Облыс әкімінің бас инспекторы– азаматтарды қабылдау жөніндегі сектордың меңгерушісі «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымың бос орына ҚР мемлекеттік қызметшілері арасынан ішкі туралы хабарлама
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты
2018ж. 26 маусым
Облыс әкімінің бас инспекторы– азаматтарды қабылдау жөніндегі сектордың меңгерушісі «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымың бос орына ҚР мемлекеттік қызметшілері арасынан ішкі конкурс жариялайды. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - D-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 123 257 теңгеден 166 563 теңгеге дейін.
Негізгі функциялық міндеттері:
Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды қамтамасыз ету, олардың орындалу мерзімін бақылауды іске асыру; облыс әкімінің және оның орынбасарларының, аппарат басшысының және аппараттың жауапты қызметкерлерінің азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру, облыс әкімі, қала, аудан әкімдері аппаратында азаматтар өтініштеріне және олардың туындау себептеріне мониторинг жүргізу, олардың қозғалыс үрдісі мен сипатын айқындау; облыс басшылығының жеке қабылдауы кезінде берілген тапсырмаларды орындауды бақылау; азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерімен жұмыс мәселесі бойынша облыс әкімі аппаратының басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық атқарушы органдармен және қала, аудан әкімдіктерімен өзара іс-қимыл; азаматтардың өтініштері бойынша белгіленген есептерді дайындау; Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығымен өзара іс-қимыл; «Айқын» бағдарламасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету; облыс басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерімен жұмыс мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен, облыстық атқарушы органдармен және қала, аудан әкімдіктерімен өзара іс-қимылдар жасау; азаматтардың өтініштері бойынша белгіленген есептерді дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- білімі жоғары: «гуманитарлық ғылымдар», немесе «білім», немесе «құқық», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бейіндері бойынша.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төртжылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы
21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Қажетті құжат тізбесі:
1) нысан бойынша өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім, құжаттар ұсынылатын күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішке конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық пошта мекенжайына не E-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда, олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей беріледі.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күнінен бастап, 3 жұмыс күн ішінде облыс әкімінің аппаратында өтеді.
Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырыста байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органының интернет-ресурстарында орналастырылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде 150011, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 122-кабинет, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты мекенжайы бойынша немесе akimat@sko.kz электрондық поштасы бойынша ұсынылуы тиіс. Анықтама телефоны: 46-50-79.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |