрде, оның қатысуына
уəждеу болады. Тек осындай уəждеу өзін-өзі бағалау, өз жетістіктері
жөнінде формалды есеп беруді дайындауға, мақсаты басшылықтың
оң бағалауына қол жеткізетін қандай да бірмезгілді түсірілімге айнал-
мауына кепілдік береді. Өзін-өзі бағалау сапалық межелерден (жария-
ланымдар, конференцияларға қатысу жəне т.б.) басқа, əріптестердің,
студенттердің, басшылардың, сыртқы сарапшылардың жəне
басқаларының пікірлері мен бағалаулалары ұсынылуға тиіс тұрақты,
үздіксіз үдеріс болу керек, жеке жетістіктері мен сəтсіздіктердің жəне
т.б. талдауы болуға тиіс.
Бағалаудың қабылданатын жəне ұғынатын межелерін жасау бағалау
рəсімін жүргізуге кəсіби көзқарас кезінде маңызды мезеттердің бірі
болады. Профессорлық-оқытушы құрамының қызметін бағалаудың
жалпыға танылған сипаттамалары мен межелері болса да, əр нақты
ЖОО-да, оның ерекшелігі мен міндетіне байланысты сипаттамалардың
басымдылығы əртүрлі болуы жəне осы тізімінде межелердің жаңалары
пайда болуы мүмкін.
Дрантусова Н. В. Князев Е. А. Оценка качества как
необходимый элемент (этап) управления в высшем
образовании// Университетское управление:
практика и анализ. – 1999. – № 1(8).
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Мониторингтің əртүрлі анықтауларын салыстырыңыз. Білім беру
жүйесінің заманауи жағдайына ең барабарын таңдаңыз.
2. 2007 жылғы ҚР-ның «Білім туралы» заңының материалдары
бойынша ҚР-ның білім беру жүйесінде пайдаланылатын мониторингтің
негізгі түрлері мен əдістерін көрсететін сызбаны құраңыз.
3. Ш. Таубаеваның «К разработке измерителей оценки качества пе-
дагогических исследований» мақаласында [100] автор «... ізденушіні
зерделенетін құбылыстың бастапқы қалпын өлшеу мен диагности-
калауын жəне педагогикалық зерттеудегі сапалық көрсеткіштердің
көмегімен белгілі сапаны дамыту мониторингісін жүргізуге үйрету
қажет» деп көрсетеді [біздің курсив – П.Т.В.]. Автордың соңынан
дəйексөзде курсивпен айқындалған негізгі терминдердің мəнін
анықтаңыз, авторға осы терминдерді синонимдер ретінде емес,
бірақ жеке түсінік ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін олардың
айырмашықтарын атаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |