Өнеркәсіп географиясы


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



жүктеу 2,97 Mb.
бет36/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

  1. Тау кен өнеркәсібіне экономикалық географиялық тұрғыда сипаттама беріңіз.

  2. Әлемдік тау кен өнеркәсібінің аумақтық даму мәселелерін атаңыз.

  3. Дүниежүзлік еңбек бөлінісіндегі тау кен өнеркәсібінің алатын орнын атаңыз.

  4. Темір өндірудің басты аймақтарын және олардың жалпы экономиканы дамытудағы маңызын сипаттаңыз.

  5. Түрліше түсті метеллдарды өндірудегі басты ерекшеліктер мен олардың қалыптасу негіздерін талдаңыз.

6. Металлургия кешені
6.1. Қара металлургия
Қара металдар және оларды алу әдістері
Дүниежүзiлiк шаруа­шылықты минералды шикiзаттармен қамтамасыз ету, алдымен, кен байыту саласына тiкелей бай­ла­нысты. Ол көптеген елдерде дамыған, алайда, оның өнiмiнiң 2/3-iн ТМД ел­дерi, АҚШ, Қытай, Канада, Аустралия, Оңтүстiк Африка Республикасы өндiредi.
ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейiн дамушы елдер Батыстың экономикасы дамыған елдерiн минералдық шикiзатпен қамтамасыз етiп келдi. Қазiр Батыстың минералды шикiзат базасы қайта жаңғыру үстiнде. Олар өз шикiзаттарын үнемдеп, мүмкiндiгiнше шеттен арзан бағамен әкелiнген өнiмдi пайдаланудың экономикалық бағытын ұстанып отыр. Қазiргi кезде дүниежүзiнiң кен байыту саласында дамушы елдердiң рөлi өте-мөте зор болып тұр. Азия елдерiнде: Үндiстан, Малайзия, Индонезия, Сауд Арабиясы, Африкада: Заир, Замбия, Марокко, Нигерия, Зимбабве, Ботсвана, Латын Америкасында: Бразилия, Чили, Мексика, Венесуэла шикiзат өндiруден алдыңғы қатарда.
Батыс Еуропа, Жапония, АҚШ елдерi минералды шикiзаттың 1/3-iн дамып келе жатқан елдер арқылы толықтырады. Мысалы, дүниежүзiнде жылына 450 млн т темiр кенi саудаға түседi. Темiр кенiн шетке шығарудан Бразилия, Венесуэла, Үндiстан, Аустралия, ОАР және Канада елдерi алдыңғы орындарда. Осы елдер «темiр кенi көпiрiн» қалыптастырды.
Халықаралық географиялық еңбек бөлiнiсi нәтижесiнде тау-кен өндiру «державасы» қалыптасты. Оларға дамыған елдерден: АҚШ, Канада, Аустралия, ОАР; дамушы елдерден: Бразилия, Үндiстан; өтпелi экономикасы бар елдерден: Қытай, Ресей, Түркия, Украина, Қазақстан және Мексика елдерi кiредi.
Қара металлургия - ауыр өнеркәсіптің маңызды бір саласы болып табылады, әсіресе, ол - машина жасау кешенінің негізгі шикізат базасы және құрылыс индустриясына қажетті конструкциялық материалдар шығарумен айналысатын сала. Бұл саланың негізгі өндіретін өнімі - шойын мен болат шаруашылықтың жекелеген салаларының бәрінде де қолданысқа ие, осы өнімдерге деген сұраныс жалпы металдарға деген сұраныстың басым бөлігін қанағаттандырады.
Қара металлургия - машина жасау мен құрылыс индустриясын дамытудың негізі болып табылатын, дүниежүзілік өнеркәсіптің ең көне салаларының бірі. Қара металдарды (шойын мен болатты) өндіру технологиясында елеулі өзгерістер болып жатыр. Қорытудың жаңа әдістері қолданылуда, өндірістік шығындар, оның ішінде болатты үздіксіз құю әдісін пайдалану есебінен қысқаруда, металл сапасы артуда, оның ақырғы өнім бірлігіне есептегенде тұтынылуы қысқаруда. Бүгінгі таңда шойынның сорттары мен маркалары бірнеше ондаған, ал болат пен прокат өнімдерінің әртүрлі сорттары – бірнеше мыңға дейін (қосымшадағы 12-кестені қараңыз).
Сала химия өнеркәсібі (шыны талшығымен арматураланған пластмассалар), керамика мен көмір талшығының негізінде материалдар жасайтын бірқатар өндірістердің тарапынан және жеңіл металдардың қорытпаларының негізінде конструкциялық материалдардың күн өткен сайын көбірек мөлшерін беріп отырған түсті металлургия тарапынан арта түскен бәсекелестікті бастан кешіруде. Бірақ, осылардың барлығына қарамастан, қара металлургия негізгі конструкциялық материал ретіндегі өз позицияларын сақтап қалуда және өндіріс көлемдері арта түсуде.
Қара металлургиядағы өндірістік процесс материалды және қуатты көп қажет етеді. Сондықтан қара металлургия кәсіпорындарын орналастырған кезде ең көп маңыз шикізат пен отын көздерінің жақындығы ең маңызды орында. Дәл сол кезде көмір және темір кендері бассейндерін біріктірген алып металлургия аудандары (Лотарингия, Ағылшын, Рур, Аппалач, Урал, Донецк-Приднепр және т.б. бассейндері) қалыптасты.
Мәселен, темір кендері мен тас көмір кен орындарының көршілестігі, мысалға, көптеген аудандарда: Ұлыбританияда (Йоркширде, Ортаңғы Шотландияда, Мидлендте, Солтүстік-Шығыс және Солтүстік-Батыс Англияда), Францияда (Орталық массивтің шығыс бөлігінде, Лотарингияда), Герман Федеративтік республикасында (Рур және Саар көмір бассейндерінде), Испанияның оңтүстігінде (Астурияда), Америка Құрама Штаттарында (Батыс Пенсильванияда), Ресейде (Уралда) және т.б. домна өндірісі бар зауыттардың пайда болуына қолайлы жағдай жасайды
ХХ ғасырдың басында қара металлургия салыстырмалы түрде шамалы елдерде дамыған болатын. Бұл ретте шойын мен болатты әлемдік қорытудың 80%-ы Америка Құрама Штаттарында, Германияда, Ұлыбританияда, Бельгияда, Люксембургте және Ресейде шоғырланды. Бірақ, әлемдік көліктің дамуымен, металлургия заводтарының шикізат пен отын кен орындарына тікелей жақындығының маңыздылығы азая бастады. Бұл өнім өткізу нарықтарының сыйымдылығы (тұтынушылық факторы, ал қара металдарды негізгі тұтынушы – машина жасау), көлік-географиялық орнының ыңғайлылығы, тиісті инфрақұрылымның, жұмыс күшінің болуы мен біліктілігі секілді басқа факторлардың маңызының артуына алып келді. Сондай-ақ болат алу әдістері де жетілдірілді. Мысалға, ХІХ ғасырдың аяғында – ХХ ғасырдың басында мартен өндірісі негізгі болат қорыту процесі болып табылды. Кейінірек оттегі-конвертерлік тәсіл (сұйық шойынды жылу әкелусіз – металды конвертерде техникалық таза оттегімен үрлеумен болатқа айналдыру) және электрмен болат қорыту (доғалы электр пеште қорыту) ойлап табылды. Дәл осы ғылым мен техниканың жетістіктерін енгізу есебінен шойын мен болаттың сапасы арта түседі, ақырғы өнімнің бірлігіне есептегенде, олардың тұтынылуы, өндірістік шығындар қысқарады. Бүгінгі күні әлемде болаттың 2/3 бөлігіне жуығы оттекті конвертерлерде қорытылады (бұрынғы КСРО-да бұл әдіс 1956 жылдан бастап қолданылған болатын).
Қара металдар бұл негізінен темірдің көміртегімен қоспасы, мұнда сонымен бірге әртүрлі элементтер: кремний, марганец, фосфор, күкірт кездеседі. Бұл металдардың қасиеті олардың кұрамындағы көміртегінің мөлшеріне тікелей байланысты, егер темірдің кұрамындағы көміртегінің мөлшері 2% төңірегінде болса, ол болатқа, ал 2-6% болса, шойынға жатқызылады.
Таза темірдің жұмсақ болуы таза күйінде оны бөліп алудың қиындығына байланысты. Таза темір өндірісте қолданылмайды
Жоғары механикалық төзімділігімен ерекшеленетін болат көбінесе, өнеркәсіптік мақсатта пайдаланылады. Белгілі температурада қыздырылған болатты күрт суытса, ол қаттылық және морт сынғыштық қасиеттер алады. Осы морт сынғыштық қасиетінен арылу үшін оны арнаулы тәсілмен өңдейді. Осындай жолмен алынған болаттан машиналар мен механизмдердің керекті бөліктері жасалады.
Бұрын қарапайым құрылысты пештерде болатты темір рудасынан тікелей өндіріп алатын. Металлургия өнеркәсібінің кезекті бір даму сатысында қазіргі өндірісте қолданатын негізгі жолы темір рудасынан шойын, ал шойыннан болат алу ойлап табылды.
Шойын алудың негізгі әдісі домна пештерінде темір рудасын тотықсыздандырып балқытуда темір рудасының құрамындағы темірдің босауы және осы таза темірдің көміртегімен қанығып шойынға айналу процесі жатыр. Домна пешіндегі отын бір жағынан темір рудасы балқуына қажетті жылу көзі болса, екінші жағынан темірдін шойынға айналуына себепкер көміртегін беруші зат болып табылады.
Домна пешінде пайдаланылатын арзан және лайықты отын көзі болмаған жағдайда темір рудаларын тотықсыздандырып балқыту электр пештерінде жүргізіледі, балқуға қажетті температура электр энергиясының күшімен өндіріледі, ал отын темірді шойынға айналдыруға қажетті көміртегінің көзі ретінде ғана қаралады. Бұл әдіс әсіресе, арзан энергия көзіне бай елдерде ерекше тиімді саналады.
Шойынды электр пештерінде металл сынықтарын өңдеу арқылы да алуға болады, алайда бұл әдістің қымбатка түсуі оны кейбір жағдайларда ғана жүзеге асыруға себепші болады. Қара металлургия - өнеркәсіп өндірісінін бір саласы ретінде өзінің құрылымына тек қана металлургиялық өндірісті емес (домналық, болат өндіріс және прокат өндірістері), сонымен бірге кокс өндірісің, оның аралық өнімдерін ұсату өндірісін және темір, марганец, хром рудаларын өндіру және дайындау өндірістерін құрамдастырады.
Металлургиялык кәсіпорындардың өзін ең алдымен, толық циклді комбинаттар (шойын, болат, прокат өндіретін) және қайта өңдеу зауыттары (болат және прокат өндіретін) деп бөледі. Сонымен бірге тек қана шойын немесе прокат өндіретін зауыттарда болады.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау