Сабақтың тақырыбы: Аяққапты дайындау.
Сабақтың білім беру мақсаты: аяққап туралы, оның негізін, оюын дайындау туралы, оған қолданылатын тігіс түрлерінің қыр-сырын, оған дайындалатын бау түрлерін түсіндіру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: халық мұрасы аяққап туралы түсінік беру, оның түрлерімен оқушыларды таныстыра отырып, оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтауға және сәндікке, шеберлікке, жүйелілікке, білімдерін шеберлікпен пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың талпынысын сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін аяққапқа қажетті оюларды өз бетінше сызып оюға бағыт беріп, тігу әдісіне икемділіктерін арттыру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: драп және барқыт мата, қатты қағаз, қалам, өшіргіш, қайшы, ине, жіп, мулине жіптері, сабын, фломастер, шашақ, жүннен иірілген екі түрлі жіп.
Сабаққа қажетті көрнекілктер: аяққап (дайын бұйым), буклеттер, «Аяққап», «Ою-өрнек түрлері», «Ою-өрнекті дайындау жолдары», «Көркемдік тігіс түрлері», «Ілмекпен тоқу», қосымша М. Муканов «Казахская юрта».
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: |