Биттердің түрлерін диагностикалау
Бас биті – Pediculus capitis, киім битіне қарағанда кішкентай, аналығының денесінің ұзындығы 2,1-3,5 мм, аталығы 2,0-3,0 мм. Қоңыр түсті. Денесі арқа-құрсақ бағытында тегіс болып келеді. Ауыз аппараты тесіп-сору типіне жатады. Кеуде сегменттері бірігіп кеткен және 3 жұп аяғы бар. Құрсағы кеудесіне қарағанда біршама үлкен, ол 10 сегменттен тұрады. Аналықтарының құрсақ бөлімдерінде копулятивті аппараты бар. Құрсақтың екі жағында терең жырықтары болады, антеналары қысқа және тығыз, үшінші бунағы өзінің енінен сәл ғана ұзын болады (сурет 6).
Сурет 6. Бас биті
Бастың шаш бөлігінде бас биті өмір сүреді және көбейеді, көбінесе самайға және желкеге жұмыртқаларын салады. Сіркелерін бір шашқа мөлдір жабысқақ массаға жабыстырады, жұмыртқасының бос аймағы дөңес қалпақ-пен жабылады. Бас битінің сіркелерінің өлшемі 0,75-0,8 мм, дөңес қақпақпен әлсіз жабылған болады. Дамудың дәрежелеріне байланысты сіркелердің құрамы әртүрлі болады. Ол алдымен түйіршікті, ал соңғы кезеңдерінде қабықшаның астынан дамып келе жатқан ұрықты көруге болады. Дамуы толық емес метаморфозбен жүреді. Жұмыртқадан шыққан нимфа қоректен-геннен кейін шамамен 10-14 тәулік өткеннен соң келесі нимфалдық кезеңге өтеді. Ересек аналықтары қанның аздаған мөлшерімен (0,5-0,65 мг) жиі (тәулігіне 6-12 рет) қоректенеді, олар ұзақ уақыт (бір тәуліктен артық) аш жүруге бейімсіз. Қатаң түрде тек адам қанымен қоректенеді. Ұрпақ қалды-руы анау айтқандай көп болмайды (1-күнде 4 жұмыртқа, бүкіл өмірінде 88-140). Эмбрионалды дамуы қысқа (9 күнге дейін) болады. Даралардың өмір сүру ұзақтығы көп емес, 27 күннен 38 күнге дейін. Лабораториялық өсірулер (культивирлеу) қиынға соғады Лабораториялық өсірулерді жүргізу қиынға соғады, өйткені бас биті тәулігіне 4 –ке дейін адамда қоректеніп, көбеюге қабылетті. Температураның және ылғалдылықтың өзгеруіне өте сезімтал келеді, шамамен +28°С, егер температура одан төмендейтін болса дамуы баяулай бастайды, ал +20°С жұмыртқа салмайды және дамуы тоқталады.
Бас биті (P.humanis capitis) қайталамалы сүзектің бір түрінің қоздырғы-шы спирохеталарды тасымалдаушы. Битті денеде сығып, қышыған жерін қасыған кезде спирохеталар теріге еніп адамға жұғады.
Киім биті – Pediculus capitis, бас битіне қарағанда, ірілеу болады, сырт-қы түрі мен дамуы бас битіне ұқсас, аналығының денесінің ұзындығы – 2,3-4,75 мм, аталығы – 2,1-3,7 мм, ақшыл түсті болады. Бүйір жырықтары бас битіне қарағанда тереңірек болып келеді (сурет 7).
Сурет 7 – Киім биті
Киім биті іш киім мен көйлектің қыртыстарында, әсіресе тігістерінде өмір сүреді, сол жерлерге матаның талшықтарына жабыстырып жұмыртқа-ларын салады; шаштан басқа адамның денесінің түктеріне жұмыртқаларын жабыстырып салады. Бас битіне қарағанда бұлардың сіркелері үлкендеу (0,9-1,0 мм) және сіркелердің қақпақтары төмен цилиндрлерден тұрады. Аналығы бірнеше жіптердің немесе шаштардың айқасқан жерлеріне сіркелерін жабыс-тырады. Ересек жәндіктер тәулігіне 2-ден 8 рет қоректенеді; бас битіне қара-ғанда, біруақытта (0,7-1,7 мг) қанды көбірек іше отырып, 3-10 минуттың ішінде тояды. Күнделікті 10 жұмыртқа салады, бүкіл өмірінде шамамен 200, максимальді 300-дейін жетеді. Орташа өмір сүру ұзақтыңы 34 күн, макси-мальді – 46 күн. Қолайлы температура бас битіне қарағанда 2-4 градусқа жоғары, +30-32°С; +25-30°C кезінде 2-3 күн аш жүреді; ал температура жағ-дайы +10-20°С төмендегенде бір аптаға дейін аш жүре алады. Темпера-тура +37°С жоғары болса, дамудың барлық кезеңдері, жұмыртқасы да өте сезімтал келеді. Өте қатты ыстықты (47-50°С) биттер 10 минутқа дейін көте-ре алады, ал содан кейін өледі, сондықтан да киімдерді залалсыздандырғанда, осындай температураны қолданады. Температураның төмендеуі мен жоғары ылғалды-лықты биттер өздерін жақсы сезінеді, 13°С температурада тіршілік қабылетін 7 күнге дейін сақтай алады. Биттердің жоғары температураға кері өатынасы эпидемиологиялық жағынан өте маңызды, өйткені температурасы өте жоға-ры ауруларды биттер тастап, қоршаған адамдарға өтуі мүмкін. Жаға қорек-тендірушіні іздеу үшін биттер минутына 20-30 мм жылдамдылықта жылжып, тігінен көтерілуі мүмкін. 30 мм дейін терең құрғақ құм арқылы өтуге қабы-летті және суда 17°С температурада 2-тәулікке дейін тіршілігін сақтайды.
Киім және бас биті бір-бірімен еркін шағылысып жаңа ұрпақ бере алады.
Шап биті – немесе жабысқақ Phthirus туысқа P. pubis L түрге жатады, адам биттерінің ішіндегі ең кішісі; денесі қысқа, ұзындығы 1,36-1,6 мм. Адам денесінде тығыз жабысып қан сорады, денені өте қатты қышытады, мезгіліне қарай ауысып қан сорады (сурет 8).
Адамның қалыпты температурасында денеде 5-8 күнге дейін жүреді. Адам киімдерін ауыстырмай бірнеше күн пайдаланса, кейде моншаға бармай, жуынбай киім ауыстырмаса, бір адамнан екінші адамға жұғады. Кей кезде анасынан емшектегі балаға жүғуы мүмкін. Аяқтары мықты, үлкен қайырыл-ған тырнақтары бар, 2-ші және 3-ші жұп аяқтары шоқпарланған.
Сурет 8 – Шап биті
Денесінің және аяқтарының осылай болуының арқасында жабысқақ шаптың қысқа түктерінде, қаста және кірпікте, қолтық астында орналасады. Шап биті әрдайым иесінің денесінде өмір сүреді, аз қимылдайды. Тек қана адамның қанын сорады; аш жүретін уақыты бас битіне қарағанда қысқа (10-12 сағат). Аналығы күніне 3 жұмыртқа ғана салады және бүкіл өмірінде 50 шақты жұмыртқа салады, аналығының өмңр сүру ұзақтығы шамамен 1 айдай. Басқа жануарлардың қанымен қоректенуге және жасанды мембрана арқылы қан соруға қабылетсіз. Әлі күнге дейін лабораториялық жолмен өсіруге келмейді.
Шап биті жұмыртқасын шап түктеріне, қасқа және кірпікке салады. Жа-бысқақтың сіркелері өте ұсақе (0,65-0,67 мм), пішіні алмұрт тәрізді және бір шашқа жабыстырады. Шап битінің эмбрионалды дамуы 5-8 тәулік аралы-ғында өтеді, дәрнәсілдік кезеңі 15-17 тәулікке ұзарады. Төменгі порогтық дамуы шамамен 20-22°С, ал жоғарғысы 40-45°С. Температура 1-3°С төмен болған кезде бір апта ға дейін өмір сүруге қабылетті болады. Ал температу-раның + 50°С-ге дейін жоғарыласа қнда 30 минуттан кейін өліп қалады (кесте 1).
Кесте 1.
Адам биттерінің тіршілік кестесінің сипаттамасы
Түр
|
Мекен-дейтін орны
|
Темпера-туралық оптимум
|
Бекіну орны
|
Тәуліктегі қансору мөлшері
|
Ішкен қандары-ның мөл-шері, мг
|
Аш жүру уақыты
|
Бас биті
|
Бастың шаш бөлігі
|
+26-28°С
|
Бастың бір шашында
|
6-12
|
0,5-0,65
|
Шамамен 24 сағат
|
Киім биті
|
Адамның киімінде
|
+29-31°С
|
Киімнің тігілген тігісінде
|
5-8
|
0,7-1,7, аталықта-ры
3 рет аз
|
2-3 тәулік; 7 тәулікке дейін темпе-ратурасы төмендейді
|
Шап биті
|
Тұлғасы
|
+30°С
|
Шаптың, қастың, кірпіктің қысқа түк-терінде
|
Жабысып бекінеді және үзіліс жасап қан-ды ішеді
|
Мәлімет-тер жоқ
|
10-12 сағат
|
Түрі
|
Өскелеңділігі
|
Күндік эмбрио-налдық даму мерзімдері
|
Өмір сүру ұзақтығы
|
Денесінің өлшемі, мм
|
тәулік бойы
|
барлық өмірінде
|
аналығы
|
аталығы
|
Бас биті
|
4
|
140
|
5-9
|
39
|
27
|
2,4 - 3,5
|
Киім биті
|
14
|
400
|
7 - 14
|
46
|
32
|
3,75 - 5,0
|
Шап биті
|
3
|
50
|
5 - 8
|
17
|
22
|
1,0 – 1,5
|
Достарыңызбен бөлісу: |