Осы бастаманы көтеріп отырғандардың бірі біз. Біз



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата17.11.2017
өлшемі0,63 Mb.
#1066
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№96 (322) 11.06.2010 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

ӨРКЕНИЕТ

Тағзымнан кәрзеңке қымбат па?

ТҮР


ТКІ

Мұны ұрлық деп түсінген тәртіп сақ-

шысы «ұсталмаған ұры еместің» керін 

келтірмесін деп кәрзеңкеқұмар азаматты 

тоқтатып, мән-жайды сұраған ғой. Сөйтсе, 

ол әкімшілік қызметкері болып шығыпты. 

Айтқан уәжі: «Алдымызда әлі бір-екі 

мәдени іс-шара бар. Соған қайта-қайта 

кәрзеңке сатып алғанша, арзандау гүл 

сатып алып, кәрзеңкеге қондыра саламыз», 

– депті. Тәртіп сақшысы үнемшіл қызмет-

кердің уәжіне шалқасынан түсе жаздапты. 

Тез арада басшысына хабарлаған. 

Ахат ӘБДЕЗОВ, 

Жамбыл облыстық ішкі істер 

департаменті Қоғамдық қауіпсіздік 

басқармасының бастығы: 

– Бұрын-соңды мұндай, бір 

жағынан, сұмдық, бір жағынан, 

қызық оқиға тәжірибемізде болған 

емес. Елдің ойына келмегенді ойлап 

тапқан кісі анау-мынау емес, әкім-

діктің әжептеуір қызметкері болып 

шықты. 

Бір ғана тараздықтар емес, мұндай 

үнемшілдік «ауруы» шымкенттік шенеу-

ніктерге де жұғыпты. Басқа облыстарда да 

бар болар, бәлкім. Жуырда мамыр айының 

соңғы күнінде Шымкенттің шетіндегі саяси 

қуғын-сүргін құрбандарына арналған 

«Қасірет» мемориалының алдында арнайы 

іс-шара ұйымдастырылған болатын. Қала 

әкімі тарихқа тағзым етіп, Алаш ардақты-



Қаржы дағдарысы қатты әсер еткен бе, қайдам, қалалық әкімдіктегілер үнемдеуді үйреніпті. «Дұрыс» 

деп сүйсініп қаларыңыз сөзсіз. Наурыз айында Тараз қаласындағы Жамбыл Жабаевтың 164 жылдығына 

орай арнайы іс-шара ұйымдастырылып, ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылған болатын. 

Мерекелік шарадан кейін әлдекімнің гүлдің шоқтарын алып қойып, кәрзеңкені өзімен бірге алып кетіп 

бара жатқанын тәртіп сақшылары байқап қалады. 

ларына арнап арнау сөз сөйледі. Соңында 

құшақ-құшақ гүл шоқтары қойылды. Ара-

сында үш-төрт кәрзеңкелі гүлдер де 

болған, әрине. Әкім кетісімен әкімшіліктегі 

шолақ белсенділер гүлдерді алып тастап, 

кәрзеңкені өздерімен арқалай кетіпті. 

Бұған куә болғандарға «басқа іс-шараға 

жаратамыз» деп жауап қайырған. Бұдан да 

сорақысы, көздің жауын алатын гүлдердің 

солып қалатынын ойлап, жаны ашыды ма 

екен, белгісіз біреулер әлгі гүлдерді апарып 

базарға сатыпты. Қаланың қақ ортасында 

«Акация» атты гүл базары бар. Сондағы 

гүл сатушыларға жарты бағасына өткізген. 

Бұдан кейін сол маңға 

жақын тұратын аймақтың 

балалары келіп, гүлдерді 

шашып, ит-рәсуасын 

шығарған. Аруақ 

тарға 

арналып құрмет ретінде 



қойылған гүлдерді әкім-

шіліктегілерден бастап 

балаларға дейін талан-

таражға салғаны тарих 

алдын да ұят емес пе? Бұл 

жөнінде хабары бар ма 

екен деп әкім 

шілікке 


қоңырау шалған 

быз. 


Аты-жөнін айтудан бас 

тартқан қызметкер: «Ол 

жердің таза лығына тұр-

ғын үй-коммуналдық 

ша руашылық бөлімі жауап береді. Бәлкім, 

тазалық үшін жинас тырған шығар?» – деп 

жауап берді. 

Иә, дағдарыстың дауылы тарихи тұлға-

ларға да жеткен сияқты. Тым болмаса еске 

алу күндерінің өзінде кәрзеңкелі гүлден де 

«айырылып» қалып жатыр. Оларға гүл 

қоюдың өзі саясатқа айналып кеткен бе 

дерсің. Әкім білмес, әрине. Мәдени іс-

шараға деп бөлінген қаржыға алынған 

кәрзеңкеден үнемделген ақшаның әкім-

шілікке пайдасы тисе жақсы ғой. Әлдекім-

нің қалтасы қызығын көріп жат 

паса 


болғаны... Келесі мерекеге дейін...

Гүлжан КӨШЕРОВА

 

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ



Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Негізінде, «Болашақ» стипендиясы 

тағайындалғаннан кейін, әрбір иегер мен 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» 

АҚ арасында келісімшарт жасалады. Бұл 

келісімшарт бойынша әрбір стипендиатқа 

міндетті түрде жақсы оқу, оқуын тәмам-

даған соң Қазақстанға қайтып келіп, бес 

жыл еңбек ету туралы міндет қойылады. 

Сонымен бірге орталықта шетелдегі оқуды 

ұйымдастыру және мониторинг жүргізу 

басқармасы да бар. Бұлар білім сапасын 

қадағалайтын болса, орталықтың заң 

бөлімі стипендиаттардың міндеттемелерді 

орындауларын қадағалайды. Егер 

стипендиат елге қайтып келмеген және 

басқа да шарттарды бұзған жағдайда 

оған жұмсалған шығын өндіріп алынады. 

«Болашақ» бағдарламасы жүзеге аса бас-

таған 1993 жылдан бастап 2005 жылға 

дейін шетелде оқып, Қазақстанға қайтып 

келмеген, яғни өз міндеттемелерін орын-

дамаған 29 адам анықталған.

Ресми мәліметтерге жүгінсек, «Халық-

аралық бағдарламалар орталығы» АҚ 

Жақында «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға кеткен бір топ 

түлектерге халықаралық іздеу жарияланды деп естіп едім. Оның себебі неде?

Ардақ ТӨЛЕНДИЕВ, Талдықорған қаласы

«Болашақтықтар» қайда жүр?

Америка музыкатанушы мамандары 

жүргізген рейтинг бойынша:

1. «Сопраноның алтын стандарты» – 

Рене Флеминг. Әншілік жолды алғаш 

джаздан бастаған ол «Ішкі дауыс» атты 

вокалдық шеберлік жайлы теңдессіз 

кітаптың авторы. 

2. Ең үздік тенор иесі – әйгілі итальяндық 

әнші Плачидо Доминго.

3. Сондай қуатты әрі жағымды баритон 

дауыс иесі Лео Нуччи – әлем бойынша ең 

үздік Риголетта. 

4. Жоғары ноталарды қиналмай алатын 

әрі интеллектісі жоғары әнші –Крассимира 

Стоянова.

5. Өте күшті бас – Самуэль Рэмидікі. 

6. «Богемадағы» Мими, «Дон Жуан да-

ғы» Донна Анна секілді рөлдерді теңдес сіз 

орындаушы Анна Нетребко – бүгінде 

Ресейдің даңқын әлемге асқақтатып жүрген 

керемет сопрано иесі. 

7. Ильдар Абдразаков, келешегі жар-

қын бас дауысты әнші бүгіннің өзінде «Ла 

скалада» жеке концертін өткізіп үлгерді. 



Опера өнерінде дауысы дүниежүзін тәнті еткен ең үздік әншілер жайлы 

білгім келеді. Соның ішінде қазақтар бар ма?

Әлия МАЙЛЫБАЙҚЫЗЫ, Түркістан

Әлемнің «бұлбұлдары» кімдер?

құрылған 2005 жылдан бастап бүгінгі 

күнге дейін «Болашақ» бағдарламасының 

25 түлегі Білім және ғылым министрлігіне 

хабарласып, өздерінің оқуын бітіріп, 

жұмысқа орналасқандығы туралы «Халық-

аралық бағдарламалар орталы 

ғына» 

ақпарат бермеген. Сондықтан да оларға 



құқық қорғау органдарымен бірлесіп 

іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл мәселе елімізде ешкімді де елең-

детіп, жанын сыздатпайтындай көрінетін. 

Бірақ олай емес екен. Күні кеше еліміздің 

әртүрлі салаларында қызмет етіп жүрген, 

өз саласы бойынша елге танымал 

азаматтар, атап айтқанда Досым Сәтпаев, 

Қуат Домбай, Расул Жұмалы, Ербол Жұма-

ғұловтар елді елең еткізерлік бір жобаны 

дүниеге алып келіпті. Солайша бұл аза-

маттар елімізде тұңғыш рет ешқандай 

құзырлы орынның ықпалынсыз, тәуелсіз 

түрде «Алтын қалам» әдеби сыйлығына 

байқау жариялады. 

Расул ЖҰМАЛЫ, 

ұйымдастыру алқасының мүшесі: 

– Біздің осындай байқау өткізіп, 

жүлде ұсынып отырғанымыздың басты 

себебі – қазақ әдебиетінің бүгінгі таңда 

өте кенжелеп қалғандығы. Өздеріңіз 

білесіздер, біздің әдеби классикалық 

шығармаларымыздың барлығы дерлік 

кеңес заманында шыққан болатын. 

Әдебиеттанушыларымыз қазақ әде-

биетінің алтын заманы деп дәл сол 

кезді айтады. Себебі Тәуелсіздік ал-

ғанымызбен, осы 20 жылда жарық 

көрген әдебиеттердің ішінде ауыз 

толтырып айтарлықтайы көп емес. Бұл 

жерде мәселе шығарма жазушылардың 

аздығында емес, мұның көптеген 

әлеуметтік-экономикалық себептері 

бар. Әсіресе, жас дарындарға демеу 

жасау, жазған туындыларын баспадан 

кітап етіп шығаруда қамқорлықтың аз 

екендігі ақиқат. Егер ел боламыз, 

рухымызды көтеріп, еңсемізді тіктейміз 

десек, әдебиетіміздің бүгінгі жағдайын 

көтеруіміз керек. Осы орайда тек 

мемлекет тарапынан ғана көмек күтпей, 

жекелеген азаматтар, қазақ әдебиетінің 

жанкүйерлері де бұл мәселені шешуге 

атсалысуымыз қажет.

Қуат ДОМБАЙ, 

ұйымдастыру алқасының мүшесі: 

– Қазақ әдебиеті, қазақ кітабының 

мәселесі – баршамызға ортақ, сондай-

ақ әрқайсымызға қатысты жеке мәселе 

де. Олай дейтінім, таяуда 12 жасар 

ұлымды ертіп, кітап дүкеніне кірдім. 

Ондағы ойым ұлымды өз ұлтының 

мәдени, әдеби мұрасымен сусындату 

болатын. Бірақ сондағы ұял ғанымды, 

қынжылғанымды сөзбен айтып жеткізе 

алмаймын. Ат шаптырымдай дүкен 

ішінде иін тірескен кітаптар арасында 

небары екі-ақ сөресінде өз кітаптарымыз 

тұр екен. Онда да оның ішінде қазақ 

тіліндегілері тіпті аз, ал Тәуелсіздіктен 

кейін туған әдебиет жоқ деуге болады. 

Отандық детектив қайда, өз автор-

ларымыз жазған іскерлік әдебиеттер 

қайда, жалпы, рухани азық болатын 

әдебиеттер қайда? Ештеңе жоқ! Егер 

ешқандай әдебиет туғыза алмасақ, 

бізде қандай мәдениет болсын? Өзекті 

өртейтін осындай үлкен қасіретке қарап 

отырып жеңілгенше, бар мүмкіндігіміз 

жеткенше күресейік деген оймен осы 

байқауды қолға алдық. 

Жүлдені тағайындау механизмі 

батыстық премиялардың үлгісінде жасалып 

отыр, яғни қатысушылар өз шығармаларын 

www.arzu.kz сайтына тіркеп, енгізеді. Осы 

орайда айта кетелік, бұл сайт қазақ 

әдебиеті мен мәдениеті, жалпы, руха-

ниятын ақпарат кеңістігінде дамыту үшін 

арнайы құрылған. Оны құрушы да – осы 

байқауды ұйымдастырып отырған азамат-

тар. Міне, сол www.arzu.kz-те ең көп 

оқылғандығына қарай туындының рей-

тингі анықталады да, ол іріктеуден өтіп, 

тәуелсіз комиссияның қолына өтеді. Ал 

тәуелсіз комиссия үздік автор мен үздік 

туындыларды ашық конкурс арқылы 

үстіміздегі жылдың шілде және қыркүйек 

айларында жылдың ең үздік деген проза, 

поэзия, ғылыми басылымы, іскер басы-

лымы, балалар басылымы, блого мания, 

үздік әдеби аудармасын анықтап, жүлде 

тағайындайды. Атап айтарлығы, биыл 

байқаудың алғашқы жылы болғандықтан, 

оған Тәуелсіздік алғалы бері жазылған 

барлық шығармалар қатыса алады, ал 

келесі жылы тек осы бір жылда ғана 

жазылған шығармалар бәйгеге түсетін 

болады. Бұл – бір, екіншіден, бұра тарту 

деген болмас үшін шығармалар сайтқа 

автор есімімен емес, шифр арқылы енеді. 

Үшіншіден, еліміздің жас қаламгерлерімен 

қатар, шекара сыртындағы қазақ тілінде 

жазатын талантты жастар да қатыса алады. 

Ал жүлде көлемі әлі талқылану үстінде. 

Алайда ұйымдастырушылар алқасының 

сөзінен аңғарғанымыз, ақшаның қомақты 

болатын түрі бар. Ең бастысы, жеңімпаз 

болған жас дарынның еңбегі кітап болып 

құрастырылып, жарыққа шығады. Ендеше, 

еліміздің жас қаламгерлерінің шабыт 

тұлпарына мінер шағы алыс емес.

ІЗ.ДЕН.ІС

Ұлт ағартушылары қалыптастырып, 

қадасын қағып кеткен қазақ кәсіби театр 

өнерінің халқымыздың рухани-мәдени 

өмірінен алатын орны зор. Әртүрлі даму 

кезеңдерінен өткен қазақ сахна өнері 

бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің 18 жыл 

тарихын артқа тастады. Ерте қалыптасып, 

халқының рухани даму жолына үлкен үлес 

қосқан: Семей, Алматы, Жамбыл, Қара-

ғанды, Қызылорда, Талдықорған, Шым-

кент секілді т.б. театрлар кеңестік идео-

логия құрсауынан босап, өз репертуарын 

тәуелсіз рух аясында қайта қарап, жаңаша 

бағыт-бағдар ұстанды. Ал Павлодар, 



Театрларды түгендеген жинақ

2009 жылы «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы 

баспасынан М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 

институтындағы театртанушы мамандарының «Тәуелсіздік 

кезеңіндегі қазақ театрларының даму үрдісі, бүгінгі ахуалы, бағыт-

бағдары» жобасы негізінде «Қазақ сахна өнері. Тәуелсіздік кезеңі» 

атты ұжымдық монографиясы жарыққа шықты. 

«Алтын қалам» 

сыйлығы жарияланды

БАЙҚАУ


Мәриям ӘБСАТТАР 

Сенесіз бе, Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болса да 

азаматтарымыздың 55 пайызы әлі күнге ресейлік ақпарат 

кеңістігінде өмір сүреді екен. Бұлай болуына жол ашып 

отырған факторлар өте көп. Қарапайым ғана мысал – 

дүңгіршектеріміздің терезесі толған ресейлік газет-журналдар, 

кітап дүкендерінің бір-екі сөресінен басқасы түгел тұнған орыс, 

шетел кітаптары. Қазақ елінде қазақ кітабы қайыршының кебін 

киіп, бір бұрышта ғана мұңайып тұратыны жасырын емес. 

Оған себеп – біріншіден, ақпараттық кеңістігімізді жалпыға 

ашып, қауіпсіздік жағын қадағаламай отырғандығымыз болса, 

екіншіден, отандық баспа өнімдеріміз, яғни қазақ кітабының 

сол шетелдік басылымдармен бәсекелесіп, оларды ығыстырып 

шығаруға қауқары жетпейтіндігінде. Әрі-беріден алғанда 

олардың үлес салмағы небары 10 пайыз ғана.

Астана, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, 

Өскемен, Маңғыстау, Түркістан театрлары-

ның Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан 

бастап жаңадан шаңырақ көтеруі еліміздің 

өміріндегі елеулі мәдени жаңалық бол-

ды.

Ұжымдық монографияның зерттеу 



нысаны – Қазақстан театр ларының Тәуел-

сіздік жылдарындағы шығарма 

шылық 

даму жолы, қол жеткізген нәтижелермен 



асқан асулары. Зерттеуде респуб ликадағы 

қазақ театрлары аймақтарға шоғырланып

мәдени орта лықтарға және жанрлық ерек-

шеліктеріне сай бірнеше тарауға бөлініп 

топтастырылды. Әрбір аймақтың өзіндік 

ерекшелігіне байланысты театрдың түзген 

репертуары, ұстанған бағыт-бағдары 

мен өзіндік даму жолдары сараланады. 

Театр 

лардың репертуар қалыптастыру 



бары 

сындағы көрерменнің көркемдік-

эстети 

калық талғамына жауап берер 



шы ғар ма лар ға  мән  беру  басты  назарда 

ұсталды. Зерттеушілер театр қойылым-

дарына талдау жасап, әрбір театрдың 

бүгінгі келбетін анықтау барысында 

актерлік өнер мен режиссура, олардың 

сахналық компоненттермен (музыка, 

декорация, костюм т.с.с.) көркем бай-

ланысу мәселелерін қатар қамтып отырды. 

Еңбекте ұлттық сахна өнері мен мәдениеті 

бүгінгі қазақ театртанушылар мектебінің 

бірнеше ұрпағының көзқарасы арқылы 

зерделенеді. Жинақ «Алматы және Астана 

қалаларының театрлары», «Оңтүстік 

Қазақстан театрлары, «Солтүстік Қазақстан 

театрлары», «Батыс Қазақстан театрлары», 

«Орталық Қазақстан театр 

лары» деп 

аталатын тараулардан тұрады.

Елімізде тұңғыш рет қолға алынған бұл 

ұжымдық еңбек бұрын айтылмаған өзіндік 

тың ойларымен, жан-жақты талдау лары-

мен, өткір сыни көзқарастарымен құнды. 

Әрине, ұлттық сахна өнері оның өзіне тән 

көркемдік, эстетикалық ерекшелігі, қай-

та ланбас болмыс-бітімі мен өзгешелігі, 

оған қоса, жалпы, әлемдік мәдениет 

контексіндегі қазақ театр өнерінің ала-

тын орны мен рөлі әлі де кең көлемді 

зерттеулерді қажет етеді. ХХІ ғасырдағы 

Тәуелсіз Қазақстанның кәсіби сахна 

өнері түрлерінің ауқымды жетістіктері 

мен табыстары таразыланып, жан-жақты 

ғылыми тұрғыда бағаланатын бұл зерттеу 

үлкен істердің бастамасына негіз бола 

алады.

Аманкелді МҰҚАН,

өнертану кандидаты, театртанушы

8. Роберто Аланья – нағыз лирико-

дра 

малық тенор иесі Вена опера 



театрын да,  Метрополитен-операда 

опера орын дап жүр. 

9. Камералық және опералық жанрда 

да бірдей мықты әмбебап баритон 

Сергей Лейферкус бүгінде 63 жаста. 

10. Ерекше әртістік шеберлік иесі 

тенор Юрий Матрисус «Пиковая дама-

дағы» Гер манды ең үздік орын даушы. 

Өкінішке қарай, бұл тізімде қазақтар 

жоқ. Дегенмен әлем сахналарында 

опера орындап жүрген әншілердің 

қатарында Майра Мұхамедқызы, 

Нұржамал  Үсен баева лар  бар. 



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау