3
4
5
6
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік санитарлық бас дəрігері -
Төраға бұйрығымен бекітілген
2010 жыл тамыз «03» № 213
«Мектеп жасындағы жəне балаларды емдеу-профилактикалық ұйымдарда,
балалар мен мектепке дейінгі жасөспірімдерді физиологиялық
толыққұнды ауыз сумен қамтамсыз етуді ұйымдастыру» туралы
Əдістемелік нұсқаулық
1. Жалпы ереже
1. Осы «Мектеп жасындағы жəне балаларды емдеу-профилактикалық
ұйымдарда, балалар мен мектепке дейінгі жасөспірімдерді физиологиялық
толыққұнды ауыз сумен қамтамсыз етуді ұйымдастыру» əдістемелік нұсқаулық (ары
қарай - əдістемелік нұсқаулық) 2007-2024 жылдарда Қазақстанның тұрақты дамуы
Концепциясын жүзеге асыруға əзірленген, бұнда халықты таза ауыз сумен қамтамасыз
ету, халықтың өмірін ұзарту, өмір сапасын жақсарту факторы болатын сұрақтарға
назар аударылған.
2. Əдістемелік нұсқаулық басшыларға, медициналық жұмыста, мектеп жасына
дейінгі, мектеп жасындағы жəне балаларды емдеу-профилактикалық ұйымдардағы
қызметшілерге, жасөспірімдер мен балалар үшін физиологиялық толыққұнды ауыз
суды таңдауға басшылық ету үшін қажет.
3. Əдістемелік нұсқаулық емдік қасиеті бар, 452-2002 ҚР СТ жөніндегі келесі
минералды суларға тарамайды:
табиғи минералды емдік жəне емдік-асханалық ауыз суларға;
табиғи минералды емдік ауыз суға.
4. Ерте жастағы (3 жасқа дейінгі) балаларды қоректендіру үшін жəне құйылған
суды арнайы қолдану жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау
министрлігінің 2007 жылғы 31 қазанындағы №632 «Табиғи минералды суларды
пайдалануға курорттық бальнеологиялық медициналық ғылыми орталық берген
Ережені бекіту туралы» бұйрықпен бекітілген.
5. Балалар мен жасөспірімдерге арналған су, физиологиялық толыққұндылық
белгілері болып – құрамында үйлесімді ерітілген тұз концентрациясымен (фтор, йод,
гидрокарбонат, магний, кальций сияқты) биологиялық белсенді макро -
микроэлементтердің болуы саналады. Адам организімінің ішкі ағзасы жақсы жұмыс
істеуі үшін – жер асты табиғи су құрамында болатын молибден, кобальт, мырыш, мыс
микроэлементтері ерекше орын алады.
6. Судың физиологиялық толыққұндылығы суда табиғи микрофлора тобының
адам ағзасына қажетті витаминдер, фермент, амин қышқылдары болуына байланысты.
7
7. Табиғи минералды судың физиологиялық толыққұндылығы Қазақстан
Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №697
бұйрығымен бекітілген, клиникалық зерттеу мен клиникаға дейінгі, дəрігерлік -
биологиялық тəжірибе жүргізу Ережесінің талабына сəйкес, ғылыми əдіс негізі
бойынша, дəрігерлік - биологиялық зерттеумен дəлелденген болуы қажет.
8. Хлорлы немесе құбыр суларынан балалар жəне жасөспірімдерге арналып
құйылған ауыз сулары өндірісте қолданылмауы тиіс.
9. Бірнеше құйылған ауыз су түрлері болғанда, жер астынан өндірілген ауыз су
мен құйылған табиғи минералды суларды қолданған жөн.
2. Терминдер мен анықтамалар
10.Осы Əдістемелік нұсқаулықта мынадай терминдер мен анықтамалар
пайдаланылады:
1)ауыз су –сапасы бойынша табиғи жай-күйдегі немесе дайындалғаннан кейін
гигиеналық нормативтерге жауап беретін жəне адамның ауыз су жəне тұрмыстық
мұқтаждығын қанағаттандыруға, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндіруге арналған су;
2)ыдыстарға құйылған ауыз су – құрамы, формасы мен сыйымдылығы əртүрлі
тұмшаланып жабылған тұтыну ыдысына құйылған, бұдан əрі өңдеусіз тікелей
пайдалану үшін қауіпсіз ауыз су;
3)су объектісі – ерекше бір тəртіппен кең таралған тау-кен жыныстары немесе
құрғақ беттегі, уақытша немесе тұрақты табиғи судың шоғырлануы: мұхиттар, теңіз,
өзен, көл, саздақ, су қоймасы, тоған, каналдар, мұз айдындары жəне басқа орындарда
сулардың шоғырлануы ( қар жамылған түрлері), жер асты сулары бар жер
қойнауының бөлігі;
4)жерүсті суы – жерүсті суының объектісі;
5)жерасты суы – жер қойнауындағы су;
6)судың сапасы – суды пайдалану түрлері үшін жарамдылығын анықтайтын,
судың қасиеті мен құрамының мінездемесі;
7)ауыз сумен жабдықтау көзі – белгіленген гигиеналық нормативтерге жауап
беретін жəне ауыз сумен жабдықтау жүйесіне су алу үшін пайдаланылуы мүмкін
жерасты немесе жер үсті су объектісі;
8)су алу құрылымы – су объектісінен суды алатын үшін қондырғы мен қақпалар
кешені;
9)су пайдаланушы - Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген
коммерциялық жəне (немесе) меншікті қажеттілік үшін су ресурстарын пайдалану
құқығы берілген, заңды немесе жеке тұлға;
10)жерасты сулары кенорыны – оларды пайдалану «Жер қойнауы жəне жер
қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сəйкес
бағаланған жерасты суларынан тұратын жер қойнауының бөлігі;
11) физиологиялық толыққанды су – оның ионды-тұзды құрамына, физикалық-
химиялық қасиеттеріне, оның құрамындағы биологиялық белсенді жəне өзіндік
ерекше микроэлементтердің болуына, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау көзі суының
бастапқы микробиологиялық құрамына байланысты адам организміне физиологиялық
қолайлы əсер ететін ауыз су;
8
12)ауыз судың физиологиялық құндылығын медициналық-биологиялық тұрғыда
бағалау – ауыз судың физиологиялық толыққұндылығы мен оның қауіпсіздігін
ғылыми-тəжірибелік жəне клиникалық, оның ішінде гидрогеологиялық, физикалық-
химиялық, микробиологиялық, санитарлық-гигиеналық, физиологиялық зерттеулер
кешені;
13)медициналық қорытынды – суға дəрігерлік – медико-биологиялық бағалау
жүргізу негізінде адам организміне ауыз судың физиологиялық қолайлы əсері жəне
қауіпсіздігі, сапасы, құрамы туралы қорытынды беру;
14)клиникаға дейінгі зерттеу – ауыз судың физиологиялық толыққұндылығын
жəне
қауіпсіздігін
дəлелдеу
мақсатында, лабораториялық
жануарларға
токсикологиялық, микробиологиялық, биологиялық, физикалық, химиялық немесе
басқа да тəжірибелік зерттеулер жүргізу;
15)клиникалық зерттеу – судың физиологиялық маңыздылығы жəне/немесе
оның қауіпсіздігін бағалау мақсатта, жəне/немесе метаболизмін, таралуын, сіңіруін
зерделеу, субъект ретінде адам қатысуымен клиникалық жəне/немесе
фармакологиялық əсерін табу үшін жүргізілетін зерттеулер;
16)автохтонды бактерия –осы ауыз сумен жабдықтау көзіне тəн жерасты суында
болатын, оны табиғи қалпына келтіретін бактериялардың ерекше физиологиялық
топтарының жиынтығы;
17)суды белсендіру – химиялық құрамы мен оның қалыпты жағдайына əсер
етпейтін физикалық өріспен суды керекті бағытта қасиетін өзгерту.
3.Ыдысқа құйылған ауыз судың түрлері
11.Қазақстан Республикасының «Ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар» Техникалық регламентіне сəйкес ауыз су келесі түрлерге
бөлінеді:
1)табиғи минералды су – адам организміне физиологиялық пайдалы əсерін
тигізетін бастапқы химиялық жəне микробиологиялық құрамымен тұтыну ыдысына
құйған кезде сақталып, биологиялық жəне химиялық ластанудан қорғалған жерасты
суларының шығу жерлерінен өндірілетін ауыз су. Ыдысқа құйылған, табиғи
минералды суда, автохтонды микрофлора, соның ішінде суға физиологиялық
толыққұндылық қасиет беретін физиологиялық бактерия топтары болуы қажет.
Ыдысқа құйылған ауыз суда автохтонды микрофлораның физиологиялық тобының
болуы микробиологиялық зерттеумен дəлелденуі тиіс.
2)бұлақ суы – жерасты суларының бір немесе бірнеше табиғи шығу жерлерінен
өндірілетін су. Бұлақ суы ыдысқа құйыларда өңделуден өтпейді, өйткені ол
микробиологиялық құрамы мен химиялық қасиетін жоғалтады.
3)шығарылатын жері белгіленген су – судың бастапқы физикалық-химиялық
сипаттамасын өзгертпейтін жəне ыдысқа құйылған түрде ауыз судың химиялық,
радиациялық жəне микробиологиялық қауіпсіздігі төмендемейтін ыдысқа құяр
алдында суды дайындаудан өткен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен
9
алынған суды қоспағанда, жерасты немесе жерүсті ауыз суымен жабдықтау көздерінен
алынған су. Шығарылған жері белгілі ауыз судың нарықтағы атауы – «ауыз су».
4)асханалық су – халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы мемлекеттік ұжымының тамақ өнімдерінде пайдалануға рұқсат еткен,
биологиялық белсенді макро-микроэлементтер немесе минералдық тұздар қосылған,
жерасты немесе жерүсті ауыз суымен жабдықтау көзінен алынған су;
5)тазартылған су – ауыз сумен жабдықтаудың жерасты немесе жерүсті көзінен
алынған, суды пайдаланылатын ыдысқа құйылар алдында физикалық-химиялық
қасиетінің өзгеруімен дайындықтан өткен су.
4. Ауыз су қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
12.Ыдысқа құйылған судың органолептикалық көрсеткіштері бойынша, осы
Əдістемелік нұсқаулықтағы 1 қосымшада көрсетілген балалар жəне жасөспірімдер
үшін қолданылатын талаптарға сəйкес болуы қажет.
Ыдысқа құйылған ауыз суда əртүрлі көзге көрінетін қосындылардың, пленка
қабаттары мен тұнбалардың болуына рұқсат етілмейді.
13. Ыдысқа құйылған судың микробиологиялық көрсеткіштері бойынша, осы
Əдістемелік нұсқаулықтағы 2 қосымшада көрсетілген, балалар жəне жасөспірімдер
үшін қолданылатын талаптарға сəйкес болуы қажет.
14. Ыдысқа құйылған судың радиологиялық деңгей көрсеткіштері бойынша, осы
Əдістемелік нұсқаулықтағы 3 жəне 4 қосымшалардағы көрсетілген, балалар жəне
жасөспірімдер үшін қолданылатын талаптарға сəйкес болуы қажет.
15. Ыдысқа құйылған судың химиялық компоненттер концентрациясының
көрсеткіштер бойынша, осы Əдістемелік нұсқаулықтағы 5 қосымшада көрсетілген,
балалар жəне жасөспірімдер үшін қолданылатын талаптарға сəйкес болуы қажет.
16.Күміс пен көміртек диоксиды судың консервант сапасында қолдануына
рұқсат етілмейді.
5. Ауыз судың физиологиялық толыққұндылығына
қойылатын талаптар
17. Балалар мен жасөспірімдерге арналған ыдысқа құйылған ауызсу, осы
Əдістемелік нұсқаулықтың 6 қосымшасына сай, макро-микроэлементтер құрамы
бойынша физиологиялық толыққұндылық нормативтерге сəйкес болуы қажет.
18.Ыдысқа
құйылған
ауыз судың
физиологиялық
толыққұндылығын
медициналық-биологиялық бағалау, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау
министрлігінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №697 бұйрығымен бекітілген, клиникалық
зерттеу мен клиникаға дейінгі дəрігерлік - биологиялық тəжірибе жүргізу Ережесінің
талабына сəйкес, ғылыми жəне емдік-профилактикалық ұйымдардың арнайы
клиникалық базаларында орындалады.
10
19.Табиғи минералды судың физиологиялық толыққұндылығын медициналық-
биологиялық бағалауда, автохтондық бактерияның құрамдық сапасы мен саны, соның
ішінде физиологиялық бактерия топтары ескеріледі.
Құйылған минералдық судағы автохтондық бактерияның болуы судың табиғи
жарамдылығын көрсетеді.
20.Ыдысқа құйылған табиғи минералды судағы, автохтондық бактерия саны су
көздеріндегі бактерияның өмір сүру санына сəйкес болуы қажет. Ыдысқа құйылған
табиғи минералды суды сақтауда автохтондық бактерияның өмір сүруі тұрақтылығы
микробиологиялық зерттеумен дəлелденуі тиіс.
6. Таңбалауға қойылатын талаптар
21.Ыдысқа құйылған ауыз суды таңбалау «Ыдысқа құйылған ауыз суға талаптар» жəне
«Орауға, таңбалауға, заттаңба жапсыруға жəне оларды дұрыс орналастыруға
қойылатын талаптар» Техникалық регламент талабына сəйкес болуы қажет.
22.Əр ауыз судың тұтыну орамында мемлекеттік жəне орыс тілінде келесі
ақпарат болуы міндетті;
1)құйылған су атауы;
2)судың саудалық атауы: табиғи минералды, ауыз су, асханалық, тазартылған;
3)су көзінің орналасқан жері мен атауы: ұңғыма нөмірі, бұлақтың атауы,
жерасты суы кенорынның атауы;
4) құйылған судың (құрамында микроэлементтер, анион жəне катион
ерекшеліктері) өнімін теңестіретін, минералдылығы, қаттылығы жəне химиялық
құрамы;
5)əзірлеушінің орналасқан жері мен атауы;
6)жарамдылығы жəне əзірленген күні;
7)дайын өнімге техникалық документтің белгіленуі;
8)сертификат туралы ақпарат.
23. таңбада тұтынушыны жаңылдырмас үшін, ыдысқа құйылған ауыз судың
қасиеті мен құрамына, шығуына, графикалық бейнелеуге немесе басқа атауды
пайдалануға рұқсат етілмейді.
24. егер су емдік-биологиялық зерттеуден өтпесе оның физиологиялық қасиетін
ақпараттық жарнама мақсатында қолдануға жəне этикеткасына жазуға болмайды.
7. Ыдысқа құйылған ауыз суды тасымалдау құжаттарына талаптар
25.Ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, тұтынушы талабы бойынша
жабдықтаушы келесі құжаттарды көрсетеді:
1)сəйкестік сертификаты;
2) Осы Əдістемелік нұсқаулықтың 1-6 қосымшаларында көрсетілген,
көрсеткіштерді анықтайтын тізім жəне осы жылда орындалған 1432-2005 ҚР СТ
«В-қосымшасына» сəйкес құйылған судың толық химиялық талдауы;
11
3) 1432-2005 ҚР СТ «В-қосымшасына» сəйкес құйылған судың Технологиялық
нұсқау көшірмесі;
4) «Табиғи минералды суларды пайдалануға курорттық бальнеологиялық
медициналық ғылыми орталық берген Ережені бекіту туралы» талапқа сəйкес
берілген, ауыз судың физиологиялық қасиеті туралы медициналық қорытынды.
26. Судың физиологиялық қасиеті туралы медициналық қорытындыда:
1)қорытынды берген ұжымның атауы мен медициналық қорытынды;
2)қорытынды жасау үшін құйылған суды əзірлеушінің тапсырған құжаттар
тізімі;
3)судың саудалық атауы;
4)əзірлеуші - фирманың атауы;
5)ыдысқа құйылған суды өндіретін орын;
6)су қақпаларының атауы жəне су көзінің атауы, немесе су қақпалары құрылысы,
су көзінің орналасқан жері, ыдысқа құйылған суды өндіру үшін бірнеше су қақпалар
құрылысы пайдаланылады;
7)құю мақсатында су көзін əзірлеуге (келісім-шарт нөмірі немесе арнайы су
пайдалану) рұқсат ету;
8)су қақпаларына немесе су қақпасына қысқаша сипаттама (гидрогеологиялық
жағдайы, шығыны, су жинайтын құрылым, су алу əдісі, пайдаланған жабдықтар);
9)су көздерін ластанудан қорғау шаралары, санитарлық қорғау аймағына
сипаттама;
10)ыдысқа
құйылған суды өндіру үшін пайдаланылатын əрбір су
қақпаларындағы сулардың сапасы туралы қысқаша мəлімет (органолептикалық,
микробиологиялық, химиялық, судың радиологиялық қауіпсіздік көрсеткіштері);
11)өндіріске суды жеткізу туралы мəлімет, жабдыққа қысқаша сипаттама , құю
жəне суды дайындау технологиясы;
12)ыдысқа құйылған судың сапасы туралы мəлімет;
13) ыдысқа құйылған судың тағайындалуы;
14)клиникалық жəне клиникаға дейінгі судың физиологиялық қасиетін емдік-
биологиялық бағалануы туралы мəлімет;
15)ауыз су тəртібі жөніндегі нұсқаулық.
8.Ауыз су тəртібі жөніндегі нұсқаулық
27.Адамның тəуліктік су пайдалану талабы 1 килограмм салмаққа 30-40
миллилитрді құрайды. Тамақтану өнімімен қоса (сұйық тамақ, шырындар, сусындар,
шай, нəрсу, морс жəне т.б.) орташа есеппен 2,2-2,8 литр су қажет.
28.Шөлді басу үшін адамға күніне 300-500 миллилитр су қажет.
29.Шөлдеуді болдырмау үшін суды күнделікті пайдалану бір қалыпты болуы
тиіс. Əсіресе таңертең оянғаннан кейін асқазан бос болған кезінде организм суды өте
қажет етеді.
Асқазан бос болғанда, оянғаннан кейін, əсіресе таңертең организм суды қажет
етеді. Су, бос асқазанға сіңіп, барлық органдар мен тканьдарда өнімдерді ерітіп,
органдарға таратып, бауыр мен ішек қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
12
30.Тағам қабылдау алдында 30 минут бұрын су ішу керек.
31.Суды тағамнан кейін 2,5 сағат өткен соң ішу керек.
32.Суды жаттығулар жасау алдында жəне жаттығудан кейін ішу керек.
33.Суды шөлдеген кезде əрдайым ішу керек.
34.Суды ақырындап, аз жұтыммен ішу керек.
35.Судың температурасын ескеру қажет. Температураға байланысты сулар
келесі түрлерге бөлінеді:
1)салқын су (+12... +17ºС) - қолайлы температура. Бұндай су тəбет ашады жəне
асқазанды нығайтады, астың қорытылуын жақсартады, əсіресе асқазан ауырғанда
немесе ас қорытылмағанда қолданған жөн.
2)Суық су (+7...+11ºС) – тағамды қорыту үшін өте жақсы. Оны тағамға дейін ішу
керек. Ол шөлдегенді басады, ауыздың жəне асқазанның шырышты қабықтарын
салқындатады, сілекей сөлі қызметін нығайтады, тəбетті ашады.
3)Жылы су (+30...+38ºС)-ас қорытуды төмендетеді, мұндай суды тамаққа дейін
көп уақыт бұрын ішу керек. Жылы су асқазанды жақсы тазартады, іш жүргізу
дəрілеріне көмектеседі, сұйық лимфаны ерітеді.
4)Өте суық су (+5ºС төмен). +5ºС төмен температурадағы суды ішу асқазан
секрециясын төмендетеді, ас қорыту нашарлайды, суық тию мен жұтқыншақ мұрынды
тоңазытуын жоғарылатады, бұндай суды ішу шаршаған кезде қауіпті.
36. Ауызсуға
толтырылған ыдыстар əрбір сыныптарда немесе оқу
мекемелеріндегі бөлмелерде, əрбір балабақшалар мен емдеу-сауықтандыру
орындарындағы палаталарда болуы қажет. Су міндетті түрде арнайы құрылғылар
(диспенсерлер, кулер жəне помпа) арқылы бір ретке ғана қолдануға арналған жеке
стакандармен берілуі қажет.
9.Ыдысқа құйылған суды сақтау жəне тасымалдауға
қойылатын талаптар
37.Ыдыстарға құйылған сулар сапасы мен өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ететін,
сонымен бірге қайта пайдаланылған ыдыспен қатыстырмайтын, арнайы жағдаймен
жабдықталған автокөлікпен тасымалданады.
38.Ыдысқа құйылған суды тасымалдау мен сату кезеңдегі адамдар, санитарлы
куəлік пен арнайы киімдерде болулары қажет.
39.Кулер немесе помпының үстімен тығыз байланыста болатындықтан,
тасымалдау кезінде ыдыстың үсті ластанбау үшін су құйылған ыдыс жақсы орамада
болуы тиіс.
40.Тығындарды микробиологиялық ластандырмау үшін, ыдыстағы сулар
қосымша термоусадкалармен жабылады.
41.Суды орамамен тасымалдағанда, орамадағы су екінші рет тығыз орамамен
жабылуы тиіс.
42.Ыдысқа құйылған су желдетілетін қараңғы ғимаратта , ылғал түспейтін, +5ºС-
ден +20ºС-ге дейінгі температурада сақталуы тиіс.
13
43.Ыдысқа құйылған ауыз су иісі жаман (кір жуатын ұнтақтар, бояулар, хош
иісті заттар) заттармен сақталуы тиіс емес.
44.Ыдысқа құйылған суды ғимарат ішінде суға күн сəулесі түспейтін жерге
қою қажет.
10.Аксессуарларды ұстауға қойылатын талаптар
45.Мемлекеттік санэпидемиологиялық қызмет ұжымымен келісілген жəне
əзірленген нұсқаулыққа сəйкес кулер мен помпыны өңдеу мен жуу 3 айда 1 рет
жүргізіледі.
46.Помпыны жуу əр ыдыс ауысқанда жүргізіледі.
47.Кулер мен помпыны өңдеу мен жууға Қазақстан Республикасында
қолданылатын залалсыздандырылатын заттар пайдаланылады. Дезинфикация
жүргізетін заттар тізімі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің
www.mz.gov.kz. сайтында орналасады.
11.Библиография
Осы Əдістемелік нұсқаулықты əзірлеу үшін келесі құжаттар пайдаланылды:
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарда тұрақты дамуға ауысу
Тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы
№216 Жарлығымен мақұлданған, Астана, Ақорда.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Денсаулық
сақтау жүйесі мен халық денсаулығы туралы» Кодексі.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II «Техникалық
реттеу туралы» Заңы.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №301-III «Тамақ
өнімдеріне қауіпсіздік туралы» Заңы.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сəуірдегі №219 «Халықтың
радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заңы.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-III «Мемлекеттік
сатып алу туралы» Заңы.
«Ыдысқа құйылған ауыз сулардың қауіпсіздігіне талаптар» туралы Техникалық
регламент. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы №551
қаулымен бекітілген.
«Орау жəне таңбалау, этикеткалар жəне олардың дұрыс түсуіне талаптар»
туралы Техникалық регламент Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21
наурыздағы №277 қаулымен бекітілген.
«Ауыз, минералды табиғи жəне жасанды минералданған сулардың ыдыстарына
өлшеніп буылған сулардың өндірісіне, сапасына жəне қауіпсіздігіне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық-эпидемиологиялық
ережелері жəне нормалары Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің
м.а. 2005 жылғы 24 наурыздағы №147 бұйрығымен бекітілген.
14
«Орталықтандырылған жүйеде сумен жабдықтаута судың сапасына санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелері жəне
нормалары №3.02.002.04 Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің м.а.
2004 жылғы 28 маусымдағы №506 бұйрығымен бекітілген.
«Шаруашылыққа-ішуге
арналған
сумен
жабдықтау
көздерінің
жəне
суқұбырының санитарлық қорғауына санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»
туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелері жəне нормалары Қазақстан
Республикасы денсаулық сақтау министрінің м.а. 2005 жылғы 18 ақпандағы №63
бұйрығымен бекітілген.
«Ауыз
сулардың
радиациялық
қауіпсіздігін
қорғауға
санитарлық-
эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелері жəне
нормалары Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің м.а. 2007 жылғы
15 мамырдағы № 308 бұйрығымен бекітілген.
ҚР СТ 1432-2005 Ыдысқа құйылған ауыз сулары, минералды табиғи жəне
асханалық ауыз су. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ 452-2002 Минералды табиғи емдік-ас жəне емдік сулар. Жалпы
техникалық шарттар.
ҚР СТ 1613-2006 Тиісті лабораториялық тəжірибе.
ҚР СТ 1616-2006 Тиісті клиникалық тəжірибе. Негізгі ереже.
ГОСТ 30813-2002 Су жəне суды дайындау. Терминдер мен анықтамалар.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 31
қазандағы №632 бұйрығымен бекітілген «Минералдық табиғи суды пайдалануға
ғылыми курортология орталығымен бальнеологиялық медициналық қорытынды беру
Тəртібі».
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 25
шілдедегі №442 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында клиникалық
байқау жəне медбиологиялық тəжірибе, клиникаға дейінгі зерттеу жүргізу Ережесі».
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2
қарашадағы №640 бұйрығымен бекітілген «Санитарлық-эпидемиологиялық экспертиза
жүргізу Ережесі».
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы №75
қаулысымен бекітілген «Су объектісін ауыз сумен жабдықтау көздеріне жатқызу
Ережесі».
15
«Мектеп жасындағы жəне балаларды
емдеу-профилактикалық ұйымдарда,
балалар мен мектепке дейінгі
жасөспірімдерді физиологиялық
толыққұнды ауыз сумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру»
əдістемелік нұсқаулыққа
1 қосымша
Балалар жəне жасөспірімдерге арналған, ыдысқа құыйылған судың органолептикалық
көрсеткіштері
Сулардағы сапа нормативтері, көп емес
Көрсеткіштер атауы
Өлшеу
бірлігі
барлығына тек
балалар тағамы үшін
емес
балалар тағамына
арналған*
Иіс
-20ºС кезінде
60ºС дейін қыздыру кезінде
балдар
0
0
0
0
Татымы
балдар
0
0
Түсі
градустар
5
5
Бұлдырлығы
ЕМ/л
1
0,5
рН сутек көрсеткіш шектері
бірліктер
6,0-8,5
6,0-8,0
Ескерту.
*Ерте жастағы (3 жасқа дейін) балалар тағамына арналған, ыдысқа құйылған ауыз су.
16
«Мектеп жасындағы жəне балаларды
емдеу-профилактикалық ұйымдарда,
балалар мен мектепке дейінгі
жасөспірімдерді физиологиялық
толыққұнды ауыз сумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру»
əдістемелік нұсқаулыққа
2 қосымша
Балалар жəне жасөспірімдерге арналған, ыдысқа құыйылған судың микробиологиялық
көрсеткіштері
Сулардағы сапа нормативтері, көп емес
Көрсеткіштер атауы
Өлшеу
бірлігі
барлығына
тек
балалар тағамы үшін
емес
балалар тағамына
арналған
Бактериологиялық көрсеткіштер
37º С
ЖМС
кезіндегі
температура
КОЕ/мл
20-дан көп емес
20-дан көп емес
22º С
ЖМС
кезіндегі
температура
КОЕ/мл
100-ден көп емес
100-ден көп емес
Жалпы колиформдық
бактериялар
КОЕ/мл
300мл-де жоқ болса
300мл-де жоқ
болса
Термотолеранттық
колиформдық бактериялар
КОЕ/мл
300мл-де жоқ болса
300мл-де жоқ
болса
Pseudomonas aeruginosa
(көкіріңді таяқша)
КОЕ/мл
1000мл-де жоқ болса
1000мл-де жоқ
болса
Глюкоза
жағымды
колиформды бактериялар
КОЕ/мл
300мл-де жоқ болса
300мл-де жоқ
болса
Сульфитредуцирлейтін
клостридийлер спорылары
КОЕ/мл
20мл-де жоқ болса
20мл-де жоқ
болса
2 жəне 3 топтағы
микроорганизмдер
патогендігі
КОЕ/100мл
жоқ
жоқ
Вирусологиялық көрсеткіштер
Коли-фаги
КОЕ/100мл 1000мл-де жоқ болса
1000мл-де жоқ
болса
Паразитологиялық көрсеткіштер
Криптоспоридий цисттері
мөл-рі/50л
жоқ
жоқ
Лямблилер цисттері
мөл-рі/50л
жоқ
жоқ
Гельмениттер жұмыртқалары
мөл-рі/50л
жоқ
жоқ
«Мектеп жасындағы жəне балаларды
17
емдеу-профилактикалық ұйымдарда,
балалар мен мектепке дейінгі
жасөспірімдерді физиологиялық
толыққұнды ауыз сумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру»
əдістемелік нұсқаулыққа
3 қосымша
Балалар жəне жасөспірімдерге арналған, ыдысқа құыйылған судың радиологиялық
деңгейін шектеу көрсеткіштері
Сулардағы сапа нормативтері, көп емес
Көрсеткіштер атауы
Өлшеу
бірлігі
барлығына тек
балалар тамағы үшін
емес
балалар тамағына
арналған*
Үлесті жиынтық альфа-
радиобелсенділік
Бк/л
0,1
0,1
Үлесті жиынтық бета-
радиобелсенділік
Бк/л
1,0
1,0
Сəуле түсу мөлшер нəтижесі
мЗв/жыл
0,1
0,1
Ескерту. Үлесті жиынтық альфа жəне бета-радиобелсенділік маңызы көрсетілген саннан артса,
судағы радинуклидке жəне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің м.а. 2007
жылғы 15 мамырдағы № 308 бұйрығымен бекітілген, «Ауыз судың радиациялық қауіпсіздігін
қамтамсыз етуге санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ереже
мен норма талаптарына сəйкес радиациялық қауіпсіздік критериясы бойынша ауыз судың
концентрациялық өлшемі орындалуына идентификация жүргізілдеді.
18
«Мектеп жасындағы жəне балаларды
емдеу-профилактикалық ұйымдарда,
балалар мен мектепке дейінгі
жасөспірімдерді физиологиялық
толыққұнды ауыз сумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру»
əдістемелік нұсқаулыққа
4 қосымша
Балалар жəне жасөспірімдерге арналған, ыдысқа құыйылған судың радиологиялық
деңгейін шектеу көрсеткіштері
Көрсеткіштер атауы
Норматив, көп емес, Бк/л
Уран-238
3,1
Торий-232
0,6
Радий -226
0,5
Цезий -137
8,0
Стронций -90
8,0
Радон -222
60,0
19
Мектеп жасындағы жəне балаларды
емдеу-профилактикалық ұйымдарда,
балалар мен мектепке дейінгі
жасөспірімдерді физиологиялық
толыққұнды ауыз сумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру»
əдістемелік нұсқаулыққа
5 қосымша
Балалар жəне жасөспірімдерге арналған, ыдысқа құыйылған судағы химиялық заттардың
шектеулі концентрациялары
Сулардағы сапа нормативтері, көп емес
Көрсеткіштер атауы
Өлшеу
бірлігі
барлығына тек
балалар тағамы үшін
емес
балалар тағамына
арналған
Аммиак жəне аммоний-ион
мг/л
0,1
0,05
Алюминий (Al)
-//-
0,2
0,1
Барий (Ba)
-//-
0,7
0,1
Бериллий (Be)
-//-
0,0002
0,0001
Бор (B)
-//-
0,5
0,3
Висмут (Bi)
-//-
0,1
0,1
Ванадий (V)
-//-
0,1
0,1
Вольфрам (W)
-//-
0,05
0,05
Жалпы темір (Fe
3+
, Fe
2+
)
-//-
0,3
0,3
Кадмий (Cd)
-//-
0,001
0,001
Кобальт (Co)
-//-
0,1
0,1
Литий (Li)
-//-
0,03
0,03
Марганец (Mn)
-//-
0,05
0,05
Мыс (Cu)
-//-
1,0
1,0
Молибден (Mo)
-//-
0,07
0,07
Мышьяк (As)
-//-
0,01
0,006
Натрий (Na)
-//-
200
20
Нитраты (NО
3
бойынша)
-//-
20
5
Нитриты (NО
2
бойынша)
-//-
0,5
0,005
Никель (Ni)
-//-
0,02
0,02
Сынап (Hg)
-//-
0,0005
0,0002
Селен (Se)
-//-
0,01
0,01
Күміс (Ag)
-//-
0,025
0,0025
Қорғасын (Pb)
-//-
0,01
0,005
Силикаттар (Si бойынша)
-//-
10
10
Стронций (Sr)
-//-
7,0
7,0
Сульфат (SО
4
--
)
-//-
250
150
Сурьма (Sb)
-//-
0,005
0,005
Хлорлар (Cl
-
)
-//-
250
150
Хром (Cr
6+
)
-//-
0,05
0,03
Мырыш (Zn)
-//-
5,0
3,0
Цианид (CN
-
)
-//-
0,035
0,035
Фосфаттар, полифосфаттар
(PO
4
3-
)
-//-
3,5
3,5
20
Ұшатын фенолдар**
мг/л
0,5
0,5
Күкірт сутегі (H
2
S)
-//-
0,003
0,003
Қалдық озон* (O
3
)
-//-
0,1
Жоқ
Бромат* (BrO
3
)
-//-
0,01
0,003
Органикалық көміртек (C)
мгО
2
/л
5,0
5,0
Перманганаттық
тотықтандыру
мг/л
3,0
2,0
Жоғарғы активті заттар
(ЖАЗ)
-//-
0,05
0,05
Мұнай өнімдері
-//-
0,05
0,01
Бромид-ионы (Br)
-//-
0,2
0,1
Бос хлор қалдығы**
-//-
жоқ
Жоқ
Байланған хлор қалдығы**
-//-
жоқ
жоқ
Хлороформ**
мкг/л
жоқ
жоқ
Формальдегид**
-//-
жоқ
жоқ
Бенз(а)пирен
-//-
0,005
0,001
Ди(2-этилгексил)фталат
мг/л
0,006
0,0001
Гексахлорбензол
-//-
0,0002
0,0002
Линдан (гамма изомер ГХЦГ)
-//-
0,0005
0,0002
2,4Д
-//-
0,001
0,001
Гептахлор
-//-
0,00005
0,00005
ДДТ (изомер соммасы)
-//-
0,0005
0,0005
Атразин
-//-
0,0002
0,0002
Симазин
-//-
0,0002
0,0002
Тригалометандардың
соммасы жөніндегі улардың
жиынтық көрсеткіштері
бірліктер
<0,5
<0,1
Ескерту.
* Озон мен броматтың қалдықтарына бақылау суды озондауда жүргізіледі.
**Бақылау формальдегид, ұшатын фенолдарға, хлор қалдықтарына хлороформға жабдықтар
пайдаланған соң, жуу мен өңдеуден өткеннен кейін жүргізіледі.
21
«Мектеп жасындағы жəне балаларды
емдеу-профилактикалық ұйымдарда,
балалар мен мектепке дейінгі
жасөспірімдерді физиологиялық
толыққұнды ауыз сумен
қамтамасыз етуді ұйымдастыру»
əдістемелік нұсқаулыққа
6 қосымша
Ыдысқа құйылған судағы макро - микроэлемент құрамдарына арналған физиологиялық
толыққұнды нормативтер
Сулардағы сапа нормативтері
Көрсеткіштер
(биологиялық белсенді
элементтер)
Судың
физиологиялық
толыққұндылық
нормативі,
Барлық суларға, тек
балалар тағамы үшін
емес, көп емес
балалар тағамына
арналған,
дейін
Минералдану, мг/л
100-1000
1000
200-500
Қаттылық, мг-экв/л
1,5-7,0
7,0
1,5-7,0
Гидрокарбонаттар, мг/л
30-400
400
30-400
Кальций*, мг/л
25-130
130
25-80
Магний*, мг/л
5-65
65
5-50
Калий, мг/л
-
20
2-20
Фтор, мг/л
0,5-1,5
1,5
0,6-1,2
Йод, мг/л
0,01-0,125
0,125**
0,04-0,06***
Оттегі, мг/л
5 көп емес
5 көп емес
9 көп емес
Ескерту.
* Магний құрамын 7 мг-экв/л қаттылықтан жоғары жəне төменгі шектегі кальцийдің жоғарғы
шектегі деңгейімен жəне керісінше есептелген.
** ШРК деңгейінде егер иодтапшылық алды жүргізілмесе, судың йодталуы, барлық сыртқы
қоршаған ортадан организмге йодтың түсуімен күнделікті йод шамасының қабылдануына
байланысты орындалады.
***0,04-0,06 мг/л деңгейінде судың йодталуы йод жетіспеушілікті жалпы алдын алу
мақсатында басқа профилактикалық шаралармен бірге орындалады.
22
Достарыңызбен бөлісу: |