«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған ұжымдық шарт Бірге Тараптар деп аталатын, «Қазақстан темір жолы»



жүктеу 1,38 Mb.
бет1/8
Дата18.12.2017
өлшемі1,38 Mb.
#4879
  1   2   3   4   5   6   7   8

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған

ұжымдық шарт

Бірге Тараптар деп аталатын, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының атынан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Президенті (бұдан әрі – Жұмыс беруші) және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің өкілі – «Қазақстандық салалық теміржолшылар кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Кәсіподақ) атынан Кәсіподақ төрағасы, төмендегілер туралы осы ұжымдық шартты жасасты.



І бөлім. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен оның еңбек ұжымы арасындағы ұжымдық шарт (бұдан әрі – Шарт) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі), «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің негізінде жасалды.

2. Шарт әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады, Тараптардың тең құқықтарын және мүдделерін сыйлау қағидаттарын негізге ала отырып жасалды, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Компания) тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

3. Шарт 2015-2017 жылдарға арналып жасалды және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

4. Шарттың күші, жұмыс берушіге және олардың атынан ұжымдық шарт жасалған Компанияның қызметкерлеріне және оларға жазбаша өтініштің негізінде қосылған қызметкерлердің, босатылған, сайланбалы және штаттық кәсіподақ қызметкерлеріне қолданылады. Қосылу тәртібі Шарттың 12-қосымшасында көзделген.

Компанияның құрылымдық бөлімшелерінде есепте тұрған жұмыс істемейтін, соның ішінде «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған зейнеткерлер үшін осы Шартпен жеңілдіктердің және кепілдіктердің жеке түрлері көзделген.

5. Осы Шарттың ережелері еңбекке ақы төлеу, әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылық төлемдер бөлігінде Компанияның орталық аппаратының қызметкерлеріне және Компанияның шет елдердегі өкілдіктерінің қызметкерлеріне қатысты болмайды.

6. Шарттың ережелері Тараптардың басшылыққа алуы мен орындауы үшін міндетті болып табылады. Тараптардың ешқайсысының Шарттың кез
келген тармағын бір жақты өзгертуге немесе іс-әрекетін тоқтатып қоюға құқығы жоқ.

Шартқа өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың жалпы келісімі бойынша енгізіледі. Тараптардың біреуінің келіссөздерді бастау туралы талабы екінші Тарап үшін міндетті болып табылады. Шартқа енгізілетін барлық толықтырулар мен өзгерістерді Жұмыс беруші мен Кәсіподақ өкілдерінің ішінен құрылатын комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарайды, Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылатын және онымен тең заңдық күші бар, Тараптар қол қоятын қосымша келісіммен ресімделеді.

Шарттың ережелерін түсіндіру Тараптардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.

7. Қайта ұйымдастырылу кезеңінде Шарт өзінің іс-әрекетін сақтайды.



ІІ бөлім. Еңбекті ұйымдастыру және нормалау,

еңбекақы мен жұмыс уақыты
8. Жұмыс беруші:

1) Компанияның қызметкерлері үшін еңбекақы төлеудің ең аз кепілдігі ретінде – еңбекақы төлеу жөніндегі тарифтік тордың негізінде белгіленген тарифтік ставкалар мен жалақыларды, не болмаса лауазымдық жалақылар мен Компаниядағы еңбекақы төлеудің белгіленген ең аз мөлшерінің схемаларын қолдануға;

Желілік деңгейдегі бөлімшелер қызметкерлеріне еңбекақы төлеу ережесі Кәсіподақпен келісілуі тиіс.

Ресей Федерациясының аумағында орналасқан құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері үшін тарифтік ставкалар (жалақылар) рубльде белгіленсін;

Еңбекақының негізгі үлесі (еңбекақының тұрақты бөлігіне қатысты) бір жолғы ынталандыру төлемақыларын ескерусіз Компания қызметкерлерінің орташа айлық еңбекақысының 75 пайызынан кем болмайтын мөлшерде қамтамасыз етілсін.

2) жұмысшыларды тарифтеуді және оларға біліктілік разрядтары мен санаттарын беруді жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің қолданыстағы тарифтік-біліктілік анықтамалықтары бойынша Кәсіподақтың келісімімен жүргізуге;

Қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі разрядтарды тиісті лауазымдардың біліктілік сипаттамаларының талаптарына және лауазымдық жалақылардың белгіленген схемаларына сәйкес белгілеуге;

3) мамандығы мен жұмыс стажы жоқ қызметкерге кәсіпті игеру кезеңінде ол қабылданып отырған кәсіп бойынша, егер бұл кәсіп үшін арнайы оқыту талап етілмесе, ең төменгі разряд белгілеуге;

4) ауыр, ыстық және қауіпті жұмыстармен, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен және еңбек жағдайлары ерекше зиянды ерекше ауыр жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге жұмыс орындарын аттестациялау нәтижелері бойынша тарифтік ставкаларына (жалақыларына) сараланған қосымша төлемдер белгілеуге (1-қосымша);

5) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 31 шілдедегі №182-п бұйрығымен бекітілген Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғары мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтердің, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесінің (бұдан әрі - Тізбе) негізінде жасалған нақты жұмыс істеген уақыты үшін қосымша ақылар белгіленетін ауыр, ыстық және қауіпті жұмыстармен, еңбек жағдайлары зиянды және еңбек жағдайлары аса зиянды аса ауыр жұмыстармен айналысатын жұмысшылардың кәсібі тізбесіне сәйкес қызметкерлерге қосымша демалыстар беруге;

6) еңбек нормаларын (өнімділік, уақыт, қызмет көрсету және қызметкерлер саны) енгізуді және қайта қарауды қол жеткізілген техника, технология, еңбек өндірісін ұйымдастыру деңгейін ескере отырып жүргізуге. Еңбек нормаларын өзгертуге қатысы бар қызметкерлерге өзгерістер қолданысқа енгізілгенге дейін кем дегенде бір ай бұрын хабарлауға. Тиісті сайланбалы кәсіподақ органымен келісім бойынша қолданылатын актілер тізбесін, сондай-ақ оны енгізу, әзірлеу және қайта қарау мерзімдерін белгілеуге;

7) желілік деңгейдегі қызметкерлерге, сондай-ақ кейбір филиалдардың жұмысшыларына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері белгілеген инфляция деңгейі шектерінде еңбекақы индексациясы мүмкіндігін Компанияның қаржы мүмкіндіктеріне байланысты, Тараптардың келісімімен белгілеуге;

8) Компанияның қызметкерлеріне есептік айдан кейінгі айдың 10-ына дейін еңбекақы төленуін қамтамасыз етуге;

Еңбек шартын бұзған кезде, қызметкерге тиесілі барлық сомалардың төленуін ол бұзылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізуге;

9) міндетті зейнетақы жарналарының дер кезінде аударылуын қамтамасыз етуге;

10) қызметкерлерге Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес тарифтік ставкаларға (жалақыларға) қосымша ақылар төлеуді жүргізуге:

кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқарғаны үшін;

қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе жұмыс көлемінің ұлғайғаны үшін;

уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін негізгі жұмысынан босатусыз орындағаны үшін;

бригаданы басқарғаны үшін (негізгі жұмыстан босатылмаған, жұмысшылар ішінен тағайындалатын бригадирлерге).

Аталған қосымша ақыларды, еңбекке ақы төлеу қоры мен жұмыс көлеміне байланысты жыл сайын қайта қарап отыруға. Басшылардың штаттық орынбасарларына уақытша жоқ басшылардың міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы төлеуді жүргізбеуге

Жұмыс берушінің актісіне сәйкес «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған Компания қызметкерлеріне тарифтік ставканың (жалақының) кем дегенде 10 пайызынан аз болмайтын үстемеақы төлеуді жүргізуге;

11) Кәсіподақпен келісілген, Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерлерді моральдық және материалдық ынталандыру түрлерін қолдануға;

12) Компания қызметкерлерінің барлық санаттарына күнтізбелік кезеңге келесі сыйлықақы түрлері қарастырылсын:

- тоқсандағы жұмыс қорытындылары бойынша;

- жыл үшін (еңбекақы төлеуге бөлінген қаржыны үнемдеу есебінен);

- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының көлік қызметкерлері күні» кәсіптік мерекеге бір жолғы сыйлықақы төлеу 10 (он) ЕАЕМ-нен (тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген еңбекақының ең төменгі мөлшері) аспайтын мөлшерде. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарының штатында тұрған қызметкерлерге сыйлықақы туралы бұйрық шыққан күнге, төмендегілерді қоспағанда, сыйлықақы төлеу жүргізіледі:

а) жүктілігі және босануы бойынша, сондай-ақ тікелей перзентханадан бала асырап алуына байланысты демалыста жүргендерге;

б) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген жасқа дейінгі баланы күту бойынша еңбекақысын сақтаусыз қосымша демалыста жүргендерге;

в) қызметкердің өтініші негізінде еңбек шартында тұрған тараптардың келісімі бойынша еңбекақысын сақтаусыз 30 күнтізбелік күннен артық ұзақ демалыста жүргендерге;

13) сыйақы есептеу үшін кезекті еңбек демалысында (жұмыс күндері) болған уақыты, қызметтік іссапарда (соның ішінде біліктілікті арттыру курстарында) болған кезеңі нақты жұмыс істеген уақытына қосылады.

14) қызметкерлердің еңбекақысын есептеген кезде экологиялық қолайсыз аудандарда тұрғаны үшін қосымша ақыны қолдануға (3-қосымша).

Арал өңіріндегі экологиялық қолайсыз аудандарда тұрғаны үшін төленетін қосымша ақыларды есептеуді қызметкердің сағаттық тарифтік ставкасын (лауазымдық жалақысын) негізге ала отырып жүргізуге;

15) белгіленген регламентке сәйкес арнайы үзілістер беріп, жұмысты аса қиын метеорологиялық жағдайлар (аяз, бұрқасын, қар басу, аптап) кезінде үнемі ашық ауада орындап, мерзімді еңбекақы алатын жұмысшыларға, электромеханиктерге, бас электромеханиктерге, жол шеберлеріне, бас жол шеберлеріне тарифтік ставкаларды (жалақыларды) 15 пайызға көтеруге, кесімді еңбекақы алатын жұмысшыларға жұмыста белгіленген өндірім нормаларын:

ауаның температурасы минус 25 градус (Цельсий бойынша) және төмен болған кезде;

ауаның температурасы плюс 35 градустан (Цельсий бойынша) жоғары болған кезде;

ауаның температурасы 10 градустан (Цельсий бойынша) төмен болып, бұрқасын мен қар жауған кезде;

Жоғарыда аталған еңбекке ақы төлеу және нормалау шарттарын қолдануды тиісті актілермен ресімделген метеорологиялық мәліметтер деректерінің негізінде, ұзақтығы жұмыс ауысымының 2/3-інен асатын жұмыстарды ашық ауада орындаудың нақты күндері үшін жүргізуге;

16) тегін жол жүру билеттердің және жеңілдікпен отын алумен қамтамасыз етудің жойылуына байланысты мыналарда жұмыс істейтін қызметкерлерге:

5-класс станцияларында, разъездер мен басып озу пункттерінде – 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4-класс станцияларында – 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3-класс станцияларында – 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын үстеме ақы белгілеуге.

Оның құнына тасымалдау жөніндегі шығыстар енгізілуі тиіс отын (тұрмыстық көмір) сатып алуды Жұмыс беруші, қызметкерлерге, сондай-ақ 3, 4, 5-класты станцияларда тұратын зейнеткерлерге жұмсаған сомаларды кейіннен өтей отырып, жүзеге асырады.

17) қызметкерлерге мерзімнен тыс жұмыс сағаттарына, соның ішінде жұмыс уақытын жинақтап есепке алған кезде, кем дегенде бір жарымдық мөлшерде ақы төлеуге.

Мерзімінен тыс сағаттарды есептеу үшін жұмыс уақыты нормаларын болмаған сағаттарға түзетуді жүргізу (уақытша жұмысқа қабілетсіздігі, еңбек демалысы, еңбекақысы сақталмайтын демалыс).

Еңбек жағдайлары аса қауіпті және аса зиянды жұмыстарда мерзімнен тыс жұмыс сағаттарына жол бермеуге.

18) Қызметкердің кінәсінен емес жұмыссыз тұру уақытына орташа айлық еңбекақының 50 пайызынан төмен болмайтын есеппен төлем жасау. Қызметкердің өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін жағдай пайда болған кезде (мұндай жағдайды Компанияның арнайы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қызметтері, ал даулы жағдайларда – Мемлекеттік еңбек инспекциясы растаған жағдайда) оған бұзушылықтарды жою үшін қажет болған барлық кезеңге орташа еңбекақы төлеуге (қызметкердің кінәсінен жұмыссыз тұрған уақытқа төлем жасалмайды). Әрекетсіз кезекшілік үшін Жұмыс берушінің Кәсіподақпен келісілген актілеріне сәйкес төлем жасауға;

19) жүру жолында орын ауыстырумен немесе жұмыстарды орындаумен байланысты, қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі тұрақты орындалатын жұмыстың жүріп-тұру сипаты үшін қызметкерлерге еңбек шартымен белгіленген үстеме ақы төлеуге (4-қосымша);

20) негізгі жұмысынан босатылмаған, олардың келісімі бойынша Компанияның филиалдары басшыларының бұйрығымен өзге жұмысшыларды оқытуға тартылған (әр ай сайын), қабылданған немесе ауыстырылған бір қызметкерді оқыту жөніндегі жұмысы үшін білікті қызметкерлерге тарифтік ставканың (жалақының) 20 пайызы мөлшерінде ақы төлеуге,

Негізгі жұмысынан босатылмаған, олардың келісімі бойынша Компанияның құрылымдық бөлімшелері басшыларының бұйрығымен өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан студенттерге тәлімгер болуға тартылған білікті қызметкерлерге, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес, тәлімгерліктің әр айы үшін тарифтік ставканың (жалақының) 10 пайызы мөлшерінде ақы төлеуге;

21) Жұмыс беруші ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес берген грант шеңберінде қызметкерді күндізгі оқу нысанындағы магистратура, аспирантура және докторантура (PhD) бағдарламалары бойынша оқуға жіберген кезде қызметкерге еңбекақысын сақтаусыз демалыс, сондай-ақ Жұмыс берушінің ішкі нормативтік құжаттарымен көзделген басқа да кепілдіктер беруге;

22) мыналар:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс уақытының бірыңғай ұзақтығы (нақты жұмыс режимдері кәсіподақ комитетімен келісім бойынша ішкі еңбек тәртібі ережесімен белгіленеді);

Орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы Компания филиалдарының қызметкерлеріне демалыс және мерекелік күндерді олардың орналасқан елдерінің заңнамасына сәйкес беру;

23) күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде қызметкерге демалу мен тамақ ішу үшін кем дегенде жарты сағатқа бір үзіліс беруге;

24) жұмыс істейтін 1 және 2-топ мүгедектеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қысқартылған жұмыс күнін және жыл сайын он бес күннен кем болмайтын ақысы төленетін қосымша демалыс белгілеуге;

25) өндіріс шарттары бойынша белгіленген күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы сақталуы мүмкін емес, үздіксіз тәулік бойы жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшін қызметкермен (қызметкерлердің өкілімен) келісім бойынша айлық, тоқсандық есептік кезеңімен жұмыс уақытыныңжиынтықты есепке алуын енгізуге. Есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының нормасы алты күндік жұмыс аптасы жағдайындағы жұмыс уақытының теңгеріміне байланысты белгіленеді.

Жұмыс уақытын және демалыс уақытын реттеуді барлық есептік кезеңге белгіленген ауысымдық график негізінде жүргізуге, бұл ретте, қабылданған есептік кезеңде демалыс күндерінің саны осы есептік кезеңінің демалыс күндеріне сәйкес келуі тиіс;

26) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 98-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жұмыс берушінің бастамасы бойынша демалыс және мереке күндері жұмысты орындау үшін қызметкерлерді олардың жазбаша келісімімен және Жұмыс берушінің актісінің негізінде тартуға;

Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа қосарланған мөлшерде төлем жасауға немесе қызметкердің тілегі бойынша оған дараланған мөлшерде төлем жасап, қосымша демалыс күнін беруге;

27) үздіксіз тәулік бойы ауысымдық жұмыстағы қызметкерлер үшін мұсылмандық күнтізбе бойынша Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество жалпы демалыс күндері болып саналсын.

Аталған күндердегі жұмыс үшін ақы төлеу Шарттың 8-тармағының 26) тармақшасына сәйкес жүргізілсін.

28) қызметкерлерге жұмыс орнын (лауазымын) сақтау арқылы төмендегі ұзақтығы белгіленген жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысын:

жұмысшыларға – 24 күнтізбелік күн;

басшыларға, мамандарға, қызметшілерге 24, 28, 30 күнтізбелік күн беруге (5-қосымша).

Демалыстарды беру кезектілігін өндірістік процесті ескере отырып, кәсіподақ органдарымен келісіп, бекітілген график бойынша белгілеуге. Қызметкерді еңбек демалысынан шақыртып алған жағдайда (оның келісімі бойынша) еңбек демалысының, соның ішінде қосымша демалыстың пайдаланылмаған күндерін ағымдағы жылдың басқа уақытында беруге немесе келесі жұмыс жылының еңбек демалысына қосуға не болмаса өтемақы төлеуге. Шақырту еңбектің зиянды жағдайлары үшін қосымша демалыс күндерін пайдаланғаннан кейін ғана жүргізілсін. Жыл сайынғы еңбек демалысын төлеу оның басталуынан бұрын үш күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізілсін.

29) қызметкерге жыл сайынға ақысы төленетін демалыс берген кезде жылына бір рет бір айлық тарифтік ставкадан (лауазымдық жалақыдан) артық болмайтын мөлшерде материалдық көмек төлеуге. Қайтадан қабылданған немесе баланың (балаларының) туғанына, жаңадан туған баланы (балаларды) асырап алумен байланысты демалыстан шыққан қызметкерге берілетін материалдық көмек жұмысқа қабылданған/шыққан күннен бастап кем дегенде 6 ай өткеннен кейін төленеді. Жыл сайынғы ақы төленетін демалыс бөліп берілген жағдайда қызметкерге материалдық көмек бір жолы, есептелген демалыстық сомамен бірге толық көлемде төленеді.

30) қызметкерлерге, тиісті құжаттар берілген жағдайда, төлем жасалатын қосымша демалыстар беруге:



Тізімге сәйкес еңбек жағдайлары зиянды жұмыс, қосымша еңбек демалысына және қысқартылған жұмыс күніне құқық беретін жұмыс үшін;

экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшін;

темір жол көлігі ұйымдарындағы жұмыс стажы үшін, үш жылдан артық - әрбір келесі жыл үшін 2 күннен, бірақ 6 (алты) күнтізбелік күннен артық болмайтындай.

Ресей Федерациясының аумағында тұрып жатқан қызметкерлерге темір жол көлігі ұйымдарындағы бес жылдан артық жұмыс стажы үшін – 2 күн;

өндірістен қол үзбей орта және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитындарға, сессия, дипломдық жобаларды дайындау және қорғау, оқу бітіру емтихандары кезеңіне.

Ақы төлеуді оқу орнының тиісті құжатымен расталған оқу жоспарын орындау шартымен, жыл сайынғы еңбек демалысына төлемақыны есептеу тәртібімен, бірақ 20 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, орташа айлық еңбекақы сомасы есебінен жүргізуге;

қызметкердің ата-анасының, жұбайының/зайыбының, балаларының, аға-інілерінің, апа-сіңілілерінің, қарындасының қайтыс болуына байланысты – 3 жұмыс күні;

неке қиюына байланысты – 3 жұмыс күні;

баласының тууына немесе баланы асырап алуына байланысты – 1 жұмыс күні.

Қосымша демалыстар ақы төленетін кезекті демалысқа кірмейді, олар бойынша есептеу және ақы төлеу жыл сайынғы демалысқа төлемақыны есептеу тәртібімен жүргізіледі;

31) материалдық көмек көрсетуге:

а) қызметкердің, қайтыс болуына байланысты – 100 АЕК (орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы Компания филиалдарында – Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК баламада - рубльмен) ата-анасының, жұбайының/зайыбының, балаларының – 50 АЕК (орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы Компания филиалдарында – Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК баламада - рубльмен);

б) баланың тууына, асырап алуға байланысты - екі еселенген ең аз еңбекақы мөлшерінде (Орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы Компания филиалдарында – Қазақстан Республикасында белгіленген ЕАЕМ баламада - рубльмен), ал қызметкерде екі немесе одан көп бала туса, асырап алса – әр бала үшін үш еселенген ең аз еңбекақы мөлшерінде (Орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы Компания филиалдарында – Қазақстан Республикасында белгіленген ЕАЕМ баламада - рубльмен).

Баланың тууға, асырап алуға байланысты материалдық көмек көрсетуге арналған өтінішке растаушы құжаттар қоса берілуі тиіс;

в) неке қиюына байланысты 20 АЕК (орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы Компания филиалдарында – Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК баламада - рубльмен).

а, б, в) тармақшаларында сипатталған жағдайлар бойынша өтініштер жағдай басталған күннен бастап 90 күннен кешіктірмей берілуі тиіс.

Егер материалдық көмек алу құқығы бар отбасы мүшелері Компания қызметкерлері болып табылатын болса, көмек олардың біреуіне ғана көрсетіледі;

32) қызметкерге жазбаша өтініші негізінде Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес еңбекақысы сақталмайтын демалыс беруге;

33) толық емес жұмыс күні режимін енгізген кезде демалысқа төлем жасау үшін (пайдаланылмаған демалысқа өтемақы төлеу үшін) орташа күндік (орташа сағаттық) еңбекақыны есептеуді нақты жұмыс істелген уақыт есебінен жүргізуге;

34) зейнеткерлік жасқа жетуіне 3 жыл және одан да кем уақыт қалған қызметкерлерге толық жұмыс күні (толық жұмыс аптасы) режимін сақтауға;

35) мектеп жасындағы баласы бар қызметкер қажетті құжаттарды (қызметкердің мектеп жасындағы балаларының санын растайтын анықтамаларды, мектептің орналасқан жерін және балалардың осы мектепте оқитынын растайтын мектеп анықтамаларын) тапсырған кезде қалалар мен ірі тораптық станцияларда орналасқан мектептердегі, мектеп-интернаттардағы оқу орнына барып келу үшін бір оқушыға арналған бір айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде (орналасқан жері Ресей Федерациясының аумағындағы Компания филиалдарында – Қазақстан Республикасында белгіленген АЕК баламада - рубльмен) оқу жылы кезеңінде ай сайын қосымша ақы төлеуге;

36) қызметкерлерге уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақыны заңнамаға сәйкес есептелген орташа еңбекақы есебінен төлеуге. Бұл ретте уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі айлық жәрдемақының мөлшері теміржол саласындағы жұмыс стажына байланысты төмендегі мөлшерден артық болмауы тиіс:

15 жылға дейін – 15 АЕК;

15 жылдан артық – 30 АЕК.

Жұмыста жарақаттануы немесе кәсіби ауруы салдарынан уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақы орташа еңбекақының 100% мөлшерінде;

37) уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақыны:

1) заңды күшіне енген соттың үкімімен оңың кінәлілігі айқындалған жағдайда, уақытша еңбекке жарамсыздығы ол қылмыс жасаған кезде жарақат алуының салдарынан болған қызметкерге;

2) соттың ұйғарымы бойынша қызметкерді мәжбүрлі емдеу уақытында (психикалық аурулардан басқа);

3) заңды күшіне енген соттың үкімімен немесе сот қаулысымен оның кінәлілігі айқындалған жағдайда қызметкердің қамауда болған уақытында және соттық-медициналық сараптама уақытында;

4) алкогольдік ішімдіктерді, есірткі және токсикологиялық заттарды қолдану салдарынан ауырып қалған немесе жарақат алған қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкер жұмысынан (лауазымынан) алшақтатылған кезеңде уақытша еңбекке жарамсыздық туындаған кезде;

6) кезекті немесе қосымша демалыста, ол уақытша еңбекке жарамсыз отбасы мүшесіне күтім жасауды жүзеге асырған кезде еңбекақысын сақтаусыз демалыста болған қызметкерлерге;

7) жыл сайынғы еңбек ақысы төленетін демалыс кезінде еңбекке жарамсыз болған күндері үшін төленбейді.

ІІІ бөлім. Жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау,

босатылатын қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлау

9) Жұмыс беруші:

1) жұмысқа қабылдауды қызметкерді еңбек жағдайларымен, ішкі еңбек тәртібі ережелерімен және Шартпен міндетті түрде таныстыру арқылы қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға;

жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлермен еңбек шарттарының олардың кәсібіне, біліктілігіне сәйкес жасалуын және еңбек жағдайлары өзгерген жағдайда, оларға толықтырулардың енгізілуін қамтамасыз етуге;

лауазымдары осы Шартқа 7-қосымшада көзделген қызметкерлермен үлгі шарт негізінде толық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың жасалуын қарастыруға (6-қосымша);

2) жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлермен еңбек шарттарын:

а) белгісіз мерзімге;

б) кем дегенде бір жылдық белгілі бір мерзімге жасасуға.

Еңбек шартының мерзімі ұзартылған жағдайда, ол белгісіз мерзімге жасалған болып саналады

Қызметкермен бұрын жасалған бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты қайталанып жасалғанда, соның ішінде еңбек шартын ұзарту кезінде ол белгісіз мерзімге жасалған болып саналады. Егер еңбек шартының қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін тараптардың ешқайсысы бір тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпесе, онда ол белгісіз мерзімге жасалған болып саналады.

Белгісіз мерзімге еңбек шарты жасалған қызметкерлерге көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында белгіленген мерзімге еңбек шартын жасауға тыйым салынады:

в) уақытша жоқ қызметкердің орнына жұмыс істеу уақытына;

г) белгілі бір жұмысты орындау уақытына;

д) маусымдық жұмыстарды орындауға;

3) қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасқан кезде:

а) еңбек жағдайларының сипатын, жұмыс орнындағы зиянды және қауіпті факторлардың тізбесін;

б) сол жұмысты орындау үшін қажетті арнай киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке қорғану құралдарымен, жуу заттарымен қамтамасыз ету нормаларын;

в) демалыстарды беру немесе пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлеу тәртібін;

г) материалдық және моральдық ынталандыру туралы ережені;

д) Жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жекелеген жұмысшы мамандықтары, мамандар мен қызметшілердің лауазымдары үшін келесі жұмыс режимдерін: үйде немесе объектідегі арнайы жабдықталған бөлмеде белгіленген сағаттар нормасы шегіндегі кезекшілікті, жұмыстың икемді графигін, толық емес жұмыс күнін қолдануға;

4) қызметкерлер санын немесе штатын қысқартқан кезде жұмыста қалдырудың артықшылық құқығын:

а) жалғыз асыраушы болып табылатын қызметкерлерге;

б) төрт және одан көп баласы бар көп балалы отбасылардың ата-аналарына;

в) темір жол көлігінде жұмыс істеген қызметкерлерге: ерлерге - кем дегенде 25 жыл, әйелдерге - кем дегенде 20 жыл;

г) «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталғандарға;

д) жылына кем дегенде бес рационализаторлық ұсыныс енгізген жағдайда көп жыл бойы белсенді рационализаторлық қызмет жасаған рационализаторларға беруге;

Кәсіпорынның қызметі тоқтатылған жағдайды қоспағанда, штат немесе қызметкерлер саны қысқартылған кезде бір отбасынан екі қызметкердің (ері, әйелі) жұмыстан босатылуына жол бермеуге;

5) Компанияның құрылымдық бөлімшесі таратылған, штат немесе қызметкерлер саны қысқартылған кезде:

а) қызметкерлер санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алда тұрған қызметкерлерді жұмыстан босату туралы жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға оларға тиюі мүмкін деген, лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігін көрсету арқылы қызметкерлердің саны мен санаттары және жұмыстан босатылатын қызметкерлердің еңбекақы мөлшері мен босату басталғанға дейін кем дегенде екі ай бұрын олардың жұмыстан босатылатын мерзімдері туралы ақпарат беруге;

б) қызметкерге өз бетімен жұмыс іздеуі үшін аптасына бір күн немесе әр жұмыс күні ішінде екі сағат беруге;

в) еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерге орташа айлық еңбекақысы мөлшерінде өтемақы және екі орташа айлық еңбекақы мөлшерінде қосымша өтемақы төлеуге. Бұл ретте екі орташа айлық еңбекақы мөлшеріндегі (жұмыс іздеу кезеңінде сақталатын) қосымша өтемақыны теміржол көлігіндегі жұмыс өтілі кем дегенде бес жыл болатын адамдарға, өкілетті мемлекеттік жұмыспен қамту органдарында тіркелу (есепке тұру) туралы анықтаманы ұсыну шартымен әр ай өткен соң, бір орташа айлық еңбекақы мөлшерінде төлеуге (бірінші және екінші айлар үшін);

Станцияларда, разъездерде аталған уәкілетті органдар жоқ болған жағдайда, құрылымдық бөлімше басшысына Компания басшылығының алдында елді мекенде бос жұмыс орнының болмауына байланысты қосымша өтемақылар төлеу туралы өтініш жасау құқығын беруге.

6) жеке еңбек шарттары Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 3), 6) – 13) және 16) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша бұзылатын қызметкерлерді қоспағанда, темір жол көлігі ұйымдарында кем дегенде 20 жыл жұмыс істеген, жасы бойынша зейнеткерлік демалысқа шығу құқығының басталуына дейін үш жыл қалған қызметкерлерге Компанияның құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс берілуіне кепілдік беруге;

Жасы 55-ке толған және зейнеткерлік жасқа дейін қызметкерлермен, қажеттілігі бойынша құрылған комиссияның өң шешімі болмаған жағдайда, Еңбек кодексінің 54-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша шарттарды бұзуға рұқсат етілмейді.

Комиссия жұмыс берушінің және қызметкерлердің өкілдерінің тең санынан тұрады, жұмыс берушінің актісімен құрылады, шешім комиссия отырысы хаттамасымен ресімделеді.

7) жұмыс көлемі төмендеген жағдайда, жұмыс істеушілердің санын бірінші кезекте:

кадрлардың табиғи жылыстауы және оларды қабылдауды уақытша шектеу;

кадрларды қайта оқыту, қайта даярлау жөніндегі іс-шараларды өз қаржылары есебінен;

кадрлардың бөлімшелердің ішінде босаған жұмыс орындарына ауысуы;

қызметкерлерді уақытша және маусымдық жұмысқа пайдалану;

жұмыстан босатуға балама, уақытша шара ретінде толық емес жұмыс күнін қолдану;

ұйымның құрылымдық бөлімшелері ішінде орын ауыстыру, тұрғын үй беру немесе оны жеңілдікпен сатып алуға жағдай жасау, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің жол ақысын төлеу және Тараптардың келісімі бойынша басқа да жеңілдіктер беру арқылы жаңа жұмыс орнына көшу;

қызметкердің келісімі бойынша ауысу сәтінен бастап үш ай ішінде бұрынғы жұмыс орны бойынша орташа еңбекақысын сақтау арқылы басқа да тұрақты, еңбекақысы төмен жұмысқа ауыстыру есебінен реттеуге;

8) қызметкерлердің штаты ұлғайтылғанда, соңғы алты айдың ішінде штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлерге қолда бар вакансиялар туралы оларға жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабарлауға (егер қызметкер жазбаша хабарламаны алғаннан кейін 10 күн ішінде Жұмыс берушіге жүгінбесе, ол жұмысқа орналасудың артықшылық құқығынан айырылады);

9) босатылатын қызметкерлердің тиісті қайта даярлануы арқылы бос жұмыс орындарына артықшылықпен орналастырылуын қамтамасыз етуге. Қызметкерлердің қайта мамандануын (басқа кәсіптерге оқыту), оқу кезінде олардың орташа табысының 75 пайызын төлеу арқылы Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асыруға;

10) Кәсіподақтың мүшесі болып табылатын қызметкермен еңбек шартын Еңбек Кодексінің 54-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларымен көзделген негіздер бойынша бұзуға, сондай-ақ еңбек шартын Еңбек Кодексінің 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тоқтатуды осы шартқа 8-қосымшада көзделген тәртіппен кәсіптік одақ органының дәлелді пікірін ескере отырып жүргізуге;

11) Компанияның құрылымдық бөлімшелерін тарату ниеті туралы тиісті кәсіподақ органдарын кем дегенде екі ай бұрын хабардар етуге, бұл ретте Кәсіподақ өкілдерін тиісті комиссиялар мен жұмыс топтарының құрамына кіргізуге (54, 56, 59-баптың негізінде).

12) қызметкерге әскери қызметке шақырылған және мерзімдік әскери қызмет мерзіміне жұмыс орнын (лауазымын) сақтауға;

13) Жұмыс берушінің бастамасымен қызметкердің лауазымына сәйкес келмеуі немесе орындалатын жұмысқа біліктілігінің жеткіліксіз болуы салдарынан еңбек шарты бұзылған кезде, құрамында қызметкердің өкілі болуы тиіс аттестациялық комиссияның шешімін негізге алуға. Қызметкерлерді аттестаттаудың тәртібі, шарты және оны жүргізудің кезеңділігі Аттестаттауды жүргізу ережелерінде белгіленеді (9-қосымша);

14) келесі жағдайларда:

медициналық қорытынды негізінде денсаулық жағдайы бойынша қызметкерге қолайсыз жұмысты орындауға арналған еңбек шартын жасасқан жағдайларда еңбек шарты тоқтатылған кезде үш айлық орташа жалақы мөлшерінде;

15) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда Жұмыс берушінің бастамасымен жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеуші жалғыз аналармен, балалардың аталған санатын анасыз тәрбиелеп жатқан өзге тұлғалармен еңбек шартының бұзылуына жол бермеуге міндеттенеді.




жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау