«Өрлеу» баұо ақ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры



жүктеу 389,5 Kb.
бет4/6
Дата04.02.2020
өлшемі389,5 Kb.
#28192
1   2   3   4   5   6

1. Пререквизиті: педагогика, психология және адам дамуы.

2. Постреквизиті: педагогикалық практика.

3. Пәннің мақсаты: студенттердің орта және жоғары оқу орындарындағы физика курсының ғылыми және психология-педагогикалық негізінің құрылымы мен мазмұнын оқып үйрену;

4. Пәннің қысқаша мазмұны: физиканы оқыту принциптері мен міндеттеріне сәйкес мәнін ескере отырып тақырыптық, календарлық өндіріс және сабақ жоспарын жасай білуі; оның әдістері мен формаларын меңгеру; бақылау, өзіндік және жеке жұмыстар жүргізу үшін дидактикалық материалдарды іріктеп алуы; факультативтік сабақтардың жоспарын жасай білуі іскерліктер мен дағдылардың игерілуі негізінде орта мектеп пен арнаулы оқу орындарында физика курсынан оқушы-ларға жан-жақты сапалы білім бере алады

5.Құзіреттілігі: Оқу барысында меңгерілген материалдарды педагогикалық практика барысында қолдана алады.

6. Күтілетін нәтиже: физиканы оқыту принциптері мен міндеттеріне сәйкес, тақырыптық, календарлық өндіріс және сабақ жоспарын жасай білу.

Алмагамбетова А.– педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.

Сапарходжаев П.И.- педагогика ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор.








б)Орта мектепте механика, молекулалық физика бөлімдерін оқыту теориясы мен технологиясы

OMMMFBOTT 3209

БП

ТК


3

5

3

5

емтихан

жазбаша

1. Пререквизиті: механика, молекулалаық физика.

2. Постреквизиті: педагогикалық практика.

3.Пәннің мақсаты: орта мектепте механика, молекулалық физика бөлімдерін оқыту әдістемесін оқу.

4. Пәннің қысқаша мазмұны: электромагниттік индукцияның негізгі заңы, құйынды индукциялық токтар. Өздік индукция құбылысы. Трансформатор. Заттардың магниттік қасиеттері. Электромагниттік тербелістер.

5. Құзіреттілігі: студент әр түрлі ортадағы электр тоғы курсын оқу барысында әртүрлі заттарда электр тоғының жүруін, заттардың электр тоғын өткізу қасиетін, әр түрлі ортада электр тоғын тасымалдау-шылар табиғаты жөнінде толық мағлұмат алады.

6. Күтілетін нәтиже: механика, молекулалық физиканың принциптерін біле отырып, осы тараулар бойынша сабақ жоспарларын жасай білу.

Ешимова Ұ. - педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.
Алмагамбетова А.– педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы




в) Орта мектепте электр және магнетизм, оптика және атом ядросы бөлімдерін оқыту теориясы мен технологиясы

OMEMOAYABOTT 3209

БП

ТК


3

5

3

5

емтихан

жазбаша

1. Пререквизиті: механика, молекулалаық физика, электр және магнетизм, оптика.

2. Постреквизиті: педагогикалық практика

3. Пәннің мақсаты: орта мектепте пән бойынша тақырыптардың оқыту ерекшеліктерін көрсету.

4.Пәннің қысқаша мазмұны: Эйнштейннің салыстырмалылық принципі. Интервалдар, Лоренц түрлендірулері және олардың салдары. Жылдамдықтың түрленуі. Төрт өлшемді жылдамдық пен үдеу. Релятивистік динамика.

5. Құзіреттілігі: арнайы салыстырмалы теория негіздерін білу.

6. Күтілетін нәтиже: электр және магнетизм, оптика және атом ядросы бөлімдерінің теориясына сүйене отырып, сабақ жоспарларын жасай білу.

Ешимова Ұ. - педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.
Алмагамбетова А.– педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

10

а) Физика тарихы

FT 3303

КП

ТК


3

5

3

5

емтихан

жазбаша

1. Пререквизиті: педагогика.

2.Постреквизиті: физиканы оқыту әдістемесі, педагогикалық практика.

3. Пәннің мақсаты: физикадағы іргелі құбылыстар мен заңдылықтардың ашылу тарихы және де физика ғылымының пайда болуы туралы негізгі мәліметтермен танысу.

4. Пәннің қысқаша мазмұны: физика тарихы пәнінің мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері. Физика ғылымының даму тарихының негізгі этаптары. 17-18ғғ. классикалық механиканың жетістіктері. Термометрия. Электромагниттік өріс теориясы және электромагниттік толқындардың ашылуы. Антика ғылымы. Орта ғасырдағы Шығыс және Европа ғылымының жетістіктері. Ғылым және қоғам.

5. Құзіреттілігі: студент пәнді оқу барысында физика ғылымының пайда болуын, қалыптасу кезеңдерін, физика ғылымын дамытуға үлес қосқан атақты физик тұлғалар жайында толық білім алады.

6. Күтілетін нәтиже: физика тарихын оқу үдерісінде пайдалану.

Раимбаева Ж.С. - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Бекқожаева Ә - педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы.




б) ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы физиканың дамуы

ХХGBZhFD 3303

КП

ТК


3

5

3

5

емтихан

жазбаша

1. Пререквизиті: механика, молекулалаық физика, электр және магнетизм, оптика, педагогика.

2. Постреквизиті: физиканы оқыту әдістемесі, педагогикалық практика.

3. Пәннің мақсаты: физикадағы іргелі құбылыстар мен заңдылықтардың ашылу тарихы және де физика ғылымының пайда болуы туралы негізгі мәліметтермен танысу.

4.Пәннің қысқаша мазмұны: ХХ ғасырдың бас кезіндегі классикалық физиканың күйреуі, кванттық физиканың эксперименттік негіздерінің қалыптасуы, фотоэффект құбылысы, А.Эйнштейннің фотоэффект құбылысына арналған теориясы, бөлшектік-толқындық дуализм, Гейзенбергтің анықтамалық қатынастары, Бор пастулаттары. Кванттық механиканың ғылым болып қалыптасуы.

5. Құзіреттілігі: студент пәнді оқу барысында физика ғылымының пайда болуын, қалыптасу кезеңдерін, физика ғылымын дамытуға үлес қосқан атақты физик тұлғалар жайында толық білім алады.

6. Күтілетін нәтиже: ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы физиканың дамуын оқу үдерісінде пайдалану.

Абдрахманов Н. – физика-математика ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор.
Раимбаева Ж.С. - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.





в) ХІХ ғасырдағы физиканың дамуы

ХІХ GFD

3303


КП

ТК


3

5

3

5

емтихан

жазбаша

1. Пререквизиті: механика, молекулалалық физика, электр және магнетизм, оптика, педагогика.

2. Постреквизиті: физиканы оқыту әдістемесі, педагогикалық практика.

3. Пәннің мақсаты: физикадағы іргелі құбылыстар мен заңдылықтардың ашылу тарихы және де физика ғылымының пайда болуы туралы негізгі мәліметтермен танысу.

4. Пәннің қысқаша мазмұны: электр және магнетизм идеяларының дамуы, электромагниттік индукция, Максвельдің электромагниттік өріске арналған теориясы, Герц тәжірибелері. Электротехника ғылымының дүниеге келуі.

5. Құзіреттілігі: студент пәнді оқу барысында физика ғылымының пайда болуын, қалыптасу кезеңдерін, физика ғылымын дамытуға үлес қосқан атақты физик тұлғалар жайында толық білім алады.

6. Күтілетін нәтиже: ХІХ ғасырдағы физиканың дамуын оқу үдерісінде пайдалану.

Раимбаева Ж. - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Қалиев Б. – техниа ғылымдарының кандидаты, доцент


11

а)Негізгі мектепте физика есептерін шығару әдістемесі (практика)

NMFEShA 3304

КП

ТК


3

5

3

5

емтихан

ауызша

1. Пререквизиті: механика, молекулалалық физика, оптика.

2. Постреквизиті: педагогикалық практика.

3. Пәннің мақсаты: негізгі мектеп физика есептерінің шығарылуы мен әдістерін үйрету.

4. Пәннің қысқаша мазмұны: физика есептері туралы жалпы мағлұмат. Физикалық оқу есебінің ерекшелігі, классификациясы. Есеп шығарудың әдістері мен тәсілдері. Физикадан есеп шығару алгоритмдерінің түрлері. Есептеу, эксперименттік, графиктік, логикалық, пәнаралық мазмұн-ды есептер. Оқушыларды есеп шығаруға үйрету әдістемесі.

5. Құзіреттілігі: студент пәнді игеру барысында физика курсы бойынша әртүрлі есептердің түрлерімен оларды шешу әдістерін меңгеріп, практикалық білімін жетілдіреді.

6. Күтілетін нәтиже: физика есептерінің классификадиясын, түрлерін, есеп шығару алгоритмін және есептер құрастыра білуді үйренеді.

Ешимова Ұ. - педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.





б) Тәжірибелік есептерді шығару тәсілдері мен әдістері

TEShTA 3304

КП

ТК


3

5

3

5

емтихан

тест

1.Пререквизиті: механика, молекулалалық физика, электр және магнетизм, оптика.

2. Постреквизиті: педагогикалық практика.

3.Пәннің мақсаты: тәжірибелік есептерді шығару тәсілдері мен әдістері үйрету.

4.Пәннің қысқаша мазмұны: Физика есептерінің түрлері. Олимпиадалық (республикалық. аймақтық, қалалық) эксперименталь есептерді шығару.

5. Құзіреттілігі: Студент пәнді игеру барысында физика курсы бойынша әртүрлі есептердің түрлерімен оларды шешу әдістерін меңгеріп, практикалық білімін жетілдіреді

6.Күтілетін нәтиже: физика есептерінің классификациясын, түрлерін, есеп шығару алгоритмін және есептер құрастыра білуді үйренеді.

Сапарходжаев П.И.- педагогика ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор.
Бекқожаева Ә - педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы




в) Физика курсында математикалық модельдеу әдістерін оқыту.


FKМMАО 3304

КП

ТК


3

5

3

5

емтихан

тест

1. Пререквизиті: Информатика.

2. Постреквизиті: Педагогикалық практика.

3. Пәннің мақсаты: Есептеу математикасының сандық әдістерін физиканың есептерін шығаруда пайдалануды оұып үйрену.

4. Пәннің қысқаша мазмұны: Физика және компьютер. Математикалық модельдеу. Жай дифференциалдық теңдеулерді шешуге арналған Эйлер, Эйлер-Коши, Рунге-Кутта сандық әдістерін физикалық процесстерді математикалық модельдеу. Физикалық процесстердің дифференценциалдық теңдеулері. Алгоритм және программа.

5. Құзіреттілігі: Сандық әдістерді физика есептерін шығаруда пайдалана білу.

6. Күтілетін нәтиже: Практикалық есептерді компьютерде шығару.

Қалиев Б.Қ. – техника ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор.
Сапарходжаев П.И.- педагогика ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор.


12

а) Мектеп физика эксперименті техникасы (зертхана)

MFET 3210

БП

ТК


3

5

3

5

емтихан

жазбаша

1.Пререквизиті: физикалық құралдар және өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері.

2. Постреквизиті: педагогикалық практика.

3. Пәннің мақсаты: эксперимент физиканы оқытудың негізі болып саналады. Осы пәннің мақсаты орта мектептегі физикалық эксперименттің техникасы мен әдістемесін студенттерге меңгерту.

4.Пәннің қысқаша мазмұны: орта мектептегі эксперименттердің түрлері. Орта мектептің физика курсының бағдарламасына сәйкес онда қарастырылатын барлық физикалық эксперименттердің әдістемесі мен техникасы. Мектеп физика кабинетінің құрылымы. Мектеп физика кабинетіндегі құралдар мен жабдықтар. Орта мектептегі физикалық экспериментке қойылатын дидактикалық талаптар. Орта мектептегі физика экспериментін жасауда қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар мен электр-қауіпсіздік шаралары.

5. Құзіреттілігі: студенттерді мектептің физика курсындағы экспериементтің түрлерін оқыту барысында орнымен пайдалана білу, физикалық құрал-жабдықтарды пайдаланып оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес қолдана білуге үйрету.

6. Күтілетін нәтиже: физикалық демонстрациялық экспериментті дайындап көрсету және физикалық қондырғылармен жұмыс істей ала білуді үйретеді.

Алмағамбетова А. - педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.
Сапарходжаев П.И.- педагогика ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор.





б)Орта мектепте физикадан демонстрациялық экспериментті ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

О MFDEUJO 3210

БП

ТК


3

5

3

5

емтихан

жазбаша

1. Пререквизиті: механика, молекулалалық физика, электр және магнетизм, оптика.

2. Постреквизиті: педагогикалық практика.

3. Пәннің мақсаты: болашақ физика пәні мұғалімдерінің демонстрациялық экспериментті ұйымдастыруға даярлау.

4. Пәннің қысқаша мазмұны: физикадан демонстрациялық ұйымдастыру, физикалық құбылысты бақылау, өлшеуіш құралдармен физикалық шамаларды өлшеу, физикалық шамалар арасындағы сандық байланыстарды тағайындау, физикалық тұрақтыларды анықтау, техникалық құрыл,ылармен таныстыру.

5. Құзіреттілігі: бәсекеге қабілетті мамандардың теориялық және практикалық даярлықтарын қамтамассыз ету;

6. Күтілетін нәтиже: физикадан демонстарциялық экспериментті жасаудың әдістемесін үйренеді.

Алмағамбетова - педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.




в)Физика сабағындағы оқушылардың ұжымдық оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру

FSOUOTAU 3210

БП

ТК


3

5

3

5

емтихан

жазбаша

1. Пререквизиті: педагогика, психология және адам дамуы.

2. Постреквизиті: физиканы оқыту әдістемесі.

3. Пәннің мақсаты: эксперимент физиканы оқытудың негізі болып саналады. Осы пәннің мақсаты орта мектептегі физикалық эксперименттің техникасы мен әдістемесін студенттерге меңгерту.

4. Пәннің қысқаша мазмұны: физика сабағындағы оқушылардың ұжымдық оқу-танымдық әрекетінің формаларының педагогикалық мүмкіндіктері. Оқушыларды ұжыммен бірігіп әрекет етудегі дағдыларға қалыптастыру. Ұжымдық –танымдық ойындар. Физика сабағындағы топтық жұмыстар. Сабақ барысында оқушылардың бір-біріне көмегі мен өзара түсінісуі арқасында білімдерін жетілдіру.

5. Құзіреттілігі: студенттер орта мектепте физика сабағында оқу материалының мазмұнына сәйкес әр түрлі ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыруды үйренеді.

6. Күтілетін нәтиже: физика сабағында оқушылардың ұжымдық оқу-танымдықәрекетті қалыптастыруды үйрету.

Ешимова Ұ. - педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.


13

а) Теориялық физика

TF 3211

БП

ТК


3

5

3

5

емтихан

жазбаша

1. Пререквизиті: электр және магнетизм, атом және атом ядросы физикасы.

2. Постреквизиті: термодинамика және статикалық физика, атом ядросы және элементар бөлшектер.

3. Пәннің мақсаты: теориялық физиканың негізгі әдістері арқылы физикалық ұғымдар мен принциптерінің қолданылуын, ғылым мен техниканың байланыстылығын көрсету, әлемнің физикалық бейнесін қалыптастыру.

4. Пәннің қысқаша мазмұны: электрлік заряд және ваккумдағы электромагнитік өріс, электродинамиканың эксперименттік негіздері, электромагниттік өрістің теңдеулері, электромагниттік толқындар, салыстырмалылық арнайы теориясының негіздері, релятивистік кинетматика және динамика, микробөлшектердің толқындық қасиеті, Луи де Бройль толқыны, Гейзенбергтің анықталмаушылық қатынастары Шредингердің толқындық және стационар теңдеулеріне, кванттық механиканың математикалық құралына көңіл бөлінеді.

5. Құзіреттілігі: студент пәнді игеру барысында теориялық физика пәні бойынша негізгі тарауларды тереңдете игеріп, теориялық физиканың іргелі заңдылықтарына талдаулар жасап физикадан теориялық білімін толықтырады.

6. Күтілетін нәтиже: әлемнің физикалық бейнесін қалыптастыру.

Қалиев Б. – техниа ғылымдарының кандидаты, доцент
Абдикаримов Б- физика-математика ғылымдарының докторы, профессор




б) Кванттық механика

KM 3211

БП ТК

3

5

3

5

емтихан

тест

1. Пререквизиті: механика, молекулалалық физика, электр және магнетизм, оптика, атом және атом ядросы физикасы.

2. Постреквизиті: термодинамика және статикалық физика, атом ядросы және элементар бөлшектер.

3. Пәннің мақсаты: кванттық механика заңдылықтары арқылы әлемнің физикалық бейнесін баяндау.

4. Пәннің қысқаша мазмұны: кванттық физиканың эксперименттік негіздері. Де-Бройль толқыны және оның экспериментте тексерілуі. Гейзенбергтің анықталмаушы-лық қатыстары. Негізгі динамикалық айнымалылар-операторлар. Кванттық гармониялық осциллятор Кванттық механиканың дамуы және қолдану шекаралары.

5. Құзіреттілігі: студент пәнді игеру барысында кванттық механика пәні бойынша негізгі тарауларды тереңдете игеріп, кванттық механиканың іргелі заңдылықтарына талдаулар жасап физикадан теориялық білімін толықтырады.

6. Күтілетін нәтиже: кванттық механика заңдылықтарын түсініп, болашақ қызметінде пайдалану.

Қалиев Б.Қ. - техника ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор.
Абдикаримов Б- физика-математика ғылымдарының докторы, профессор




в) Электродинамика және арнаулы салыстырмалы теория

EAST 3211

БП ТК

3

5

3

5

емтихан

тест

1. Пререквизиті: механика, молекулалалық физика, электр және магнетизм, оптика, атом және атом ядросы физикасы.

2. Постреквизиті: термодинамика және статикалық физика, атом ядросы және элементар бөлшектер.

3. Пәннің мақсаты: Электродинамика және арнаулы салыстырмалы теорияның негізгі әдістері арқылы физикалық ұғымдар мен принциптерінің қолданылуын, ғылым мен техниканың байланыстылығын көрсету, әлемнің физикалық бейнесін қалыптастыру

4. Пәннің қысқаша мазмұны: электрлік заряд және ваккумдағы электромагнитік өріс, электродинамиканың эксперименттік негіздері, электромагниттік өрістің теңдеулері, электромагниттік толқындар, салыстырмалылық арнайы теориясының негіздері, релятивистік кинетматика және динамика.

жүктеу 389,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау