Агроөнеркәсіптік кешеннің сфералары
1-ші сфера
2-ші сфера
3-ші сфера
Ауыл шаруашылығы өндірісі
Өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын салалар
Ауыл шаруашылығы шикізатттарын өңдейтін сала
21-кесте. АӨК-нің сфералары
АӨК-нің жетекші саласы – ауылшаруашылығы өндірісі. Ол бүкіл АӨК өнімінің 48%-ын өндіреді, оған осы кешеннің өндіріс қорының 68%-ы тиесілі. Ауыл шаруашылығы өз кезегінде өсімдік және мал шаруашылығы болып екіге бөлінеді.
АӨК-нің екінші сферасына ауылшаруашылығы үшін өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын салалар жатады. Бұған ауылшаруашылығы машиналарын жасау (трактор, комбайн), минералды тыңайтқыштар, ауылшаруашылығы зиянкестерімен күресетін улы химикаттар, сонымен бірге мал шаруашылығы үшін құрама жем шығаратын микробиология өнеркәсіптері, ауылдық өндірістік құрылыс (құс фабрикасы, элеваторлар) жатады.
АӨК-нің үшінші сферасын ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін салалар құрайды. Бұған ішкі салаларға кіретін тамақ және жеңіл өнеркәсіптер жатады. Сонымен бірге өнімді даярлау, сақтау, ағаш ыдыстары, орау материалдарын даялау, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін тасымалдау және жеткізу кіреді.
Ресей АӨК 60-тан астам салаларды, ең алдымен ауыл шаруашылығы, тамақ және биология өнеркәсібі, ауылшаруашылықтың және автотракторлық машина жасау, химиялық тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары өндірістері, ауылшаруашылық, өнеркәсіптік және әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы, байланыс, ветеринарлық және санитарлық-эпидемиалогиялық қызметтерді біріктіреді.
АӨК құрылымы бойынша Ресейде ауылшаруашылығына тиесілі болса, ал дамыған елдерде – дайындауға өңдеу және ауыл шаруашылығы өнімдерін сату, яғни 3-ші сфераның үлесіне тиесілі.
Дамыған елдердегі агроөнеркәсіптік өндіріс құрылымын сараптау ауыл шаруашылығының берік инфрақұрылымға сүйенетінін көрсетті.
Оның технологиялық бөлімін – прогрессивті аграрлық технологиялар, машиналар, құрал-жабдықтар, тұрақты электр, газ, жылу және байланыспен қамтамассыз ету құрайды.
Капиталды қызмет сферасына - жоғары тиімді құрылыс және өндірістік, азаматтық нысандар және арригация, аумақты инженерлік қамтамассыз ету кіреді.
Өндіріс құрылымына - машиналар мен құрал-жабдықтарды лизингілеу, олардың қызметін қамтамассыз ету және жөндеу, ауылшаруашылық жұмыстарын (толық циклдан жеке жұмыстарға дейін) орындау, өсімдіктерді қорғау құралдары мен тыңайтқыштар енгізу, санитарлық-ветеринарлық, агротехнологиялық қызметтер атқару, т.б. жатады.
Қамтамассыз ету сферасына – жанар-жағар май материалдары, қосалқы бөлшектер, тұқымдық материалдармен қамтамассыз ету кіреді.
Әлеуметтік сфераға - білім, денсаулық сақтау, тамақтану және басқа кешенді қызметтер, ал қаржылық және заңдық қызметке - инвестиция, капиталды шығындар мен айналымдық құрал-жабдықтарды несиелеуге, инвестициялауға қажетті банктік кепілдеме беру, қауіпсіздендірудің барлық түрлері, аудит, адвокат қызметі және т.б. құқықтық қызмет көрсету кіреді
Алайда, инфрақұрылым – бұл іргетастың бір бөлігі ғана. Кез келген елдің ауылшаруашылығы, әсіресе Ресейдің, әртүрлі мазмұнды факторларға тәуелді екені белгілі. Ондай факторларға: топырақ құнарлылығы, климаттық жағдайлар, экологиялық жағдайы, эпидемиалогиялық жай-күйі, ауыл шаруашылығы зиянкестерінен сақтану деңгейі, т.б. жатады. Мұндай факторларға ауыл шаруашылық өндірісті автоматтандыру мен механикаландырудың деңгейін қамтамассыз ете алмау және соған лайықты еңбек өнімділігінің төмен болуы да жатады.
Осы факторлардың жиынтығы дамыған елдердің АӨК-ге қатысты саясатын анықтайды. Биліктің мемлекеттік органдары форс-мажорлық жағдайларды жою үшін белсене қатысып, бағаны реттеуге қатысты механиздерді іске қосады.
Осындай мемлекеттік саясат – АӨК іргетасының екінші бір бөлігі болып саналады. Үшінші бөлігі арнайы түсіндірмені қажет етеді. Ең алдымен, оңшыл және солшыл популистер таратып жүрген бос аңыздан арылу қажет. Бұлардың бірі ауыл шаруашылығын сауықтырудың дұрыс жолы – ұсақ фермерлік шаруашылықтарды өркендету десе, екіншілері керісінше – ірі ұжымдық шаруашылықты дамыту қажеттілігін айтады.
Дамыған елдердегі АӨК құрылымда фермерлік шаруашылық, ұсақ, орташа және ірі кооперативтер, акционерлік агроөндірістік бірлестіктер жұмыс істейді. Сонымен бірге осы фермерлік шаруашылықтар, өздерінің өндірістік мамандануына (жылыжайлық, астық дақылдарын өсіру, мал өсіретін шаруашылықтар, т.б.) сай әртүрлі көлемді ауылшаруашылық жерлерді иемдене алады (біреулерінде 1,5 га жер болса, екіншілерінде 1 мың га жер болуы мүмкін). Ал аса ірі акционерлік қоғамдардың жері бірнеше ондаған мың гектарды қамтиды. Бұл жерлер әдетте, фермерлердің меншігі немесе жал түріндегі қолданысқа болады.
Аграрлық сектор құрылымы үнемі өзгерістермен ерекшеленеді, яғни фермерлік шаруашылықтар күйзеліске түсіп, оның орнына басқа құрылымдар келуі немесе бір ұйымдастырушылық формадан екіншісіне көшірілуі ұдайы болып тұратын құбылыс.
Нарықтық қатынастарға көшкен мемлекеттерде агроөнеркәсіп шаруашылығы саласында фермерлер, шаруа қожалықтары, кооперативтер, жалгерлер, акционерлік қоғамдар т.б. жұмыс істейді. Осылардың әрқайсына қысқаша түсінік берелік.
Кооперативтер (ең алдымен ірілері) және акционерлік қоғамдар - үкімет тарапынан қолдау көрсетілген жағдайда озық технологиялар, ауылшаруашылық машиналары мен құрал-жабдықтар, асыл тұқым шаруашылық салаларының дамуына қаржы салатын және басты тапсырушылар міндетін атқаратын құрылымдар..
Акционерлік қоғам – акциялар шығарып, орналастыру негізінде келетін акционерлік капитал арқылы құрылатын, кооперативтік бірлестіктің формасы.
Шаруа қожалықтары - бұл фермерлерге ұқсас сияқты. Фермер ауыл шаруашылығының еркін тауар өндірушісі есебінде көрінсе, шаруа қожалығы бұрыннан-ақ бізде болған, өнім өндіріп келген кішігірім құрылымдар, әрі өз еңбегімен жұмыс атқарып, өнім өндіріп өзін-өзі қаржыландыратын, заңды, дербес шаруашлық.
Шаруа қожалықтардың ерекшеліктері:
1.Өз қызметін жанұя, оның мүшелері арқылы жүргізеді. Жер мемлекеттік актімен бекітіліп берілгеннен кейін, оның заңды иесі бола алады және жұмыс істейді;
2.Барлық жағынан заңды түрде мәртебе алып, өзінің атынан жергілікті органдарда өз шешімдерімен бекітіп, шарт жасасып отырады, өзінің мөрі, банкте шоты, кіріс, шығыс баланстары болады. Шаруа қожалығы басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасайтын өндіріс орны да болып табылады;
Өндірген өніміне және құрал жабдықтарына, тапқан табысына заңды түрде ие болып қожалық жасайды, сөйтіп алған дүние мүлкі актімен бекітіледі;
Өз жағдайларына , мамандандырылынғанына қарай не өндіретіндерін, қалай өндіретіндерін, қандай технологияны пайдаланатынын, алған өнімдерін қайда, кімге сататынын өздері дербес шешеді. Ол өз кірісін ,табысын өзі біліп, өзі билейді, өзі бөледі. Әкімшілік түрде ол еш кімге бағынышты емес. Сондықтан оның ішкі жұмысына ешкім араласа алмайды. Олар мемлекеттік , кооперативтік, өздері сияқты шаруа қожалығымен қолма-қол ақшалай, ақша немесе аудару арқылы қарым-қатынас жасайды;
Өз өндіріс орнында дербес жұмыс істегендіктен кеңшар, ұжымшылардың істеріне араласпайды;
Өндірілген өнімнің 70-80% тауарлығы, яғни сатылатындығы болғандықтан, оның тауарлығының жоғары екендігін көрсетеді.
Шаруа қожалығының негізгі мақсаты – шаруалардың жанұя мүшелерін азық -түлікпен қамтамасыз ету, сонымен бірге, өндірген өнімдерді сату арқылы пайда табу.
1998 жылдың 31 наурызында “ Шаруа қожалығы туралы ” Қазақстан Республикасының заңы өмірге келді. Бұл заң Қазақстан Республикасында шаруа қожалықтарын құрудың және олардың жұмыс істеуінің құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасы бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын құру үшін мемлекеттік тапсырыстың міндеттілігін жою, оның орнына экономикалық жағынан дербес тауар өндірушілер құрамын жасақтау, нарықтық инфроқұрылымын қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және басқа ұйымдармен еріктілік пен өзара тиімді негіздегі шарттық қатынастарына көшу.
Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің қуатты тұтқасы болып келген директивалық мемлекеттік тапсырыс индикативті жоспарлауға орын беруі, бұл орайда тапсырыс–ұсынысқа және шартқа айналдырылуы тиіс.
Мемлекет нарыққа шыққанда басқа да сатып алушылармен құқықтық шарт жасауы керек. Ол тауар өндірушілерге сатып алатын өнім көлемі мен түрі, сапасы, бағасы, жеңілдіктері, көтермелеу шаралары мен басқа да шарттары жайында алдынала хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: |