РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ
АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№96 (322) 11.06.2010 жыл, жұма
www.alashainasy.kz
6
e-mail: info@alashainasy.kz
АЛАШ АЗАМАТЫ
? Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
ДАТ!
Сейіт ҚАСҚАБАСОВ, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының директоры, филология ғылымының докторы:
– Сейіт аға, өзіңіз жетекшілік ететін
Әде биет және өнер институты – еліміз-
де гі үлкен ғылыми мекемелердің бірі.
Тіпті кезінде өте ықпалды да беделді
болды. Осы тұрғыдан алғанда, инсти-
тут тың қазіргі салмағы қандай болып
отыр?
– Бұл институт Қаныш Сәтбаев, Мұхтар
Әуезов, Ісмет Кеңесбаев ағаларымыздың
үлкен еңбегінің арқасында 1961 жылы
ака де мияның Тіл және әдебиет инсти ту ты-
нан бө лініп шықты. Сөйтіп, СОКП Орталық
Коми теті саяси бюросының шешімімен
оған I категория берілді. Бұл – үлкен дәре-
же. Мәселен, осы институтта істейтін ғылым
кан дидатының айлығы 300 сом болды.
300 сом деген ол кезде 400 доллардай.
Институт директоры айына 500 сом алып
тұрды. Ал министрлер 450-ақ сом алатын.
Ғылымға қаншалықты көңіл бөлініп, жағ-
дай жасалғандығын осыдан-ақ көруге
болады. Қалай тоқырау келді, солай инсти-
тут та әлсірей бастады. Тоқсаныншы жыл-
дары институттың қабырғасында тек ғы-
лым ға қатты берілген кісілер ғана қалды.
Тап сол жылдары мұнда Алаш арыстарын
ақ тауға байланысты негізгі жұмыстар іс те-
лінді. Ол қазақ қоғамының рухани түлеп,
жоғын түгендей бастаған тұсы болатын.
Алаш арыстарының әдеби мұрасы оқыр-
ман ға жетпесе, халықтың наразылығы кү-
шейетіндей жағдай туындады. Алайда осы
инс титуттың күшімен бәрі реттелді. Еш қан-
дай у-шу болған жоқ. Содан кейін 1995
пен 2002-нің арасында институтта біраз
тоқырау болды. Көптеген білікті мамандар
кетіп қалды. Жастар келмей жатты. Деген-
мен ел экономикасының түзелуіне орай,
2002 жылдан бері қарай біздің де жағ да-
йымыз оңала бастады. Бүгінгі таңда ин сти-
тут тың беделі бұрынғы қалпына келді деуге
болады. Әсіресе, «Мәдени мұра» жобасы
бойынша көп жұмыстар істеліп жатыр. «Ба-
ба лар сөзі» деген сериямен қазақ фоль к-
ло рының 100 томдығын шығара бастадық.
Қазір 56-томы шығып жатыр. 2014 жылға
қарай 100 томы түгел жарық көреді деген
ой дамыз. Мұның ішінде қисса-дастандар,
аңыз дар, батырлар жыры, сонымен бірге
кеңес заманында жариялауға тыйым са-
лын ған шығармалар көп. Яғни бұл – өте
қым бат дүние.
– Демек, біздегі әдебиеттану ғылы-
мы ның хал-жайы қоғаммен тығыз
байланысты ғой? Былайша айтқанда,
қоғам қажетсінген кезде көтеріледі, ал
қажетсінбеген кезде елеусіз қалады.
Бұл қаншалықты заңды?
– Әрине, сұраныс керек. Бірақ ғылымды
қоғамның сұранысымен тікелей бай ла ныс-
ты ру да кейде дұрыс нәтиже бермейді. Ғы-
лы мның міндеті – ақиқатты, шындықты
ай ту. Әдебиетті жақсы көретін себебіміз, ол
өмірді көркемдік тұрғыда бейнелеп, жақсы
жағын да, жаман жағын да образдар, қы-
зық ты оқиғалар арқылы жеткізеді. Адам-
дар дың арақатынасы, ішкі сезімі, бәрі
өмір дің өзінен алынады. Кейде әдебиет
пен өнер қоғамның дамуына байланысты
бол май, өзінше дамып кететін де кездері
бар. Мысалы, кеңес заманында тота ли тар-
лық жүйе үстем болды. Бірақ қанша идео-
ло гиялық қыспақта отырса да, біздің әде-
бие тіміз әлемдік деңгейдегі әдебиетке
жетті. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсі ре пов-
тер, олардың алдындағы Жүсіпбек, Мағжан
аға ларымыз әдебиетті керемет биік дең-
гей ге көтерді. Ал халықтың ол кездегі тұр-
мысы соншалықты мықты емес болатын.
Сон дықтан ғылымды үнемі тұрмыспен, қо-
ғам ның талабымен байланыстыра беру
дұрыс емес. Әдебиет пен өнердің өзіндік
ішкі заңдылықтары болады. Солар жи нақ-
та ла келе, күшті серпін береді.
– Ал қазір бәрі керісінше, яғни қо-
ғам ның ырғағына сай болып жатқан
сияқты...
– Қазір былай. Тәуелсіздік алғаннан
кейінгі кезеңде біз цензурадан құтылдық.
Бұрын не істесек те бәрін таңдап, талғап
оты ратын көркемдік кеңес деген болатын.
Жә
не бәрі партияның идеологиясына
сәйкес жасалатын. Қазір ондай талап жоқ,
автор өзінің ойын, айтамын дегенін айта
алады. «Сонда идеология қайда қалады?»
деген сұрақ туады. Меніңше, «мемлекеттік
идеология» деген тіркестің өзі жақсы сөз
емес. Мемлекеттік идеология болса, бүкіл
ха лық бір бағытта ойлап, бір бағытта сөй-
леуі керек. Онда бізде ешқандай плю ра-
лизм де, ой еркіндігі де болмайды. Кеңес
кезінде «таптық идеология», «партиялық
идеология» деген болды. Бәріміз «Маркс
былай деген», «Ленин былай деген» деп,
арбаға жегілген ат сияқты жолдан шықпай
жүре бердік. Қазір одан құтылдық. Әдебиет
пен өнер бірыңғай мемлекеттің идео логия-
сын көздеуден кетті. Жалпы, әдебиет пен
өнер – шындап келгенде, адамның өзін-өзі
көр сетуі, ішкі сезімін білдіруі. Енді қайтадан
со ған келе жатырмыз. Сол себепті де қазір
әде биет бізде әр бағытта жүріп жатыр. Бір-
тұтас, монолиттік мәдениет жоқ. Өйткені
қо ғам да әртүрлі қауым, алуан топ пайда
бол ды. Мысалы, үлкен байлардың – оли-
гарх тардың тобы, одан төмендеу – бур жуа-
зия, кейінгі сатыда – жай халықтың тобы.
Әр бір топтың өзінің мүддесі, эстетикалық
талап-талғамы бар. Яғни олигархтар ай-
тыс ты, «Тамашаны» көрмейді. Оларға биік
өнер керек. Сол сияқты «Біржан – Сара»,
«Абай» операларына қарапайым халық
бармайды. Оған сол айтыс, «Тамаша»,
«Бауыр жан-шоулар» қызықты. Қазір соның
бәрі ескеріле отырып, бізде әртүрлі нәр-
селер шығарылып жатыр. Оған түсіністікпен
қа рауға тиіспіз. Бәріміздің жабылып, Шәм-
шінің әнін айтуымыз, Чайковскийдің «Спя-
щая красавицасына» баруымыз немесе
«Абай» операсын тыңдауымыз шарт емес.
Бұл – біздің қоғамда көпсатылық мәдениет
пай да болды деген сөз. Кеңес кезінде
«Әдебиет – өмірдің айнасы» дедік. Қо ғам-
да жаңағыдай топтар пайда болғандықтан,
қазір енді «өнер – өнер үшін» деген баяғы
ескі ұғым қайтып келіп жатыр. Басқаша
айтқанда, өнердің міндетті түрде адамға
бір тәрбие беруі міндетті емес. Ол жай ғана
ой салу, қиялға жетелеу немесе жай де ма-
лыс үшін қажет болуы мүмкін. Мысалы,
қазір небір фантастикалық дүниелер бар.
Ал олар адамға қаншалықты ғибрат беріп
жатыр? Бірақ жамандықты көрсету арқылы
адамды тәрбиелеуге болады.
– Осындай жағдайда әдебиет
қандай аралықты ұстануы тиіс?
– Әдебиеттің бәрі де бұрынғыдай
классикалық болмайды. Жалпы, әдебиетті
тек қана ұлы жазушылар туғызбайды.
Ортаң қол да, одан төмендеу де қалам гер-
лердің қатар жүруі заңды. Мысалы, теңіздің
суы да түгелдей тұнық болмайды ғой. Мұн-
да да сол сияқты. Яғни әдебиет те біртұтас,
монолиттік дүние емес. Мұны қазір жа зу-
шылар да, драматургтер де түсінді. Сөйтіп,
кө рерменге не қызық, соны жазатын бол-
ды. Бұрынғыдай «партия не талап етті»,
«Үкі мет не дейді» деп қарап отырмайды.
Әрине, ондайлар да бар. Бірақ ол мақсатта
туындаған дүниелер халыққа уақытша ғана
қажет. Кинода да солай. Сондықтан әрбір
дра матург, әрбір режиссер, әрбір әдебиетші
өзінің аудиториясын біліп отыруы, соған
арнап жазуы керек. Қазір соның бастауында
жүр міз. Осы дәстүр түбі қалыптасады.
Бара-бара классикалық ұлы дүниелер де,
түкке тұрмайтын нәрселер де шығуы мүм-
кін. Бірақ солай екен деп, өзімізге ұна ма-
ған ның бәрін сызып тастауымыз керек пе?
– Басқаша айтқанда, кез келген
нәрседен шеберлік іздеудің қажеті жоқ.
Әрқайсысын өз заңдылығы бойынша
бағалау керек қой?
– Әрине. Өйткені автор оны өз ауди то-
рия сының талабына, талғамына лайықтап
жазған. Мысалы, қыз бен жігіттің махаб-
батына, басқа да бірдеңе-шірдеңеге бай-
ланысты Шымкенттен шығатын газеттер
бәленбай мың тиражбен тарайды. Себебі
олардың да өз оқырманы бар. Сондықтан
оларды сөгудің қажеті жоқ. Бірақ біз әлі де
бұрынғы ұғыммен келе жатырмыз, «әде-
биет те сын жоқ» деп соғамыз. Өйткені
«мы на шығарма дұрыс емес», «мына кейіп-
кер былай істеуі керек еді», «анау анандай
болу ы тиіс болатын» деген түсініктегі бұр-
ынғы сынға үйреніп қалғанбыз. Қазір олай
істе меу керек, ол шығарманы зерттеу керек.
Шын негізінде, әдеби сын әдебиеттегі қа-
зіргі ағым мен оның бағыты қалай, жазу-
шыларымыз қандай деңгейде көрініп жүр,
көркемдігі қаншалықты деген тұрғыда
болуы тиіс. Кезінде, мысалы, сынап-сынап,
М.Әуезовке де, С.Мұқановқа да көптеген
шығармаларын қайтадан жазғызды. Бізде
солай қалыптасып қалды. Бірақ өмірдің өзі
қызық қой. Мысалы, осы отырғанда ертең
не болатынын білмейміз. Әдебиетте де
солай. Дәл қазір «классикалық дүние жоқ»
деп айту қиын. Бар. Тек соны көре білуіміз
керек. Алайда «классика» дегеннің өзін
қалай түсінеміз? Мысалы, қазір әлемдік
әдебиетте әртүрлі құбылыстар жүріп жатыр.
Соның ішінде әсіресе фольклорға, мифо-
ло гияға, ескі архетиптік образдарға, көне
дүниелерге бару етек алып тұр. Өйткені
олар бұрын дамып кетті де, фольклордан
ерте қол үзіп қалды. Енді оны жаңа дең-
гейде, жаңа мақсатпен пайдалануға ты-
рысуда. Бұл бізде де бар. Кейбір жазу шы-
ларымыз айта алмаған ойларын мифтік
образдар арқылы айтып жатыр. Сондықтан
әдебиетті «өмірдің тікелей айнасы» деп
қарауымыз да кейде дұрыс емес. Бұл –
адамның қиялы, ойы, түсінігі. Осы тұрғыдан
алғанда, әдебиет пен өнер дің атқаратын
қызметі өте ауқымды.
– Бір кездері «Әдебиет теориясына
өзгеріс керек» деген пікір айтқан едіңіз.
Ол ойыңыз да осындай жайттардан
туындай ма?
– Иә. Біріншіден, әдебиеттен тек қана
өмірдің суреттерін іздеу – біржақтылық.
Екіншіден, «өнер – өнер үшін» деген ағым
да керек. Сосын Горькийдің «Фольклор –
әде биеттің төркіні. Фольклорда типтік об-
раз дар бар» деген бір сөзі болған. Біз соны
алдық та, әдебиетті «типтік образ» дедік.
Үшінші мәселе осыдан туындайды. Шындап
келгенде, әдебиет – жеке автор дың дүниесі,
көзқарасы. Демек, оның әрбір кейіпкерінің
өзі бітім-болмысы, мінезі, іс-әрекеті тұр-
ғысынан қайталанбайтын тұлға бол уы
керек. Ендеше қалай типтік болады? Сон-
дықтан әдебиет теориясының қайта қарай-
тын тұстары бар.
– Манағы бір сөзіңізде: «Әдебиетті
сынамау керек, зерттеу керек» дедіңіз.
Бірақ «сын түзелмей, мін түзелмейді»
деген бар. Ендеше әдебиетке қай тұр-
ғыда сын айтуға болады?
– Жалпы, әдебиет шындықты қай тұр-
ғыда жазып жатыр, соны қарауымыз керек.
Мысалы, Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл
болды, капиталистік қоғам құрып жатыр-
мыз. Байлар мен кедейлер пайда болды,
адам дардың пиғылы, мінезі өзгеріп ба-
рады. Тұрмыстың өзгергенін жазу оңай.
Ішкі сезім психологиясын зерттеу керек.
Бізде осындай дүниелер шығып жатқан
жоқ. Мысалы, банкирлердің ішкі ойы,
сезімі қандай? Ол неге ақшаны басып
алады да, сыртқа қашып кетеді? Дүние-
мүлік, байлық үшін неге бала әкесін, аға
інісін өлтіреді? Міне, осындай құбы лыс тар-
ды зерттеуге тиісті әдеби шығарма заман
талабына орай жазылуда ма немесе әлі де
бұрынғы ескі сүрлеумен келе жатыр ма?
Әлде бүгін де сол баяғыша жоңғармен
соғысымызды жаза береміз бе?..
– Әлдебір шығармаға сын айтқанда
көбінесе: «бұрынғыдай кестелі сөз, шұ-
райлы тіл жоқ» деп жатамыз. Ал бүгінгі
әдебиеттен тіл іздеуіміз, сөзбен сурет
са луды талап етуіміз қаншалықты дұ-
рыс?
– Көркем әдебиет болғаннан кейін,
әри не, тіл керек. Бірақ тілдің өзі де – өзгеріп
отыратын жанды құбылыс. Мәселен, бүгінгі
күннің адамына XVIII ғасыр жырауларының
тілімен сөйлемейсіз ғой, бүгінгі тілмен
ұғынысасыз. Ауызекі тілдің мейлінше қара-
пайым, әрқилы болуы заңды. Дегенмен
көркем шығармада тілді дұрыс қолданып,
әдемілеп келтіре білу өте маңызды. Мы-
салы, жеке адамның портретін жасау деген
фольклорда жоқ, ал әдебиетте бар. Осы
орайда, қазіргі кездегі адамдардың бет-
әлпеті қандай және оны қаншалықты
шеберлікпен суреттей алып жүрміз? Осы
кеше ғана ауыл жаққа барып едім, сондағы
адамдардың түрін көріп, жүрегім жаман
ауырды: рең жоқ! Кейде соған қарап: «осы
қазақтың келешегі қалай болар екен?» деп
те еріксіз ойлайсың...
– Бір сөзіңізде «Классикалық
дүниелер бар, тек соны көре білу керек»
дедіңіз. Ал классиканың өлшемі не
болуы керек?
– Классика болу үшін ол уақыт сынынан
өтуі керек. Мәселен, Ж.Аймауытовтың
«Ақбілегі», Мағжанның поэзиясы, «Шол-
панның күнәсі» деген әңгімесі қандай кере-
мет! Классика деген – ескірмейтін дүние.
Әрбір қоғам, әрбір ұрпақ одан өзіне ке рек-
тісін тауып отырады. Белгілі бір уақытқа өте
пайдалы, кезеңдік шығар ма лар дың жазы-
луы да дұрыс. Бірақ олар уақытша ғана.
Мысалы, колхоздасу кезе ңін де туған, сол
тақырыптағы өлеңдер, әдеби шы ғар малар
қазір бізге керек емес. Біз оларды әдебиет
тарихы үшін ғана оқи мыз. Ал Абай дың,
Мағжанның поэзиясы қай заманда да биік,
озық. Өйткені онда қан шама сезім, қан ша-
ма ой жатыр! Мұқа ға лидың да кет кеніне
та лай жыл болды. Бірақ әлі оқылады. Жас-
тар оның өлеңіне ән шы ғарып жатыр. Міне,
клас сика деген – сол.
– Ал бүгінгі замандастарыңыздан
кімдердің шығармасы кейін классикаға
айналуы мүмкін?
– Өз басым тарихи шығармаларды
классика болады деп ойламаймын. Олар
ке зеңдік ғана рөл атқарады. Тарихи ро ман-
дардың ішінде де ескірмейтін дүниелер
болуы мүмкін. Ол халық үшін керек. Өзім,
мысалы, қазір жетпіске келіп отырмын.
Замандастарым жазған дүниелердің ішінен
енді бір 50-60 жылдан кейін оқылатын дү-
ниені тап басып айту қиын. Ол кезде қоғам
қандай болады, ел нені талап етеді, бұл
соған байланысты. Ал поэзиялық шығар-
малардың ішінде мықты дүниелер бар.
Өйткені поэзия қанша айтқанмен де адам-
ның сезімін береді. Ал сезім ешқашан
өзгер мейді. Адамның психологиясындағы
әдемілікке іңкәрлік, еркіндікке құштарлық
өмірі өшпейді.
– Осындай жағдайда фольклор мен
бүгінгі әдебиеттің арақатынасы қандай
болуы керек?
– Әдебиет фольклордан қол үзе
алмайды. Әуелгіде ол фольклорды сюжет-
тері мен образдарында, мотивтерінде қат-
ты пайдаланады. Мысалы, «Қарақыпшақ
Қо быланды», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»,
«Еңлік – Кебек», мұның бәрі – фольклор.
Яғни өзінің қалыптасу дәуірінде әдебиет
ауыз әдебиетіне қатты жүгінеді. Одан кейін
сәл жеріп, даралыққа қарай ұмтылады.
Біраз деңгейге көтеріліп алғаннан кейін
өзінің қайнарына қайта бет бұрып, оған
жаңа деңгейде, жаңа бағытта, жаңа
мақсатта келеді. Әдебиет пен фольклордың
арақатынасы үнемі осындай болады. Ескі
сарындар, ескі образдар адамның түпкі
сана сында жатады. Оны пайдаланып отыр-
ғанын ол өзі тіпті білмеуі де мүмкін. Мы-
салы, «Жармақ» романында М.Мағауин
фоль
клордағы элементтерді керемет
пайдаланған және ол оны әдейілеп кіргізіп
отырған жоқ. Сана түкпірінде бар нәрсе
еріксіз шыққан.
– Ал фольклордан мүлде хабарсыз,
түпкі тамырынан ажырап қалған бүгінгі
ұрпақта ондай сана қалай қалыптасуы
мүмкін?
– Бүгінгі ұрпақ түпкі тамырынан бәрібір
ажырамайды. Өйткені олардың көретін
Jetix, Nikelodeon, CNN арналарынан беріліп
жүрген дүниелердің бәрі – фольклордың
жаңа бағытта, жаңа әдіспен туып жатқан
үлгілері. Былай қарасаң, фольклордан қол
үзген, тамырсыз, түбірсіз нәрселер сияқты.
Бірақ халық ауыз әдебиетіндегі албасты,
мыстан, жын-шайтан дегендеріміздің бәрі
соның ішінде жүр, тек басқа формада, бас-
қа түрде. Бұл ретте, шетелдіктер адамның
санасындағы фольклорлық ұғымдарды
қатты пайдаланып жатыр. «Ужастиктерді»
көріп отырып, өзім таңғаламын. Себебі
баяғыдағы «адамнан басқа әлем бар»
деген фольклорлық ұғым солардан айқын
аңғарылып тұрады. Жалпы, дүниежүзі ха-
лық тары фольклорының негізі бір. Мә-
селен, үш рет қауіп төну, бірдеңені үш рет
айту, әлденеге байланысты тыйым салу, сол
тыйымды бұзғаннан кейін бір жа ман-
дықтың болуы, түптің түбінде әділеттің
жеңіп, жақсылықтың салтанат құруы сияқ-
ты ұғымдар барлық халықтарда қай та ла-
нады.
– Біз қазір ұрпақ болашағына қатты
алаңдаймыз. «Бесік жырын тың да-
маған, ертегі естіп өспеген, төл мә де-
ниетінен мақұрым ұрпақтың ертеңі
қандай болады?» деп қайғырамыз.
Сонда мұнымыз бекер ме?
– Жоғарыда айтқанымдай, әр дәуірдің,
әр қоғамның өз мәдениеті болады. Мы-
салы, қазір теледидар бар, компьютер бар,
түрлі форматта, түрлі формада небір
дүниелер, дискілер шығып жатыр. Осындай
жағдайда кім ертеден кешке дейін жыр
тыңдайды?
– Онда 100 томдап, 50 томдап
«Бабалар сөзін», фольклорлық дүние-
лер ді не үшін шығарып жатырмыз?
– Ол деген мұра ғой. Мұраны еміс-
еміс, сағындырып, дәмді ғып беріп отыру
керек. Сол қалпында беру – бір бөлек те,
заман талабына сай пайдаланып, дамытып
беру – бір бөлек. Кереметтігі сонда – біздің
халқымыз фольклордан қол үзбей, оны ХХІ
ғасырға дейін сақтап келді. Бірақ қазір
заман өзгерді. Капиталистік қоғам – қатал
қоғам. Ескілікте қалып қоямыз ба, әлде ары
қарай алға басамыз ба, мәселе сонда
болып тұр. Бұл ретте, мәдени мұрамызды
тек сақтап қана қалмай, түрлі форматта,
түрлі формада дамытуымыз керек. 100
томды толық құрастырып болғаннан кейін
біз оны жалпы бұқараға арнап, көпшілік
тиражбен шығаруымыз қажет. Өйткені бұл
– халық сусап отырған нәрсе. Шындығын
айтқанда, біздің істеп жатқан шаруамыздың
көбісі – келешек ұрпақ үшін істеліп жатқан
нәрсе...
Әңгімелескен Роза РАҚЫМҚЫЗЫ
ШАРА
Әдебиетті тек ұлылар ғана
тудырмайды, ортаңқол
қаламгерлердің де жүруі заңды...
«Қазгидромет» республикалық мемле кет тік
кәсіпорны жүргізген 2009 жылғы қара шадағы
жер бетіндегі сулардың лас тануы мони то рин гі-
нің деректері Қазақ стан ның тек се рілген су
объек ті лерінің жалпы са нының ішінде «таза
суқой ма ларға» – 15 өзен, 2 су қой ма, 1 көл мен
1 ка нал, «бір қа лыпты лас тан ған» су объек ті-
лерінің то бына 18 өзен, 2 көл, 3 суқойма жә не
1 канал жат қы зылғанын көр сетеді.
«Ластанған суқоймалар» тобына алты өзен
мен үш көл жатады, олар: Үлкенөзен, Нұра
(Қа ра ғанды), Қарабалта, Тоқташ (Жам был),
Келес, Сырдария (ОҚО), Үлкен Шар бақ ты,
Сұлтангелді (Ақмола облысы) және Балқаш
көлдері. «Лас суқоймалар» тобына Брекса,
Тихая, Үлбі, Глу бо чанка, Красноярка (ШҚО)
өзендері және Кеңгір су қоймасы (Қарағанды
облысы) жатады. Елек өзе
нінің (Ақтөбе
облысы), Биелі көлінің (Жамбыл облысы) су
сапасының жай-күйі – «өте лас», Қаракеңгір
және Байнұра өзен дері «мүлдем лас» өзендер
ретінде си патталады.
Қазақстандағы суқоймалардың ластанғаны туралы мәліметтерді білгім
келеді. Олардың нақты саны нешеу және оған қай өзен-көлдер жатады?
Асхат САЛИЕВ, Алматы қаласы
Шие шырынын ішкенді ұнатамын. Оның ағзаға пайдасы барын
білемін. Бірақ қандай ауруларға ем екенін білмеймін. Осы жөнінде
мәлімет берсеңіздер.
Ақжарқын, Алматы қаласы
Шие ағзаның қабынуын төмендетеді
Саяжайды атты
полицейлер
күзетеді
Жолдасбеков
атындағы тұңғыш
халықаралық
симпозиум
Шие ежелден емдік қасиеті бар же міс тер-
дің бірі саналады. Халықтық медицина оны
тәбетті шақырып, ас қорыту жүйесінің жұ-
мысын жақсартуға қолданады. Жемістің негізгі
қасиеті – ағзаның жалпы қабынуын тө-
мендетіп, зақымданған органдар жұмысын
қалыпқа келтіруге септігін тигізуі. Шие сөлі ар-
тық салмақты адамдардың қан қысымы мен
тыныс алуын реттеуге де қауқарлы. Био лог-
тердің мәліметінше, шие шырыны не месе
тосабы зәр шығару жүйесінің жұмысын да
реттей алады. Ал ерте кездері ата-ба ба ла ры-
мыз іші өткен, ұшынған адамға шие бұ тағын
суға қайнатып, ішкізген. Сондай-ақ шие жүйке
ауруларына да ем. Шиенің құ ра мы: қант –
15мг%, пектин – 11 мг%, А дә ру мені – 0,3-
0,55 мг%, С дәрумені – 15 мг%, РР дәрумені
– 0,25-0,4 мг%, органикалық қышқыл –
1-1,6 %, бұған қоса, өте аз мөл шер де азот
тәрізді заттар мен керацианин бар.
Сулардың ластану мониторингі жүргізілген бе?
e-mail: info@alashainasy.kz
Жаз шыға қызылжарлық
полицейлер атқа қонады.
Тура мағынасында
айтып тұрмыз. Тұлпар
мінген шенділер көлік
өте алмайтын саяжайлар,
ормандар және демалу
үшін қала тұрғындары көп
шоғырланатын орындарды
аралап, ондағы тәртіпті
қадағалайды.
Келесі жылдың наурыз
айында Алматыда белгілі
ғалым, мемлекет және
қоғам қайраткері Өмірбек
Жолдасбековтің 80
жылдығына байланысты
І Халықаралық Жолдасбеков
симпозиумы өтеді.
Бұл жөнінде академик
Бақытжан Жұмағұловтың
төрағалығымен өткен
ұйымдастыру комитетінің
алғашқы мәжілісінде
талқыланды.
АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...
Руханиятқа, ғылым-білімге, әдебиетке қатты көңіл бөлу керек. Осы жағы
бізде қатты ақсап жатыр. Қанша ашпыз, жалаңашпыз десек те, қарнымыз
да тояр, киіміміз де бүтінделер. Бірақ руханиятты жоғалтып алсақ, оны
қайтадан қалпына келтіру – қиынның-қиыны. Маркс кезінде: «Қоғамның
қандай екенін әйелдердің жағдайына қарап білуге болады» деген екен. Біз
де қазір соны айтып жүрміз. Бірақ әйелдердің жағдайы ештеңені шешпейді.
Бұл – мәселенің бір жағы ғана. Қоғам түзелу үшін дәрігер мен мұғалімнің
жағдайы дұрыс болуы керек.
ЖИЫН
Қалалық ішкі істер басқармасы пат-
руль дік полиция батальонының салт атты-
лар бөлімшесіне жазда жұмыс көп. Міне,
құрылғаннан бергі жеті жыл бойы солай
жалғасып келеді. Бүгінде бөлімшеде 18
Қамбар ата баласы бар, 22 адам жұмыс
істейді. Бұл бөлімшеге жұмысқа тұратын
полицейлерге өзгелерден ерекше бір талап
қойылады, ол – ат құлағында ойнай білу.
Бөлімше командирі Қалабай Базар-
баев тың айтуынша, қазір тәулігіне жеті ба-
ғыт бойынша 14 салт атты полицей кезек-
шілік атқарады екен. Криминогендік
жағ дайға байланысты қосымша күш жұ-
мыл дырылып тұрады. Жыл басынан бері
атты полицейлердің көмегімен бес қыл-
мыс тың беті ашылып, әртүрлі құ қық бұ зу-
шылықтарға байланысты 260 хаттама тол-
ты рылыпты.
Қалабай БАЗАРБАЕВ, ІІБ салт аттылар
бө лім шесінің командирі:
– Біздің негізгі бақылаушыларымыз
– баспанасыз жүрген қаңғыбастар.
Олар жұрттың саяжайын үй қылып,
өсірген жеміс-жидектерін ұрлайды.
Сондай-ақ іздеуде жүрген адамдардың
да бау-бақшалар арасында күнелтетін
кездері болады. Қала ішінде жүруге
қорқады, сон дықтан жақындағы сая-
жай лар олар үшін таптырмас мекен.
Бізді саяжай сақ шылары десе де бо-
лады. Салт атты полицейлердің тағы
бір міндеті – ор ман дарда болатын өрт-
тер дің алдын алу. «Жабайы» демалысқа
құмар жандар от жағып, кейін сөндір-
мей кетіп жатады. Тәртіп сақшылары
со ларды да қада ға лайды.
Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,
Қызылжар
Мәжіліс төрағасының мәлімдеуінше,
бас қосу дүниежүзіндегі белгілі ғалым дар-
дың бас қосып, жаһандағы білім және
ғылым саласында туындаған өзекті
мәселелерді талқылауға мүмкіндік бе ре ді.
Қазақ ұлттық университетінің ке мел денуі
мен жалпы қазақ ғылымының дамуына
зор үлес қосқан ғалымның ең бектері
жуырда жинақ болып жарыққа шықпақшы.
Жолдасбеков өміріне ар нал ған деректі
фильм дайындау да жос парланып отыр.
Жиын барысында ғы лыми секциялардың
бағдарламалары анықталып, симпозиум
сайтының тұсауы кесілді. Мәжілістің келесі
отырысы биылғы жылдың қыркүйек
айында өтеді.
Ғазиза ҚАРАБЕКОВА