|
Өнеркәсіп географиясыАгроөнеркәсіптік кешеннің құрамы мен құрылымы
|
бет | 80/117 | Дата | 22.12.2023 | өлшемі | 2,97 Mb. | | #44894 | түрі | Оқулық |
| Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы11.1.2. Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы мен құрылымы,
қалыптасуы және дамуы
XX ғасырда дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы маңызды кезең - ҒТП-ке байланысты агроөнеркәсіптік кешеннің кіріктірілуі (АӨК). АӨК-нің басты факторлары, негізінен, ауылшаруашылық шикізаттарынан дайындалған және қайта өңдеуден өткізілген тағам өнімдері мен халық тұтынатын тауарларға деген сұраныстың өсуі. Аграрлық сөзі (лат. тілінде agrarius) – жер, жерді игеру, жерді пайдалану деген мағынаны білдіреді.
XX ғасырдың екінші жартысында дүниежүзілік агроөнеркәсіптік кешен жүйесі құрылды.
Дамыған елдердің нарықтық экономикасы - агроэкономикалық кешен немесе агробизнеске негізделген маңызды сфера.
Агробизнестің пайда болуы мен дамуы ауыл шаруашылығының ғылыми-техникалық революция жағдайында өндірістің машина стадиясы мен интенсивті технологияларды қолданумен тығыз байланысты. Интенсивті технологияларды пайдалану ауыл шаруашылығының басқа өнеркәсіп салаларымен экономикалық және технологиялық жағынан байланысын нығайтып және кеңейте түсті. Осының негізінде өнеркәсіп капиталының аграрлық секторға жедел енуі агробизнестің дамуына жол ашып берді. Агроөнекәсіптік бизнес қазіргі таңда дамыған экономиканың ең жедел дамып келе жатқан динамикалық секторы болып отыр.
Агробизнес — дамыған елдердегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өнімдерін өндіруден бастап, оларды өңдеу, сақтау, жеткізу және сату, сонымен қатар техникалар шығару мен минералды тыңайтқыштарды өндірумен айналысатын агроөнеркәсіптік кешеннің формасы.
АӨК жүйесінде әлеуметтік-экономикалық қатынастарының сипаты өзгереді, бірінші орынға кәсіпкерлікке негізделген шаруашылықты басқарудың жекешелендірілген формасы мен агробизнес шығады.
Агробизнес өндірістің дамуын, өңдеу, сақтау, тасымалдау және ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтынушыға жеткізу сфераларының дамуын айқындап береді.
Агробизнес нарықтық экономика жағдайында жоғары бәсекелестікті құптайтын, экономикалық қарым-қатынасты жақтайтын, АӨК-нің құрылымын анықтайтын басты фактор болып табылады. Агробизнестің дамуы елдің азық-түлікпен қамтамасыз етілуін және халықтың әлеуметтік жағдайын жолға қояды
Агробизнестің дамуы экономиканың жалпы дамуына, жекешелендірудің барлық формаларының, агроөнімдер саясатының дамуына, дүниежүзілік нарықта АӨК-нің позициясын нығайтуға әсерін тигізіп отыр.
Экономиканың ашық типінің мүмкіндіктеріне негізделген және мемлекет тарапынан қолдау тауып отырған агробизнес өндірісі шағын, орта және ірі кәсіпкерліктер арқылы жоғары рентабельді өнім өндірісінің даму мүмкіндіктеріне және бәсекелестіктің дамуына жағдай жасайды.
Дүниежүзінде агробизнес экономиканың ең жоғары өнімді секторы болып саналады. Тек қажетті несиелеу жағдайы мен ресурстардың қайтарымдылығын, ақша айналымын қамтамасыз ету арқылы оны осындай дәреже жеткізуге болады. Бұл жөнінде шетел тәжірибелері, ондағы агробизнестің экономикалық рөлі мен перспективасы айқын көрініс тауып отыр. Біздің елімізде агробизнес экономикалық қатынастары жүйесінде өз орнын айқындай алмауда, сондықтан оны дамытуда көптеген жұмыстар жасау қажет.
Дүниежүзінде ең алғаш болып агробизнеске көшкен елдің бірі - АҚШ. Оның себебі, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы еңбек өнімділігінің жылдам артуы. Фермерлер нарықтық сұранысқа бейімделіп, сол жердің табиғат жағдайы аясында шығынды аз жұмсап, түсімді мол беретін дақылдарды таңдап алуда.
Агробизнес құрылымына:
Фирма бизнесі;
Ауыл шаруашылығына қажетті ресурстармен қамтамассыз ету;
Ауыл шаруашылығы дақылдары мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру;
Ауыл шаруашылығы өнімдерінен дайын өнімдер өндіру;
Іскерлік байланыстар;
Жоспарлау, қаржыландыру;
Ұйымдастыру және басқару;
Баға белгілеу жіне өнімді сату;
Құн белгілеу және өнімді бөлуді басқару;
Рынок және жеке сектор;
Үкіметтік бағдарламалар жатады
Өндіріс күштерінің дамуы үрдісінде қоғамдық еңбек бөлінісінің және агроөнеркәсіптік интеграцияның ұлғаюынан ауылшаруашылығы салаларымен тығыз байланысқан кешен пайда болады. Ол өз кезегінде материалдық-техникалық құралдар және өңделген ауылшаруашылығы өнімдерімен, сонымен қатар өндірістік және әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп отырады. Оның арқасында ауылшаруашылығында пайдаланылатын өнім түрлерін өндіретін салалардың саны өседі. Өнеркәсіп ауыл шаруашылығы өндірісіне көптеген тракторлар, ауыр машиналар, комбайндар, минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар өндіреді. Сонымен қатар құрылыс материалдары мен техникалары, жанар-жағар май, электроқұрылғылар және басқа да өндірістік құрылғыларын өндіру көлемі де артуда. Нәтижесінде ауылшаруашылығының негізгі өндірістік қорының 80%-на жуығы өнеркәсіптік, ал өнеркәсіптің ауылшаруашылығы өндірісіндегі материалдық шығындары 60%-дан асып кетеді. Сондықтан да ауылшаруашылығында өндірілген өнім көлемі, оның сапасы мен соңғы нәтижесі экономиканың басқа салаларымен, өнімнің номенклатурасы және сапасына тікелей байланысты болады.
Ауылшаруашылығы өндірісінің индустрализациялануы мен интенсикациялануы, қоғамдандыру деңгейінің өсуі, оның ішкі және салалааралық байланыстары дамыған елдерде агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына ықпал етті. Ауылшаруашылығымен тығыз байланысты технологиялық және экономикалық салаларда негізінде барлық звенолары халық шаруашылығымен тығыз байланысқан бірегей өндірістік құрылым пайда болды.
АӨК-нің пайда болуы қазіргі заманға сай қоғамдық өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісін көрсетеді. АӨК-нің құрылымы мен функциялануы өндіріс процестерінің мамандануы, кооперативтендіру мен диверсивикациялануына негізделеді. Мұндай үрдіс макроэкономикаға тән үрдіс болып табылады. Сондықтан АӨК-нің функционалдық және салалалық құрылымдық бөліп көрсетуге болады.
АӨК-нің құрылымы негізгі кешендік болып табылып 6 функционалдық кезеңдерден тұрады (5-сурет):
5-сурет. АӨК-нің функционалдық құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|