Осы бастаманы көтеріп отырғандардың бірі біз. Біз



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата17.11.2017
өлшемі0,63 Mb.
#1066
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№96 (322) 11.06.2010 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz



Нұрмұхаммед МАМЫРБЕКОВ

Басы 1-бетте

Шадияр МОЛДАБЕК

ҚОҒАМ


 

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

27 жастан асқан азаматтар да әскер қа-

тарына шақырылады. Ерекшелігі сол, олар-

дың әскери міндеті бір айға созылады. Ал сол 

аралықта әскерге тартылған аза 

мат 


тың 

бұрынғы жұмыс орны сақталады. Мамандар 

жобаның негізінде резервтегі әскер күшін 

толықтырмақ. Уақытында әскерге шақырыл-

мағандардың алғашқы легі – Қарағанды 

облы сында ант қабыл дады. 

Мұндағы 80 жауынгердің алды – 32, ал 

кішісі – 27 жаста. Осы уақытқа дейін түр лі 

қызмет атқарған азаматтар әскерге өз еркі-

мен келген. Олар Отан алдындағы борышын 

Спасск оқу-жаттығу орталы ғында 30 күн 

ішін де өтеп шығады. Бұл туралы ҚР қор ға ныс 

министрі Әділбек Жақсыбеков мәлім деді. 

Оның айтуынша, бір ай ішінде жауынгер-

лер теориялық білім алады. Сондай-ақ 

әскери өмірдің ыстығы мен суғын көреді. 

Айта кету керек, биыл еліміз бойынша 

дәл осындай сегіз орталық ашылады. Соның 

негізінде уақытында түрлі себеппен әскер 

қатарына шақырылмаған 1200 азамат 

міндетін атқарып, дайындықтан өткен соң, 

резервтегі әскерилер қатарын толық тыр-

мақ. 

Әскери міндетін өтемеген 27 жастан асқан ҚР азаматтары әскер қатарына 

шақырылатын болды деп естідім. Осы рас па?

 Дәулет ЕСҚАРА, Алматы облысы

27 жастан асқандар да әскерге шақырылады

Әділет басқармасы мамандарының 

мәлі метіне қарағанда, Қазақстан Респуб-

ликасы Мәжілісінің депутаттары Жеке 

сәйкестендіру нөмірін енгізуді 2012 жыл-

дың 1 қаңтарына дейін ұзартты. Сондықтан 

қызыңыздың төлқұжатының жарамдылық 

мерзімі аяқталмаған болса, елге келіп 

қайтуына ешқандай кедергі болмайды. Ал 

егер төлқұжатының жарамдылық мерзімі 

аяқталған болса, онда қызыңыз төлқұжатын 

алмастыруы керек. Қазақстан Республикасы 

аумағынан тыс жерде тұрақты тіркеуде 

тұрған ҚР азаматтарының төлқұжатын ал-

мастыру ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 12 шіл-

де дегі №1063 қаулысымен бекітілген, 

Қазақстан Республикасының халқын құжат-



Менің қызым Германияда тұрады, бірақ Қазақстанның азаматы. Бес жаста 

қызы бар. Қызының суреті анасының төлқұжатына жапсырылған. Шілде 

айының соңында елге келіп, тамыз айының соңында қайтпақшы. 13 тамызға 

дейін ҚР азаматтарына төлқұжат ауыстыру міндеттеліп отыр. Осы орайда 

білгім келгені, қызым 13 тамыздан кейін Германияға қайтатын кезде төлқұжат 

төңірегінде мәселе туындамай ма?

 Халима ИБАДУЛЛАЕВА, Алматы облысы

Елге келіп, қайтуыма төлқұжат кедергі болмай ма?

ЖАҢҒЫРЫҚ

ЖИЫН


ҚОНЫС Т

О

Й



МӘСЕЛЕ

Қымбат дәрілерді тізімнен «аластап», 

оның арзан баламаларын сатып алуға 

көшкен компанияның бұл әрекеті ата-

аналар мен «Балаларды СПИД-тен қор-

ғайық» қайырымдылық қорының бас-

шылығы тарапынан туындаған үлкен 

на ра зы лыққа  себеп  болды. 



Жаннета ЖАЗЫҚБАЕВА,

«Балаларды СПИД-тен қорғайық» 

қайырымдылық қорының төрайымы: 

– Түпнұсқа дәрілердің орнына 

балама дәрілердің, яғни 

генериктердің беріліп жатқанын сәуір 

айының басында естідік. Нақтысын 

айтсам, екі бренд дәріні арзанқол 

дәріге ауыстырыпты. Дәрігерлер 

олардың сапасы бірдей деп шаң 

жуытпай жатыр, бірақ менің 

пікірімше, брендтің аты – бренд. 

Әйтпесе, неге генериктерді тек 

әлемдегі ең кедей елдер ғана 

тұтынады? Жергілікті әкімдік пен 

Денсаулық сақтау министрлігіне 

бірнеше рет хат жаздық. 28-сәуір күні 

Ауру баланың несібесін жеген

Кезінде, ВИЧ індеті жаппай бас көтерген тұста жоғарыда 

отырған «көкелер» сырқат балалардың барлық жағдайын 

жасап, төбеден алтын құятындай уәде еткені елдің есінен шыға 

қойған жоқ. Содан бері де біршама уақыт өтті. Сол кездегі 

сәбилер бүгін ес жиып, етек жауып қалды. Үкімет те кешегі 

күнге дейін уәдесінен таймай, бір күн де дәрі-дәрмексіз 

қалдыруға болмайтын балаларды уақтылы, сапалы дәрілермен 

қамтамасыз етіп келген еді. Алайда саланы дәрі-дәрмекпен 

қамтамасыз ету міндетін мойнына алған «СК-Фармация» ЖШС 

осы жылдың ерте көктемінде қаржы үнемдейміз деген 

желеумен ВИЧ індетіне шалдыққан балалар пайдаланып келе 

жатқан сапалы дәрінің орнына бағасы арзан, орнын 

алмастырады деген дәрілерді ұсына бастады. Осындай әдіспен 

«қаржы үнемдей бастадық» деген мақтанышқа толы 

мәлімдеме де жасап үлгерген-ді. 

Шымкентке арнайы комиссия келді. 

Сонда «СК-Фармация» ЖШС 

директорының орынбасары Берік 

Шәріпов «5 мамырға дейін түпнұсқа 

дәрілерді толық көлемде жеткізіп 

береміз» деп уәде берген. Содан бері 

бір айдан астам уақыт өтті, дәрі әлі 

жоқ. «СК-Фармация» ЖШС-ның 

өкілдері бірнеше күнге ғана жететін 

дәріні алып келіп, бізді де алдамақ 

болды.

Ешкім де баласын оңайлықпен аты 

жаман аурудың азуына беріп, тырнағына 

тастай салмақ емес. Осы аптаның алғашқы 

күнінде еліміздің денсаулық сақтау 

министрі Ж.Досқалиев облыстық Опера 

және балет театрының ғимаратында 

жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен 

өңірлік кеңес өткізді. Сонда облыстық «Ана 

мен бала» орталығында айықпас дертті 

жұқтырған балалардың ата-аналары дәрі 

жеткізуді мойнына алған «СК-Фармация» 

ЖШС-ның басшысы В.Зверьков пен оның 

орынбасары Б.Шәріповтың айтқан кезекті 

сыдыртпа жауаптарына ашу шақырып, 

кездесудің соңы дау-жанжалға ұласты. 

Ызаға булыққан аналар дәрі-дәрмектер 

жыл соңына дейін жетерліктей, толық 

көлем 

де келмейінше Берік Шәріповті 



кепілдікке алып, оны босатпауға бекінді. 

Қақтығысқа араша болуға тәртіп сақ шы-

лары да араласты. Алайда шенді-шекпен-

ділер міндетін атқарудан қаш қақтаған 

тиісті басшыларды емес, ашынған аналарға 

қабақ түйіп, қол жұмсады. Арасында дене 

жарақатын алғандар да бар. Қор төрайымы 

Ж.Жазықбаева жәбірленген аналардың 

тиісті органға шағымданғалы отырған да-

рын жеткізді.

Мамандардың мәліметіне сенсек, «СК-

Фармация» компаниясының өкілдері ВИЧ 

індетін жұқтырған балаларға жеткізуі тиіс 

350 қорап дәрінің орнына 35 қорап, яғни 

10 есе аз дәрі әкеліпті. Жалпы алғанда, 

облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарына 

қажетті 97 түрлі дәрі-дәрмектің 57 түрі күні 

бүгінге дейін жеткізілмеген. Оның ішіндегі 

27-сі күнделікті қолданатын өте қажетті 

препараттар екен. Сонда енді бұл дәрілер 

қашан жеткізілмек? Сырқаттар ауруы 

асқынғанша күтуі керек пе? 

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстандағы 

55 бала ВИЧ-тен СПИД кезеңіне өтіп 

кеткен. Ж.Жазықбаеваның пікірінше, бұл 

да сапасыз дәрінің салдары болуы мүмкін. 

Осыдан бірнеше ай бұрын «СК-Фар-

мацияның» басшылығы өткен жылы бір 

орталықтан тендер өткізудің барысында 

мемлекеттің қыруар қаражатын үнем-

дегенін мәлімдеп, жұрттан сүйінші сұраған 

еді. Әсіресе, бір ғана Оңтүстік Қазақстан 

облысынан 4 миллиард теңге үнемдегенін 

үлкен іс тындырғандай желпіне хабар-

лағанын қайтерсіз. Сонда қаржыны қасірет 

шеккен балалардың тағдырымен ойнау 

арқылы үнемдеуіміз керек пе? ВИЧ-ке 

шалдыққан балалардың ата-ана ларымен 

кездескен Жақсылық Досқалиев қысқа 

мерзім ішінде мәселені шешіп, қажетті 

дәрі-дәрмекті жеткізуге уәде берді. Ата-

аналар енді министрдің уәдесін дәтке қуат 

етіп отыр. 

 Оңтүстік Қазақстан облысы 



Шайынды су 

Балқашты 

шайып 

кетпесін

Қ.Сәтбаевтың сол дәуірде тілге тиек 

еткен жайттары уақыт алмаса келе күрделі 

мәселелерге айналып отырған жайы бар. 

Жетісудың жеті өзені құятын Балқаш көлінің 

айдыны табиғат тылсымының күшімен 

жартылай тұщы, жартылай ащы сулы. Сол 

қалпымен ауызсу қоры ретінде көл айдыны 

жарамсыз болғандықтан, балқаштықтар 

көлге жер астындағы арналары арқылы 

құятын Тоқырауын өзенінің суын тұтынады. 

2008 жылы республикалық бюджеттің 

қаржыландыруымен құны 1328, 0 мил-

лион теңге тұратын Тоқырауын-Балқаш су 

жүйесі салынып, қолданысқа берілді. 

Тоқырауынның құмға сіңіп, көлге жер асты 

жылғалары арқылы құятын суын сору үшін 

Төменгі Тоқырауын алабына жеті бұрғы 

орнатылған. Мамандардың айтуынша, 

қала тұрғындарын сумен толық қамтамасыз 

ету үшін жеті бұрғы емес, 46 бұрғы керек 

екен. Ал Балқаш пен қала маңындағы 

Қоңырат, Шығыс Қоңырат, Шашубай кенті 

тұрғындары ауызсу тапшылығын ілгеріден 

сезініп келеді. Қала іргесіндегі әскери 

бөлімдер мен Тораңғылық ауылының 

тұрғындары ауызсуды Балқаштан алдырып 

ішеді. 


Ал Арқаның шағын өзендері қатарынан 

саналатын Тоқырауын өзенінің де соңғы 

жылдары арнасы тартылып, жағасындағы 

тал-бұта сиреп кеткен. Атауының өзі 

тоқырап ағар момақан жайын меңзеген 

Тоқырауын Балқаштың 46 бұрғысы бірдей 

қосылса, тамыры құрғап, талықсып 

қалатынын да айтады мамандар...



ҚУРАҒАН ҚҰБЫРЛАР

Тұрғындар тұтынатын ауызсудың мәсе-

лесімен бірге мұнда тұрмыста пайдала-

нылған су шайындылары шығарылатын 

құбырлар жайы да қалыпты емес. 

Мысшылар шаһарының барша шайынды 

суы арнайы құрылғылармен тазартылмаған 

күйде Көкдомбақ ойпатына құйылады. 

Көкдомбаққа су айдайтын коллектордың 

қысым туғызар бөлігі, міне, бірнеше жыл 

бойы үзіліссіз пайдаланылып келеді. Осы 

коллектордың едәуір бөлігі темір-бетон 

құбырлардан жасалғандықтан, аралық 

суағарлар темірден жасалғандықтан жиі 

болатын апатты жағдайлар маңайды 

әбден былғап болған. Қаланы сумен 

қамтып отырған 165 шақырымдық су 

жүйесі құбырлары мен 157 шақырымға 

созылып шарбақталған канализациялық 

құбырлар сонау 1934 жылы салынған. 

Қазір бұл құбырлардың 80 пайызы 

жарамсыз десек те болады. Сондықтан да, 

Балқашта бір үйдің құбыры жарылса, тұтас 

тұрғын орамы сусыз қалатын оқиға өте жиі 

болады.

Осынау орайсыз шаруаның бір ұшы 



Балқашта құбырларды тазартумен 

айналысатын мекеменің жоқтығына барып 

тіреледі. Эколог мамандар бұл орай-

сыздықты осыдан бірер жыл бұрын «та-

рихи шешімін күткен мәселе» деп тапқан 

болатын. Қазір қаланы инженерлік қорғау 

жүйесіне керекті шаруалар шешімін күтіп, 

тазалау орталығының құрылысы жүргізіліп 

жатыр...

Жібек ҚОЙБАҒАРОВА, 

Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік 

экологиялық инспектор:

– Қала маңында жинақталған 

тұрмыстық-өнеркәсіптік қалдықтарды 

залалсыздандыру тарапында, негізгі 

жұмыстар арнайы полигонда 

жүргізілуі керек. Мұндай полигон 

қаладан сегіз шақырым жерде 

орналасқан. Мұнда тұрмыстық 

қалдықтан гөрі өнеркәсіптік 

қалдықтар басым. Осының өзі едәуір 

мәселе тудырады. Мәселен, аталмыш 

полигонда қазір 4 298,634 мың тонна 

өнеркәсіп қалдықтары қордаланса, 

мұның 4 290,42 мың тоннасы 

қауіптілігі үш және төрт класты 

болатын заттар. Өнеркәсіп 

қалдықтарын залалсыздандыру 

жұмыстары небары 12 пайызға 

орындалып отыр. Жалпы, Балқаш 

аймағындағы зиянды қалдықтарды 

жою мәселесін шешу үшін салалық 

және аймақтық үлкен бағдарлама 

керек. Олай болмаған күйде, 

экологиялық ахуал жақсара 

қоймайды...

Қарағанды

Алапат тасқыннан кейін Қызылағаш-

тағы алғашқы үйдің іргетасы 19 наурыз 

күні қаланған болатын. Мамырдың со ңы-

на дейін мұнда 145 үйдің кілті тұрғындарға 

табыс етілді. Енді, міне, тағы 200 отбасы 

қоныс тойларын тойлап жатыр. Салтанатты 

жиында Серік Үмбетов барлық қиындық-

тарға қарамастан, төзім ділік пен шыдам-

дылық танытқаны үшін азаматтарға үлкен 

рақметін айтып, барлық жұмыстар Елбасы-

ның тікелей тапсырмасымен орындалып 

жатқанын сөз етті. «Құрметті, ағайындар! 

Басқа түскен барлық ауыртпалықтарға 

қарамастан, төзімділік танытқандарыңыз 

үшін үлкен алғысымды білдіремін. Әрине, 

қазаның орнын еш нәрсемен толтыра 

алмаймыз, бірақ қираған үйлер қайта 

қалпына келіп жатыр. Қазақ «бір түннен 

кейін міндетті түрде бір күн келеді» дейді. 

Міне, кеше ғана барлығымыздың үрейі-

мізді алған қорқынышты жағдайдың соңы 

бүгін қуанышты күндерге ұласып жатыр. 

Әрине, біз қиын күндерді еш уақытта 

ұмытпауымыз керек. Себебі адам өткен 

қиындықтарды еске ала отырып, жақсы 

күндердің бағасын түсінеді. Кешегі 12 

наурызда болған оқиға менің әлі күнге 

дейін көз алдымда. Мен халықтың, бала-

Қызылағашта тағы 200 үй бой көтерді

Алматы облысының 

Қызылағаш ауылында тағы 

екі жүз отбасы қоныс тойын 

тойлап жатыр. Жуырда ғана 

құрылысы толық аяқталған 

баспаналардың кілтін 

тұрғындарға сейсенбі күні 

облыс әкімі Серік Үмбетов 

салтанатты түрде табыс етті. 

Облыс әкімінің айтуынша, 

осы айдың соңына дейін 

қызылағаштықтардың 

барлығы түгел баспаналы 

болады және мерекеге 

ұласатын ауыл тойына 

Елбасының өзі келіп 

қатысады.

ның, ата-аналарымыздың сол кездегі көз 

жасын ұмытпаймын. Өздеріңіз көріп 

отырсыздар, Қызылағаштағы жағдайды 

қалпына келтіруге тек облыс әкімдігі ғана 

емес, республикамыздың барлық азамат-

тары қол ұшын беруде. Сондықтан үйлерді 

салуға біздің толықтай мүмкіндігіміз бар. 

Қаржы жағына қам жемеуге болады. Мен 

бастапқыда бұл ауылдағы үйлерді маусым 

айының ішінде толық аяқтайтынымызды 

айтқанмын. Аллаға шүкір, сол мақ-

сатымызды орындауға шақ қалды. Осы 

айдың соңына дейін барлық тұрғын дар 

баспаналы болады», – деді С.Үмбетов. 

Қызылағашта жалпы 530 үйдің іргетасы 

жаңадан қаланып, 105 үй күрделі жөндеу-

ден өтеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ 

баспанасы жоқ тұрғындарға 15 сотықтан 

40 жер телімі бөлініп отыр. Серік Үм-

бетовтің айтуынша, салынған үйлердің 

барлығы бекітілген тізім бойынша арнайы 

мүліктермен, үй жиһаздарымен жабдық-

талады. Осыған дейін тұрғындарға 95 

теледидар сыйға тартылса, тағы 160-тан 

астам осындай мүлік дайын тұр. Бұл қажет-

тіліктер тұрғындардың өтініші бойын ша 

сатып алынуда. Үйлерден бөлек қазіргі 

күні ауылға толығымен электр қуаты 

жеткізіліп, телефон байланыстары орна-

тылып, көшелерге асфальт төселуде. Ал-

маты облыстық радио-телехабар тарату 

дирекциясының мамандары су тасқыны 

салдарынан бүлінген телехабар тарату 

желісін қалпына келтірді. Елді мекеннің 

шығысында саябақ ашылып, онда он бес 

мың түп терек, қарағаш, қайың, емен тағы 

да басқа ағаш түрлері отырғызылды. 

Жалпы, көктемде округ тұрғындары үшін 

масақты дәнді-дақыл себуге 2000 га жер 

берілген болатын. Бүгінгі таңда 1000 га 

жерге – бидай, 1000 га жерге арпа тұқымы 

себілді. Күзде жиналғаннан кейін өнім 

тұрғындарға теңдей үлестіріліп беріледі. 

Мұнымен қоса ауылда су тасқынынан қаза 

болғандарға арналған ескерткіштің Қаби 

Баулықов жасаған жобасы бекітіліп, 

дайын 


далуда. Қазақстан Сәулетшілер 

одағының мүшесі Қ.Баулықов ананың 

тасқын ортасында аласұрған кейпін 

бейнелеген. Ескерткіш бетон мен граниттен 

жасалады. Оның ені – 14, ал биіктігі – 7 

метрді құрайды. Ол Алматы – Өскемен тас 

жолының оңтүстік беткейіне қойылады. 

Құрылыс аяқталғаннан кейін тұрғындарға 

мал алу үшін қаржылай көмек беріледі. 

1000-нан аса қой, 500-ден аса жылқы, 

500-ден аса сиырға жалпы 155 миллион 

теңге қарастырылуда. Бұрын Қызылағаш 

ауылында 12 көше болған болса, бүгінде 

қосымша тағы екі көше бой түзеп келеді. 

Бір қуанарлығы, Защитный, Садовая 

көшелері Б.Момышұлы, Достық көше-

леріне айналуда. Салтанатты рәсімнен 

кейін облыс әкімі, басқа да қонақтар жаңа 

үйлерге кіріп, дастарқаннан дәм татты. Ал 

тұрғындар атқарып жатқан жұмыстар үшін 

Елбасына, облыс әкіміне, құрылысшыларға 

үлкен ризашылықтарын білдіріп жатты. 

Тағы бір айта кетерлігі, шілде айының 

соңына дейін су апатынан зардап шеккен 

көршілес Ақтоған, Егінсу ауылдарында да 

үй құрылыстары толығымен аяқталады.



Сайлаубек САҒЫНБЕКҰЛЫ, 

ауыл ақсақалы:

– Әрине, су тасқынынан кейін 

біздің бойымызды үрей биледі. 

Алдағы күніміз қалай болар екен, 

тұрғындар қалай күн көрер екен деген 

сұрақтар мазалады. Алайда қазіргі 

күні бұл қорқынышымыз толықтай 

сейілді деп айтуға болады. Себебі 

қызылағаштықтардың  барлығы 

үйлі-баранды болайын деп отыр. 

Нұрлан ДОСМАТОВ, қоныс иесі:

– Ел ағаларына рақмет. Біздің 

көз алдымызда күн сайын төрт үйдің 

құрылысы бітіп жатыр. Бүгінгі таңда 

ауылымыз жаңа кейіпке, жаңа түске 

еніп отыр. Мектеп, мәдениет ошағы 

қайта күрделі жөндеуден өтуде. Спорт 

нысаны салынуда. Бұл жастарымызды 

ауылға тартуға зор септігін тигізеді. 

Себебі жаңа жұмыс орындары пайда 

болады, демалатын орындар болады. 

Мен ауылдастарымды береке-бірлікке 

шақырамын. Қиын-қыстау кезеңде 

сөзіміз бір жерден шықсын дегім 

келеді. 

тандыру және тіркеу ережесінің 10-пунк-

тіне сәйкес шетелдегі Қазақстан Рес пуб-

ликасының құзыретті мекемелерінде 

жүзеге асырылады.

Әлемге дүмпуі әлі сезіліп 

жатқан дағдарыс салқыны 

ең алдымен әлеуметке әсер 

ететіні сөзсіз. Осылардың 

қатарында дағдарыстың 

әлеуметтік қамсыздандыру 

қорларын инвестициялауға 

жағымсыз әсер еткені де 

мәлім. Жуырда Астанада 

аталған мәселелерді 

жан-жақты зерделейтін 

халықаралық конференция 

басталды. «Әлемдік дағдарыс 

жағдайындағы әлеуметтік 

қамсыздандыру: Заман 

талабына ұлттық көзқарас» 

деп аталатын алқалы 

жиынға Премьер-министрдің 

орынбасары Ербол Орынбаев 

бастаған жоғары лауазымды 

тұлғалар мен шетелдік 

қонақтар қатысты. 

«Елдегі демографиялық ахуалды 

жетілдіру және көпбалалы отбасыларға 

қолдау көрсету мақсатында 2003 жылдан 

бастап баланың тууына байланысты бір 

жолғы жәрдемақы төленеді. Ал 2006 

жылдан бастап бір жасқа толғанға дейінгі 

бала күтіміне қажетті қаржы берілуде. 

Әлеуметтік салаға жұмсалатын қаржы 

көлемі – мемлекеттік бюджеттің жартысын, 

ал әлеуметтік қамтамасыз етуге шығын-

далатын қаржы бюджеттің бестен бір 

бөлігін құрайды», – деді Ербол Орынбаев 

өз сөзінде. Ал әлеуметтік салада қалып-

тасқан мәселелерді шешуде «Жол картасы» 

мен индустриялық-инновациялық бағ-

дарламалардың ықпалы зор болмақ», – 

дейді конференцияның модераторы әрі 

баяндама жасаған еңбек және халықты 

әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара 

Әбдіхалықова ханым. 

Мысалға, өткен жылдың сәуір айында 

еліміз бойынша 350 мыңнан артық 

мекемеде 80 мыңға тарта еңбеккер толық 

емес жұмыс күніне көшкен. Қазіргі таңда 

«Жол картасы» бағдарламасының қолға 

алынуына байланысты бұл сан әлдеқайда 

азайған көрінеді. Бүгінгі көрсеткіштерге 

көз жіберсек, елдегі 19 мың мекемеде 15 

мыңға жуық адам толық емес жұмыс 

күнінен шығарылған. Яғни толық қызмет 

жүйесіне көшті деген сөз. Министрдің 

уәжіне сүйенсек, қазіргі таңда азаматтарды 

жұмыспен қамтуда ең үлкен үміт артылып 

отырған шара – «Жол картасы» бағ дар-

ламасы. Бағдарлама бойынша, қазір ми-

нистрлік мамандарды қайта дайындап 

жатыр. «Биылдан бастап индустриялық-

инновациялық саясат бойынша ірі-ірі 147 

жоба іске қосылады. Сол жобаларға 

жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен 

қамтамасыз ететін азаматтарды тарту 

басты міндет болып отыр», – деді министр. 

Соғай сай қазір Қазақстанда еңбек 

нарығын мемлекеттік реттеу бағдарламасы 

әзірленуде. 

Оның негізгі бағыты еңбек нарығына 

мониторинг жасау мен жұмысшы күшіне 

деген сұранысқа болжам жасау, оқыту 

өндірісімен байланыс орнату, сонымен 

бірге еңбек ресурстарының сапасын, 

жұмыспен қамтамасыз етудің тиімділігін 

арттыру екенін айта кетейік. 

Ханс-Хорст КОНКОЛЕВСКИ, 

Халықаралық әлеуметтік 

қамсыздандыру ассоциациясының бас 

хатшысы: 

– Біріншіден, осындай маңызды 

халықаралық жиын өткізіп 

жатқандарыңызбен құттықтағым 

келеді. Бұл Бүкіләлемдік адам 

құқығы декларациясының 22-

бабына сәйкес адамның басты 

құқығы болып табылатын әлеуметтік 

қорғауды одан сайын дамытуда 

Үкіметтің мықты шешімін көрсетеді. 

Сонымен қатар әлеуметтік қорғау 

мәселелерінің қоғамның басты 

назарында екенін растайды. 

Мұрат АЛМАСБЕКҰЛЫ, 

Астана

Әлеуметтік 

қамсыздандыру – 

әлемдік дағдарысты 

әлсірете алатын жол

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау