Қара қағаз (толь) – картонды қара майлармен өңдеп, оған уақ
құм (0,14 - 2 мм) не ірі түйірлер (2 мм-ден жоғары) сеуіп жасалған
рулонды материал. Ірі түйірлер себілген, маркалары ТКК-400, ТКК-350 қағаз жазық шатыр жабындығының тыс ретінде, ал уақ құм
маркалары ТКП-400, ТКП-350 қара қағаз уақытша салынған
ғимараттар төбесінің жабындығы ретінде, əрі ғимараттардың іргетасы, т.б. бөлімдерін гидроизоляциялауға қолданылады.
Қара қағаз былғары жəне гидроизоляциялық қара қағаз тыс
қабатсыз жəне себінді түйірлерсіз өндіріледі. Қара қағаз – былғары
жабындық тольдің астары (төсеніші) ретінде, ал гидроизоляциялық
қара қағаз – ғимараттардың бөлімдері ылғал өткізбеуі үшін
пайдаланылады.
Битум жəне қара май негізінде өндірілген рулонды
гидроизоляциялық материалдар
Гидроизол дегеніміз – асбест картонға битум сіңірілген, тысталмаған рулонды материал. Ол жер астындағы ғимараттарды жəне
жазық жабындарды гидроизоляциялау мен металл құрбыларын
коррозиядан сақтау үшін қолданылады. Бұл материалдың шіруге
төзімділігі мен ұзақ шыдауы негізі картон материалмен салыстырғанда
жоғары. Гидроизол екі маркалы ГИ-Г жəне ГИ-К, ал қасиеттері
11.3-кестеде көрсетілген мөлшерді қамтамасыз ететіндей болып
өндіріледі.
13.3-кесте
Гидроизолдың физика-механикалық қасиеттері
Қасиеттері
|
ГИ-Г
|
ГИ-К
|
Су өткізгіштігі: 5 см су бағанасы қысымына шыдамы сөткеден
кем емес
|
30
|
20
|
Су өткізгіштігі 24 сағатта, массалық % - тен жоғары емес
|
8
|
10
|
Ені 50 мм тілімді созғанда үзетін күш мөлшері, Н кем емес
|
350
|
300
|
Бризол мен изол – негізсіз рулонды гидроизоляциялық материалдарға
жатады. Бұларда картон немесе мата сияқты негіз жоқ. Негіздің рөлін мұнда
битум мен ұсатылған резеңке дисперстік арматура ретінде қосылған асбест
талшықтары атқарады. Ол үшін араласпаға пластификатор, т.б. үстемелер
қосып, оны каландрдан өткізеді.
Бризол мен изолдың айырмашылығы – олардың құрамында. Бризол, битум – резеңке комозитке (байланыстырғыш затқа) асбест талшықтары
мен пластификатор қосып жасалынса, изол – осы қоспаға минералды
толтырғыш пен антисепті қосып, прокаттау арқылы өндіріледі; изол
рулонының ені 800-1000 мм, ал қалыңдығы 2 мм. Изолдың қасиеттері –
негізі картон рулонды материалдардікінен басы жоғары, рубероидқа
қарағанда 2 есе ұзақ пайдаланылады. Ол теріс температураларда иімділігі
жақсы, шірімейді, суды аз сіңіреді (1 %-тен де аспайды). Бризол – қышқылдарға төзімді жер астындағы металл
конструкцияларға құбырларға оларды коррозиядан сақтау үшін
битумрезеңке дайындалған мастикамен жапсырылады. Изол бассейн, подвал (үйдің астын), резервуарларды (сұйық заттар, газ қоймаларын), т.б.
гидротехникалық құрылыстарды, екі үш қабатты көлбеу немесе жазық
шатырларды ылғалдан сақтап, құбырларды коррозиядан қорғау үшін
қолданылады. Ол изол атты суық не ыстық мастикамен жапсырылады.
Магистральды газ бен мұнай құбырларын гидроизоляциялау үшін
жақын арада өндірілген пленкалар (жұқа қабаттар) ПБД (полимердегтебитумная - полимер қарамай битумды) мен ПРДБ (полимеррезеңке, битумды қара май) пайдаланылады. Олар созу күшіне
үлкен кедергі көрсетеді (қабыршақтың көлденең қимасы бойынша, яғни
оны былай сынағанда 1000 л), коррозияға төзімді; оларды -50°С жəне +60°С
аралығында көп уақыт 50 жылға дейін пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |