1000В-қа дейінгі желілер үшін қорғаныс аппаратурасы
Дәрістің мазмұны:
- сақтандырғыштар және автоматты ауа ажыратқыштарының құрылысын зерттеу.
Дәрістің мақсаты:
-1000 В-қа дейінгі желілер үшін қорғаныс аппараттарын таңдау әдістемесі.
1000 В дейінгі желілер үшін қорғаныс аппаратурасы.
Сақтандырғыштар. Олар электр қондырғыларды тоқтардың қысқа тұйықталуынан қорғау үшін қолданылады; 1000 В дейінгі кең таралған сақтандырғыштар; ПР-2 жиналмалы сақтандырғыштар; НПН - құм себілген жиналмалы емес сақтандырғыш; ПН-2 - құм себілген жиналмалы сақтандырғыш.
Сақтандырғыштың негізгі типтері Iном 15 А-ден 1000 А-ге дейін болады.
Құрылымы бойынша сақтандырғышты 2 топқа бөлуге болады:
а) кварцты құммен толтырылған ( ПН-2, НПН, ПП17, ПП18);
б) толтырылмайтын (ПР-2).
Балқымалы сақтандырғыштары мынандай болып бөлінеді:
а) инерциялық - жылулық инерциясы үлкен, яғни біршама үлкен қысқа уақытты ток жүктемесіне төзімді;
б) инерциялық емес - жылулық инерциясы аз, яғни асқын жүктемеге төзімділігі шектеулі.
Сақтандырғышты таңдау шарты
Iном.пред.³ Iдл.,
Iном.вст ³ Iдл
мұндағы Iдл - есептік ұзақ уақытты ток, ол былай есептеледі
.
20 Сурет - Сақтандырғыш сипаттамасы 21 Сурет
Қосылуы жеңіл жалғыз қозғалтқышқа баратын желіні қорғағанда (станоктар, желдеткіштер, насостар, т.б)
Iвст ³ ; Iпуск=Кпуск×Iномд.
Қосылуы жиі немесе қосылу уақыты ұзақ жалғыз қозғалтқыштарға баратын желіні қорғағанда (крандар, ұнтаққағыштар, центрифугалар т.б.)
Iвст ³ .
Күштік немесе аралас жүктемені қоректендіретін магистральді қорғағанда
Iвст ³
мұнда Iкр -желінің максималды қысқа уақытты тогы.
Iкр= I/пуск+ I/дл, [Iкр= Iпуск.наиб.эп+ ],
мұнда I/пуск - бір уақытта қосылатын электр қозғалтқыштардың қосылу тогы. Бұл кезде желінің қысқа уақыттағы тогы максималды мәніне ие болады;
I/дл – бір немесе ЭҚ-ыр тобының іске қосылу моментіне дейінгі желінің ұзақ уақытты есептік тогы, А.
Пісіру аппаратына баратын желіні қорғау үшін Iном.пл.вст. келесі қатынастан таңдайды.
Iвст ³ 1,2× Iсв×
мұндағы Iсв - номиналды қосылу ұзақтығы ПВ бойынша пісіру аппаратының номиналды тогы, А.
Пісіру аппаратына баратын желінің қорғау үшін алынатын Iном.пл.вст сол аппаратқа баратын өткізгіштің Iдоп -на тең деп алуға болады.
Тармақталған магистральді желіні балқымалы сақтандырғыштар мен қорғаудың селективтілігі ток көзіне жақындаған сайын Iном.пл.вст -ның өсуімен іске асырылады. Егер келесі сатыдағы сақтандырғыштың тогы алдыңғы сатыдағы сақтандырғыштың тогынан 2 сатыға көп болса, селективтілік қамтамасыздандырылады.
Автоматты ауа ажыратқыштары
Олар қалыпты режимде төмен кернеулі тізбектерді ажырату және қосу үшін, қысқа тұйықталудан сақтау үшін қолданады.
Автоматтарда 3 түрлі ажыратқыш болуы мүмкін:
а) жылулық ажыратқыш, ол уақыт ұстамы бойынша токқа кері тәуелділігі бар биметалдық пластинкадан тұрады, ол асқын жүктемеден қорғайды (22 а сурет).
б)максималды ток ажыратқышы - (электрмагниттік) қысқа тұйықталудан немесе біршама үлкен асқын токтардан қорғайтын электр магнит (22 б сурет).
в) аралас ажыратқыш асқын жүктемеден де, қысқа тұйықталу тогынан да қорғайды (22 в сурет).
а) б) в)
22 Сурет - Автоматты ауа ажыратқыш ажыратқыштардың сипаттамалары
Достарыңызбен бөлісу: |