РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ
АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№96 (322) 11.06.2010 жыл, жұма
www.alashainasy.kz
7
e-mail: info@alashainasy.kz
ДОДА
Нұрғазы САСАЕВ
? Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Жақында Алматыда гандболдан Қазақстан чемпионатының
шешуші ойындары өтті. Сол ойындарды тамашалап
отырғанымда диктор Дәулет Тұрлыхановты көрермендерге осы
спорт түрінің «Құрметті президенті» деп таныстырды. Менің
білуімше, Гүлнәр Тұрлыханова ҚР гандбол федерациясының
президенті еді. Сонда бұл спорт түрінде екі президент болғаны
ма?
Дәурен ЕРМЕКБАЙҰЛЫ, Алматы
ҚР ұлттық штаттағы командалар
және спорт резерві дирекциясынан
алған мәліметке сүйенсек, қандай да
бір федерацияның «Құрметті прези-
денті» осы спортқа жанашыр азамат-
тар дың қатарынан сайланады. Әрі
«Құрметті президент» ұлттық феде ра-
циялардың арнайы алқа жиы нын да
сайланады. Бір көңіл аударарлығы, бір
отбасының мүшелері немесе ағайын-
Бір федерацияны бір отбасы мүшелері басқара ала ма?
ЕЛ К
УБОГЫ
БИЧ-ВО
ЛЕЙ
КҮРЕС
Жергілікті хоккейшілер көбейетін болды
ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ
ТЕҢБІЛ ДОП НАРЫҒЫ
Гүлнар АХМЕТОВА
Олигархтар һәм футбол клубы: бітпейтін роман
туыстар бір федерацияның президенті
міндетін және басқа да қыз мет терін атқара
береді. Өйткені ол – қо ғамдық ұйым. Өзі-
нің жарғысына сәйкес жұмыс жасайды.
Ал Дәулет Тұрлыхановқа келер болсақ,
ол кісі – ҚР күрес түрлерінің жә не ҚР қол
добы федерациясының «Құр
метті
президенті». FILA-ның (Халық
ара
лық
күрес түрлері федерациясының) бю ро
мүшесі. Ал Дәулет Болатұлының ағасы
Қайрат Тұрлыханов – ҚР ауыр ат ле тика
федерациясының президенті. Жұбайы
Гүлнәр Тұрлыханова 1999 жыл дан бері ҚР
қол добы федерациясының пре зиденті
қызметін атқарып келеді.
ТЕННИС
Қытайға қосалқы
құраммен барамыз
Ширек финал
қай кезде өтеді?
Жерлестеріміз –
финалдық кезеңде
Грек-рим күресінен жастар құрама сы-
ның аға бапкері Нұрым Дүйсенов мына
жігіт терге сенім артып отыр: Жансерік
Сәрсенбиев (50 келі), Айсұлтан Байзақов
(55 келі), Ризат Мұхамедиев (60 келі),
Асхат Жаңбыров (66 келі), Махат Ережепов
(74 келі), Николай Никитюк (84 келі),
Ильия Насточенко (96 келі), Самалбек Ны-
санбаев (120 келі).
Ал Алтай Танабаевтан тәлім алатын ер-
кін күрес балуандарының арасында мына
жігіттер Қытай боз кілемінде ел намы сын
қорғайтын болады: Бердах Пірімбаев (50
келі), Расул Қалиев (55 келі), Алпамыс
Сұпығалиев (60 келі), Самат Омаров (66
келі), Олжас Шыңғысбаев (74 келі), Ислам
Ази зов (84 келі), Андрей Щервяков (96
келі), Мейірхан Сейітжанов (120 келі).
Аға бапкер: «Біз үшін ең маңызды сын
– әлем чемпионаты. Сондықтан үздік те рі-
міз дің бәрін соған сақтап отырмыз. Өткен
жылы Азия чемпионатында алтын алған
Саятбек Оқасовты да әлем чемпионатына
дайын дап жатырмын. Ол жақында Қыр-
ғыз станда өткен халықаралық турнирде
финалға дейін жетіп, өзінің бабында екен-
дігін көрсетті. Ал Қытайда жастар құ ра-
мына биыл ауысқан бозбалаларға сенім
артып отырмын», – деді.
Ал әйелдер күресінде мына қыздар
белдесетін болды: Кристина Яловенко (44
келі), Альбина Абилева (48 келі), Мөлдір
Сәкімбекова (51 келі), Райхангүл Гаухар-
ба киева (55 келі), Гүлфарас Ниетова (59
келі), Юлия Сәтімбекова (63 келі), Люд-
ми ла Миронова (67 келі), Эльмира Сыз-
ды қова (72 келі).
Телжан КҮДЕРОВ
12-13 маусым ара-
лы ғында Қытайда кү-
рес түрлерінен жастар
арасындағы Азия чем-
пио наты өтеді. Бір айдан
кейін Венгрияда әлем
чем пионаты жалауын кө-
те ретін болғандықтан,
бапкерлер бұл біріншілікке
қосалқы құрам балуандарын
апармақ.
Футболдан Қазақстан
кубогының ширек финалдық
жеребесі тартылып, бұл
кезеңге шыққан командалар өз
қарсыластарын білді.
Ресей астанасы Мәскеуде
жағажай волейболынан
«Үлкен дулыға» сериясы
аясында жүлде қоры 300 мың
АҚШ долларын құрайтын
Swatch Fivb турнирі өтіп
жатыр.
ВОЛЕЙБОЛ
«Алматы» «Әл-
Арабимен» ойнайды
Жерлестеріміз
шетелде бас қосты
Волейболдан Қытайда өтіп
жатқан ерлер арасындағы
клубтық Азия чемпионатында
топтық ойындар аяқталып,
ширек финалдық дода
басталды.
Бұл күндері Англияның
Бирмингем қаласында
жүлде қоры 220 мың АҚШ
долларын құраған AEGON
Classic теннис турнирі өтіп
жатыр. Аталмыш доданың
екінші айналымында қос
қазақстандық теннисші
Ярослава Шведова мен
Сесиль Каратанчева кортқа
шығып, күтпеген жерден
болгариялық легионер
жеңіске жетті.
Қазақстан чемпионы болып табылатын
«Алматы» клубы аталмыш доданы «А»
тобында бастап, екі рет жеңіске жетіп, екі
мәрте жеңілістің кермек дәмін татты. Атап
айтқанда, Вьетнам чемпионын 3:1 (25:18,
20:25, 25:22, 25:20) есебімен, ал Индо-
не зияның үздік волейболшыларын 3:0
(25:14, 25:20, 25:19) есебімен тізерлетті.
Өкінішке қарай, Жапония жігіттеріне 0:3
(21:25, 23:25, 14:25) есебімен есе жіберіп
алып, Қытай қырандарымен болған шие-
ле ністі матчта 2:3 (19:25, 25:21, 25:21,
19:25, 12:15) есебімен ұтылып қалды.
Сөйтіп, «Алматы» өз тобында үшінші
орынға ие болды. Енді алматылық әуедоп-
шылар бүгін ширек финалдық додада
Катар дың «Әл-Араби» атты азулы ко ман-
дасымен кездеседі.
Әлихан ЖАППАР
Ағылшынның «Арсеналы» төңірегінде
де шу көп. Ағылшын премьер-лигасында
үздіктер қатарындағы клубтың екі ірі
акцио
нері бар: Бұқар еврейі Әлішер
Усманов (25 пайыз) пен Стэн Кронке (29,9
пайыз). Ереже бойынша акция пакеті 30
пайызға жеткен адам басқалардың акция-
сын сатып алуына болады. Усма новтың да,
Кренкенің де Нина Брейсвел-Смиттің
қолын дағы 16 пайыз акциясын сатып алу-
ға қаржысы жетеді. Егер бәсекелестердің
бірі бұл пакетті сатып алса, өзге де
акционерлер ережеге сәйкес өз акция ла-
рын 1,5 есе артық бағамен сатуы тиіс.
«Арсеналға» тамсанған тағы бір бай
табылып еді: анау-мынау емес, Ниге рия-
ның қант алпауыты – Алико Догноте. Оған
«Арсенал» десе, жүрегін ұстайтындар
аздап абыржып қалды. Клубты иемденуге
онсыз да талас болып жатқанда, аяқас ты-
нан тағы бір миллиардердің килігуі жағ-
дайды ушықтырып жібере ме деп. Абырой
болғанда, Догноте басын алып қашты.
Бұл олигархтар футбол клубына неге
сонша құмар екен? Әлде бала кезде тиын-
тебен жинап, доп қуалауға мұршасы
болмады ма? Бір жағынан, байлар клубты
қаржысын еселей түсу үшін сатып алады.
Өйткені бизнестің «көкесі» – спортта.
Деген мен сол ақшадан гөрі атағына қызығу
басым түсетіндей. Әрі футболға қаржы
салу өзін-өзі ақтамайтын сияқты. Әсіресе
дағдарыс басталғалы.
Қазір ағылшын премьер-лигасындағы
бар лық дерлік клубтардың мойнында қа-
ры зы бар. Кейбіреуі банкротқа ұшыраудың
аз алдында.
Арасында «Арсеналдың» табысы
«Миланның» жанкүйерлері Сильвио Берлускониге көптен
бері тісін қайрап жүр. «Сараң. Сүйікті клубымызды жұртта
қалдырды. Соның кесірінен команданың ойыны нашарлады,
одан да сатып жібергені дұрыс» дейді. Әйтеуір бәріне кінәлі
– Берлускони. Ол ақталып әлек. «Түсінбеймін, мен «Милан»
тарихын жасаған адаммын. Оны сату дегенді қайдан
шығардыңдар», – деп мүләйімсиді. Сараң деушілерге де
жауабы дайын: бір жылда клубқа 50 млн евро жұмсап жүр.
«Әрі-беріден соң мен келгелі «Милан» «Реалға» қарағанда
жақсы нәтиже көрсете бастады. Ең титулды президент мен емес
пе?» деп кеудесін соғады.
молдау. Клубтың өткен жылғы ақша айна-
лымы 316 млн фунт стерлингті құрады,
таза пайдасы – 46 млн доллар. Мойнында
265 млн фунт стерлинг қарызы
болғанымен, жылына небәрі 25 млн
төлейтіндіктен, онша қиналмайды.
Ал «Челси»... Ол – өзінше бір жыр.
Элиталық клуб. Бұл «көктердің» стадионы
ақсүйектер мекендейтін Кингз Роузда жай-
ғасқандығынан емес. Өткен ғасырдың 60-
жылдарынан бері сән мен салтанат «Чел-
сиге» көлеңкеше еріп келеді. Оның ойынын
тамашалауға азулы саясаткерлер, кино
жұлдыздары, Лондонның игі жақ сы лары
жина лады. 2003 жылы «Челсидің» ба-
қылау пакетін Ресей миллиардері Роман
Абра
мович сатып алып, елдің бәрін
шалқасынан түсірді. Сонда әркім сан-саққа
жүгіртті. «Футбол десе, ішкен асын жерге
қоятын адамың Абрамович емес. Діттегені
– имидж», – десті. Бизнес тұрғы сы нан
Абрамовичке түк пайда жоқ тәрізді. Алғаш
сатып алғанда клубтың қарызы басынан
асатын. «Манчестер Юнайтед» пен «Реал»
(Мадрид) секілді бизнесі спорттан бөлек
командалармен салыс тыр ғанда, «Челси»
жанкүйерлерге арналған асай-мүсей
нарығына онша ендей қой маған. Бірақ
Абрамовичті онысы қызық тыр ған да жоқ.
Оған керегі – атағы. Клуб тың қысқамерзімді
қарызы – 30 млн фунт, ал ұзақмерзімге
арналған борышы 85 млн фунт болатын.
Келісімшартқа сәйкес, қа рыз ды сатып алған
адам жабады. Клубтағы ал ғашқы екі жыл
ішінде Абрамович 684 млн фунт стерлинг
жұмсаған. Әр күні – бір мил лионнан. 2005-
2006 жылдары «Чел
си» тұманды
Альбиондағы клубтар ара сын да суырылып
алға шықты. Бұл жұл дыз дарды сатып алу,
қаржы саясатының дұрыс жүргізілгендігінің
арқасында еді. Содан бері «Челси» де,
Абрамович те талай белес тен өтті. Бірақ
миллиардердің «Чел си мен» «романы» әлі
күнге дейін жалғасып келеді. Білгіштер
«оның қаражаты клубтың қарызын әлі 100
жыл төлеуге жетеді» дей ді.
Өмірдің өзі дәлелдегендей, футбол
клубын сатып алу секілді «пиар-компа ния-
ға» қомақты қаржы қажет. Әйтпесе «көте-
ре алмайтын шоқпарды белге байлап» не
керек? Ағылшынның «Портсмутын»
Израиль бизнесмені Аркадий Гайдамактың
ұлы Александр 2006 жылы 100 млн ев-
роға сатып алған еді. Өткен жылы әупі рім-
мен әрең құтылды. Клуб қарызға белшеден
батқан. Ойыны да нашар. Премьер-лигада
тұрақтай алмады. Бұдан шығатын қоры-
тын ды: футбол клубын ұстап тұру үшін жүз-
деген миллион қаржы қажет. Дағдарыс
жағдайында бұл оңай емес. Әрі жанкүйері
көп клубтың ғана жұмысы алға басатынын
ес керген жөн. Ал жанкүйердің тілегені –
кере мет ойын.
Бай клубтардың қатарындағы «Ман-
чес тер Юнайтедті» қандай албасты басты?
Қарызы 717 млн фунт стерлингке жетіпті.
Ке зінде оны америкалық Глейзер деген бай
отбасы сатып алған-тұғын. Сөйтсе, несиеге
сатып алыпты. Жылына 69 млн фунт
стерлинг төлеуге тиіс. Оған шамасы
келмей, төрт жылдан бері қосымша қаржы
тартуға мәжбүр. Оның үстіне қожайындары
клуб бюджетінен «басқарғаны үшін» 13
млн фунт алып үлгеріпті. Қазір айқай-шу.
Жанкүйерлер Глейзерлерді ит қосып қуып
шығу керек деп өзеурейді. Әйтсе де, аме-
ри калықтардан құтылу оңай емес. Жуырда
ғана олар «Манчестер Юнайтедті» сат пай-
тынын мәлімдеді.
ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫНЫҢ ЕҢ БАЙ ҚОЖАЙЫНДАРЫ:
1. Мансұр бин Зайед әл-Нахаян («Манчестер Сити) – 15 млрд фунт
2. Лакшми Миттал («Куинз Парк Рейджерс») – 12,5 млрд фунт
3. Роман Абрамович («Челси») – 7 млрд фунт
4. Джо Льюс («Тоттенхэм») – 2,6 млрд фунт
5. Берни және Славика Экклстоун («Куинз Парк Рейнджерс») – 2,4 млрд фунт
6. Стэн Кронке («Арсенал») – 2,24 млрд фунт
7. Әлішер Усманов («Арсенал») – 1,5 млрд фунт
8. Демот Десмонд («Селтик») – 1,2 млрд фунт
9. Малкольм Глейзер («Манчестер Юнайтед») – 1,1 млрд фунт
Бір қызығы, ширек финалда да әрбір
жұп тек бір ғана ойын өткізіп, жеңімпазды
анық тайтын болады. Әлбетте, бұған дейінгі
жылдарда ширек финалдық кездесулер екі
матчтан тұрған. Ал ҚФФ-ның биыл мұндай
қадамға баруы премьер-лига ойын да-
рының кестесіндегі матчтардың тым көп-
тігімен байланысты болса керек. Десек те,
ширек финалдық кездесулерді бір ойыннан
өткізу алаң иелеріне жайлы болғанымен,
қо нақтарға ұнай қоймасы анық.
Сонымен, жеребенің қорытындысына
келер болсақ, ширек финалдың орталық
кездесуі Қарағанды қаласында өтпек. Мұнда
жергілікті «Шахтер» ел чемпионы және
суперкубок иегері «Ақтөбені» қа был дайды.
Әзірге ширек финалдық кез де су лер дің қай
кезде өтетіні белгісіз. Алайда өт кен жылы
бұл кезеңнің ойындары күзге та ман өткенін
естеріңізге сала кеткіміз ке ле ді.
ЕЛ КУБОГЫНЫҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНДА
МЫНА КОМАНДАЛАР КЕЗДЕСЕДІ:
«Жетісу» (Талдықорған) – «Атырау»
«Локомотив» (Астана) – «Тараз»
«Шахтер» (Қарағанды) – «Ақтөбе»
«Тобыл» (Қостанай) – «Ордабасы»
(Шымкент)
Алматыда қанша стадион бар? Және олардың мекенжайларын біліп
берсеңіздер екен.
Аманбай БАЙНИМИРОВ, Алматы қаласы
Стадионымыз қанша?
Қаламызда стадиондар жетерлік. Алайда
олардың барлығының атын атап, түсін түс те-
мей-ақ, кейбіреулерін атап өткенді жөн көр-
дік. Балалардың жаттығуына ыңғайлы Аг-
рарлық университеттің спорт кешені Абай
даң ғылы 28 «а» (тел: 261-08-92) үйде ор-
на ласқан. Ал грек-рим күресі, балаларға
ар налған футбол, дзюдо секілді спорт сек-
циялары ұйымдастырылған «Динамо»
стадионы Наурызбай батыр 87-де орна лас-
қан. Секцияларға бас сұғудың айлық төлемі
5 мың теңге. Сондай-ақ төменде көрсетілген
мекенжайлар бойынша басқа да ста дион-
дар дың қайда орналасқанын және спорттық
үйірме түрлерін білуіңізге болады: «Спутник»
стадионы Брусиловский көшесі, 134. «ЦСКА»
стадионы Сәтбаев көшесі, 6, (тел:264-02-
63). Тұрар Рысқұлов атындағы экономикалық
университеттің стадионы Жандосов көшесі,
55, (тел: 299-69-55). Орталық стадион Абай
даңғылы, 48 (292-19-95). Спартак стадионы
Гоголь көшесі, 1 (тел:3822752).
WTA рейтингінде 36-орында тұрған
Шведова бұл турнирге алтыншы ракетка
ретінде қатысқан. Ал Каратанчеваға негізгі
кезеңге жолдама алу үшін іріктеу сын да-
рынан өту керек болды. Сондықтан болар,
көпшілік мамандар бұл текетіресте Шве-
до ваның жолы болар деп ойлады. Алайда
бірінші сеттен кейін-ақ мамандарға пікір-
лерін өзгертуге тура келді. Мұның алдын-
дағы турнирлерде жасындай жарқылдап
жүрген Ярослава бұл жолы Сесильге қарсы
еш амал қолдана алмай, дымы құрыды.
Нәтижесінде 6:4, 6:4 есебімен Каратанчева
жеңіске жетті. Енді болгариялық легио не-
ріміз үшінші айналымда турнирдің онын-
шы ракеткасы словакиялық Магдалена
Рыбариковамен кездеседі. Айта кетейік,
бұл додаға басқа мықтылармен қатар
ресейлік Мария Шарапова да қатысып, ол
да турнирден ерте шығып қалды.
Бір қызығы, Словакияда өтіп жатқан
ерлер арасындағы халықаралық турнирде
де қос жерлесіміз өзара кездесіп қалды.
Kosice Open турнирінің екінші кезеңінде
кортқа шыққан Михаил Кукушкин мен
Юрий Щукин текетіресінде 6:4, 4:6, 6:3
есебімен алғашқысы басым болды. Енді
Кукушкин үшінші айналымда чехиялық
Иво Минармен кездеседі.
Арсен ЖАНАДІЛ
Астанада Қазақстан
хоккей федерациясы
атқару комитетінің
Асқар Мәмин төрағалық
еткен мәжілісі өтіп,
онда 2009/2010
жылдардағы маусым
қорытындыланды.
Атқару комитеті отырысының әлқис са-
сын еліміздің ұлттық құрамасының Гер ма-
нияда өткен әлем чемпионатында соңғы
орынға табан тіреуін «қанағаттанарлықсыз»
деп бағалауынан бастасақ. Ұлттық құра-
мамыздың неміс жеріндегі нәтижесіне де,
ойын өрнегіне де көңілдері толмаған ҚХФ
атқару комитетінің мүшелері Андрей
Шаяновты қызметінен босатты. Бүкіл әлем-
дік додада шаң қаптырған Шаяновты ғана
емес, оның көмекшілерін де отставкаға
жіберді. Ұлттық құраманың жаңа бас
бапкері ҚХФ атқару комитетінің келесі
оты рысында, яғни қыркүйек айында та-
ғайындалатын болды.
Жастар және жасөспірімдер ара сын-
дағы әлем чемпионаттарының бірінші
дивизиондарында бақ сынаған еліміздің
қос құрамасына «қанағаттанарлық» деген
баға қойылды. Бірақ аталған жас сана-
тындағы екі құрамамыз да жоғарғы диви-
зион жолдамасына қол жеткізе алмаған
болатын. Сондықтан болар, «қана ғат та-
нарлық» деген баға қойылса да, қос құра-
маның да бапкерлері ауыстырылды. Енді
еліміздің 20 жасқа дейінгі жастар құра-
масына Александр Шимин жетекшілік
ететін болды. Көмекшілері – Павел Маке-
ров пен Юрий Михайлис. Ал 18 жасқа
дейінгі жасөпірімдер құрамасы Василий
Василь чен коға сеніп тапсырылды. Оған да
Юрий Михайлис көмектесетін болды.
Сондай-ақ 18 жасқа дейінгі қыздар ара-
сын дағы Қазақ стан құрамасының алғаш
рет әлем чем пионатына қатыс қан дығы
жайлы баян дама тыңдалып, бой жет кендер
хоккейін дамытуға арнайы жиын өткі-
зілетін болды.
Бұдан соң ел чемпионатына қатысты
бірнеше маңызды шешімдер қабылданды.
Біз өткен маусымдағы ел чемпионатының
соңында кейбір клубтарымыздың сапында
небәрі үш-ақ қазақстандық хоккейші
ойнай тындығын жазып, байбалам сал-
ғанбыз. Абырой болғанда, бұл Қазақстан
хоккей федерациясы басшыларының да
жандарына батып жүрсе керек, алдағы
мау сымда «әрбір клубтың сапындағы
ойыншылардың 20 пайызы Қазақстан
азаматтары болсын» деген шешім қабыл-
данды. Әрине, енді былтырдан бері біздің
елде ойнап жүрген хоккейшілердің
біразының Қазақстан азаматтығын ала
бастауы мүмкін. Әйтсе де біз сең қозғалып,
маңызы зор шешімдер шығарыла баста-
ған
дығына қуанып қалдық. Жылда
осындай бір маңызы зор өзекті шешім
қабыл дап отырсақ, келешекте хоккейіміз
қарқын алып, қанатын жая түспей ме?!
Сонымен қатар «әрбір ойын алдындағы
хаттамада мұзайдынға шығатын 22
хоккейшінің сапында міндетті түрде жасы
20-дан аспаған екі жас ойыншы болуы
керек» деген ереже қабылданды.
Ендігі бір көңілге қонымды жаңалық,
ел чемпионатына тағы екі клуб қосылды.
Олар – Алматы және Теміртау қала ла ры-
ның клубтары. Яғни алдағы маусымда ел
чемпионатында 10 команда сынға түсетін
болады. Бірақ 19-28 тамыз аралығында
Өскеменде өтетін ел кубогы додасына
өткен маусымда төл чемпионатымызда
өнер көрсеткен 8 команда қатысады. Олар:
Сарыарқа» (Қарағанды), «Бейба
рыс»
(Атырау), «Ертіс-Павлодар», «Гор
няк»
(Рудный), «Арлан» (Көкшетау), «Қазақ-
мыс» (Сәтбаев), «Қазцинк-Тор
пе
до»
(Өскемен) және «Барыс-2» (Астана).
Бұл турнирдің басқалардан ерекшелігі,
додаға тек әлем рейтингіндегі көрсеткіштері
жоғары 64 спортшы қатыса алады. Қуа ны-
шы мызға орай, бұлардың арасында қазақ-
стандық қос сайыпқыран Александр
Дьяченко мен Алексей Сидоренко да бар.
Айта кетейік, турнирдің финалдық ке-
зеңіне 32 команда шығуы керек болатын.
Іріктеу кезеңінде жерлестеріміз Франция
және Қытай жұптарымен кездесіп, екі ко-
ман даны да 2:1 есебімен жеңіп кетті. Сөй-
тіп, финалдық кезеңде АҚШ-тың қос ко-
мандасы және норвегиялық жұппен бір
топқа түсті. Кеше өз тобындағы алғашқы
ойын дарын норвегиялық Скарлунг/Спин-
нангр жұбына қарсы өткізген қос әуе доп-
шыларымыз тағы да 2:1 есебімен басым
түсті. Енді бүгін Дьяченко/Си до рен ко жұ-
бы на америкалық командалар қарсылас
ата нады. Олардың бірі Роджерс/Далхаузер
жұбы болса, екіншісі –Жен нингс/Кинан
дуэті.
Арсен ЖАНАДІЛ