Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет58/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

7.4. Ауыл шаруашылық машиналарына жасау
Оған жер жыртатын, дән себетін, топырақ тегістейтін тракторлар, егіншілік пен мал шаруашылығына қажетті жай және күрделі машиналар жатады.
Қазіргі кезде ең жақсы автоматика телемеханика құралдарын, электронды есептеуіш техникасын жасайтын өндірістердің және көптеген жаңа салалардың автомобиль, астық оратын комбайн т.б. жедел дамуын іске асыру міндеті тұр. Бағдарламада мұнай-газ өндіретін, тау-кен металлургиясы мен энергетикалық кешендерге арналған құрал-жабдықтар шығаратын, сондай-ақ көлік және ауыл шаруашылығы машиналарын жасайтын құрал-жабдықтарды шығаратын машина жасау салаларын дамытудың негізгі бағыттары анықталды.
Сондықтан қазіргі кезде шетелдермен бірлескен кәсіпорындар көптеп салынуда. Шетелдердің озық технологиясын пайдалана отырып, салынған кәсіпорындар соңғы 1-3 жыл ішінде нәтиже бере бастады.
7.5. Аспаптар мен құрал-жабдықтар жасау
Жапонияда құрал-жабдықтар мен өндіріске қажетті машина түрлерін шығаруға маманданған жалпы машина жасау да күшті дамыған. Бұл саланың кәсіпорындары негізінен Тынық мұхит жағалауындағы өнеркәсіптік белдеуде шоғырланған, бірақ жеке аудандардың мамандану бағыттары айқын байқалады. Мәселен, Токио маңында сандық бағдарламамен басқарылатын станоктар тәрізді күрделі құрал-жабдықтар, Нагояда неғұрлым қарапайым өнеркәсіп станоктары жасалынады, ал Осака ауданы металды көп қажет ететін ауыр машина жасауға маманданған. Жапония өнеркәсіп роботтарын шығарудан және оларды өндірісте пайдаланудан әлемде 1- орын алады. Жапонияда өндіріс барысын толығымен роботтар қадағалайтын бірнеше тәжірибелік кәсіпорын бар.
Италияның машина жасау саласы әртүрлі өнеркәсіп салаларына қажетті машиналар мен жабдықтарды жасауға да төселген. Әсіресе, пластмасса өңдеу мен резина өндіру, тоқыма, аяқ киім, тамақ өнеркәсібі мен полиграфияға қажет жабдықтарды жасау елдің халықаралық дәрежеде маманданған саласы болып табылады. Италияның үлесіне дүниежүзілік станок өндірісінің 8%-ы тиесілі. Кеңсе құрал-жабдықтарын шығаратын “Оливетти” фирмасының өнімдері дүниежүзінің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстан тұтынушыларына да танымал. Құрал-жабдық шығаратын кәсіпорындардың басым көпшілігі өнеркәсіптік Солтүстікте шоғырланған.
Жалпы машина жасау шаруашылықтың барлық саласына қажетті құрал-жабдықтар жасау мен күнделікті тұрмыста қолданылатын машина өнімдерін (сағаттар, тоқыма және тігін машиналары, т.б.) шығаруды қамтиды. Мұнда бірнеше данадан ғана (атом реакторы, металлургия комбинаттарының жабдығы) шығарылатын күрделі, қымбат жабдықтан бастап, саны миллиондап есептелетін жаппай өнімдерге дейін өндіріледі. Бұл сала бойынша дүниежүзінде АҚШ, Германия, Жапония алдыңғы орын алады. Кейбір елдердің айрықша маманданған салалары бар: Швейцария сағат өндірісіне қажетті өте дәл станок жасауға, Жапония мен Оңтүстік Корея аса ірі станок жасауға маманданған.


7.5. Станок, аспаптар мен құрал-жабдықтар жасау
Станок жасау. Бұл машина жасаудың металл өңдейтін және ағаш өңдейтін станоктар, автоматты және жартылай автоматты линиялары, ұста-пресс және құю жабдығы (кең қолданылатын термин – «станоктар мен ұста-пресс жабдығын өндіру») жасалатын саласы.
Осы саланың өнім өндіруінің кеңейіп келе жатқан географиясына қарамастан, өндірістің жекеше шоғырлану дәрежесі бұрынғысынша жоғары. Ал жоғары дамыған елдер үшін халықаралық еңбек бөлінісінде өнімнің ерекше күрделі, қымбат тұратын түрлерін шығаруға мамандану тән. Қарапайымырақ, бұқаралық станок жабдығын өндіру Италия, Испания, Шығыс Еуропаның постсоциалистік елдері, сонымен қатар кейбір Азия елдері үшін тән. Қазіргі уақытта осы салалар бойынша Қытай, Корей Республикасы және Тайванда осы саланың АҚШ (құндық көрінісінде) өнімдерінің сапасына сай өнім өндіреді. Станок жасау өнімдерін шығару басқа дамыған елдерде де, бірінші кезекте Үндістанда, Бразилияда, Мексикада да өсіп келеді.
Әлемдік станок жасаудың көшбасшылары болып Жапония, Германия Федеративтік Республикасы, Италия, Қытай, Тайвань аралы, Америка Құрама Штаттары, Швейцария, Оңтүстік Корея, Испания, Ұлыбритания, Франция болып табылады. Бұл ретте тек үш елдің өзіне (Жапония, Германия және АҚШ) станоктар мен ұста-пресс жабдығының жалпы әлемдік көлемінің 50%-ға жуығы келеді.
Станок жасау өнімдерін шығару бойынша ірі аймақтардың арасында көшбасшы болып бұрынғысынша Батыс Еуропа (әлемдік өндірістің 40%-ға, оның ішінде тек ГФР үлесі - 20% жуық) табылады, екінші орында – Азия аймағы (30%-дан астам, оның ішінде 20%-ы Жапония үлесіне келеді). Шығыс Еуропа елдерінің (Ресейді қоса отырып) үлес салмағы соңғы 10-15 жыл ішінде 1%-ға дейін қысқарды. 1990 жылы оларға осы сала бойынша әлемдік өндірудің 15,5%-дан астамы келді. Қазіргі кезде Ресей үшінші ондықтан көрініп отыр.
Әртүрлі мақсаттағы станоктар (металл өңдейтін жабдық) қазіргі уақытта сандық және бағдарламалық басқаруы бар жүйелермен, сенсорикамен, диагностика, мониторинг жүйелерімен жабдықталады. Мысалға алар болсақ, автоматтандырылған жабдық өндіру үлесі токарь станоктары өндірісінің 80%-ына жуығын құрайды. Ұста-пресс жабдығын өндіруде механикалық және гидравликалық штамптау пресстері басым, бірақ өндірістегі сандық және бағдарламалық басқаруы бар және лазерлі техниканың үлесі артып келе жатыр.
Станок жасау өнімдерін экспорттаудағыалдыңғы қатарлы елдер –Жапония, ГФР, Италия, Швейцария. Аса ірі импорттаушылар Америка Құрама Штаттары, Германия Федеративтік Республикасы, Қытай, Франция, Канада болып табылады. Станок жасау өнімдерінің әлемдік нарығында тек 10-ға жуық елде экспорты импорттан (өнімнің құны бойынша) асып түседі.
Өнеркәсіп роботтарының әлемдік нарығында көшбасшы ел Жапония болып отыр (50%-ға жуық). Одан кейін Америка Құрама Штаттары, Германия Федеративтік Республикасы, Италия, Франция, Ұлыбритания алдыңғы орынды алады. Өнеркәсіп роботтарын жасау өндірістік процесті автоматтандыруды (қызметкерлерді роботтармен алмастыруды) ынталандыратын жұмыс күшінің құны елеулі әсерін тигізеді. Әдетте, жұмыс істеп тұрған роботтардың тығыздығы жұмысшы күші қымбатырақ елдерде жоғарырақ болып келеді. Мысалға, Францияда жұмысшының (оператордың) сағаттық еңбекақысы 2000 жылы 135 франк құрады, ал бір роботты пайдалануға кететін шығындар – сағатына 73,5 франк болды. Соңғы онжылдық ішінде ғана батыс елдеріндегі жұмысшы күшінің құны 45%-дан аса өсті, ал өнеркәсіп роботтарына деген орташа баға 40%-ға қысқарды. Бұл робот техникасын пайдаланудың рентабельділігінің артқандығын дәлелдейді.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау