Өнеркәсіп географиясы


Тау-кен-металлургия саласының индустриалды-инновациялық кәсіпорындарының географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет35/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Тау-кен-металлургия саласының индустриалды-инновациялық кәсіпорындарының географиясы.
Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуды қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2010-2014 жылдарға тау-кен өндіру саласының географиясында ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарының моральдық және техникалық жағынан ескірген өндіріс құралдарының негізінде осылар аталған саланың қазіргі географиясын айтарлықтай өзгертетін келесі жобалар пайдалануға берілді.
1) Ақмола облысында (2 жоба):
- 2010 жылғы 28 мамырда «Васильков кен байыту комбинаты» («Васильков алтын кен орнын игеру және алтын шығаратын фабрика тұрғызу») инваестициялық жобасы іске қосылды. Қуаты 8 млн. тонна кен/жылдан 15 тонна алтын/жылына дейін болатын алтын шығаратын фабрика (Доре балқымасы). Инвестиция көлемі 58 514 млн. теңге құрайды, пайдалану кезіндегі жұмыс орындары (бір жылға орташа) - 1 935 адам.
- Ағымдағы жылдың 30 маусымында «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («Ұсақтау-байыту фабрикасы») жобасы іске қосылды. Қуаты жылына 140қ мың тонна темір кені болатын, темір кендерін өңдеу және байыту жөніндегі ұсақтау-байыту комбинаты. Инвестициялар көлемі -1 660 млн.теңге, жұмыс орындары - 73 адам.
2) Ақтөбе облысында (2 жоба):
2010 жылғы 18 маусымда «Восход-Ориел» («Жерасты руднигі- «Восход» шахтасы) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске қосылды. Жобаның қуаты – жылына 1,3 млн. тонна кен, жұмыс орындары - 153 адам. «Восход» кен орнында рудник құру 2007 жылы басталды. Жаңа өндірістердің негізінде қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға және өңдеуге, сонымен қатар бәсекеге қабілетті индустриалдық-инновациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
2010 жылғы 17 маусымда «Ақтөбе мыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Мыс және мыс-мырыш кендерін өңдеу жөніндегі №2 байыту фабрикасы) жобасы іске қосылды. Кен байыту процесі танылған әлемдік көшбасшы болып табылатын OUTOKUMPU (Финляндия) компаниясының жоғары технологиялы жабдығын пайдалана отырып, алдыңғы қатарлы технологиялардың негізінде құрылған.
3) Қарағанды облысында (2 жоба):
- 2010 жылғы 23 маусымда «Вару Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («Темір кенін өңдеу») жобасы іске қосылған болатын, байыту фабрикасын тұрғыза отырып, өнімді қуаттылығы жылына 1 689 мың тонна және темір кені концентратын алуға мүмкіндік береді. Кен орнындағы қорлар - Ci+C2 категориясындағы кен 43 822 мың тонна құрайды, С1+С2 категориясындағы темір 12 396,7 мың тонна құрайды, кендегі темірдің мөлшері 28% құрайды. 160 жұмыс орны құрылатын болады.
- 2010 жылғы 28 маусымда «Kaztherm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («Болаттан жасалған панель радиаторлар өндіру») жобасы іске қосылды, жобаның қуаты – жылына 130 мың дана, жұмыс орындары - 50 адам, инвестициялар көлемі - 950 млн. теңге.
4) Қостанай облысында (1 жоба):
- 2010 жылдың 28 маусымында «ССГПО» Акционерлік Қоғамы («Металл прокаты заводын тұрғызу») инвестициялық жобасын іске қосу жүргізілді. Заводтың жобалық қуаты – жылына 75 мың тонна, инвестициялар көлемі - 7 500 млн. теңге, пайдалану кезеңінде 650 жұмысшы іске тартылатын болады. Жоба осылар байыту фабрикасында кенді ұсату және периодтық профильдегі прокат пен құрылыстық арматуралық болат өндіру үшін қолданылатын тартатын денелер, ұсақ сортты өнеркәсіптік арматура, өзектер өндіруді қарастырады.
5) Павлодар облысында (5 жоба):
- 2010 жылғы 25 маусымда «Қазақстан электролиз заводы» Акционерлік Қоғамы («Бастапқы алюминий өндіру жөніндегі электролиз заводының екінші кезегін салу») инвестициялық жобасы іске қосылды. Заводтың жобалық қуаты жылына 250 мың тонна, инвестициялар көлемі - 74 700 млн. теңге, пайдалану кезеңіндегі (жылына орташа алғанда) жұмыс орындары — 2 500 адам.
2010 жылғы 28 маусымда «ҚазхромТҰҚ» Акционерлік Қоғамы Ақсу ферроқорытпа заводы» («Агломерациялық фабрика») жобасы іске қосылды. Ферросплав өндіруге арналған агломерациялық фабрика – жоғары технологиялы металлургиялық жоба. Марганец және хром кендерін шығару мен өңдеуден жиналып қалған шағын қалдықтардан ферроқорытпа шығару. Жыл сайын фабрика феррохром балқыту үшін 270 мың тоннаға дейін агломерат және ферросиликомарганец алу үшін 80 мың тоннаға дейін агломерат өндіретін болады. Жоба ферроқорытпалардың өзіндік құнын төмендетуге және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған. Жобалық қуаты - 250 мың тонна, жұмыс орындары - 102 адам.
6) Солтүстік Қазақстан облысында (1 жоба):
2010 жылғы 25 мамырда «Тиолайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобасы іске қосылды. Шығар жерде 8304 тонна ұжымдық концентрат ала отырып, қуаттылығы жылына 40 мың текше метр Обухов кен орнының титан-цирконий кендерін шығару және өңдеу жөніндегі тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіріс, жұмыс орындары - 236 адам, экспорттық потенциалы - 70%.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау