Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет46/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78

140
4. 1-ҚОСЫМША  МАТЕРИАЛДЫҢ негізінде ҚР БжҒМ ҰАО-ның, 
БСҚТҚА-нің жəне ASIIN-нің функцияларын салыстырыңыз.
5.  2-ҚОСЫМША  МАТЕРИАЛМЕН танысыңыз. ҚР-да жəне осы 
материалда келтірілген елдерде жоғары білімнің бақылауы қалай 
жүргізілетінін салыстырыңыз. 
Білім сапасының мониторингісінде келесі тұтынушылардың 
сұраныстары қалай есептелу мүмкін екендігі жөніндегі ұсыныстарды 
дайындаңыз:
– білім алушылардың жəне ата-аналардың;
– жұмыс берушілердің;
– мемлекеттің;
– қоғамның, оның ішінде жергілікті қоғамдастықтың;
– білім мекемелері қызметкерлерінің жəне басқаларының.
«Аттестаттау», «аккредиттеу», «лицензиялау» терминдерінің 
анықтауында жалпы жəне əртүрлілікті табыңыз. Ол үшін менеджмент, 
педагогика, басқару психологиясы саласындағы əртүрлі сөздіктерде 
олардың анықтамаларын табыңыз. Осы анықтамаларды жазып алып 
салыстырыңыз.


141
ІІ тарау. БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІ
2.1. Мектеп менеджерінің қызметі жəне мектепті басқару
Əдебиетте [7, 14-16, 114 жəне басқалары] менеджер үнемі лауа-
зымды қызмет атқаратын жетекші немесе басқарушы жəне заманауи 
жағдайларда əрекет ететін ұйымның қызметінің нақты түрлері бойын-
ша шешімдерді қабылдауға өкілеттілігі бар тұлға ретінде қарастыры-
лады. «Менеджер» термині кеңінен таралған жəне көп жағдайда 
мыналарға қатысты қолданылады:
– бөлек бөлімшелердің немесе бағдарламалық-мақсаттық топтары-
ның аясында жұмыстардың нақты түрлерінің ұйымдастырушыларына;
– жалпы ұйымның немесе оның бөлімшелерінің жетекшісіне;
– қол астындағы адамдарға деген қатынасы бойынша жетекшіге;
– заманауи əдістерге сəйкес жұмысты ұйымдастыратын басқарудың 
кез келген деңгейінің əкімгеріне.
Осы терминнің пайдалануын талдай отырып, ең кем дегенде, екі 
қарама-қарсы беталыстарды көруге болады:
– қызметтің көптеген салаларындағы оның кең таралуын (сауда-
да, жарнамада, IT-технологияларда жəне басқаларда). Көбінесе осы 
салаларда бұл түсінік өз нақты мəнін жоғалта бастайды, – алдында 
айтқандай, қол астында адамдары жоқ, басқарудың заманауи əдістерін 
жəне т.б. қолданбайтын адамды менеджер деп айтуға болады;
– тар түсінігі шаруашылық дербестікке ие, нарық жағдайларында 
əрекет ететін, кəсіпкерлік типіндегі ұйымдарда ғана басқару жүргізетін 
басшыға қатысты.
Осы екі диаметралды қарама-қарсы тұжырымдамалар жеткілікті 
дəрежеде орынды жəне заманауи менеджменттің мəніне сəйкес келетін 
дəрежеде емес болып көрінеді. Сонымен қатар, білім саласында «ме-
неджер» түсінігі («мектеп менеджері», «білім менеджері») тиісті 
басқарушы лауазымдардың ресми атауы бола қойған жоқ.
Т. М. Шамова менеджментті адамдар еңбегін, олардың зиятын, 
сондай-ақ қаржы жəне техникалық ресурстарын жұмылдыру арқылы 
мақсаттар қою жəне оған жету үдерісі; адам маңында болатын басқару 
қызметінің арнайы түрі ретінде анықтады [115]. Осы анықтамаға 
сүйеніп, менеджердің қызметін, оның ішінде білім аясында сипаттай-
тын негізгі ерекешеліктерді атауға болады:
– ұйымдастырушы-əкімшілік, тəрбиелік-дамытушы, ақпараттық 
функцияларын енгізетін ой еңбегінің басым болуы; 
– басқарушы шешім жəне басқарушы əрекет осы қызметте аралық 
нəтиже болады;


142
– мекеменің жəне қызметтің соңғы мақсаттарына басқа адамдардың 
(қызметкерлердің, оқушылардың жəне басқалардың) еңбегі арқылы 
жетуге болады. 
«Менеджерлік» лауазымдардың спектрі тым кең, əдебиеттегі 
олардың қарастырылуы келесі санаттарды бөлуге мүмкіндік берді.
Басқару иерархиясындағы орын бойынша – жоғары (top), 
орта (middle) жəне төмен (lower) деңгейлердегі менеджер-
лер. Мектепке қатысты осы иерархия қандай да бір дəрежеде 
мектеп директорларымен, директордың орынбасарларымен 
(оқу жəне/немесе тəрбие жұмысы жөнінде, бейіндік оқыту 
жөніндегі, тəжірибелік-эксперименталдық жұмысы жөнінде жəне 
басқалары) жəне соңында мектеп əдістемелік бірлестіктерінің 
(ƏБ) жəне мұғалімдердің шығармашылық топтарының (МШТ) 
жетекшілерімен ұқсастырылады. Осы деңгейлерге сəйкес мектепті 
басқару органдарымен жетекшілік жүргізіледі: жоғары басшы орган 
ретінде педагогикалық кеңестің жұмысы үшін мектеп директоры, 
əдістемелік кеңестердің жұмысы үшін жауапкершілікті директордың 
орынбасары атқарады (Е Қосымшасын қараңыз. «Педагогикалық 
қызметкерлер жəне оларға теңгестірілген тұлғалар лауазымдарының 
типтік біліктілік сипаттамалары»).
Басқарушы функцияларын пайдалану аясында екі топты бөлуге 
болады: ұйымның бөлек бөлімшесіне жетекшілік ететін бағыттық ме-
неджерлер жəне ұйым қызметінің белгілі саласы үшін жауап беретін 
функционалдық менеджерлер. Білім беру жүйесінде «бағыттылық» 
пен «функционалдық» əртүрлі нұсқалармен ұсынылу мүмкін. Мы-
салы, ЖОО-да кафедра меңгерушісі бағыттық менеджер деп санал-
са, ал оқу басқармасының, бухгалтерияның, жабдықтау бөлімінің 
жетекшілері – функционалдық менеджер болуда. Орта жалпы білім 
беру мектебінде қызметкерлердің салыстырмалы аз санының салда-
рынан бағыттық менеджерлер болмауы мүмкін. Директордың тəрбие 
жұмысы жөнінде орынбасарының, директордың бейіндік оқыту 
жөніндегі орынбасарының лауазымдары жəне т.б. функционалдық ме-
неджмент түсінігіне сəйкес келеді.
В. П. Симонов қызметтің осы түрінде басқарушылардың 2 санатын 
ажыратады [90, 46 б.]:
– оқу-танымдық үдерісінің менеджері – білім алушылардың 
оқу-танымдық қызметін басқару жүйесі субъектісі ретінде болатын 
оқытушы;
– оқу-тəрбие үдерісінің менеджері – педагогикалық қызметкерлердің 
оқу-тəрбие қызметімен басқарудың субъектісі (директор, орынбасары 
жəне басқалары) ретіндегі оқу мекемесінің жетекшісі.


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау