Органикалық байланыстырғыш заттар жəне олардың негізінде өндірілген материалдар органикалық байланыстырғыш заттар


Асфальт-бетон ерітінділері, қара май бетондар



жүктеу 38,05 Kb.
бет4/9
Дата18.03.2023
өлшемі38,05 Kb.
#41823
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
9-дәріс.Органикалық байланыстырғыш заттар (1)

Асфальт-бетон ерітінділері, қара май бетондар

Асфальт немесе қара май бетон дегеніміз – жарықшақ немесе


малта тас, құм, минералды ұнтақ пен битум не қарамай қоспасын
тығыздау арқылы алынатын жасанды материал. Асфальт ерітінді деп
– ірі толтырғыш (мысалы, жарықшақ тассыз) асфальт бетонды атайды.
Осындай ерітіндіні – кейде құмды асфальт деп те атайды.
Асфальт немесе қара май бетондар мен ерітінділерде
байланыстырғыш зат ретінде мұнай не қара майдың бөлшектерінің
90% - t 0,315 мм-ден кем минералды ұнтақпен қоспасы
пайдаланылады. Демек, асфальттық байланыстырғыш зат – ол
битумның майда дисперстік ұнтақпен (П.В. Сахоровша асфальттық
қоспамен) тығыз араласқан өнімі.
Минералды ұнтақ бетон немесе ерітінді өндіруге қажетті ең
қымбат материал, байланыстырғыш заттың шығынын азайтып, оның
жұмсару температурасын жоғарылатады. Минералды ұнтақтар сыруға
беріктік шегі 20 МПа-дан кем емес əк тастар мен доломиттерді ұнтау
арқылы дайындалады. Битум немесе қара майға қосылатын ұнтақ
ретінде негізді домна шлагі мен асфальтты жыныстардың ұнтақтығын
пайдалануға болады.
Асфальт ерітінділері мен асфальт қара май бетондарда уақ
толтырғыш ретінде таза, тозаң-балшық бөлшектері 3%-тен көп емес, табиғи жəне жасанды құмдар қолданылады.
Асфальт-бетондар ірі толтырғыштары түйірлерінің (дəндерінің) ірілігіне байланысты ірі дəнді – түйірлерінің ең жоғары өлшемі 40-ммге, ал, уақ түйірлі дəнінің өлшемі 20 мм-ге дейінгі жəне құмды (5 ммге дейін) болып бөлінеді. Ірі түйірлі асфальт – бетон (кеуекі
құрылымды: көлемінің 5-10%-і кеуекті (жол табанын), жолдың төменгі
қабатын) жасауға қолданылады. Механикалық қойылымдар жəне
атмосфераға төзімді уақ дəнді бетон тығыз құрылымды; кеуектігі
3 - 5% транспорт жиі жүретін жолдар салуға немесе беттік қабат ретінде, ал пластикалылығы жоғары құмды асфальт – бетон, яғни
асфальт – ерітінді өнеркəсіп цехтарының еденін, тротуарлар мен жеңіл
транспорт жүретін жолдарды жасауға пайдаланылады.
Қолданылатын битумның тұтқырлығы мен оның жолға төсеу
кезіндегі температурасына байланысты асфальт-бетондар – ыстық, жылы жəне суық болып бөлінеді. Ыстық бетондар БНД 40/60, БНД 60/90 жəне БНД 90/130 маркалы битумдар негізінде дайындалады
да, 120°С-тан төмен емес температурада төселінеді. Ал жылы асфальтбетондар – жұмсағырақ БНД 130/200 жəне БҢД 200/300 маркалы
битумдар негізінде жасалынып, 70°С-тан төмен емес температурада
төселінеді. Ал суық бетондарды сұйық МГ жəне СГ (медленно –
среднегустеющие – баяу жəне орташа қолданылатын) маркалы
битумдар негізінде жасайды да, ол температурада (5°С-тан кем емес) алдын ала дайындалған жер бетіне төсейді. Сұйық битумдар кəдімгі
қою битумдарды керосин немесе басқа майлармен сұйылту арқылы
алынады. Асфальт-бетон зауыты – тас жару, минералды ұнтақ
дайындау, битум дайындау жəне аралыстыру деп аталатын төрт цехтан
құралады.
Асфальт-бетон, ерітінді құрамын жобалау үшін алдымен (Б) мен
минералды ұнтақтың (Ү) қатынасын (Б/Ү) анықтау қажет. Бұл қатынас
үйлесімді болған жағдайда, барлық битум үзіліссіз жұқа қабықпен
ұнтақ түйірлерінің бетін жабады, асфальттық байланыстырғыш заттың
беріктігі ең жоғары болады. Битум мен минералды ұнтақтан жасалған
үлгінің, суда төзімдік коэффициенті 0,7-0,8-ден кем болмауы тиіс.
Беріктігі мен жылуға төзімділігі жоғары бетон алу үшін жұмсару
температурасы жоғары битумды қолданған жөн.
Құрамы ең жақсы (үйлесімді) асфальт ерітіндіні өндіру үшін
байланыстырғыш затпен толтырылуы жəне құм дəндерінің бетін жабу
үшін, осы байланыстырғыш зат 10-15% аралығында артық алынуы
(шығындануы) қажет.
Асфальт-бетонды – асфальт ерітінді мен ірі толтырғыштардың
қосындысы ретінде қарауға болады. Бұл жағдайда бір текше метр
асфальт- бетонға кететін асфальт ерітіндінің шығыны, бетондағы ірі
толтырғыштың қуыстарын толық толтыруға жететін, əрі бетон тығыз
болуы үшін көрсетілген 10 - 15%-ке артық болуы керек. Осылай
есептелінген (жобаланған) асфальт ерітінділер мен бетон
құрамдарының үйлесімділігі (жақсылығы) іс жүзінде олардан жасалған
стандартты үлгілердің беріктігін, жылуға төзімдігін, т.б. қасиеттерін
анықтау арқылы тексеріледі. Мұнда асфальт пен қара май ерітінділері
мен бетондардың шамалы құрамдары көрсетілген.
Асфальт-бетон қасиеттеріне, цемент бетонмен салыстырғанда
температура көп əсер етеді. Мысалы, 20°С-та- асфальт-бетонның
беріктігі 2,2-2,4 МПа болса, 50°С-та ол, 0,8-1,2 МПа аралығында
болады. Қолданылатын орнына байланысты асфальт-бетондар –
жолдық аэродромдық, гидротехникалық (оның ішінде суарғыш
каналдар жасау үшін), жазық жабындық, яғни жайпақ шатыр, жасау
үшін едендік болып бөлінеді.

жүктеу 38,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау