V. Биттер отрядының жалпы сипаттамасы
Адам баласы биттермен өте ерте уақыттан бері байланысты. Олар тура-лы алғашқы мәліметтерді Аристотель (IV ғасыр б.э.) айтқан. Байырғы көміл-ген адамдарда кеуіп қалған биттер египтян, перуан және үнді мумияларында табылды. Сонымен қатар биттер Гренландия мен Алеут аралдарында (XV ғ.) мумияланған өлген адамдарда да табылды. К. Линней 1758 жылы адам битін Pediculus туысын алғаш сипаттады және олар жеке түр ретінде қарастырыла бастады. Pediculus туысының латынша атынан педику-лез пайда болды, яғни, биттеген адам деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезде әлемнің барлық елдерінде, әсіресе балалар мен жастардың арасында биттеу өсіп келе жатқаны байқалады. Педикулезді анықтап және олармен жетік күресу үшін биттерді нақты диагностикалау керек және олардың биологиясының ерекшеліктерін білу қажет.
Биттер адам мен басқа сүтқоректілердің тұрақты эктопаразиттері, қан-сорғыш жәндіктерге жатады. Әлемде шамамен биттердің 300 түрі бар, тәуел-сіз мемлекеттер достығы (ТМД) аймағында 41 түрі 15 туыстары белгілі (сурет 5). Барлық биттердің өз ерекшеліктері бар, әрбір жануарда биттердің арнайы түрі паразиттейді. Мысалы, иттерде – ит биті (Linognathus setosus), шошқаларда – шошқа (Haematopinus suis) биті.
Сурет 5 - А, Б – бас биті (аталығы және аналығы); В – киім биті (аналығы);
Г – шат биті (аналығы).
Отрядтың негізгі морфологиялық белгілері: денесі сопақша келген, арқа-құрсақ бағытында тегіс болып келеді, ұзындығы 0,5-6,5 мм, ені 0,2-2,5 мм, бояуы ақшыл-қоңыр түсті, жаңа ғана қанды ішкен даралардың түсі сіңіру дәрежесіне қарай қызылдан қара түске дейін болады. Денесі үш бөлімнен тұрады: бас, кеуде және құрсақ бөліктен. Басы үлкен емес, алдыңғы жаққа қарай тарылған, бесбунақты мұртшалары (антеннлары) болады, олардың артында пигментке толы жай көздері орналасады. Басының алдыңғы жағында домалақ, кішігірім ауыз тесігі мен бітеді, ауыз аппараты шаншып-сору типті, үш стилеттерден тұрады: төменгі, үшкірленген - теріні тесу үшін қажет, үстіңгісімен қанды сорады, ортаңғысы – түтікшелі, сілекей бездерінің ағысынан жараға сілекей келіп түседі. Тыныштық кезде барлық стилеттер басының ішінде тығылып тұрады және сырт жағынан көрінбейді. Кеудесі трапеция тәрізді дөңестелген және бірігіп кеткен. Кеудесінің астыңғы жағында 3 жұп аяқтары бар. Құрсақ бөлігі 9 сегменттен тұрады, 6 сегменттің шет жақтарының формасы фестон тәрізді, әрбір фестонның жоғары жағынан тыныс алатын тесіктері (дыхальце) болады; аналығының құрсағының артқы жағы айырлы. Аяқтары өте күшті, бесбунақты, тазиктерден тұрады.
Аталықтары аналықтарына қарағанда кішілеу болады. Биттер жұмыртқа салады. Жұмыртқалары (сіркелер) сопақша (ұзындығы 1,0 - 1,5 мм), үстіңгі жағы жалпақ қақпақшамен жабылған. Сіркелер ақшыл-сары түсті, аналықта-ры жұмыртқасын салар кезде арнайы сірке бездері секреттерін бөліп шығара-ды, астыңғы жағымен шашқа немесе матаның талшықтарына сол арқылы бекінеді. Дамуы толық емес метаморфозды, үш рет түлеу арқылы дамиды. Барлық үш личинкаларының (немесе нимфаларының) ересектерден айырма-шылығы болады: сыртқы жыныс мүшелері жоқ, өлшемдерімен және денесі-нің пропорциясы басқаша. Нимфаларының басы және кеуделері үлкен және әрбір түлеген кезде өсетін құрсағы бөлінбеген қысқа болады. 3-ші түлеген-нен кейін аталыққа немесе аналыққа айналады, бұл уақытта жыныс мүшелері қалыптасады және биттер шағылыса алады. Биттер шаштың түбінде теріге жақын жерде орналасады, киім биті тек қана киімдерде болады.
Биттеген адамдармен жақын қарым-қатынаста болған адам битті жұқты-рады, мысалы, балалар ұжымында қарым-қатынас кезінде (бала-бақшаларда, интернаттарда, лагерьлерде және т.б.), адамдар көп мінген көліктерде, киім-кешектерді, төсектерді, тарақты, щетканы бірге қолданған кезде және т.б. Ересек адамдар шат биттерді жақын (интим) қатынаста болған кезде, ал балалар, өздерін күтетін – үлкендерден, және де төсек арқылы жұқтырады.
Бас биті мен киім биттері бір туысқа (Pediculus) жатады және сыртқы түрлері бір-біріне өте ұқсас келеді. Сондықтан да көп уақыт бойы оларды бір түр асты ретінде немесе Pediculus humanis L. бір түр деп қарастырды. Тек 1978 жылы Бүкіләлемдік Паразитологтар Конгрегесінде оларды жеке түрге бөлді. Шат биті – өте сирек кездеседі және ол басқа туысқа Phthirus Leach жатады.
Адамда биттердің үш түрі өмір сүреді: бас, киім және шат биттері.
Биттердің арасында бас битінің медициналық маңыздылығы өте жоғары, өйткені олар бөртпе тиф қоздырғыштарын және волындық қалтырама қоз-дырғыштарын тасымалдайды. Биттердің барлық үш түрі тістеген кезде қатты қышу, бүртиіп ісу, бүртік пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |