Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы «___»________
№ ____ қаулысымен бекітілген
Облыстық коммуналдық меншікке бюджет қаражаты есебінен
салынған мүлікті қабылдау және оны одан әрі пайдалану Қағидалары
Осы облыстық коммуналдық меншікке бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны одан әрі пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабына сәйкес әзірленді.
Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар облыстық коммуналдық меншікке бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті қабылдау және оны одан әрі пайдалану тәртібін белгілейді.
Қағидалар «Ақтөбе облысының құрылыс басқармасы», «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын – үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы», «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы», «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемелеріне (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшілері), коммуналдық заңды тұлғаларға және акционерлік қоғамдарға, мемлекеттік қатысу үлесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қолданылады.
Қағидалардың орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімдігінің (бұдан әрі - Әкімдік) коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы – «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Қаржы басқармасы) жүктеледі.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі - бюджетті орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын және облыстық коммуналдық мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге уәкілетті мемлекеттік мекеме;
2) бюджеттік бағдарлама әкімшісі - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатына қажетті, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
4) жылжымайтын мүлік жермен тығыз байланысты жер учаскелері, ғимараттар, үй-жайлар мен басқа да мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;
5) коммуналдық заңды тұлғалар – мүлкі облыстық коммуналдық меншіктегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;
6) коммуналдық мүлік - әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүлкі;
7) қабылдаушы тарап - мүлікті облыстық, аудандық коммуналдық меншікке, сондай-ақ Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіне өзінің меншікті теңгеріміне шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға өз теңгеріміне қабылдайтын тарап;
8) құқықтық кадастрдан мәліметтер - құқықтық кадастрда қамтылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат және тіркеуші орган ұсынатын тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері;
9) мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі – мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе олардың қатысуымен салынған, құрылысы аяқталған объектіні мемлекеттік қабылдау комиссиясының пайдалануға қабылдау актісі;
10) тапсырушы тарап – облыстық коммуналдық меншікке мүлік тапсыратын заңды тұлға;
11) теңгерімдік құны – актив немесе міндеттеме бухгалтерлік теңгерімде танылатын сома;
12) техникалық паспорт – құқықтық кадастр жүргізу үшін қажетті бастапқы немесе кейінгі объектінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамасынан тұратын, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру нәтижелері бойынша жасалған белгіленген нысандағы құжат.
2. Облыстық коммуналдық меншікке мүлік қабылдау
тәртібі
3. Салынған объектіні пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы ол толық дайын болғанда жүргізеді.
Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі дайын құрылыс өніміне арналған мүліктік құқықты тіркеудегі бастапқы ерекше құжат болып табылады.
Бюджет қаражаты есебінен салынған жылжымайтын мүлік құқығын тіркеген соң коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану үшін коммуналдық меншікке беріледі.
4. Сатып алынған мүлік коммуналдық заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқару) теңгеріміне бекітілген, сондай-ақ облыс Әкімдігі қаулысының, Қаржы басқармасы басшысының теңгерімге беру туралы бұйрығының, қабылдау-беру актісінің негізінде одан әрі пайдалану үшін акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге, мемлекеттің қатысу үлесі бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталын ұлғайтуға берілген сәттен бастап коммуналдық меншікке түскен болып саналады.
5. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынған жылжымайтын мүлік пайдалануға енгізілген сәттен бастап мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің негізінде жылжымайтын мүліктің меншік құқығын тіркейді.
6. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері жылжымайтын мүлік тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Қағидалардың 3-бөлімінде көрсетілген құжаттар тізбесін Қаржы басқармасына облыс Әкімдігінің объектіні коммуналдық меншікке қабылдау және оны одан әрі пайдалану туралы қаулысын дайындау және қабылдаушы және беруші тараптар қол қойған мүлікті қабылдау-тапсыру актісін бекіту үшін жібереді.
7. Объектіні коммуналдық меншікке беру кезінде құжаттарды рәсімдеуге қатысты барлық шығыстар бюджет қаражат есебінен іске асырылатын, объект құрылысына қатысатын бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жүктеледі.
8. Барлық талап етілген құжаттар болған жағдайда Қаржы басқармасы 30 (отыз) күнтізбелік күнінен кешіктірілмей мүлікті облыстық коммуналдық меншікке қабылдау туралы облыс Әкімдігінің қаулысын дайындалады және мүлікті қабылдау-беру актісін мемлекеттік және орыс тілдерінде, рәсімдеуге қатысатын, қабылдаушы, беруші тараптар үшін және Қаржы басқармасы үшін бір-бір данадан, үш данада бекітеді.
Мүлікті аудандық коммуналдық меншікке және Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіне беру кезінде тиісті жергілікті атқарушы органдармен 30 (отыз) күнтізбелік күнінен кешіктірілмей қаулы дайындалады.
9. Облыстық коммуналдық меншікке мүлік қабылдағаннан кейін, жедел басқару және шаруашылық жүргізу құқығын тіркеу теңгерім ұстаушымен (қабылдаушы тарап) жүзеге асырылады.
3. Облыстық коммуналдық меншікке мүлік қабылдау кезінде Қаржы басқармасына берілетін құжаттар тізбесі
Облыстық коммуналдық меншікке мүлік қабылдау кезінде мынадай қажетті құжаттардың тізбесі ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Заңымен белгіленген салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі;
2) жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт;
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты;
4) жылжымайтын мүліктің құқықтық кадастрынан мәліметтер;
5) бірінші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған, осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес беруші органның мөрі басылған шығындарының толық талдамасымен берілген объектінің теңгерімдік құны туралы анықтама.
4. Қорытынды және өтпелі ережелер
13. Осы Қағидаларда қамтылмаған қатынастар Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы ____________
№ _____ қаулысымен бекітілген
облыстық коммуналдық
меншікке бюджет қаражаты
есебінен салынған мүлікті
қабылдау және оны одан әрі пайдалану қағидаларына қосымша
Облыстық коммуналдық меншікке кабылданатын объектінің
теңгерімдік құны туралы анықтама
Объектінің атауы: _____________________________________________
Р/с №
|
Объекті салу кезінде орындалған шығындар атауы
|
Құны (теңге)
|
1.
|
Ғимарат (орын-жай, трансформаторлық қосалқы станциясы, тарату қосалқы станциясы)
|
|
2.
|
Жабдық
|
|
3.
|
Инженерлік желілер
|
|
4.
|
Абаттандыру (көгалдандыру, жол, жаяу жүргіншілер жолы, аялдамалар, телефондандыру)
|
|
5.
|
Құрылыс-монтаж жұмыстары (объект бойынша)
|
|
6.
|
Шағын сәулеттiк нысандар (орындықтар, сауыттар)
|
|
7.
|
Объектіні салу кезінде орындалған өзге де шығындар
|
|
Жиыны:
|
|
Бюджет қаражаты есебінен іске
асырылатын, объектіні салуға
қатысатын бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің басшысы __________________
Бас бухгалтер _______________ МО
Достарыңызбен бөлісу: |