Ќазаќстан ѓылым жєне білім министрлігі



жүктеу 95,44 Kb.
Дата28.02.2018
өлшемі95,44 Kb.
#10896
түріСабақ

ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ТЕХНОЛОГИЯДАН ӨТКЕН АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: Тоқ көздері, электрлі өткізгіштер

Сыныбы: 5


Пән мұғалімі: Сатпаев Д. Ш.

Сарытерек орта мектебі

2017жыл
Сабақтың тақырыбы: Тоқ көздері, электр өткізгіштер



Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға электр тоғының қалай пайда болатынын түсіндіру және электр тоғын өткізгіштер арқылы тұтынушыға жеткізуді үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың бойына еңбек дағдысын қалыптастыру. Қарапайым электр тізбектерін өз беттерінше құрастыра білуді меңгеру іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелілік: Электротехникалық жұмысты орындағанда ұқыптылыққа, жауапкершілікке өз ойларын дұрыс қорытындылап білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топтық оқыту, тәжірибелік білім беру.

Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту технологиясы және ақпараттық технология.

Көрнекілік құралдар: Электр құбылыстарын көрсету құралдары, электротехникалық құралдар.

Пән аралық байланыс: Физика, химия, сызу, математика, тарих.

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Өткен сабаққа шолу

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Сабақтың бірінші бөлімін бекіту

5. Сарамандық жұмысқа дайындық.

6. ТҚ ережелеріне шолу.

7. Сабақтың екінші бөлімін бекіту.

8. Оқушыларды бағалау.

9. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. (Оқушыларды тыныштандырып, назарын сабаққа аудару).

Жаңа сабақ: (Нені білу керек? Ұстанымы бойынша өтеді. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.)

Жаңа сабақ жоспары: 1. Кіріспе бөлім. Электр тоғын тұтынушылар.

2. Негізгі бөлім. Электр терминіне және денелердің электрлену ұғымына түсінік беру.

3. Зарядтардың екі тегі. Зарядталған денелердің өзара әсері.

4. Электр өткізгіштер және өткізбейтіндер.

5. Электр өрісі.

6. Электр зарядының бөлінгіштігі. Электрон.

7. Атомдар құрылысы.

8. Электр тогы.

9. Тоқ көздері.

10. Электр өткізгіштер және электр тізбегі.

11. Электро техникалық материалдармен жұмыс істеу.

12. Электр тізбегін құрастыруды және қауіпсіздік ережесі.

13. Лабораториялық жұмыс. (Деңгейлік тапсырмалар).

14. Сабақты қорытындылау. (Біз нені білдік және нені білуші едік)

15. Оқушыларды бағалау.

16. Үйге тапсырма.



Жаңа сабақ жүрісі:

I. Кіріспе бөлім.
1.Электр тоғын тұтынушылар.

Электр, «электр тогы» деген сөздері қазіргі кезде әркімге-ақ таныс. Өзіміздің үйлерімізде, транспортта, заводтар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылығынды электр тогын пайдаланады.



II. Негізгі бөлім.
2. Электр терминіне және денелердің электрлену ұғымына түсінік беру.

Әуелі электр терминінің қалай пайда болғанын қарастырайық.



Тарихқа үңілу: Электр құбылыстары өте ерте заманның өзінде – ақ байқалғанды. Ертедегі грек ғалымдары янтарьды (жер бетінде әлденеше жүздеген мың жылдар бұрын өсіп өнген қылқан жапырақты ағаштардың қатып тасқа айналған шайыры) жүнге үйкегенде оны әртүрлі денелерді өзіне тартатынын байқаған. Грек тілінде янтарь – электрон деген сөз. Міне осыдан электр атауы шыққан.

Үйкелгеннен кейін басқа денелерді өзіне тартатын денені электрленген немесе оған электр заряды берілген деп атайды. Тәжірибе жасау: Электрлену құбылысына әрқашан екі дене қатысады. Мысалы: шыны таяқша қағазбен немесе резенкемен, янтарь терімен немесе жүнмен жанасқанда электрленеді.


3. Зарядтардың екі тегі. Зарядталған денелердің өзара әсері.

Электрленген денелердің барлығыда басқа денелерді, мысалы, қағаз жапырақтарын өзіне тартады. Бірақ, бұған қарап әртүрлі заттардан жасалған денелерде пайда болған зарядтардың бір – бірінен ешбір айырмашылығы жоқ деуге болама?



Тәжірибе жасау: а) Жіпке ілулі тұрған фольга таяқшамен екінші бір фольга таяқшаны теріге үйкеп электрлеп (зарядтап) екуін бір - біріне жақындатсақ таяқшалар бір – бірінен тебіліп қашықтайды, демек, біртектес зарядтары бар денелер бірін – бірі тебеді.

б) Жіпке ілулі тұрған резінке денені жүнге үйкеп (-) және жібекке үйкелген шыны таяқшаны (+) оған жақындатсақ екі дененің бір – біріне тартылғанын байқаймыз.

Сонымен тәжірибеге қарағанда электр зарядының екі тегі болады. Оң зарядтар (+) мен теріс зарядтар (-) және электрленген денелер бір – біріне түрліше әсер етеді. Бірдей таңбалы электр зарядтары бар денелер бірінен бірі тебіледі (қашықтайды). Қарама – қарсы заряды бар денелер біріне – бірі тартылады.

4. Электр өткізгіштер және өткізбейтіндер.

Тебілуіне не тартылуына қарап денеге электр заряды берілген берілмегенін білуге болады. Дененің электрленуіне арналған приборды электроскоп (электрді көремін) деп атаймыз.



Тәжірибе жасау: Электроскоптың ішіндегі жеңіл тілше таяқшадан зарядталады да қандайда бір бұрыш жасай алшақтап одан тебіледі. Электрскоптың зарядталған таяқшасын қолымыздағы сым темірмен қоссақ, онда электроскоптың зарядсызданғанына куә боламыз. Ал қолымызға шыны таяшаны электроскоптың таяқшасына тигізсек, онда тілше еш қозғалыссыз тұрады. Бұдан заттардың электр зарядын өткізу қабілетіне қарай электр өткізгіштер және электр өткізбейтіндер деп екіге бөлеміз.

а) электр өткізгіштер: металл, топырақ, тұздар мен қышқылдардың судағы ерітінділері.

б) электр өткізбейтіндер, яғни диэлектриттерге жататындар: форфор, эбонит, шыны, янтарь, резеңке, жібек, копрон, пластмассалар, керосин, ауа.
5. Электр өрісі.

Тәжірибелер көрсеткендей электрленген денелер бір – біріне алыстан өзара әсер етеді – тартылады және тебіледі. Электрленген дененің бірінің әсері екіншісіне қалай беріледі? Бұл мәселені өздерінің ғылыми еңбектерінде Фарадей мен Максвелл шешті. Олардың іліміне сай электрленген дене айналасында электр өрісі болады. Электр өрісінің оған енгізілген электр зарядына әсер ететін күші – электр күші деп аталады.


6. Электр зарядының бөлінгіштігі. Электрон.

Электр өрісін электрлену құбылысын қалай түсінуге болады. Денелер молекулалар мен атомдардан тұрады. Және оларда электр заряды жоқ. Мүмкін табиғатта зарядталған бөлшектер бар шығар, олай болса зарядты бөлі нәтижесінде бөлшегі, яғни зарядталған еңкәшкене бөлшек анықталады.



Тәжірибе жасау: Электроскоп таяқшасына бекітілген шарды зарядтайық. Осы шарды екінші электроскоп шарына сым өткізгіш арқылы қосайық, заряд екіге бөлінеді. Бір шарды зарядсыздай отырып, екінші шардағы зарядты қайта – қайта бөлгенде электроскоп шарында соншалықты аз заряд қалып, оны электроскоппен анықтауға болмайтын болды.

Электр зарядын бөлудің шегі бар екенін орыс ғалымы А. Ф. Иофе микроскоппен ғана көрінетін мырыштың ұсақ тозаңын электрлеп, тозаңының зарядтарын бірнеше рет өзгертіп, әр жолы зарядтың қаншалықты өзгергенін өлшеді. Тозаңның заряды заттың бөлшектерімен бірге кететіндіктен А. Ф. Иофе мынадай қорытынды жасады: табиғатта заттың одан әрі бөлуге болмайтын ең кішкентай зарядқа ие болатын бөлшегі бар. Бұл бөлшекті электрон деп атаған.



Электронды көзге елестету: шыбын қанатының массасы шамалап айтқанда электрон массасынан 5∙1022 есе кіші.
7. Атомдар құрылысы.

Ғалымдар Иофе мен Миликеннің тәжірибесі бойынша зарядтталған бөлшектің элекроны болады. Яғни электронды денелерден іздейміз. Кез келген дене молекула және атомнан тұратынын білеміз. Ал атом құрылысы мынадай: атом орталығында ядро болады. Ол протондар мен нейтрондардан құралады. Ал ядроны айнала электрондар қозғалып жүреді. Тұтас алғанда атом заряды болмайды. Бірақ атом бір немесе

бірнеше электронынан айырылып қалса, оның оң заряды болады – сонда оны оң ион деп атайды. Керісінше бейтарап атомға басы артық электрон келіп қосылса, сонда атом теріс зарядқа ие болады, теріс ионға айналады.
8. Электр тогы.

Осы ұққандарымызды жүйелей келе зарядталған денені зарядталмаған денемен қосатын өткізгіште электр тогын алуға болатынына көз жеткіземіз. Себебі зарядталған денедегі зарядтың теңдей бөлігі екіншісіне өтеді. Бұл зарядтар еркін өткізгіштер түрінде өткізгіштер бойымен тасымалданады. Электр тогы деп зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысын айтады. Электр тогының ұзағынан сақталу үшін электр өрісін тудыратын құрылымының болуы міндетті, яғни тоқ көзі керек.


9. Тоқ көзі.

Біз екі тоқ көзінің - гальваний элементтерінің және аккумуляторлардың құрылысымен жұмысын қарастырамыз. Электрге арналған тәжірибелерде осыларды пайдаланамыз. Гальваний элементінде химиялық әрекеттесулер болады. Осы әрекеттесу кезінде бөлініп шығатын химиялық ішкі энергия электр энергиясына айналады. Кескінделген элемент – ішіне көмір таяқша орнатылған мырыш стақаннан құралады. Таяқша марганец оксидімен көмір толтырылған дәкенің ішіне қойылған. Сұйықтың орнына бұл элементте мосатыр ертіндісіне араластырылған ұннан жасалған желім пайдаланған. Ішіндегі нәрселермен бірге мырыш ыдыс картоннан жасалған қорапқа салынғанда оның үстіне смола құйылған. Мосатыр мен мырыш өзара әрекеттескенде мырыштан оң иондар бөлініп кетеді де, ол теріс зарядталады. Ал көмір таяқша оң зарядталады. Зарядталған көмір таяқша мен мырыш ыдыс аралығында электр өрісі пайда болады. Электродтар деп аталатын көмір таяқша мен мырыш ыдысты өткізгіш арқылы қоссақ, онда өткізгіштің өн бойында электр өрісі әсерінен еркін электрондар тәртіптелген қозғалысқа түседі, яғни электр тогы пайда болады.



10. Электр өткізгіштер

Осы электр тогын тоқ көзінен тұтынушыға жеткізу үшін арнайы өткізгіш қажет. Жақсы өткізгіштер тобына металлдар жатады. Тоқ көзі мен электр тұтынушыны өткізгішпен қосу арқылы электр тізбегін аламыз. Ең қарапайым электр тізбегі 4 элементтен тұрады: тоқ көзі, ажыратқыш, электр өткізгіш және қабылдағыш. Суретте көрсетілген тізбекті түсіну өте оңай, дегенмен тұрмыста кездесетін электр тізбектері күрделі болып келеді. Сондықтан оларды суретпен емес шартты белгілермен белгілейді. Төменде шартты белгілер көрсетілген.


Гальваникалық элемент немесе аккумулятор

Гальваникалық элементтер батареясы немесе аккумуляторлар

Электрсұқпа шанышқы

Электрсұқпа резетка Ажыратқыш

Электр шамы

Сымдарды қосу

Сымдардың қиылысуы

Шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді электр схемасы деп атайды.


11. Электротехникалық материалдармен жұмыс істеу
Электр материалдарының қатарына электр сымы, түтікшелер, оқшаулауыш, таспа, бау жатады. Аспаптарының қатарына: тістеуік, монтер пышағы, қысқаш, жұмыс қысқышы, бұрауыш жатады және олардың саптары тоқ өткізбейтін оқшаулауыштан жасалады.
12. Электр тізбегін құрастыру және қауіпсіздік ережесі

а) Оқшауланатын сым бөлігін сызғышпен өлшеп алады. Сымды немесе бауды тақта үстіне қойып белгіленген жерден бастап оның оқшаулағышын монтер пышағымен кесіп алады. Пышақ жүзін өзімізден кері қарай ұстаймыз.

б) Оқшаулағышты сымнан ажырату үшін арнайы құрылғыны пайдаланамыз.

в) Сымның қалған ұшын қысқышпен қысып сақина жасаймыз.

г) Сақина мен оқшаулағыштың арасын таспамен орап тастаймыз.

Мектеп шеберханаларында электр тізбегін құрастыру жұмысын істегенде төмендегідей қауіпсіздік ережесін мүлтіксіз сақтау керек.



  1. Электр тізбегін құрастырғанда ұқыпты, тәртіпті өте сақ болыңдар, нұсқауларды бұлжытпай орындаңдар.

  2. Жұмыс орындарыңды мұғалімнің рұқсатынсыз тастап кетпеңдер.

  3. Электр аспаптарын материалдар мен жабдықтарды жұмыс орындарыңдарға мұғалім көрсеткендей тәртіппен жайғастырып қойыңдар.

  4. Қажетсіз заттарды жұмыс орынында ұстамаңдар. Тоқ көзін мұғалімнің рұқсатынсыз қоспаңдар.

  5. Электр тізбегін құрастырғанда, ажыратып қосу тетігін жалғағанда, жөндегенде тоқ көзі ажыратылып тұру керек.

  6. Электр тогы көзінде, тұтынушының басқа бөліктерінде кернеудің бар жоғын бақылау үшін арнайы аспапты пайдаланыңдар.

  7. Электр құрал жабдықтарының, электр сымының оқшаулағышы ақаусыз болуын қадағалаңдар.

жүктеу 95,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау