Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет37/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Домна өндірісіне қажетті бастапкы материалдар . Домна пештерінде шойын өндіру үшін әртүрлі бастапқы материалдар: темір рудасы, отын және флюстер қажет болады. Бұлардын бәрі де технологиялық процеске қажетті заттар, осылардың біреуінің болмауы бүкіл технологиялық тізбекке кері әсерін тигізеді.
Темір рудалары. Темір табиғатта кең таралған элементтердің бірі, ол жер қыртысы массасының шамамен 5%-ын құрайды. Химиялық тұрғыдан тым белсенді болып келетін бұл элемент табиғи ортада таза күйінде кездеспейді, ол көптеген химиялық қосылыстардың құрамында жүреді. Әсіресе, оның оттегімен қоспалары, яғни темір тотықтары көп таралған, оның күкіртпен қоспасы сульфиттер, ал көмірқышқылмен қоспалары шпаттар деп аталады.Темір қоспалары әдетте әртүрлі тау жыныстарының құрамына кіреді. Солардың тек кейбіреулері ғана металдар алу үшін пайдаланылады, оларды темір рудалары деп атайды. Темір рудаларының құрамында сонымен бірге бос жыныстар деп аталатын кремнезем, глинозем, кальций, марганец және фосфор тотықтары болады. Әлемде шығарылатын темір кенінің 98%-ға жуығын болат құю өнеркәсібі тұтынады.Темір кендерінің ресурстары әлемнің 90-нан астам елінде белгілі. Темір кендерінің ең ірі қорларына Бразилия, Ресей, Австралия, Қытай, Украина ие.
80-і жылдардың аяғынан-ақ бастап темір кендерін әлемдік шығару жылына 1 млрд т деңгейінде (тауарлық салмақта) жүргізіліп келеді және бүгінгі таңда 1,5 млрд т асып түсті. ХХ ғасырдың ортасына дейін қара металлургия үшін шикізат шығаруда жетекші аймақтар болып Батыс Еуропа (1913 ж. – 55%, 1938 ж. – 40%) және Солтүстік Америка (тиісінше, 35% және 20%) саналды.
Соғыстан кейінгі кезеңде оған деген үлкен сұраныс артқанда және тасымалдау қымбат болған кезде көптеген дамыған елдерде темір кені шикізатының жетіспеушілігі оларда өз кен орындарын ашуға ынталандырды. Бірақ дәл сол уақытта көптеген дамып келе жатқан елдерде барлау жұмыстары және кең орындарын игеру белсенді жүргізіле бастады. 50-і жылдары Солтүстік Америка елдерінде бүкіл темір кенінің 40%-ы, ал Батыс Еуропада – 30%-ы шығарылатын.
Одан кейін әлемдік нарықта импортталатын темір кені шикізатына деген бағалар айтарлықтай төмендеп кетті, бұл экономикалық тұрғыдан дамыған елдерде (Германия Федеративтік Республикасында, Ұлыбританияда, Францияда, Жапонияда) темір кені өнеркәсібінің біртіндеп қысқартылуына және тіптен, Америка Құрама Штаттарында кен шығарудың төмендеуіне алып келді. Бір мезгілде Канадада, Австралияда, Бразилияда, Венесуэлада, Либерияда, Мавританияда, Анголада – негізінен алғанда, Еуропаның жоғары дамыған елдеріне, Америка Құрама Штаттарына және Жапонияға экспорттау үшін темір кенін шығару өсе түсті.
Бірақ қара металлдарды қорыту жөніндегі қуаттылықтардың көпшілік бөлігі дәл осы дамыған елдерде шоғырланғандықтан, бұл темір кенін шығару мен оны қайта қорыту аудандары арасындағы аумақтық алшақтықтың арта түсуіне және шикізаттың (темір кенінің, темір кені кесектерінің, концентраттарының экономикалық және әлеуметтік география, т.с.) халықаралық саудасының көлемінің артуына алып келді.
Әлемдегі аса ірі экспорттаушылар – Бразилия, Австралия, Канада. Оған қоса тек екі елдің (Австралия мен Бразилияның) үлесіне ғана осы көрсеткіш жыл сайын 500 млн т асып түсетін, осы шикізаттың әлемдік нарыққа жалпы жеткізілімдерінің (негізінен алғанда тасымалдаулар теңіз көлігімен жүзеге асырылады) 2/3 бөлігі келеді. Қалған салыстырмалы түрдегі ірі жеткізушілер – Үндістан, Канада, Оңтүстік Африка Республикасы, Украина, Швеция. Біздің еліміз – Ресей – темір кендерінің ірі экспорттаушыларының қатарына жатпайды.
Темір кені шикізатын негізгі импорттаушылардың арасынан бірінші кезекте Жапонияны, Қытайды, Америка Құрама Штаттарын, сондай-ақ Германия Федеративтік Республикасы мен басқа да еуропалық елдерді баса көрсеткен жөн.
Темір кені шикізаты саудасының дамуы маңызды тенденция байытылған кенді (темір кен кесектерін), сонымен қатар болат сынығын жеткізудің өсуіне байланысты болып отыр (мысалы, Италияда өндірілетін болаттың негізгі бөлігі болат сынығын пайдаланатын электрмен болат қорыту пештерінде қорытылады).
Жер астынан қазып алынған руда домна пешке дейін алғашқы өңдеуден өтеді, соның нәтижесінде балқыту жұмыстары жеңілдейді, отын үнемделіп, шойыннын сапасы артады. Ірі рудалар ұсақталып, көлемі 30-100 мм кесектерге айналдырылады. Осы ұсату кезінде пайда болған шаң мен ұсақ түйіршіктер бөлініп алынады да, біріктіріледі.
Металлургия өнеркәсібінде көбіне жоғары калориялы және күлі аз отындар пайдаланылады, олар екінші жағынан кеуекті және жоғары температурада механикалық берік болуы қажет. Отынның құрамында күкірттің болуы - жағымсыз құбылыс. Домна пешінде көбіне тас көмір коксын пайдаланады, кей жағдайда ғана ағаш, шымтезек коксы немесе термоантрацит қолданылады. Басты отындар тас көмір, ағаш коксын және қосымша заттар ретінде флюстер мен шихта пайдаланылады.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау