22-кесте. Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халықтың саны, 2010 ж. млн.адам
№
|
Аймақтар
|
Жұмыс істейтіндердің саны, млн.адам
|
ЭБХ-тың ауыл шаруашылы-
ғында істейтін бөлігі
|
Дүниежүзі бойынша ауылшаруашылығыда жұмыс істейтіндер санындағы жеке аймақтардың үлесі, %
|
1
|
Азия
|
1034
|
57,5
|
79,1
|
2
|
Африка
|
190
|
58,7
|
14,5
|
3
|
Солтүстік Америка
|
21
|
9,2
|
1,6
|
4
|
Оңтүстік Америка
|
27
|
18,8
|
2,1
|
5
|
Еуропа (Ресеймен бірге)
|
33
|
9,3
|
2,5
|
6
|
Аустриалия мен Мұхит аралдары
|
3
|
19,0
|
0,2
|
7
|
Дүниежүзі бойынша
|
1308
|
45,6
|
100
|
Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер санында үлкен айырма бар. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш - 8%, АҚШ-та - 3%, Канада -4%, Қазақстан -40%-ға жуық болса ал дамушы елдерде ол өте жоғары (6-сурет).
6-сурет. Дамушы елдердегі ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің үлесі
Адамның іс-әрекетінің барлық түрлерінің ішінде ауылшаруашылығын табиғатпен бәрінен бұрын тығыз байланысты. Дүниежүзінде ауылшаруашылығымен және оған іргелес салалары – орман шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Осы ауылшаруашылық салаларымен бүкіл дүниежүзі бойынша 900 миллион адам жұмыс істейді екен.
Ауылшаруашылығы климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлар әсерінен ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасып, дамып отырды.
Қазіргі ғылыми техникалық революция дәуірінде адамзат баласына пайдасы да, табиғатқа зияны да қатар жүргізіледі, неге десеңіз химиялық тыңайтқыштарды кеңінен әрі бақылаусыз қолдану олардың едәуір бөлігінің өзендер мен көлдерге түсуіне түсуіне әкеліп, өсімдікке, адамдардың денсаулығына зиянын тигізеді. Қазіргі кезде ғылыми техникалық революцияның дамуына байланысты зиянды химиялық қалдықтарды, қалдықсыз немесе сауатты пайдалану болып отыр.
Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің ең ежелгі және неғұрлым көп тараған саласы. Адамның шаруашылық әрекеті осыдан 10 мың жылдай бұрын пайда болды. Адам бастапқыда терімшілік пен аң аулаудан бастап, кейін өсімдік өсіру мен мал бағу бағытына ауысты. Мұндай іс-әрекеттің нәтижесінде жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдікке айналдырды және жануарларды қолға үйретті.
Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай 3 топқа ажыратылады:
Достарыңызбен бөлісу: |