Электронды индустрия – бұл қазіргі машина жасаудың ғылымды ең көп қажет ететін саласы. Электрониканың ең қымбат тұратын өнімін Америка Құрама Штаттары, Жапония фирмалары және Батыс Еуропа елдері шығарады. Бұл ретте электронды өнеркәсіп бірқатар елдердің, бірінші кезекте Азиялық «Жаңа индустриалды елдердің» (Сингапур, Корей Республикасы, Тайвань аралы, Малайзия және т.б.) машина жасау кешенінде жетекші орын алды. Бұл сала Қытайда жылдам қарқынмен дамуда.
Қысқа мерзім ішінде электронды индустрияда жоғары маманданған ғылыми мекемелер, кәсіпорындар, фирмалар, қуатты трансұлттық компаниялар құрылды. Өндірістің орналастырылуына біліктілік деңгейі әртүрлі еңбек ресурстарының болуы, сонымен қатар ғылыми орталықтардың жақындығы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-контсрукторлық жұмыстардың дамығандығынан болып отыр.
1947 жылы транзистор ойлап табылып, одан соң тұңғыш электронды-есептеу машиналары пайда болды. 1959 жылы жартылай өткізгіш материалдың бірыңғай қабатында байланыстырылған бірнеше транзисторлардан тұратын алғашқы интегралдық сызбалары жасалды. Одан кейінгі жылдары электронды құрамдас бөліктерді жасау мен байланыстыру жөнідегі өндірісте шығындар бір микросхемада орналастыруға болатын құрамдас бөліктердің артуымен күрт өсті. Өндірістік процесті дәйекті түрде жетілдірудің нәтижесінде күн өткен сайын шағын және арзан, бірақ бұл ретте қуаттырақ құрамдас бөліктерді байланыстыру мүмкін болды.
1972 жылы алғашқы микропроцессор бір микросызбада орналастырылған қарапайым компьютерлердің негізгі элементі жасап шығарылды. Одан кейін ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласындағы жетістік есептеу техникасының қуаттылығы мен электронды-есептеу операцияларының арасындағы арақатынастың үнемі өсуінің, сандық жүйелердің кеңеюінің және әртүрлі байланыс арналары бойынша ақпарат беру жөніндегі шығындардың төмендеуінің есебінен күш ала бастады.
Электронды өнеркәсіп тауарларының әлемдік нарығы. Электронды өнеркәсіп тауарларының әлемдік нарығының рөлі зор. Өнім өндіруші жетекші елдердің (Америка Құрама Штаттары, Жапония, Еуропа елдері) ауқымды ішкі нарыққа ие болып отырғандығына қарамастан, әлемде шығарылатын электронды өнеркәсіп тауарларының кемінде үштен бір бөлігі әлемдік нарыққа келіп түседі. Бұл ретте ең ірі продуцент-фирмалар арасында өздерінің сапалы өнімін сату үшін бәсекелестік қарқынды жүруде.
Компаниялардың бір мезгілде электронды жабдықты құрастыруды жүзеге асыратын дистрибьюторлар, субжеткізушілер және сатып алу қызметтеріне жаҺанданудан нарық деңгейіне дейін көтерілуде. Құрамдас бөліктерді пайдаланатын елдерде «өнім сату нарығы» деген ұғым қабылданған. Бұл нарық осындай құрамдас бөліктерді сатып алу немесе сату жүзеге асырылған нарыққа қарағанда өзгеше болып келеді. Бүгінде қандай да болсын бір құрамдас бөлікке кәсіпорынның, мысалға, Францияда тапсырыс беріп, Нидерландыдағы банк шотынан ақы төлеп, Ұлыбританияға жөнелтіп және ақыр соңында оның Ирландияда қолданыс табу жағдайы байқалады. Осыған әсер етуші әлемдік экономиканың жаҺандану және трансұлттандырылу процестері болып табылады.
Соңғы жылдардағы әлемдік жартылай өткізгіштер өнеркәсібіндегі жалпы өрлеу Интернет желісінің және электронды өнім мен әлемдік сауданың жылдам дамуымен өмірге келді. Сатылымдардың кеңеюінің негізгі факторы – дербес компьютерлерге деген сұраныстың күшеюіне байланысты болды. Нарықтағы жетістіктің бірі байланыс құралдарын (ұялы телефондарды, желілік жабдықты және Интернетке енуге арналған құрылғыларды қоса отырып) өндіру болып табылады. Американдық «Интел» (“Intel”) - әлемдік жартылай өткізгіштер өнеркәсібінің аса ірі трансұлттық компанияның бірі.
Машина жасау өнеркәсібінің барлық салаларында бірінші кезекте сандық және бағдарламалық басқаруы бар станоктар, электронды-есептеу машиналары және т.б. автоматтандырылған жобалау жүйелері енгізілуде. Осы жүйелер үшін жабдық өндірудегі басты орталықтар Жапония мен Америка Құрама Штаттары болып саналады.
Жапония тұрмыстық радиоэлектроника бұйымдарын шығарудан да дүниежүзінде жетекші орын алады. Мәселен, ел өнеркәсібі дүние жүзінде жасалынатын бейнемагнитофондардың 3/4-ін береді, ал түрлі түсті теледидар мен радио техникасын жасаудан Жапония ең алдыңғы қатарлы ел. Ал электрондық есептегіш техника өндірісінің көлемі жөнінен АҚШ-қа ғана жол береді. Ғылымды көп қажет ететін бұл салалардың орталықтары маман жұмыс күші бар және ғылыми-техникалық әлеуеті жоғары ірі қалаларда (Токио, Осака, Иокогама, Фукуока) шоғырланған. Көршілес жаңа индустриялық елдерде жапон қаржысы мен технологиясы негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындар дайын өнімдерді шығарумен қатар, Жапонияның өнеркәсібіне қажетті тетіктерді де өндіреді. Өзінің өнеркәсіп құрылымының қарапайым сатыларын жаңа индустриялық елдерге “көшіре” отырып, Жапония өндірістің неғұрлым күрделі түрлерін игеруде.
Машина жасау саласында өндірісті қайта жабдықтаудың және автоматтандырудың негізі болып отырған радиоэлектроника және электр техникасын жасаудың маңызы зор. Бұл өнеркәсіптің шоғырланған басты ауданы - Лондон. Ұлыбритания электр техникасын өндіру жөнінен АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орын алады. Ел ауыр электр машиналарын (турбоагрегаттар, бу қазандары, трансформатор, АЭС-терге арналған жабдықтар) жасаудан да дүниежүзінде алдыңғы орындарда тұр. Бұл саладағы ондаған аса ірі компаниялар арасында электр техникасын, электроника, автоматтық жүйелер мен телемеханика, тұрмысқа қажетті электр бұйымдарын жасайтын “Дженерал электрик” концерні жетекші орын алады.
1971 жылы АҚШ-тағы “Іntel” фирмасы дүниежүзінде тұңғыш рет микропроцессорларды қолдануды жүзеге асырды. Бұл жеке компьютерлік техниканың алғашқы үлгілері болатын. Қазіргі кезде дүние жүзінің барлық дерлік елдеріндегі компьютерлік жүйелерде “Іntel” сериясындағы микропроцессорлар пайдаланылады.
Ел ауыр электр машиналарын (турбоагрегаттар, бу қазандары, трансформатор, АЭС-терге арналған жабдықтар) жасаудан да дүние жүзінде алдыңғы орындарда тұр. Бұл саладағы ондаған аса ірі компаниялар арасында электр техникасын, электроника, автоматтық жүйелер мен телемеханика, тұрмысқа қажетті электр бұйымдарын жасайтын “Дженерал электрик” концерні жетекші орын алады.
Машина жасау өнеркәсібі - ғылым мен техника жетістіктері ең көп енгізілетін салалардың бірі. Германияда ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жобалау жұмыстарына жылдық жалпы өнімнің 2,5% жұмсалады. Әсіресе, ақпараттық технологиялар мен электроника өндірісінде үлкен жетістіктер бар. 2002 жылдан бастап, “Басф” концернінің дүниежүзіне белгілі аудио, бейне және компьютерлік ақпарат сақтау құралдары “Эмтек” маркасымен шығарылатын болды.
Электротехника және электроника саласы автоматтандырылған басқару жүйелері мен телекоммуникация құралдарынан бастап, тұрмыстық техникаға дейінгі алуан түрлі өнімдерді шығарады. Бұл саланың кәсіпорындары барлық ірі қалаларда және Шербур, Кан, Тур тәрізді “маманданған” шағын қалаларда бар. Электронды техника жасау саласында “Томсон”, телекоммуникация саласында “Алькател-Альстом”, электр құралдарын жасауда “Легран” фирмалары жетекші орын алады.
Электр энегиясын өндіруге, таратуға және тұтынуға қажетті машиналар мен құрал-жабдықтар электротехникалық машиналар деп аталады. Оларға Алматы төменгі вольтті аппаратура мен электр жабдықтары, Шымкент жоғары вольтті аппаратура зауыты, Семей кабель, Өскемен конденсатор, Талдықорған аккумуллятор, Қарағанды электрлі моторлар зауыттары жатады.
Электротехникалар Өскеменнің аспап жасау, Ақтөбенің рентген аппаратуралары және Көкшетау таразы зауыттарында жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |