Пасталар дегеніміз – эмульгаторлары қатты жəне битум немесе
қара май концентрациясы жоғары (60-70) эмульсиялар. Оларды
қолдану үшін, қажетті тұтқырлыққа дейін сумен сұйылтады.
Мастика (грекше mastika – смола-шайыр) деп – органикалық
байланыстырғышты минералды микротолтырғыш, яғни ұнтақпен жəне қажетті жағдайда үстемемен араластырылып жасалған қою, тұтқыр
затты айтады. Минералды ұнтақтар – тозаң жəне талшық түрлі болып
бөлінеді. Тозаңды толтырғыш ретінде – ұнталған əк тас, бор, доломит,
цемент, көмірдің күлі қолданылады. Талшықты толтырғыш ретінде –
асбест, шыны мақта пайдаланылады. Бұл толтырғыштар өз бетіне
майларды (байланыстырғыш заттарды) абсорбциялайды (қандырады).
Осының əсерінен мастиканың жылуға төзімдігі мен қаттылығы өседі.
Мастика жасауға кететін битум мен қара майдың шығыны азаяды да,
ал талшықты толтырғыштар – мастиканы арматуралап, оның ию
күштеріне кедергісін арттырады.
Мастикалар байланыстырғыш затына қарай: битумды, қара
майлы, қара май битумды, битумрезеңкелі жəне битумполимерлі деп
бөлінеді. Олар ыстық күйінде битум мастикасы 160°С-қа дейін, ал қара
май мастикасы 130°С-қа дейін қыздырылып немесе суық күйінде
жұмыс орнында температурасы 5°С-тан кем емес болса қыздырылмай,
ал одан аз болса 60–70 °С-қа дейін қыздырылып пайдаланылады.
Қолданылатын орнына байланысты ыстық мастикалар:
жабыстырғыш, желімдегіш жабындық изоляциялағыш, коррозиядан
қорғағыш, т.б. болып бөлінеді.
Жылуға төзімдігіне байланысты битум негізінде жасалған
желімдегіш мастикалар – 5 маркалы; ал қара май негізінде
жасалғандары – 3 маркалы болады (11.4-кесте). Мұндағы əріптер МБ
немесе МД-мастика битум не қарамай (деготь) негізінде, К-жабындық
(кровельная), Г-ыстық (горячая) екенін көрсетеді. Ал цифрлар
қалыңдығы 2 мм мастиканың, онымен пергаминнің жазыққа 45°C
көбейте орналастырылған 2 үлгіні жабыстырғанда, олардың арасынан
қай температурада 5 сағат қыздырғанда ақпайтынын, яғни
мастиканың жылуға төзімдігін көрсетеді.
11.4-кесте Желімдегіш мастикалар
Мастикалар
|
Құрамы
|
Маркасы
|
Жылуға
төзімдігі,
°C
|
Иілгіштік
диаметрі,
мм
|
МБК-Г-55
|
55
|
10
|
Битумды
|
Мұнай битум,
ұнтақ
толтырғыш
антисептик
|
МБК-Г-65
|
65
|
15
|
|
|
МБК-Г-75
|
75
|
20
|
|
|
МБК-Г-85
|
85
|
30
|
|
|
МБК-Г-90
|
90
|
35
|
|
|
МДК-Г-50
|
50
|
25
|
Қара майлы
|
Таскөмір, қара
майлары ұнтақ
толтырғыш
|
МДК-Г-60
|
60
|
30
|
|
|
МДК-Г-70
|
70
|
40
|
|
|
Мастиканың иілгіштігі – оның пергаминге қалыңдығы мм етіліп
жағылған үлгісі диаметрі 10-40 мм стерженьге орағанда шытынамауы
(жарылуы) арқылы сынау температурасы 18±2°С-қа тең жағдайда
анықталынады. Мастиканың жылуға төзімдігі өскен сайын, оны ию
үшін қолданылатын стержень диаметрі де үлкенірек болуы керек.
Битумды мастика құрамында, оның маркасына байланысты 30-64%
минералды ұнтақ толтырғыш болады.
Жабыстырғыш мастикалар көп қабатты рулонды материалдарды,
атап айтқанда рубероид пен пергамиді битумды мастикалармен
қара қағаз бен былғарыны қара майлы мастикалармен желімдеу үшін
пайдаланады. Жабынды-изоляциялағыш мастикалар рулонсыз жабын
мен гидроизоляция жасау үшін қолданылады. Коррозиядан қорғағыш
мастикалар – қиын балқитын битум мен минералдық ұнтақтың
қоспасы. Бұлар қышқылдар мен негіздердің сұйытылған ерітіндісіне,
аммиякқа, азот оксиді мен күкірт газына 50°С-қа төзімді, яғни осы
көрсетілген орталар əсерінен құрылыс конструкцияларын, құбырларды
қорғай алады.
Суық мастикалар – органикалық байланыстырғыш заттың,
сұйылтқыш-тың, ұнтақ толтырғыш пен пластификатордың қоспасы.
Сұйылтқыш ретінде органикалық ұшқыш заттар – бензин лигроин*,
(керосин, ұшпайтын заттар – мазут**) соляр майы, мұнай
пайдаланылады. Бұлар көп қабатты жабынды материалдар, өзара жəне
соңғыларды негізге желімдеу үшін қолданылады.
Битум резеңке мастикалары – битум, резеңке ұнтағы жəне кейбір
үстемелер қоспасы. Бұлар ыстық-суық күйінде жер астына орнатылған
болат құбырларды изоляциялауға пайдаланылады. Битум полимер
мастикалық аязда иілімді, жылуға төзімдірек, өйткені оның құрамына
каучук немесе жасанды смола шайыр қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |