Домна пешінің өнімдері. Қазіргі металлургиялық комбинаттардың құрамында орасан үлкен мөлшерде темір рудалары мен кокстер, флюстер және т.б. материалдар тұтынатын бірнеше домна пештері орналасады. Үздіксіз жұмыс істейтін осындай пештерге материалдар тұрақты түрде жеткізілуі қажет. Тәулігіне шамамен 2,2 мың тонна шойын өндіретін көлемі 1300 м3-лік домна пешіне осы уакыт аралығында 4 мын т. (құрамындағы темірдің мөлшері 55%-дан кем емес) темір рудасы, 1,3 мың т. кокс және сондай мөлшерде флюс қажет болады. Сонымен бірге пештің өндірген негізгі және жанама өнімдерінін мөлшері 3,3 мын т. құрайды, яғни барлығы 10 мың т. зат болып, оған 200 жүк вагондары қажет болатыны есептеп шығарылған.
Осы көрсеткішті бірнеше есеге көбейту арқылы (себебі бір кәсіпорында бірнеше домна пештері болатыны белгілі) осындай комбинаттардың қуаттылығы жөнінде түсінік алуға болады. Домна пешінен тәулігіне 4-6 рет шойын және күлдек ағызып алынады. Ірі металлургиялық комбинаттарда шойын ағызу - құйғыш машиналардың көмегімен жүзеге асырылады, яғни конвейердің көмегімен козғалыста болатын шойын, формаларға арнаулы ожаулардың көмегімен шойын толтырып отырылады.
Домна процесінің қалыпты жүруіне көп мөлшерде ауа да қажет болады. (1 т. шойынға 3000 м3 ауа). Ауа үрлегіштер аркылы 0,35 МН/м2 қысымымен 800-1000°С дейін қыздырылған ауа домна пешіне үрленеді. Пешке берілетін ауаны осылай алдынала қыздыру коксты үнемдеудің ең тиімді жолы деп саналады.
Болат өндірісі. Болат - темірдің көміртегімен (2% дейінгі) және басқа элементтерімен қоспасы. Негізінен алғанда, мартен, оттекті-конвертерлі және электр пештерде шойынның болат сынығымен қоспасынан алады (қорыту). Құрамы бойынша көміртекті, қоспалы және т.б. болатты бөліп ажыратады.
Қоспалы болаттар – қорытпа. Темір қорытпаларына белгілі бір физикалық, химиялық немесе механикалық қасиеттер беру үшін, болаттың әдеттегі сорттарының құрамына қоспалы элементтер – Cr, Ni, Mo, W, V, T (2,5%-дан 10%-ға дейін қоспа) енгізеді.
Болат өндірісі қара металлургияның аса маңызды өнімі бола отырып, ол көптеген салаларда кеңінен қолданылады. Болат өндірісінің денгейі кез келген елдің техникалық-экономикалық дамуы деңгейінің керсеткіші бола алады. Қазіргі техниканың аса маңызды материалы болып табылатын бұл өнімге қойылатын талаптардың жоғары болуы болаттың әртүрлі маркаларын шығаруға мүмкіндік берді. Негізгі конструкциялық материал ретінде құрылыс ісінде, машиналар мен механизмдердің әртүрлі бөлшектері мен тетіктерін жасауда, сонымен бірге аса катты кескіштер, штамптық немесе өлшеуіш құралдары т.б. жасауда кеңінен қолданылатын бұл өнімді іс жүзінде шаруашылықтың кез келген саласында қолдануға болады (Қ қосымшаға қараңыз) .
Шойынды өңдеу арқылы болат алынады, яғни шойынның құрамындағы көміртегінің және басқа элементтердің артық мөлшерін күйдіру арқылы шойынды болатқа айналдыру, тұрақты түрде өзгермейтін оның ішкі химиялық мазмұны болып қала бермек. Қызып тұрған шойынға оттегімен әсер еткенде шойын құрамындағы көміртегінің бір мөлшері көміртегі тотығына айналып, газ түрінде бөлініп шығады. Осындағы басқа да элементтер тотығып, сұйық өнімдерге айналып, күлдек түрінде металдың үстіне жиналады.
Жалпы адам баласы темір балқытудың қарапайым әдістерін ерте кездерден меңгергенімен, жетік технологиялық әдістер XIX ғасырдың екінші жартысынан ғана белгілі бола бастады. Осындай әдістерге, ең алдымен, конверторлық (бессемерлік және томастық) және мартендік әдістер және XIX ғасыр мен XX ғасырдың тоғысында ойлап табылған электр пештерінде болат алу әдісі жатады. Сол уақыттан бері бұл әдістер жетілдіріліп келеді және соңғы кездерде жаңа әдістер - рудадан тікелей болат алу, электролиз, электрокүлдекті қайта балқыту, т.б. ойлап табылуда.
Сонымен бірге конверторлық әдіс бүгінде толығымен оттекті конверторлық әдіспен алмастырылады
Конверторлык әдіс. Конвертор - пішіні алмұрт тәріздес, қалың болаттан жасалып, іші отқа төзімді кірпішпен қапталған жабық пеш. Оның шойын сиятын көлемі - 70 т. Болат алу үшін конверторға 1300°-тык сұйық шойын құйылады да, астынан 0,15-0,25 МН'м2 қысыммен ауа үрленеді. Осы кезде ауаның құрамындағы оттегі шойындағы артық көміртегін және басқа элементтерді күйдіріп жібереді. Бастапқы температураның мөлшері осы элементтердің күюі нәтижесінде тіпті үлкен мәнге ие болады. Сондықтан бұл әдіс ешқандай отынды қажет етпейді және арзан өнім алуға жағдай жасайды. Әртүрлі шойындарды болатқа айналдыру үшін конвертордың екі түрлі типі -бессемерлік және томастық конверторлар қолданылады.
Конверторлық әдіс үлкен өнімділігімен, құрылысының шағындығы және қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Арзан болат алуға қол жеткізетін бұл әдістің сонымен бірге елеулі кемшіліктері де бар. Ең алдымен, ол тек сұйық шойынмен істейді, ал металл сынықтарын пайдалану небәрі 10%-ғана құрайды, шойынды үрлегенде көміртегімен бірге шойынның 10-15%-ы күйіп кетеді, бір мезгілде көтерілетін температура, осындағы процесті реттеп еткізуге мүмкіндік бермейді, болаттың сапасына ауаның құрамындағы азот кері әсерін тигізеді. Дегенмен конверторлық әдістің жетілдірілуі оның экономикалық тиімділігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |