Сабақтың тақырыбы Аймақтарды ерекшелеу Жалпы мақсаттар



жүктеу 68,07 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі68,07 Kb.
#13926
түріСабақ

Күні:

18 сабақ

Пәні

информатика



11 сыныптар

Оқу-ісінің меңгерушісі

__________



Сабақтың тақырыбы

Аймақтарды ерекшелеу

Жалпы мақсаттар

Ерекшелеу құралдарын пайдалану арқылы бейненің аймақтарын ерекшелеуді,  ерекшеленген аймақтарға қолданылатын құралдар амалдарымен таныстыру, қолдануға үйрету.

Әдіс-тәсілдер

СТО, АКТ, топтық, жұптық жұмыс

Күтілетін нәтиже

Ерекшелеу аймақтарының қызметін, кескіндеріндің ерекшеленген аймақтарымен амалдар орындауды, ерекшелеу құралдарының қызметін және қолдана алады

Сабақтың түрі

Теория, практикалық

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, слайд, оқулық, мультимедиялық проектор.

Негізгі дерек көздер

Информатика әдістемелігі, ғаламтор,информатика оқулығы 11 сынып

Сабақтың жоспары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті



Топқа бөлу

Бойымен тұрғызып топқа бөлу

Топ ережесін құру



Бойы бойынша топқа бөлініп отырады

Үй тапсырмасын тексеру

Тест сұраққа жауап береді

1.Графикалық болмайтын файл пішімін көрсетіңдер:

.png

.xef


.tiff

.xсl

2.  Gimp  программасындағы соңғы орындалған іс-әрекетті қандай бұйрықтың көмегімен көруге болады?

Түзету-Іс әрекеттер тарихы

Кескін-Соңғы іс-әрекет

Файл-Тарихы

Файл-Болдырмау

3. Айна құралының қызметі:

  кескіннің шағылысуы

кескінді бұру

кескін аймағын ерекшелеу

кескіннің көшірмесін алу

4. Кескінді  шағылыстыру және бұру бұйрықтары қай мәзірде орналасқан?

түр

ерекшелеу



кескін

құралдар


5. Қандай бұйрық кескіннің түс мөлшерін азайта алады?

меже


постеризациялау

қисықтар


реңдеу

6. Құралдар панеліндегі кез келген құралға қай мәзірден қол жеткізуге болады?

түр

ерекшелеу



кескін

құралдар

7. Кадрлау дегеніміз не:



кескінді кесу

кескінді бұру

кескін аймағын ерекшелеу

кескіннің көшірмесін алу

8. Суреттің өлшемін көрсете алмайтын өлшем бірлік:

растрлық нүкте

пункт

миллиметр



байт

9. Осы бұйрықтың әрекетінен фотосурет бір түске реңделеді:



реңдеу

кадрлау


кескін

бұру


10. Программаның біртерезелік режимін қай терезеден таңдауға болады?

Файл


Сурет

Терезелер

Құралдар


Жаңа сабақ


Сендер дайын кескіндерді өзгертуді білесіңдер. Кескіндерді өзгертудің қандай амалдарды білесіңдер? (бұру, кадрлау, түстік гамма).

Кескіннің бөлігін ғана өзгертуге бола ма?

Кескіннің бір бөлігімен ғана жұмыс істеу үшін оның осы бөлігін негізгіден бөліп алу керек. Дизайнерге ерекшелеу құралы көмектеседі. Бүгін біз кескінді ерекшелеу аймағы құралдарының қызметімен танысамыз.

Gimp  редакторында бірнеше ерекшелеу құралы пайдаланылады:

Тікбұрышты аймақты ерекшелеу – дұрыс пішіндегі  аймақты ерекшелеу қажет болғанда қолданылады.

Сопақша аймақты ерекшелеу -  дұрыс пішіндегі  аймақты ерекшелеу қажет болғанда қолданылады.

Лассо  - еркін аймақты ерекшелейді.

«Сиқырлы таяқша» құралы – аралас аймақтарды түс ұқсастығына байланысты ерекшелейді.

Түс бойынша ерекшелеу – тек бір-біріне түс бойынша жақын пиксельдерде ғана ерекшелеу.

«Ақылды» қайшылар – өздерің берген нүктелер бойынша ғана аймақты ерекшелейді.

Бір бірден жақындап, құпия жәшіктен тапсырма тартасыңдар. Ұқсас суреттер бойынша жұпқа бөліесіңдер. Суреттің артқы жағында тапсырмалар бөліп жазылған. Сендер тапсырманың ретін нақтылап, тапсырманы орындайсыңдар. Содан кейін, ерекшелеу құралдармен жұмыс жасаудың алгоритмін тақтадан көрсетіп, қалай орындағандарын түсіндіресіңдер. (Кітапта 155-156 бетт)



Ерекшеленген аймақтармен жұмыс.

Ерекшелеу (Выделение) – Алып тастау (Снять) бұйрығы кескіннен ерекшелеуді алып тастауға арналған.

Ерекшеленген аймақты жылжыту Сtrl+Alt

Ерекшелеуді терістеу (инвертировать) Ctrl+I

Түрлену

Түрленуді ерекшелеу құралдары – айналу, масштабтау, қисайту, келешекті өзгерту.



Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Gimp программасын ашыңдар.

«А деңгей» суретін ашыңдар.

Дұрыс пішінде, еркін пішінде аймақты ерекшелеу құралдарымен ерекшеленген аймақпен жұмыс жасап көріңдер.

Ерекшеленген аймаққа түрлендіру құралының көмегімен ерекшеленген аймақтың пішінін өзгертіңдер.

Жұмысты мұғалімге көрсетіңдер.



В деңгейі

Gimp програмамсын ашыңдар.

«В деңгей» суретін ашыңдар.

Лассо ерекшелеу құралы арқылы ерекшелеңдер.

Ерекшеленген аймақтың көшірмесін алып, жаңа суретке кірістіріңдер.

Жұмысты мұғалімге көрсетіңдер.



С деңгейі

Gimp програмамсын ашыңдар.

«С деңгей 1 сурет» суретін ашыңдар.

Қыздың бейнесін Лассо ерекшелеу құралы арқылы ерекшелеңдер.

Ерекшеленген аймақтың көшірмесін алыңдар

«С деңгей 2 сурет» суретін ашыңдар

Түзету-Кірістіру амалдарын орындандар

Пайда болған суретті сақтап, мұғалімге көрсетіңдер.



Сабақты бекіту

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.



Ерекшелеу құралдарының атын жазу.

Құрал

Атауы

Міндеті




















































Бағалау кезеңі


Формативті және суммативті бағалау

Бір-бірін бағалайды.

Үйге тапсырма

Тақырыпты оқып келу


Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады.

жүктеу 68,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау