Тақырыбы: Теңселмелі-станок электр қозғалтқышының басқару аппаратуралары



жүктеу 3,31 Mb.
Дата01.12.2017
өлшемі3,31 Mb.
#2504
түріСабақ

Кенесова Айгуль,

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің арнайы пән оқытушысы

Жаңаөзен қаласы ,Теңге кенті


Тақырыбы: Теңселмелі-станок электр қозғалтқышының басқару аппаратуралары

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға электр козғалтқыштың басқару аппаратура түрлерін, өндірістегі маңыздылығын түсіндіру. Тереңдік-сораптық қондырғысы туралы игерілген білімдерін бекіту, нақтылау.Әрбір оқушының ой- өрісінің терең дамуына ықпал ету.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін практикалық

мақсатта қолдана білу

Тәрбиелік: Ой өрісін кеңітіп, білімді арттыра білуге, электр тогының

адам денесіне әсері және адам өмірінің қауіпсіздігін сақтау ,

достық адамгершілік қасиеттерін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекі құралдары: слайд, карточка, тест карта,макет.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Физика, математика , сызу.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру – топ басшысының мәліметі.

Оқушыларды сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру.

II.Үй тапсырмасын қайталау:



  1. Тереңдік сораптық қондырғысының элементтері

  2. Тереңдік сораптық қондырғысын электр энергиясымен қоректендіру

  3. КТПН – 6/0,4 дегеніміз не?

  4. Трансформатор дегеніміз не?

  5. Электр қозғалтқышының жұмыс жасау режимдері, әрбір режимге қысқаша түсініктеме



Асинхронды электрқозғалтқыш құрылысы




19 20 18 9 7 5 24 4 10 11


  1. Статор

  2. Статор орамасы

  3. Маңдай қақпақшасы

  4. Артқы қақпақша

  5. Ротор

  6. Ротор білігі

  7. Кілтек

  8. Артқы мойынтірек

  9. Мойынтіректің иректі шығыршығы

  10. Желдеткіш

  11. Желдеткіш қаптамы

  12. Барно төсемесі

  13. Барно негізі

  14. Барно қақпағының төсемесі

  15. Барно қақпағы

16, 17. Барно клемнигі

18. Барно нығыздауышы

19. Нығыздауыш сақыйна

20. Нағыздауыш резеңке

21, 22. Аралық төсеніш темір

23. Статор тұрқы

24. Желдеткіштің тоқтатқыш сақинасы



Асинхронды электрқозғалтқыштың техникалық сипаттамасы
Кернеуі 3 фазалы 380/660 Вольт

Жалғану сызбасы ∆ /


Қуаты 30 кВт
Айналым жиілігі 1000 айн/минут
Номиналды тоғы 60 Ампер
Пайдалы әсер коэффициенті 91%
cos φ 0,89
Айнымалы тоқ жиілігі 50 Герц
Салмағы 265 кг
III.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Теңселмелі станок электр қозғалтқышын басқару блогы - БГШ-3М, 4М, 5М

  2. Қозғалтқышты қорғау құрылғысы УЗЭД – 1

1.Өндірісте теңселмелі станок электр жетегін басқаруға арнайы басқару блоктары шығарылады. Бұрынғы кезде БГШ сериясының орнына БУ – 3М, 4М, 5М (сурет – 1) блоктары шығарылған. БГШ блоктары токтың өздігінен жіберілу және тіпті өздігінен жіберілу болмаған жағдайда қолданылады. Негізгі тізбекте (А1 – ажыратқыш ) номиналды ток күші бойынша 15, 20, 40 және 100 А бөлінеді. Құрылымдық орындалуы метал шкафы, ылғал және тозаңнан қорғалған түрінде, ашық ауада орнатылған.

Шкафта барлық аппаратурасы орнатылады. Шкаф сыртында ұстағышы бар жетек орнатылады, А1 автоматты ажыратқышын қосуға. Шкаф қапталында универсалды жұдырықша УП ауыстырып қосқыш ұстығышы шығарылған, осында ШР штепсельді ажырайтын қосылыс - жылжымалы электрленген инструменті қосуға және В1 пакетті ажыратқыш ұстағышы.

А1 автоматты ажыратқышы электрмагнитті ажыратқышпен қозғалтқышты қысқа тұйықталу тоғынан қорғау және блокты қарау және жөндеу кезінде ажыратуға.А2 автоматы ажыратқышы жылжымалы электрленген инструменті қысқа тұйықталу тогынан қорғайды. Қозғалтқышты басқару УП ауыстырып қосқышпен іске асырылады.

Қозғалтқышты қолмен қосуға блокта А1 ажыратқышқа қосылғаннан кейін УП ауыстырып қосқыш шеткі оң қалпына қосылады, бұл жағдайда оның 1 – 1 және 2 – 2 түйіспелері тұйықталады.КЛ контактордың катушкасы уақыт ұстамдылығысыз қоздырылып, КЛ негізгі түйіспелері қозғалтқышты торапқа қосады.

Ауыстырып қосқыш ұстағышыны жібергенде, бұрынғы қалпына келеді, 1 – 1 түйіспелер ажыратылып, 2 – 2 тұйықталған және қозғалтқыш қосылған күйінде болады. Қозғалтқыштың жұмыс кезінде кернеу жоғалуы немесе төмендеуі болса, қозғалтқыш тораптан ажыратылады, КЛ катушкасінің қоректендіруі тоқтатылады. Кернеуді қайта беру кезінде РВ катушкісі қоздырылып, РВ түйіспесі тұйықталып, КЛ катушкісіне тоқ беріледі. Теңселмелі – станок қозғалтқышы торапқа қосылып, өздігінен қосылу іске асырылады.РВ катушкісі Кл қосымша түйіспесімен ажыратылады. РВ түйіспесі ажыратылып, бірақ КЛ катушкісі тоққа қосылған күйінде болады.

Электр қозғалтқышы ажыратуға ауыстырып қосқыш ұстағышы сол жақ қалпына келтіреді. Оның екі түйіспесі ажыратылып, КЛ катушкісі ажыратылады және электр қозғалтқышы тораптан ажыратылады.Дистанционды басқаруға УП диспетчерлік пунктен, электр қоғалтқышын басқару ДУ аппаратымен іске асырылады.

Скважинаның апаттың жағдайында (штанга, ток үзілу т.б.) ИМВ инерционды магнитті ажыратқыш қосылады, Р2 түйіспесі қозғалтқышты ажыратады. Апапттың жағдай жойылғаннан кейін Р2 бұрынғы қалпына А1 – келтіріледі. Р2 тұйықталып КЛ – қозғалтқышы қосады. Р3 фаза үзілуінен қорғайды.


Сурет – 1. Теңселмелі станок электр қозғалтқышын БГШ басқару блогының схемасы.

а) жергілікті және диспетчерлік пунктен басқару, өздігінен қосылу

б) скважина коллекторындағы қысымға байланысты автоматты басқару

в) периодты пайдалану режимінде автоматты басқару



БУ ШК-2М басқару блогы

Теңселмелі станоктарға орнатылған электр қозғалтқыштардың жұмысын басқару үшін және оларды артық жүктемеден, қысқаша тұйықталу тоғынан, кернеуге қатысты апаттық жағдайлардан қорғау үшін қолданылады



БУ ШК2М басқару блогының

техникалық сипаттамасы
Кернеуі 3 фазалы 380 Вольт
Арналған эл. қозғалтқыш қуаты 30 кВт
Күштік тізбегінің номиналды тоғы 60 Ампер
Айнымалы тоқ жиілігі 50 Герц
Жұмыс режимі қолмен / автоматты
Өлшемдері ені 425 мм

ұзындығы 725 мм

биіктігі 885 мм
Салмағы 55 кг

Сурет – 2.Басқару блогының принципиалды электрлік сызбасы.

УЗЭД – 1 қозғалтқышты қорғау құрылғысы – ЭҚ статорлық орамдарын қорғауға арналған. 0 – 6 шамадағы қосқышпен жұмыс жасайтын және келесі апаттық режимдер пайда болғанда , апат себебін индикациялау.

а) 220/380 немесе 6000-10000 В айнымалы тоқ үш фазалы тораптың кез-келген фазасының үзілуі

б) ұзақ технологиялық асқын жүктелуі

в) электр қозғалтқышы роторының сыналау

г) электр қозғалтқышының дұрыс емес жіберілуі және тежелуі

Электр қозғалтқышының қорғанысы – магнит қосқыш Т-0,66 У3 тоқ трансформаторы немесе Т-0,66 У3 тоқ көрсеткіштерімен бірге қолданылады.


IV. Жаңа тақырыпты бекіту.

  1. Теңселмелі станок ЭҚ қолданылатын басқару блоктары

  2. БГШ блогының қолданылуы, түрлері

  3. УЗЭД – 1 қызметі

  4. Схемадағы ТА1, ТА2, ТА3 дегеніміз не?

  5. Қорытынды.



жүктеу 3,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау