Кара майдың түрлері, құрамы, құрылымы, қасиеттері
Қара май дегеніміз – қою, жабысқақ, түсі қара немесе қарасұр
келетін тұтқыр зат. Қара майды таскөмір, ағаш, торф, т.б. отқа
жанатын заттардан құрғақ айдау (ауасыз қыздыру) жолымен алады.
Таскөмірді кокстеу процестері кезінде бөлініп шығатын сапасы
жоғары қара майлар, құрылыста кеңінен қолданылады. 1 т көмірді
ауасыз қыздырғанда 400-500 кг кокс, 30-40 кг таскөмірлік шикі қара
майлар, т.б. заттар алынады.
Қара май түрлеріне – таскөмірлік ішкі қара майлар (төмен
температуралық алғашқы қара май, жоғары температуралық қара май) айдалған қара май, пек жəне құрама қара май жатады. Төмен
температуралық алғашқы қара май 500-600°С аралығында жартылай
кокстеу əдісі арқылы алынады; түсі – қара қоңыр, тығыздығы 0,9-1 г/см3, қанықпаған жəне қаныққан көмірсутектер мен фенолдан құралған
сұйық зат. Ол көбінесе айдалған қара май өндіру үшін пайдаланылады.
Жоғары температуралық қара май көмірді 1000-1300°С-та
кокстегенде алынады; қара, қою, тұтқыр, тығыздығы – 1,1-1, 2 г/см3, жұмсару температурасы 40-50°С аралығында. Айдалған қара май (немесе таскөмір шайыры) шикі, төмен температуралық қара майдан
лигроин мен керосин фракцияларын (шайыр салмағының 30% - не
дейін) ажырату арқылы өндіріледі; қасиеттері бойынша жоғары
температуралық қара майға жақын.
Пек – таскөмір шайырының 180°С-қа дейін жеңіл майларды,
180-210°С аралығында орта салмақты майды (фенол фракциясын),
210-230°С-та ауыр майды (нафталин фракциясын) жəне 360°С-қа дейін
ең ауыр антрацен майын ажыратып шығару тəсілімен өндірілетін
қатты қалдық. Оның тығыздығы – 1,2 -1,3, түсі қара; ол аморфты морт
масса; грамында үлкен молекулалы көмірсутектер, олардың
туындылары жəне бос (байланыспаған) көмірсутегі (8 -30%) бар.
Кұрама қара май пекке майлар (антроцен, т.б.) немесе
сусыздандырылған шикі қара майлар қосып, бірге балқыту арқылы
алынады. Қара майдың бұл түрі құрылыста кеңінен қолданылады.
Өйткені, пек пен майлардың қатынасын өзгертіп, қажетті тұтқырлығы
мен жұмсару температурасы бар байланыстырғыш зат алуға болады.
Қара майдың құрамына негізінде ароматты көмірсутектер –
бензолдың туындылары мен олардың оттегі, азот жəне күкіртпен
қосылыстары кіреді. Қара май мынандай заттар топтарынан: а) қатты (көміртек, т.б.) органикалық еріткіштерде ерімейтін бөлімнен; ə) қара
май майларында шамалы еритін шайырлардан құралады. Демек, қара
май байланыстырғыш заттардың да құрылымы, қасиеттері, олардың
құрамындағы қатты бөлім – шайыр мен майлардың өзара
қатынастарына байланысты.
Қара май мен пектің қасиеттері – тығыздығы 0,9-1,1, пектікі
1,2-1,3 г/см3. Егер құрамында бос көміртегі мен қатты шайырлар көп
болса (яғни майлар азайса), қара май мен пектің тұтқырлығы, морттығы өседі. Пектің жұмсару температурасы 50-60°С аралығында
қара майдан жасалған материалдар (мысалы, толь) құрамында
реакцияшыл қанықпаған көмірсутектері көп болғандықтан (олар
судың, оттегінің жəне ультракөк сəуленің əсерінен тотықтандару
полимеризациясына тап болады. Ауада, битумдардан істелінген
материалдармен (рубероидпен), салыстырғанда, тез тозады. Ал
олардың биологиялық төзімдігі битумнан өндірілген материалдарға
қарағанда мықтырақ, өйткені қара май құрамында уыттылығы жоғары
фенол (карбол қышқылы) бар.
Достарыңызбен бөлісу: |