Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет56/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

7.3. Көліктік машина жасау
Автомобиль жасау.
Автомобиль жасау . Ол -елдің дүниежүзілік нарықтағы өзіндік сипаты мен орнын айқындайтын дәстүрлі өнеркәсіп саласының бірі.
Автокөлік құраларымен (автомобильдер, автобустар, жүк автомобильдері) жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жүзеге асырылады.
Іштен жанатын қозғалтқышы бар автомобиль жасау әрекеттері ХІХ ғасырдың ортасынан-ақ жасала бастады. Алайда, автомобиль жасау дәуірін есептеу нүктесі болып 1886 жылды санау қабылданған. Дәл осы жылы неміс инженері Карл Бенц Готлиб Даймлер іштен жану қозғалтқышы бар бірінші автомобильді жасады. Әлемдегі тұңғыш сериялы автомобиль 1903 жылы Детройтта (АҚШ) Генри Форд зауытында құрастырылды.
Автомобиль өнеркәсібінде қара және түсті металлургия, химия, мұнай-химия, шыны, тоқыма өнеркәсібінің, электроника мен электротехниканың өнімдері кеңінен қолданылады. Автомобильдер жасаған кезде металдар (болат, алюминий, палладий және т.б.), табиғи және синтетикалық каучук, шыны, пластик, маталар, станок жасаудың алуан түрлі өнімдері және т.б. пайдаланылады. Өз кезегінде, автомобиль жасау барлық көрсетілген және өнеркәсіптік көптеген өзге салаларының дамуына әсере етеді. Мысалға, отынның аса ірі тұтынушысы ретінде, автомобиль жасау тіптен әлемнің мұнай өнеркәсібінің дамуына елеулі әсерін тигізді. Аталған сала ғылым мен экономикадағы алуан түрлі жаңа бағыттар негізінде дамыды. Автомобиль өнеркәсібінде қазіргі уақытта барлық технологиялық жаңашылдықтар, оның ішінде өнеркәсіп роботтары кеңінен қолданылады.
Келесі технологиялық төңкерісті - өндірісті ұйымдастырудың икемді түрлеріне көшуді («постфордизм» немесе «тойотизм») Жапония, Швеция және басқа елдер жүзеге асырғанымен де, дәл осы салада Америка Құрама Штаттарында конвейерлік өндіріс («фордизм») саласы дамыған. «Фордизмге» қарама-қарсы, өндірістің бұл сызбасы «өндіріс ауқымының арқасында үнемдеу» принципіне емес, «өндірістің алуан түрлігінің арқасында үнемдеу» принципіне негізделді. Жинақтаушы бөлшектерді өндіру және құрастыру жүзеге асырылатын елдердің жергілікті жағдайларының артықшылықтары, сонымен қатар автомобиль нарығының жылдам алмасатын талаптары ескерілетін шағын, икемді өндірістік жүйелерді құру басты шарт болып сакналады.
Саланың айырықша ерекшелігі ретінде автомобиль өнеркәсібінде шикізаттың өзіндік нарығының қалыптасу фактісін атап өтуімізге болады. Бұл – металл сынығының негізгі көзі болып табылатын ескі машиналар. А Қ Штаттарында автомобильдер қазірдің өзінде-ақ 1/3 бөлігі, ал Жапон автомобильдері ң салмағының ¾ бөлігі болат сынығынан жасалады. Автомобиль өнеркәсібі күн өткен сайын «ресурс үнемдейтін» және «экологиялы» сала бола бастауда.
Әлемдік автомобиль жасаудың орналастырылуына жаҺандану процесі мен трансұлттық корпорациялардың іс-әрекеті елеулі әсерін тигізеді. Егер бұрын американ, жапон немесе неміс автомобиль жасауының дамуы туралы сөз қозғалса, ХХІ ғасырдың басында, әлемнің аса ірі автомобиль компанияларының шетелдік филиалдарының өндіру үлесі корпорацияның штаб-пәтері орналасқан елдің ұлттық шекаралары шеңберіндегі өндірістен асып түсетіндігімен, осы елдердің белгілі автомобиль трансұлттық корпорацияларының өндірісі ерекшелігімен айқындалады.
Автомобиль корпорацияларының шетелдік филиалдарын бүкіл әлем бойынша орналастыруда: сала өнімдерін сатудың келешегі бар нарықтарын жаулап алу; жергілікті және арзанырақ жұмысшы күшін пайдалану; өндірістің халықаралық мамандануын және кооперациялануын дамыту (оның ішінде шетелдік өндірістерді құру); корпорациялардың фирмааралық бірігу процесі қызмет етеді. Аса ірі трансұлттық корпорациялар азырақ дамыған елдерде де филиалдар мен автомобиль құрастыру кәсіпорындарын ашуды, автомобиль қозғалтқыштарын және басқа да жинақтаушы тораптар мен бөлшектерді өндіруді жолға қоюда. Жергілікті нарықтардағы өсе түскен сұраныстарға байланысты олар әртүрлі елдерде дәл бір маркадағы автомобильдерді шығарады. Автомобиль құрастыру процесіне сонымен қатар Шығыс Еуропа елдерінің, Ресейдің және бірқатар елдердің (Беларусь, Өзбекстан) машина жасау кәсіпорындары да қосылуда.
2006 жылы әлемде барлық маркалардың 69 млн данаға жуық автокөлік құралдары (жүк, жеңіл автомобильдер, автобустар) өндірілді. Атвоалыптардың – трансұлттық компаниялардың көш басындағы ондығының үлесіне автомобильдердің жалпы әлемдік өндірісінің 80%-ына жуығы келеді. Көшбасшы корпорациялар: «Дженерал моторс» (9 млн астам автокөлік құралдары, оның ішінде 6 млн жеңіл автомобиль), «Тойота», «Форд Мотор», «Фольксваген», «Даймлер-Крайслер». Көптеген онжылдықтар бойына саланың көшбасшысы болып табылатын американдық «Дженерал Моторс» фирмасы әлемде шығарылатын әрбір жетінші автомобильді өндіруде.
Әлемдік автомобиль жасауда соңғы жарты ғасырда өте елеулі өзгерістер болды. 1950 жылы тек АҚШ үлесі әлемдік өндірістің жартысына жуығы, Батыс Еуропаның барлық мемлекеттеріне – тек 15% келетін. 1970 жылы АҚШ үлесіне әлемдік өндірістің 30%-дан сәл көбі, ал 1990 жылдан бастап – 20%-ға жуығы келді. Америка Құрама Штаттарындағы автомобиль жасаудың рекордтық деңгейі (12,9 млн дана) 1978 жылы тіркелді. Қазіргі кезде Жапония - автомобиль жасау бойынша әлемдік көшбасшы.
Көшбасшы елдердің автокөлік құралдарын (жеңіл және жүк автомобильдері, автобустар) шығару динамикасын төменде келтірілген кестенің мәліметтері көрсетеді.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау