Волындық қалтырама (Рошалимия Квинтана) қоздырғышы киім битінің ішегінде эпителийді зақымдамай көбейеді, сондықтан да биттер үшін зардабы ауыр емес. Қайтымды сүзек қоздырғышы (Обермейер спирохетасы), аурудың қанымен бірқабатты эпителий арқылы биттің ішегіне еніп, одан әрі оның денесіне өтеді, сол жерде гемолимфада көбейеді (сурет 10).
Сурет 10 – Волындық қалтырама
Кейбір ауруларда риккетсий қанда ұзақ уақыт сақталуы мүмкін (300-400 күндей). Қалтыраманың жалпы интоксикациялық құбылысы, қайталаған ұс-тамалармен, денесінде бөртпе, бұлшық еттерінде және сүйектерінде ауыр-сыну болады.
Достарыңызбен бөлісу: |