143
ҚР-да «Білім туралы» ҚР (2007 ж.) Заңының «Еңбек қатынастары
жəне білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі» деп аталатын 45-
бабында білім беру ұйымының басшысы келесілер үшін жауапкершілік
атқаратыны көрсетілген:
1) білім беру ұйымы білім алушылардың, тəрбиеленушілердің,
қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талап-
тарын бұзғаны;
4) білім беру ұйымы білім алушыларының жəне тəрбиелену-
шілерінің, қызметкерлерінің оқу жəне тəрбие процесі кезіндегі өмірі
мен денсаулығы;
5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде
материалдық жəне ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны
үшін.
Біліктілік сипаттамасының мысалында білім беру менеджері
қызметінің ерекшелектерін қарастырамыз [47]. Осы сипаттама
кəсіби жəне лауазымдық функцияларын, менеджмент саласындағы
мамандардың нұсқаулықтарын қалыптастыруға; менеджерлерді да-
йындау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жəне өз бетімен білім
алудың оқу жоспарларын қалыптастыруға, білім беру жүйесінің
басқарушы кадрларын аттестаттауға, мансаптық өсу үшін шешімдерді
қабылдауға жəне т.б. арналған. Онда «білім берудегі менеджер дегеніміз
– бұл кəсіп, негізінде білім жəне білім беру үдерістері жəне техноло-
гиялармен басқару, ұйымдастыру жəне жетекшілік ету мүмкін болатын
жəне осы үшін жауапкершілік арту қажет болатын адами қабілеттер
қызметінің типі» [осында].
Білім беру саласындағы менеджмент мамандықтарын топтастыру
кезінде кəсіби қызметтің мəні мен ерекшелігі бойынша менеджменттің
3 бағыты бөлінуде: ұйымдастыру, жетекшілік ету, басқару. Авторлар-
мен ұйымдастыру білім беру үдерістерін реттеуге жəне жүйелендіруге
бағытталған менеджмент қызметінің типі деп түсіндірілсе, басқару – бі-
лім беру жүйесінде қызметтің мақсаттары мен міндеттерін қалып-
тастыруға жəне кəсіби міндеттері мен функцияларын орындаушы
адамдарға тапсыруға бағытталған басқару қызметінің типі делінген. Өз
кезегінде, басқару – жалпы проблемаларды анықтауға, жалпы білім беру
жүйесін зерттеуге, болжауға, даму барысын анықтауға жəне қызмет етуін
талдауға арналған менеджмент қызметінің типі. Əрине, шындығына кел-
генде, осы үш типтің барлығы тығыз бірлікте, көп жағдайда тұтас, кешенді
жүргізіледі. Бірақ осылайша бөлшектеу басқарушы функцияларының
мəнін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.
144
Білім беру менеджерінің біліктілік сипаттамасының қарастырылып
отырған нұсқасы өзіне талаптардың əртүрлі топтарын енгізеді.
Басшылардың білімі жетерлікті кең жəне көпаспектілі болуға тиіс,
əзірлеушілердің пікірі бойынша олар мыналарды білуге тиіс:
– қызмет теориясының жəне эпистемология, лингвистика, аксеоло-
гия, семиотика, семантика, герменевтика негіздерін;
– риторика жəне эвристиканың негіздерін;
– басқару психологиясының жəне əлеуметтанудың жалпы
қағидаларын;
– этика жəне эстетиканың замануи нормаларын;
– валеологияның жалпы қағидаларын.
Басшыда келесі ептілік түрлері болуы тиіс:
– құқықтық актілерді, нормативтік құжаттарды, аналитикалық
жəне статистикалық материалдарды жəне концептуалдық мəтіндерді
оқығанда оларды түсінумен қатар, олардан қызмет мақсаттарын құруға
жəне тəжірибелік міндеттерді қалыптастыруға;
– бар эмпириялық жəне теориялық ақпаратты талдау негізінде
шешімдер қабылдауға, мақсаттарды құру жəне басқа адамдарға міндет
жүктеу;
– жоғары тұрған басшылықпен қойылған мақсаттар мен міндеттерді,
өз қол астындағыларының жəне өзі басқаратын ұжымның мақсаттары
мен міндеттерін өзгерте білу;
– табысты жəне табыссыз жұмыстың межелерін, ұйым миссиясы мен
философиясын əзірлеуге қол астындағыларына дұрыс түсіндіруге;
– басшылығындағы ұжымда қол астындағылардың арасындағы
функцияларды, құқықтары мен міндеттерін бөлуге, өкілеттіліктеріне
құқық беруге, құқықтарымен бөлісуге, жұмыс пен міндеттерді оларды
орындау кезеңділігінде, оған бағынышты қызметкерлердің уақыты-
ның, біліктілігінің, құзыреттілігі мен өкілеттіліктерінің бар ре-
сурстардың негізінде бөлуге;
– тəртіптік қағидаларды, ішкі тəртіп жəне ұжым өмірінің ережелерін,
корпоративтік мəдениет нормаларын қалыптастыруға;
– уəждеу əрекеттері мен іс-шараларды əзірлеуге жəне жүзеге
асыруға, үздік жұмысты марапаттауға, жұмыстағы əбестер мен
олқылықтарды, сондай-ақ тəртіптік айыптарды жазалауға. Ұжымда
жұмыс атмосферасын жəне салауатты климатты қолдау, мамандардың
кəсіби дамуын жəне қызметкерлердің шығармашылық əлеуетін ынта-
ландыру;
– қол астындағы ұжымның табыстары мен қателіктерін өзіне алу,
ол үшін жоғары тұрған басшылық жəне басқаларының алдында жауап
беру.
145
Мектеппен басқару – жауапкершілігі мол қызмет. Бұл əсіресе,
құрамы көбінесе əйелдерден тұратын педагогикалық ұжымдарға қажет.
Себебі, əйел адамдардың көбіне қоршаған ортадағы құбылыстарды
эмоция арқылы қабылдау, сондай-ақ, ортаға деген дəл осындай
эмоциялық қатынас тəн болып келеді. Еңбек психологиясы тура-
лы əдебиеттерде педагог жұмысының стрессогендік дəрежесі үлкен
компаниялардың, холдингтердің, банктер жəне т.б. жетекшілерінің
жүйке жұмысының жүктемесінен едəуір артық екені көрсетіледі. Биз-
нес, қаржы, өнеркəсіптік аясындағы топ-менеджерлерге қарағанда,
білім беру мекемесінің жетекшісінің стрессогендік жүктемелері пəн-
мұғалімінің, оқытушының, ғылыми қызметкердің функцияларын қоса
атқарғандықтан, бірнеше есе өсетінін атап кету қажет.
Білім беру мекемесі типінің жəне түрінің ерекшелігі де өз рөлін
атқаруда. Қызметкерлерінің бірталай санымен ірі ЖОО-да басқару
функциялары басқарушы команданың мүшелері арасында тең бөлінген.
Жоғары мектептің басқарушы құрылымы ЖОО-мен жалпы басшылық
ететін ректордың лауазымын, оның орынбасарларын – оқу үдерісі,
ғылыми-зерттеу жұмысы, тəрбие үдерісі, ЖОО-ның стратегиялық да-
муы, халықаралық қатынастар, материалдық-техникалық қамтамасыз
ету (мемлекеттік сатып алулар, ғимараттар мен жабдықтарды пайда-
лану жəне басқалары), кадрлармен жұмыс істеу жəне т.б. қызметтің
жеке бағыттарына жетекшілік атқаратын проректорлардың лауазымда-
рын енгізуде. Проректорларға кəсіби міндеттері нақты бағыт бойынша
ЖОО-ның қызметін қамтамасыз етумен байланысты тиісті бөлімшелер
(бөлімдер, басқармалар, департаменттер) бағынады.
Сонымен қатар, мектеп директорының қызметі, мектеппен жал-
пы басқарудан басқа, онымен тікелей мəселелердің біршама кең
аясы шешілетінін көздейді. Директордың басқаруына кадр жұмысы,
қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, олардың қызметтік өсуі, жұмыстан
босатуы жəне т.б. жатады. Мектептің материалдық-техникалық
қамтамасыз етілуі жұмыс уақытының едəуір шығындарын талап
етеді. Директордың су ағып жатқан шатыр, сыныптарды жөндеу,
жаңа жабдықты сатып алу жəне басқа проблемалармен жұмысбасты
болғаны мəлім. Көп жағдайда осы міндеттер директордың көбінесе
шаруа адамы болып көріну дерегіне негіз болып, мектеп жетекшісінің
қызметінде басым бола бастайды. Осының салдарынан мазмұны еңбек
ұжымымен, қызметкерлермен басқару, оларды ұйымдастыру, ынталан-
дыру мен уəждеу сияқты нағыз менеджерлік функцияларға білім беру
мекемесі директорының қолы жетпей қалады. Осыны түсіну өзіне-өзі
көңілі толмаудың, қосымша психологиялық жүктеменің тағы бір себебі
болады.
10–7420
Достарыңызбен бөлісу: |