Өнеркәсіп географиясы


Жеңіл автомобиль көліктерін шығарушы көшбасшы елдер (1970-2006 жж.), мың дана



жүктеу 2,97 Mb.
бет57/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Жеңіл автомобиль көліктерін шығарушы көшбасшы елдер (1970-2006 жж.), мың дана





Мемлекет

1970 ж.

Мемлекет

1990 ж.

Мемлекет

2006 ж.

1

АҚШ

6550

Жапония

9948

Жапония

9757

2

ГФР

3528

АҚШ

6077

ГФР

5399

3

Жапония

3179

ГФР

4661

Қытай

5233

4

Франция

2458

Франция

3295

АҚШ

4366

5

Италия

1720

Италия

1971

Корея Республикасы

3489

6

Ұлыбритания

1641

Испания

1916

Франция

2723

7

Канада

940

Ұлыбритания

1296

Испания

2078

8

Бельгия

734

Бельгия

1185

Бразилия

2092

9

Испания

450

КСРО

1085

Үндістан

1473

1

КСРО

344

Корея Республикасы

987

Ұлыбритания

1442




Дүние жүзі бойынша

23800




37600




49900

Шығыс Еуропа елдерінде 90-шы жылдары автомобиль шығару қарқыны біршама баяулады. Қазіргі кезде осы аймақтарда дамыған елдердің автомобильдерінің әртүрлі үлгілерін құрастыру жүзеге асырылуда.


Автомобильдерді әлемдік өндіру құрылымының өз ерекшеліктері бар. Автомобильдерді әлемдік шығаруда жеңіл автомобильдердің жоғары үлесі тұрақты сақталып отыр (70%-дан астам – 50 млн дана дерлік, 2006 ж.). бұл ретте елдер бойынша автомобиль өндіру құрылымында үлкен айырмашылықтар сақталып келеді. Мәселен, дамыған тау-кен өндіру өнеркәсібі бар елдерде – Қытайда (50%-дан аса), АҚШ(60%-дан аса), Канадада (50%-ға жуық), Үндістанда (25%-ға жуық) жүк автомобильдерінің үлесі жоғары. КСРО-да, 1970-ші жылдардың басына дейін жүк және жеңіл автомобильдер шығарудан асып отырды (1950 жылы – 85%-дан аса, 1965 жылы – 65%-дан аса).
Жеңіл жүк автомобильдерін шығаруда (16 млн дана, 2006 ж.) әлемде АҚШ, Қытай, Канада, Жапония, Мексика, Таиланд, Испания, Франция, Бразилия, Оңтүстік Корея көш бастап келеді. Ауыр жүк машиналарын (жүк көтергіштігі 5 тонна – 3,2 млн дана) өндіру бойынша бүгінгі таңда әлемдік көшбасшылар - Жапония, Қытай, АҚШ, Үндістан, Германия, Бразилия, Испания, Индонезия, Мексика, Ресей. Автобустар шығару бойынша әлемдік көшбасшылардың арасынан Қытай (әлемдік шығарудың 40%-ға жуығы), Америка Құрама Штаттары, Бразилия, Ресей, Оңтүстік Корея, Жапония, Германия жетекші орын алады.
Жеңіл автомобильдер. Жеңіл автомобильдер шығарудың үш негізгі: азиялық, американдық және батыс еуропалық аудандар. Автомобиль - халықаралық сауданың негізгі тауарларының бірі болып табылады. Автомобильдерге және оларға жинақтаушы бөлшектерге өнеркәсіп тауарлары саудасының 12%-ға жуығы (немесе әлемдік экспорттың жалпы көлемінің 5%-ға жуығы) келеді.
Германия, Жапония, Италия, Испанияда автомобильдердің 40-60%-ға жуығы, ал Швеция, Бельгия, Австрияда – 80-95%-ы сыртқа шығарылады. Мысалға, Бельгиядағы саланың «экспорттық» көрсеткіші ГФР, Франция, Жапония, осындай көрсеткіштен асып түседі.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ өндірістік қуатты жүк автомобильдерін шығару үшін пайдаланды. Ал Жапония экономикалық өсуде автомобильдердің өзіндік ішкі нарығын құруға мүмкіндік берді (1973 жылдың өзінде-ақ әлемде автомобиль шығару бойынша екінші орын алып отырды – 7 млн дана).
70-ші жылдардың басындағы әлемдік мұнай дағдарысы және басқа да дағдарыстар әлемнің автомобиль нарығын үнемді және арзан автомобильдерге қарай бұрды.
Қытайда автомобиль жасау жылдам қарқындармен дамып келеді. 2006 жылы Қытай автомобильдер шығару бойынша әлемдегі үшінші ел және жеңіл автомобильдерді сатудың сыйымдылығы бойынша екінші орында. Қытай автомобиль жасаушылар қауымдастығының мәліметтеріне сәйкес, елде 2006 жылы 7,28 миллион автомобиль, ал 2007 жылы 8,5 млн автокөлік құралын шығарған. Тек бір ғана қытайлық «Тяньцзин-Бірінші автозауыт» автомобиль жасау компаниясының өзі ғана 2007 жылы Ресейге «Вэйчжи» жеңіл автомобильдерінің 5 мың данасын жеткізуге келісім-шарт жасаған. Қытай шетел нарықтарын игеруге аса зор көңіл бөлуде.
Соңғы онжылдықтардаавтомобильдендіру деңгейі бойынша әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтары ерекшеленіп отыр.
АҚШ-тағы 125 қалада автомобиль шығарылады. Әсіресе, Детройт қаласы ерекше көзге түседі, оны “автомобилдер астанасы” деп те атайды. Мұның өзіндік тарихы бар. 1896 жылы Детройт маңындағы Дирборн қаласында Генри Форд өзі жасаған автомобильді көпшілік назарына ұсынды. Ол алғаш рет автомобильді конвейерлік әдіспен шығаруды игеріп, “Форд моторс” автомобиль компаниясын ұйымдастырды. Қазіргі кезде бұл кәсіпорын дүние жүзіндегі ірі ұлтаралық концернге айналды: бұл компанияның құрамына енетін кәсіпорындарды әлемнің әр түкпірінен кездестіруге болады. АҚШ-тың автомобиль жасау саласында әйгілі “Дженерал моторс”, “Крайслер” корпорацияларының да өзіндік орны бар.
Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде ГФР машина жасау өнеркәсібімен көзге түседі. Металды көп қажет ететін машина жасау кәсіпорындары негізінен қара металлургия орталығы Рур ауданына жақын орналасқан. Ал дәл машина мен прибор жасау, радиоэлектроника кәсіпорындарының орналасуы кәсіптік шеберлігі жоғары еңбек ресурстарына бағдарланған. Машина жасау саласындағы басты монополиялық концерндер қатарына “Даймлер-Крайслер” (“Мерседес” автомобильдері мен аэроғарыштық техника өндірісі), “Фольксваген”, “БМВ” (автомобиль жасау), “Сименс” (электроника, электр техникасын жасау), “Дойче телеком” (ақпарат тарату техникасы), “Бош” (электр техникасын жасау) жатады. Жеңіл автомобиль жасаудан Германия дүниежүзінде Жапония, АҚШ-тан кейін 3-ші орын алады. Елдің автомобиль фирмалары жылына 5,5 млн. жеңіл, 0,3 млн. арнайы және жүк автомобильдерін шығарады.
Автомобиль, кеме және локомотив жасау салалары күшті дамыған. Мадрид, Барселона, Вальядоли қалаларында шетелдік “Фиат”, “Рено”, “Фольксваген,” “Крайслер” компанияларының автомобиль заводтары орналасқан. Испания автомобиль жасаудан дүниежүзінде 6-орын алады. Жылына 2 млн.-нан артық автомобиль шығарылады, оның 3/4 жуығы экспортқа жіберіледі. Экспортқа шығарылатын тағы бір өнім түрі - аса жүрдек испан поездары. Мұнда АВЕ және ТАЛЬГО поездары жасалынған, оларды тек Еуропа мен Азия елдері ғана емес, АҚШ та сатып алған. Қазақстанда да аса жайлы испан вагондары жоғары бағаланады.
Елде 30-ға жуық кеме жасау компаниясы мен 40 фирма жұмыс істейді, олар негізінен солтүстіктегі Бильбао, Хихон порттарында, шығыстағы Барселона, Картахена, Валенсия қалаларында және Балеар аралдарында орналасқан.
Көлік машиналарын жасау автомобиль, аэроғарыштық өндіріс пен кеме, теміржол көлігін жасауды қамтиды. Көлік қолданылуы жөнінен азаматтық және әскери мақсаттағы машиналар болып жіктеледі. Шығаратын өнімінің саны (жылына 45-50 млн дана) құны және сериялылығы жөнінен автомобиль жасау алдыңғы орында, бұл өнімге сұраныс дүниежүзі бойынша тұрақты өсу үстінде. Жалпы автомобиль өндірісінің ¾-і жеңіл автомобиль үлесіне тиесілі .
Барлық өнімнің 25%-ын жүк машиналары, арнайы (медициналық, өрт сөндіру, полициялық) автомобильдер мен автобустар құрайды (бұл көрсеткіш елдер бойынша айырмашылық жасайды).
Кеме жасау. Бұл көліктік машина жасаудың көне және аса маңызды салаларының бірі. Әсіресе, халықаралық жүк тасымалдарындағы теңіз көлігінің рөлі орасан зор. Сала өнімдерінің түрлері алуан түрлі. Жыл сайын суға мамандандырылған жүк кемелері (мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған танкерлер, құрғақ жүк тасымалдайтын кемелер, контейнер тасымалдайтын кемелер), туристік (круиздік) жолаушы лайнерлері және т.б. түсіріледі. Дүниежүзілік шаруашылық үшін маңызды балық-консерв жүзу платформаларын, ғылыми-зерттеу кемелерін, кеме-паромдар, теңіз бұрғылау платформаларын және т.с. тұрғызу ие. 2000 жылы жалпы тоннажы 17 млн брутто регистрлік тонна болатын 1500-ге жуық кеме пайдалануға берілді. Салыстыру үшін: 1950 жылы суға түсірілген кемелердің жалпы тоннажы бар болғаны 3,5 млн брутто регистрлік тонна еді.
Ірі аймақтар деңгейінде кеме жасаушы елдердің үлес салмағының өзгеруі байқалады. Еуропа елдері аталған саладағы көшбасшы орнынан айырылды (Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін Батыс Еуропа елдерінде кеме өндіру үлесі - әлемдік тоннаждың 75%-ынан астамы, бұл ретте тек Ұлыбританияның ғана үлесіне 30%-ға жуығы келетін). Әлемдік кеме жасаудағы қазіргі уақыттағы негізгі продуцент аймақ Азия (80%-ға жуығы) болып табылады. Батыс Еуропаның кеме жасау компанияларының үлесі Азия елдерімен салыстырғанда азаюда.
Қазіргі кезде кеме жасаудағы көшбасшылар Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай болып табылады. Олардан кейін ГФР, Италия, Нидерланды, Польша. 2005 жылы тек Қытай верьфтерінде ғана су сыйымдылығы 12 млн тонна кемелер тұрғызылды және Қытайдың әлемдік кеме жасаудағы үлесі 18% (2003 жылы – 6,4 млн тонна немесе 12%; 2004 жылы - 8,5 млн тонна немесе 15%).
Осылардың ішінде Ресейлік кеме жасаушылар соңғы 15-20 жыл ішінде Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай әлемдік тапсырыстарды өзара бөліп алып, кеме жасауды дамытуда орасан зор жетістікке жетті. 2006 жылы жаңа кемелерге деген тапсырыстардың әлемдік портфелінде (тек дедвейтті немесе кеменің толық жүк көтергіштігін ғана емес, техникалық жарақтандырылу деңгейін де ескеретін, коррекцияланған тоннаж көрсеткіші бойынша) Оңтүстік Кореяның үлес салмағы 38%, Жапонияның үлес салмағы - 25%, Қытайдікі - 15-18% шамасында болды. Еуропа Одағы елдерінің үлесі тек 2000 жылдан бастап-ақ 22%-дан 12%-ға дейін қысқарды. Кеме жасау көптеген дамып келе жатқан елдерде, оның ішінде Бразилияда, Тайвань аралында, Үндістанда, Аргентинада, Мексикада және т.б. елдерде дамып отыр.
2006 жылы әлемдік верьфтерде 100 млрд доллардан астам сомаға жаңа кемелер тұрғызуға тапсырыстар жасалды. Тапсырыстардың көпшілік бөлігі мұнай танкерлеріне қатысты, өйткені компаниялар 2010 жылы күшіне енетін, Халықаралық теңіз ұйымының бір корпусты мұнай танкерлерін пайдалануға тыйым салуға байланысты өз флоттарын модернизациялауға ұмтылуда.
Алынған тапсырыстардың көлемі бойынша әлемдік көшбасшылар ретінде танылған 10 кеме жасау фирмаларының арасында – жеті Оңтүстік Корея фирмасы (бірінші орынды «Хендэ Хэви Индастриз» алып отыр) тұр, сегізінші және тоғызыншы орында қытай компаниялары, ал ондықты жапон компаниясы иеленеді. Қытай Оңтүстік Корея, Жапония және Даниядан кейінгі аса ірі контейнер тасымалдағыш кемені өз бетінше жобалауға және құрастыруға қабілетті төртінші ел болып табылады. 2007 жылы Қытайда суға түсірілген мегаконтейнер тасымалдағыштың ұзындығы 334 м, ені – 43 метр, оның суға отыруы 24,8 м, ал жүк көтергіштігі – 101 мың тонна құрады.
Үндiстан, Еразилия, Аргентина, Мексика, Иран, Тайланд локоматив шығарумен ерекшеленеді. Жүк тасымалдайтын машиналар шығаруда АҚШ, Жапония, ТМД елдерi, Ресей, Канада алдыңғы қатарлы елдер болып саналады.
ТМД елдерiнде машина жасау кешенiнің үлесiне өнеркәсiп көлемi бағасының 30%-ы келедi. Жетекші орынды Ресей, Украина және Белоруссия алады.
Машина жасау кешенінің құрылымы аса күрделі. Мұнда жаппай экспортқа бағдарланған кеме және автомобиль жасау тәрізді байырғы салалармен қатар ең жаңа, ғылымға негізделген салалар дамуда.
Машина жасау кешені жалпы өнеркәсіп өнімінің 44%-ын береді, оның 20% радиоэлектроника мен электр техникасын жасау өнеркәсібіне тиесілі.
Соңғы жылдары өндіріс қарқыны баяулағанымен, Жапонияның автомобиль өнеркәсібі өнім көлемі жөнінен дүние жүзінде 1-ші орын алады, оған әлемдік автомобиль экспортының 14%-ы тиесілі. Автомобиль зауыттарында жылына 10 млн. шамасында автомобиль жасалады, оның 8 млн-нан астамы жеңіл автомобильдер. Өндірісте ғылым мен техниканың ең соңғы жаңалықтары пайдаланылады, сондықтан әлемдік нарықта “Тойота”, “Ниссан”, “Хонда” концерндерінің автомобильдері америкалық және еуропалық үлгілермен бәсекелесе алады. Қазақстанда да жапон автомобилдері үлкен сұранысқа ие, еліміздің ірі қалаларында жапондық автомобиль концерндерінің өкілдіктері жұмыс істейді.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау