Осы бастаманы көтеріп отырғандардың бірі біз. Біз



жүктеу 0,63 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата17.11.2017
өлшемі0,63 Mb.
#1066
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№96 (322) 11.06.2010 жыл, жұма



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz



Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР



Сиязбек МҰҚАШЕВ, 

Кәсіподақтар 

федерациясының төрағасы

Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА, 

еңбек және 

халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жұмысшылардың жалақысын қадағалайтын еңбек 

инспекциясы бола тұра, арнайы комиссия құру қажет пе?

Ал енді жұмысшылардың жалақысын 

кешіктіру жайында облыстардағы ста-

тистикалық көрсеткішке көз жүгіртіп 

көрсек, мәселен, соңғы екі жылмен 

салыстырғанда, бүгінде мұндай көрі-

ністердің пайыздық көрсеткіші едәуір 

төмендеген. Бұрын облыстық деңгейдегі 

жұмысшыларға қарыздану көлемі екі 

есеге жоғары болатын. Қазірде ре-

сми ақпарат бойынша, шағын және 

орта меке мелерде 4 миллиардқа дейін 

қарызы бар. Осыны қадағалайтын атал-

мыш арнайы комиссияның ар қасында 

қайсыбір қарыздар төленіп болған. 

Сондай-ақ жұмысшылардың сот қа ша-

ғымдануы, құқын қорғауы, ең 

бек 


қауіпсіздігін бақылау осы құрылған 

комис 


сиялардың көмегімен жүзеге 

асады. Сондықтан, меніңше, бұған 

қабат тастырып басқа комиссия құрудың 

қажеті жоқ. Бір комиссиядан екінші бір 

комиссия құрудың керегі шамалы. Мұн-

дай комиссиялар бар болғандықтан 

менің айтатын пікірім – осы.

Міне, бұл тұрғыда біз тілдескен мамандар пікірі осылай тоқайласты. 

Осы ретте біз елдегі еңбек нарығындағы ресми деректерге жүгінуді де жөн 

көрдік. Дерек көздері бүгінде республика бойынша еңбекке жарамды адам 

саны 6,9 миллионды құраса, олардың 2,7 миллионы ауыл тұрғындары 

екенін көрсетеді. Соның ішінде жұмысқа жарамды 6,9 миллион адамның 

4,2 миллионы жалдамалы жұмыстарға жегілсе, қалған азын-аулағы – 

лауазымды қызметтегілер. Ресми дерек көздері жалдамалы жұмысқа 

жегілетіндердің 75,2 пайызы қыр қазағы екенін растайды. Сондай-ақ 

уақытында жалақысын ала алмай, сарыуайымға салынып жүрген де – 

тағы сол қыр қазағы. «Бүгінде бір үйлі жан бір ғана жалақыны талғажау 

етіп отырған жайттардың бары да жасырын емес. Осыны ескермей-ақ, кісі 

ақысын жеп жүргендер легі де артуда», – дейді қайсыбір сарапшылар.

Рас, біздің құзырлы орындар Еңбек кодексі турасында біраз мәселені 

шешіп, халықтың аузына барынша жылы-жұмсақ ұсынуға тырысып-ақ 

жатыр. Бұл тұрғыда заңбұзушылыққа жүген салатын түрлі бағдарламалар 

қабылданды да. Әйтсе де заңсыздыққа бұғалық салынбай-ақ қойды. Осыдан 

барып біздің елдегі еңбек нарығына жүйелі, сауатты бақылау, байыпты 

қадағалау қажеттігін бағамдайсың...

ОЙ-ТҮЙІН

Дайындаған Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 

Бақтығали 

ШӘПЕЕВ, 

әлеуметтанушы:

Тоқтар ЕСІРКЕПОВ, 

экономика 

ғылымының докторы, 

профессор:

Сейфулла 

САПАНОВ, 

саясаттанушы: 

? А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

Дайындаған Кәмшат САТИЕВА

– Жалпы, Үкімет халықты жұмыспен қамту мәсе-

лесіне әрқашан мән беріп келеді. Осы бағытта қа-

былдаған бірқатар бағдарламасы да бар. Меніңше, 

Қытаймен арадағы тауар айналымының төмендеуіне 

байланысты босап қалатын жұмысшы күшін реттеу ге 

осылардың шамасы жеткілікті. Мәселен, екінші маман-

дық алу бойынша мемлекет еліміздің барлық аймағы 

бойынша арнайы оқу орындарына тапсырма беріп, 

қазір де осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр. 

Яғни жұмыссыз қалған азаматтар осы мүмкіндікті пай-

далануда екінші бір мамандықты игеріп, сол бойын-

ша жұмысқа орналасуға тырысуы керек. Ал қалада 

базарда жүріп, мол ақша тауып қалғандарды 50-60 

мың теңге жалақы қанағаттандыра ала ма, бұл – басқа 

мәселе. Сондықтан бұл мәселенің шешімі, ең бастысы, 

сол жұмыссыз қалатындардың ықтиярындағы дүние.

Қытаймен арадағы тауар айналымының төмендеу мүмкіндігіне байланысты бос қалатын жұмысшы күшін қалай тиімді реттеуге болады?

– Қытаймен арадағы тауар айналымының азаюы біздегі жұмысшы 

күшінің миграциясына кері әсер етіп, олар бос қалады деп ойламаймын. 

Себебі біраз алыпсатарлар болмаса, бізде Қытаймен екі ортада жұмыс 

істеуге мұқтаж адамдар бәлендей көп емес сияқты. Әрине, көрші елден 

тауар тасып, нәпақа тауып жүрген азаматтарымыздың қалтасын қағуы 

мүмкін. Дегенмен бұдан қауіптенуге негіз жоқ. Керісінше, үлкен нарық 

болғандықтан Қытай экономикасы алыс-берістің ортаймауы үшін біз-

ге мүдделі. Біз Кедендік одаққа мүше болған соң, Қытай өзінің геосаяси 

мүдделері үшін біраз шегіністер жасап, ыңғайымызға жығылуға мәжбүр. 

Жұмысшы күші бос қалғанның күннің өзінде стратегиялық, экономикалық 

дамуымызға байланысты бұл түйткілдерді реттеуге мүмкіндігіміз бар. Біз 

Қытаймен тек базардағы сауда-саттықтан гөрі нақтылы, жоспарлы алыс-

беріске жүгінуіміз керек. Мәселен, екі ел арасында стратегиялық әріптестік 

аясында ауқымды жобалар, бағдарламалар бар. Қолға алынып отырған 

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» секілді үлкен жобалар бойынша бос қалған 

жұмысшы күшін жұмылдыруға болады. Бұдан басқа жұмысшы ресурсын 

үлкен нарық – Ресейге бағыттауға болады. 

– Бізде өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың қатары көп. 

Олар шамамен жұмыс істеп жүргендердің 38%-ы, яғни 1/3-

ін қамтиды. Онда да оның басым бөлігі – базарда жүргендер. 

Қазақстанның ең осал жері – осы. Сондықтан бұл ретте кешенді 

шара қолдануымыз тиіс. 

Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламадағы жо-

балар бойынша бірқатар объектілер, зауыттар салынады. Соған 

аталған топтағы адамдарды жұмысқа тарту керек. Бұл, бірін-

шіден. Екіншіден, Үкімет шағын және орта бизнесті дамытуды 

дұрыстап қолға алуы қажет. Салыстырмалы түрде алғанда, Ре сей -

де шағын және орта бизнестен түсетін табыс жалпы ішкі өнімнің 

17% құраса, бұл көрсеткіш бізде 10% ғана екен. Біз де осы көр-

сеткішті игеруіміз тиіс. Үкімет алдына соған сай мақсат қою қажет. 

Жұмыс сыз қалғандарға бұл сала тартымды әрі тиімді болуы тиіс. 

Үшіншіден, ауылға бөлініп жатқан қаржы ірі компания лар дан 

ары аспай жатыр. Сол қаржыны ауылға жететіндей қылып жос-

парлап, есептеу керек.

АВТ

ОНАРЫҚ


Себебі, расымен де, елімізде Еңбек 

кодексін бұзу жиі орын алуда. Мәселен, 

елде санаулы ғана еңбек инспекциясы 

қызмет етеді деп есепке алатын болсақ, 

олардың елдегі бүкіл жұмысшы таптың 

аяқалысын бақылауға әлеуеті жете 

бермейді. Бұлардың ісіне кәсіподақ қа-

тысқанның өзінде проблеманың түйіні 

шешілмей отыр. Сондықтан бізге арнайы 

комиссия керек. Бұл – тек бізде ғана емес, 

дүниежүзілік қауымдастықта да қаузалып 

жатқан жайт. Қайталап айтамын, иә, 

рас, бізде еңбек инспекциясы бар. Бірақ 

олардың елдегі тұтастай еңбек нарығын 

бақылауға қуаты жетпейді. Мен мұны 

жұмысшылардың жалақысын қорғайтын 

тікелей Кәсіподақ федерациясының тө-

рағасы болғаннан кейін айтып отырмын. 

Өз басым қосымша комиссия қажет деп 

ойлаймын. Сонда ғана біз маңдай тер-

мен тапқан жалақысын қолына дер 

кезінде ала алмай, уайымға батып жүрген 

жұмысшылардың ахуалын жеңілдетер 

едік... 


КОММУНАЛДЫ ШАРУАШЫЛЫҚ

НАРЫҚ


Алдағы екі-үш жыл ішінде ішкі авто 

нарықтың түбегейлі өзгеруіне Кеден одағы 

әсер ететінін ешкім жоққа шығармайды. 

Болжам мынадай: көне көліктердің та-

сымалы азаяды. Оның үстіне кедендік 

бажды ресейлік деңгейге жеткізу (10 

пайыздан 30 пайызға дейін) бағаны 

едәуір өсіреді. Соның нәтижесінде ескі 

мәшиненің құны жаңасымен пара-пар 

болады. Бұл жаңа көліктердің саудасын 

жандандыруға әкеледі. Өйткені қымбат 

бағаға ескі көлік алғанша, үстіне ақша 

қосып жаңасын сатып алған жақсы емес 

пе? Ресейден әкелінетін жаңа автокөліктер 

бөлігінде жанданыс байқалуы ықтимал. 

Өзбек және корейдің кейбір мәшинелері 

сияқты орыстың автомобилі де бағаның 

ең төменгі сатысында. Ал таңдауға кел-

генде арзан тауардың өтімді екені белгілі. 

Бір есептен Кеден одағы отандық авто-

мобиль өндірісін жандандырады деген 

үміт бар еді. Бірақ оған күмән келтіретін-

дер көп. Қанша айтқанмен, құрастыру 

мен өндірістің айырмашылығы жер мен 

көктей. 

Ал жаңа автокөлік нарығындағы ойын-

шылардың «саудамыз қызады» деген 

дә месі бар еді. Көне болса да қымбатқа 

түсетін көліктен бас тартқандар ресми, 

яғни «ақ дилерлерге» бет бұратынынан 

сенімді жүрген. Әрі соңғы бес жыл ішінде 

бұл дилерлер ел экономикасына 30 млн 

доллар қаржы құйып, 10 мыңнан астам 

жұмыс орнын құрғанымен мақтанады. 

Бірақ олардың арманы әзірге орын-

далмайтын сияқты. Үкімет биылғы 

жылдың 1 шілдесінен бастап өз мінісі үшін 

жеңіл автокөлікті сырттан әкелгісі келетін 

жеке тұлғаларға жеңілдік берді. Премьер-

Қара халық ырза, «ақ дилер» 

ыза болатын жеңілдік

Еліміздің автокөлік 

нарығында 2007 жылы 

390 мың мәшине сатыл-

ды. 2008 жылы – 156 мың, 

өткен жылы – 112 мың. Са-

рапшылар «құлдыраудың 

негізгі себебі — екеу» дейді. 

Бірі – кеден механизмінде-

гі өзгерістер (оның ішінде 

Кеден одағы мен Еуро-2, 

Еуро-3 стандарттары). Екін-

шісі – тұрғындардың сатып 

алу қабілетінің төмендеуі 

(оның ішінде автонесиенің 

қысқаруы). 

Гүлнар Ахметова

министр Кәрім Мәсімов «Шетелден жеңіл 

автокөлік әкелгісі келетін біздің азамат-

тар үшін кедендік баж ұрымтал мәселеге 

айналды. Соны ескеріп, біз күрделі 

келіссөздердің нәтижесінде өз азаматта-

рымыз үшін жеңілдік режиміне қол жет-

кіздік. Ол бұрын Қазақстанда қолданыста 

болған бұрынғы режимнен де либерал-

ды» деген болатын. 

Бірақ осы жеңілдікті Ресей аумағында 

пайдалануға тыйым салатын шектеу-

лер бар екенін ескерген жөн. Анығырақ 

айтсақ, біздің азаматтардың көрші елге 

көлігін өткізуге құқығы болмайды. Әрі 

жыл ішінде бір ғана көлік үшін жеңілдік 

қарастырылған. Екі не одан да көп көлік 

жеткізсе, сәйкесінше, баж көлемі өседі. 

Ресей премьер-министрі Владимир Путин 

«Бұл жеңілдік нақты уақыты көрсетілген 

өтпелі кезең болады» деген.  Кәрім 

Мәсімов жеңілдік келесі жылдың 1 шіл-

десіне дейін күшінде болатынын ескертті. 

Мұндай шешім қарапайым жандар-

дың жанына майдай жаққанмен, ірі 

компанияларға ұнамай қалған сияқты. 

Astana Group құрамына кіретін «Астана 

Моторс» Қазақ мотор компаниясы жеке 

тұлғалардың жеңіл автокөлік импорты-

на жеңілдік беру туралы шешімге үзілді-

кесілді қарсы. Олардың пікірінше, отандық 

автомобиль нарығына қауіп төніп тұр. 

«Егер мұндай шешім қабылданса, біз 90-

жылдарға қайта ораламыз. Бұл өркениетті 

нарықтың тұралауына әкеп соғады», 

— дейді Astana Group басшысы Нұрлан 

Смағұлов. Ресми дилерлер банкротқа 

ұшырайды, көлеңкелі нарық өршиді, 

автокөлік импортынан бюджетке қаржы 

түспейді, жемқорлыққа жағдай жасалады. 

Елге көне көлік қайта қаптап, қалалардағы 

экологиялық ахуал нашарлайды. Жолдар-

дағы апат саны көбейеді. Әлемдік дис-

трибьютерлер елден кетіп, инвесторлар 

Қазақстанда автокөлік құрастыру жөнін-

дегі жобалардан бас тартады. 

Осындай «ақырзаманды» төндірген 

Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдас-

тығы экономикалық даму және сауда 

министрі Жанар Айтжановаға сауал жол-

дап үлгерді. Олар министрлік аталмыш 

мәселеге өз көзқарасын білдіріп, жеке 

тұлғалар да, ресми дилерлер де, жалпы 

нарық та зардап шекпейтіндей шешім 

қабылдауы тиіс деп санайды. 

Автокөлік нарығындағы ірі ойыншы-

ның өз мүддесін барынша қорғағысы 

келетіні түсінікті. Бірақ қалтасы жұқа 

көпшілік шетел иномаркасына жете ал-

май қалғанына іші ашып жүр еді. Енді 

алдағы жылдың ішінде әлгі жеңілдікті 

пайдалануға ұмтылатын шығар. 



Жылу үнемдеуге 

жылы көзқарас 

керек

ТӨРТ ТҮЛІК



Жайықта жылқы 

саны өсуде

Облыстағы аудандар арасында жыл-

қы шаруашылығы саласы бойынша Ақ-

жайықтың еңсесі биік. Осында Болат Атке-

ев басқаратын бір ғана «Жамбыл» шаруа 

қожалығында 1153 бас жылқы бар. Одан 

бөлек «Сәбит» қожалығы былтыр асыл 

тұқымды мал шаруашылығы мәртебесін 

алды. Ал жері кең, шөбі шүйгін бола тұра, 

кейбір аудандар жылқы өсіруге құлықсыз. 

Олардың қатарында қаратөбеліктер «топ 

бастап» тұр.

Соңғы жылдары жылқының өз төлі 

есебінен көбеюі де қуантады. Өткен жылы 

жалпы облыс бойынша әр жүз биеге 75-

тен құлын алынды. Сөйтіп, алдыңғы жыл-

мен салыстырғанда, мал басы 7 пайызға 

өсті. 


Мемлекеттік қолдау арқасында Зеле-

нов ауданындағы «Қымыз» СТК-і мем-

лекеттен 80 миллион несие алып, биені 

автоматты жүйемен сауып, өнімін өңдеуге 

жоспар құрып қойды. Күні кеше ғана 

құрылған «Ұлттық тағам» кооперативінің 

келешегінен күтілер үміт мол. 

Қали АҚОН, БҚО ауылшаруашылық 

басқармасының бөлім бастығы:

– Облыстағы қылқұйрық саны 

биыл 71 мыңнан асты, алынған құлын 

басы – 10 500. Бұл өткен жылмен са-

лыс тырғанда, сәйкесінше, 7 және 11 

пайызға көп. Жылқы тұқымын асыл-

дандырумен айналысатын жеті шаруа-

шылық, үш зауыттың жұмысы жақсы. 

Көшім тұқымын өсіретін шаруа-

шылықтардың саны бесеу ге жетсе, ең 

кемі 100 бас жылқы ұстайтын 24 

қожалықтың тірлігіне де көңіл толады. 

Мемлекет тарапынан бірінші рет 

жылқы етін өндіруге 13 млн, қымыз 

өндіруге 3 млн теңге де меуқаржы 

бөлінді. Жылқы етін өңдеумен айна-

лысатын “Ұлттық та ғам” кооперативі 

құрылды. Ендігі мақ сат – етті, қы-

мызды экспортқа шы ғару.

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ,

Орал 

Батыс Қазақстан облысы – 

даңқты Көшім жылқысының 

Отаны. Қылқұйрық өсіруге 

қыруар қаржы құйылған Кеңестік 

кезеңді айтпай-ақ қояйық, кешегі 

нарыққа өтудің өгіз аяңымен 

жүрген 1994 жылы Жайықты 

123 мың бас жылқы емін-еркін 

жайлап жатыпты. Қазір қолда 

бары – 71 100 бас. Мұның өзін аз 

көрмеңіз. Қайта бұл он жылдық 

құлдыраудан кейінгі өсім.

ЖАҢА НЫСАН



Жетісуда 

майбұршақ 

өңделеді

Жетісу өңірінде ірі 

инвестициялық жобалардың бірі 

іске қосылды. Көксу ауданындағы 

«Экстра» ЖШС-ның майбұршақ 

өңдейтін зауыты соңғы кез-

де соя өсіруге ден қоя бастаған 

шаруашылықтар үшін қолайлы 

жағдай туғызса, өңірдің де тек 

шикізатпен шектелуіне тосқауыл 

болмақ. Голландиядан әкелінген, 

қосымша Ресейден, Корея мен 

Қытайдан жеткізілген жабдықтар 

зауыттың сағатына 4 тонна, жы-

лына 24 мың тоннаға дейін өнім 

өңдеуіне мүмкіндік жасап отыр.

Кәсіпорынның негізгі базасы өткен 

ғасырдың 90-шы жылдары Шығыс Қа-

зақстан облысындағы құс фабрикалары 

мен мал бордақылау комбинаттарын ауыл 

шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз 

ету мақсатында құрылған болатын. Кейін 

заман талабына сай қайта жабдықталып, 

малға, құсқа, балыққа арналған жемнің 

жоғары сапалы түрлерін дайындау жос-

парланды. Жалпы көлемі 315 млн тең-

ге инвестиция тарту нәтижесінде іске 

қосылған зауыттың дайын өнімдері – 

майбұршақ ұны мен жемдері Өзбекстан, 

Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Иран 

елдерімен отырған келісімге сәйкес шетел-

дерге де жөнелтілмек. 

Аудан орталығы Балпық би кентінің 

тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған 

кәсіпорын облыста әзірге теңдесі жоқ 

саналады. 

Тынышбай ДОСЫМБЕКОВ, 

облыс әкімінің орынбасары:

– Бұл зауыттың іске қосылуы 

Елбасының үдемелі индустриял-

ды-инновациялық, агроөнеркәсіптік 

ке шен ді дамыту, сырттан жеткізі ле-

тін тауарларды отандық өнімдер-

мен алмастыру сынды жарқын 

бас та маларын  жүзеге  асырудағы 

жетісулықтардың белсенділі гін бай-

қатты. Әрі аграр 

лық-индустрия 

лық 

әртараптандырудағы сәтті қадам-

дардың бірі деп есептеймін. «Экстра» 

ЖШС зауытының өңір дегі өңдеу ке-

шенінде алатын орны зор болмақ. 

Қазақстан Сүт одағының атқарушы ди-

ректоры Владимир Кожевниковтың сөзіне 

қарағанда, соңғы уақытта қазақстандық 

тауар өндірушілердің нарықтағы орны 

жыл сайын 2-5 пайызға төмендеп барады. 

Оған сауда орындарында импорттық сүт 

өнімдері көлемінің көбейіп кетуі себепкер 

болған. Мәселен, тұрғындар тұтынатын 

сыр және ірімшіктің 67, сүттің 20 және 

майдың 40 пайызы — шетелдік өнімдер. 

Қазіргі уақытта республикада өндірілетін 

сүттің бар болғаны 5 пайызы ірі сүт фер-

маларында заманауи технологиялар ар-

қылы өңделетін көрінеді. Ал 95 пайызы 

ұсақ шаруашылықтардан алынады. Вла-

димир Кожевников осы ұсақ фермаларды 

ерікті түрде кооперативке біріктіріп, ірі сүт 

шаруашылықтарын ашу керектігін айтады. 

Владимир КОЖЕВНИКОВ, Қазақстан 

сүт одағының атқарушы директоры:

— Елімізде жасалатын сүт өнім-

дерінің сапасы шетелдік тауарлардан 

артық болмаса кем түспейді. Бұған бір 

ғана дәлел – саудаға түсуі үшін бірне-

ше шекарадан өткізуді қажет етпей-

тін қазақстандық тауарлардың қалпы 

бұзылмайды. Біздің сүт өндірушілер 

нарықтан шетелдік тауарларды ығыс-

тыру үшін сүт өнімдерінің сапасын 

арт тыруға мүдделілік танытып отыр. 

Мұны дер кезінде қолға алып, жүзеге 

асы ру қажет. Сонда ғана өндірілетін 

сүт көлемі ұлғайып, сапасы да жоға-

ры лайды. 

Жансая ӘБДІБЕКОВА

ӨНІМ ЖӘНЕ САПА



Отандық сүт 

өндірушілер бір 

шаруашылыққа 

бірігуі қажет

Отандық сүт өндірушілер жыл 

өткен сайын нарықтағы ор нын 

жоғалтып барады. Сүт өнім де рі 

нарығында импорттық та уар лар-

дың көбейіп кеткеніне алаң дау-

шылық білдірген мамандар отан-

дық өндірушілердің ірі шаруа шы-

лыққа бірігуі керек деген пікір де.

Бұл жөнінде Талдықорған қаласында 

облыс әкімдігі, «ТҮКШ жетілдіру және 

дамыту қазақстандық орталығы» АҚ мен 

БҰҰ Даму бағдарламасының Жаһандық 

Экологиялық Қоры ұйымдастырған «Ал-

маты облысындағы энергетика және 

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 

саласына энергоресурстарды үнемдеу 

технологиялары мен инновациялар енгі-

зу» тақырыбындағы конференцияда жан-

жақты сөз болды. 

Энергетикалық тиімді технология-

лар департаментінің директоры Айман 

Шопаеваның айтуынша, заң бойынша 

барлық тұтынушыларға 2009 жылдың 

1 қаңтарына дейін жылу есептегіш құ-

рал 


дары орнатылу керек болатын. Ал 

шындығында бүгінгі күнге 4881 жылу 

есептегіш құралы орнатылған. Бұл еліміз-

дегі барлық тұтынушының 10,5%-ын ғана 

құрайды. Ал бұл көрсеткіш Алматы облы-

сында 29 пайыздың деңгейінде.

Жылу үнемдеудегі негізгі түйткіл – ес-

кірген тұрғын үйлерде болып отыр деп 

есептейді мамандар. Жеке азаматтардың 

үйді күрделі жөндеуден өткізу мәселесін 

өз күшімен шешуге шамасы келе бер-

мейді, ал жекеменшіктегі тұрғын үйлерді 

жөндеуді қаржыландыру заң тұрғысынан 

шешімін таппаған. Еліміздің тұрғын үй-

коммуналдық шаруашылық саласы түбе-

гейлі жетілдіру мен жаңғыртуға мұқ таж 

екенін Елбасы биылғы Жолдауында ерек-

ше атап өткен болатын. 

Дегенмен Алматы облысында ТҮКШ-

ға соңғы үш жылда 18 млрд теңге қаржы 

бөлінген. Оның ішінде 5,5 млрд теңгесі 

үстіміздегі жылы «Жол картасы» бойынша 

қарастырылып отыр. 

Конференция барысындағы сек-

ция жұмыстарында сала қызметкерлері, 

ғылыми-зерттеу институтының маманда-

ры, пәтер иелері кооперативтерінің мү-

шелері, басқа да осы салаға қатысты ма-

мандар энергия үнемдеу технологиясы 

тақырыбында пікір алмасып, ой бөлісті. 



Сағыныш НАМАЗШАМОВА, 

Талдықорған 

Су мен газ есептеу құралдары 

қоғамдық өмірімізге дендеп 

енгенімен, жылу үнемдеу туралы 

бұлай айтуға әлі ертерек сыңайлы.

Азат ҚОНЫСБЕК, кәсіпкер: 

— Біріншіден, Нұрлан Смағұлов қалың бұқараның жағдайын ойлап отырған 

жоқ. Көпшіліктің «Астана Моторстың» қымбат мәшинелерін сатып алуға қалтасы 

көтере ме? Жоқ, 99 пайызының көтере алмайтыны анық. Сонда Смағұлов мырза 

жұртты жаяу жорғалатып қоймақшы. Меніңше, кедендік баж жеңілдігін беру – өте 

дұрыс шешім. Мәселен, мен ертең шетелге барамын. Көлікті өзім таңдап мінемін. 

Әрине, мен ең жақсысын таңдаймын, өйткені өзім үшін ғой. Ал 90-жылдарға 

келсек, ол кезде елге дұрысы бар, бұрысы бар, көліктің қаптап келгені рас. Бірақ 

ол кезді бүгінгі күнмен салыстыруға болмайды. Қарапайым жұртты арзан көлікпен 

қамтамасыз ету керек. Басқасын айтпағанда, қаланың ішінде қоғамдық көліктің 

жағдайы мәз емес. Сондықтан жұрт жеке көлігі болғанын қалайды. 

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау