Суық климатты аудандарда қолданылатын рубероид. Бұл
үшін қиын балқитын битумды полимермен модификациялау
нəтижесінде пайда болатын (тиімді иілгіш, созылғыш-эластичный) тысты беттік қабатты РЭМ-350 маркалы рубероид өндіріледі. Полимер
қосқандықтан, қиын балқитын тыстың (беттік) битумның морттылық
температурасы -50°С-қа дейін төмендейді. Иілімді тысы (қабаты) бар
рубероидтың ауа райына төзімдігі жоғары болғандықтан, жабындықтың ұзақ уақыттылығы 1,5-2 есе артады.
Балқытылып жабыстырылатын рубероид. Бұл рубероидтың
кəдімгіден артықшылығы – жабындық (шатыр) жасағанда, оны
жабыстыру үшін əдеттегідей мастика пайдаланбай, рубероидтың өзін, анығырақ айтқанда, оның əдейі қалың (жуан) етіп істелінген битум
қабатын (əдеттегі 200-300 г/м2 орнына 1000-2000 г/м2 (горелкамен
немесе басқа əдіспен балқытып) негізге жабыстырылуында. Бұл
рубероидты қолдану нəтижесінде шатыр (жабынды) жасау өнімділігі
50%-ке артады, арзандайды жəне еңбек ету жағдайы жақсарады
(жеңілдейді).
Шыны рубероид дегеніміз – шыны талшықтарынан істелінген
матаға битумді (битумрезеңке немесе битумполимер) сіңіріп, астарына
уақ дəнді, ал тысына ірі дəнді түйірлер сеуіп жасалған рулон материал.
Шыны рубероидтың кəдімгіден артықшылығы – оның негізінің, яғни
шыны талшықты матаның беріктігінің жоғарылығында, əрі
микроорганизмдер əсерінен шірімейтіндігінде. Осының салдарынан
шыны рубероид 30 жылға дейін шыдайды. Пайдаланылатын орнына
жəне себінді материалдардың түріне байланысты шыны рубероид
мынадай үш маркаға: С-РК жəне С-РЧ үстіңгі бетіне (тысына) ірі
немесе қабыршақ түйірлер себілген жабындық пен асты-үстіне уақ
немесе одан да уақ - тозаң түйірлер себілген тесемдік (астарлық) С-РМ
болып бөлінеді.
Пергамин дегеніміз – жабындық картонға балқытылған жұмсару
температурасы 40°С-тан кем емес, яғни жұмсару ең төмен ВНК-45/80
жəне одан жоғары маркалы мұнай – битумдарын сіңіру арқылы
жасалған тысталмаған, яғни бетіне қиын балқитын битум жағылмаған
ірі жəне қабыршақ түйірлер себілмеген рулонды материал. Пергаминді
рубероид агрегаттарын да өндіруге болады. Бұл жағдайда тыстауға
арналған битумы бар ваннаға, себінді түйірлер сақталатын бункерлер
қолданылмайтындықтан, пергамин өндірісі тек өз технологиясына
керекті агрегаттармен жабдықталған. Пергамин екі маркалы: П-300 жəне П-350 болып өндіріледі де, негізінде рубероидтың төсеніш
қабаты (астары) ретінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |