Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



жүктеу 311,18 Kb.
Pdf просмотр
бет8/9
Дата10.12.2017
өлшемі311,18 Kb.
#3712
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4-сыныпты бір зиянды заттан артық бөлмейтін үй-жайларға ауаның рециркуляциясына жол беріледі

.

      180. Егер технологиялық жабдықтың қыздырылған беттерімен және ауамен жылытудың ауа 



қыздырғыштарымен жанасуы кезінде жанатын зиянды заттарды бөлу болмаса, желдеткішпен 

бірікпеген ауамен жылытуда рециркуляцияны қарастыруға жол беріледі.

      181. Жылыту, желдету және ауа баптау қондырғылары тұрақты жұмыс орындары мен қосалқы 

үй-жайлардың қызмет көрсететін аймақтарында рұқсат етілген деңгейлерден асатын шу және діріл

шығармайды.

      182. Желдету жүйелерін бақылау барысында келесі құжаттар ұсынылады:

      1) белгіленген тәртіп бойынша бекіткен желдету жобасы, сонымен қатар жобадан шегінулер

тізбесі;


      2) жасырын жұмыстарды қарау және қабылдау актілері;

      3) техникалық сынаулар мен желдету жүйелерін реттеу хаттамалары;

      4) желдету жүйелерінің төлқұжаты;

      5) желдету жабдықтарын жоспарлы-алдын ала жөндеу кестесі, оны жөндеу және пайдалану 

журналы.

      183. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар жылыту жүйесімен жабдықталады.

      Кодекстің 62-бабының 

 сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 

8-тармағына

саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің автономды

жылумен жабдықтау (қазандықтар) көздерін салуға және пайдалануға 

санитариялық-эпидемиологиялық 

 болған жағдайда оларды қолдануға жол беріледі.

қорытындысы

      184. Жылыту бойынша талаптары негізгі үй-жайларға қойылатын талаптардан өзгеше 

ғимараттардың жылытылатын үй-жайларының жалпы көлемінің 5 %-ынан артық емес алаңы бар бір 

немесе бірнеше үй-жайларды жергілікті жылу аспаптарымен жылытуға жол беріледі.

      185. Ғимараттар мен құрылыстарды жылыту үшін зиянды факторлар мен жағымсыз иістерді 

туғызбайтын жүйелер, аспаптар және жылу тасымалдаушылар көзделеді.

      186. Шаң бөлетін өндірістік үй-жайлардағы қыздыратын аспаптардың беттері жеңіл 

тазалауға жол беретін тегіс болуы тиіс. Инфрақызыл газды сәулеленуі бар сәулемен жылытуды 

жану өнімдерін газ жанарғыларының тікелей сыртына шығара отырып қарастыруға жол беріледі.

      187. Құрылыс конструкцияларының ішіне орнатылған қыздыру элементтері және тіреулері 

бар сумен жылыту жүйелеріндегі жылытылатын беттегі орташа температура мынадан: тұрақты жұмыс

орны бар еден үшін плюс 26  С; адамдар уақытша болатын еден үшін плюс 31  С; төбелер үшін: 

0

0



үй-жайдың биіктігі 2,5-тен 2,8-ге дейін болса плюс 28  С; 2,8-ден 3,0-ге дейін болса плюс 30 

0

С; 3,0-ден 3,5-ке дейін болса плюс 33  С; 3,5-тен 4,0-ге дейін болса плюс 36  С; 4,0-ден 6,0



0

0

0



-ге дейін болса плюс 38  С аспауы тиіс.

0

      188. Жылу көздерінің температурасы төмен жылыту жүйелеріндегі радиациялық кернеу жұмыс



орындарында еденнен 1,5 – 2,0 м биіктікте шаршы метрге 35 Ваттан (Вт/м ) немесе 27 

2

килокалорий/сағаттан (ккал/м сағ) аспауы тиіс.



      189. Жылу бөлетін жабдық өтетін жолдарды желдету мүмкіндігін ескере отырып орналасады.

Ішке тартылатын аэрациялық ағыстың таралуы үшін үй-жайдың көлемі бойынша жабдықтар 

арасындағы қашықтық ағыстың мөлшері бойынша оның өлшемінен артық болуы тиіс.

      190. Жоғары жылу бөлетін цехтар мен учаскелерді табиғи желдеткішпен (аэрациямен) 

жабдықтаған кезде шатырда қашықтықтан басқарылатын механикаландырылған фрамугамен 

жабдықталған сөнбейтін шахталар немесе аэрациялық шамдар көзделеді. Табиғи желдету кезінде 

желдетілетін үй-жайларға ішке тартылатын ауаны беру жылдың жылы мезгілінде еденнен 1,8 м 

артық емес, ал жылдың суық мезгілінде желдеткіш ойықтарының түбіне дейін 4 м төмен емес 

деңгейде көзделуі тиіс. Осы мақсатта өндірістік объектілерде терезелерде ашылатын ойықтар, 

аэрациялық қақпалар, көрсетілген деңгейлерде ауаны беруге арналған көтерілетін ысырылмалы 

қабырғалар көзделеді. Ашылатын ойықтардың ауданы шыныланған жердің жалпы ауданынан кемінде 

20 % болуы тиіс.

      191. Жалпы ішке тарту қондырғысына шаң мен жеңіл конденсацияланатын буларды, сондай-ақ

араластырған кезде зиянды немесе өрт қауіпті қоспалар немесе көрсетілген қасиеттері бар жаңа

химиялық қосылыстар түзетін заттарды шығаратын жергілікті сорғыларды біріктіруге жол 

берілмейді. Жергілікті сорғылардың мұндай жүйелерін жалпы алмасу ішке тарту желдеткіш 

жүйелерімен біріктіруге жол берілмейді.

      192. Қозғалатын крандардың кабиналарында қоршаған өндірістік үй-жайдың ауасын, егер 

оның құрамындағы зиянды заттар жұмыс аймағы үшін РЕШШ-ден аспаса, ал микроклиматтың 



параметрлері нормаланған көрсеткіштерге сәйкес келетін болса қосымша өңдеусіз қолдануға жол 

беріледі. Олай болмаған жағдайда, крандардың кабиналарын ауа баптағыштармен жабдықтау керек.

      193. Сыртқы және рециркуляциялық ауаның рұқсат етілген шоғырланудан 30 %-ға асатын 

шаңдануы кезінде немесе бұл өндірістің технологиясы бойынша қажет болғанда ауа баптау 

жүйелерінде; ауамен себезгілеу жүйелерінде; ауаны жұмысшылардың тыныс алу аймағына – басты 

немесе бетті қорғайтын шлемге, бетпердеге, қалқандарға ауаны берген кезде ауаны тазалау 

көзделуі тиіс.

      194. Бір ішке тарту және сыртқа тарату қондырғылары бар табиғи желдетусіз өндірістік 

үй-жайлардың жалпы алмасу желдеткіш жүйелері сыртқа тарату жүйесінің резервтік желдеткішімен

жабдықталады. Талап етілетін ауа алмасудың кемінде 50 % түсетін ашылатын ойықтары бар 

көршілес үй-жайлармен біріктірілген, көрсетілген үй-жайлар үшін резервтік желдеткіш 

жобаламауға жол беріледі.

      195. Үй-жайлардағы жыл бойына және тәулік бойына жұмыс жасауға арналған, сондай-ақ 

табиғи желдетілмейтін үй-жайлардағы ауа баптау жүйелері талап етілетін ауа алмасудың кемінде

50 %-ын және жылдың суық мезгілінде белгіленген температураны қамтамасыз ететін резервті ауа

баптағышпен көзделеді.

      196. Тамбурлары жоқ, ауысымына кемінде 40 мин немесе бес реттен жиі ашылатын қақпалар 

мен ойықтар жанында; сыртқы ауаның есепті температурасы минус 15  С және одан төмен болатын 

0

аудандардағы үй-жайлардың сыртқы қабырғаларындағы үнемі ашық тұратын ойықтары жанында ауа 



немесе ауа-жылу перделері көзделеді.

      197. Ауа және ауа-жылу перделері қақпаларды, есіктерді және технологиялық ойықтарды 

ашқан кезде үй-жайға түсетін ауа қоспасының температурасы: жеңіл дене жұмысында плюс 14 

0

С-тен; орташа ауырлықтағы жұмыста 12  С-тен; ауыр жұмыста 8  С-тен төмен болмайтындай етіп 



0

0

есептеледі. Қақпалардың (6 м дейін арақашықтықта), есіктердің және технологиялық ойықтардың 



маңында жұмыс орындары болмаған кезде, егер бұл технологиялық талаптарға қайшы келмесе, осы 

аймақтағы ауаның температурасын плюс 5  С-қа дейін төмендетуге жол беріледі.

0

      198. Апаттық желдеткішті қосу және ауаны шығару үшін ойықтарды ашу үй-жайдың ішінен, 



сонымен бірге сыртынан да қол жетерлік жерлерден қашықтықтан басқарылады.

      199. Мерзімдік жұмысқа немесе адамдардың орын ауыстыруына арналған туннелдерде, 

сондай-ақ техникалық қабаттардың үй-жайларында есепті ауа алмасуы бар мерзімдік жұмыс 

істейтін желдеткіш көзделеді.

      200. Кодекстің 144-бабының 

 сәйкес бекітетін қалалық және ауылдық елді 

6-тармағына

мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын 

 сәйкес жергілікті сорғы 

гигиеналық нормативтерге

жүйелерінен және құрамында зиянды заттар бар өндірістік үй-жайлардың жалпы алмасу 

желдеткішінен атмосфералық ауаға шығарылатын ауа санитариялық талаптарға сәйкес атмосфералық

ауада тазартылады және сейіледі.

      201. Өндірістік объектілерде жылыту, желдету және ауа баптау жүйелері мен желдеткіш 

шығарындыларын тазалау қондырғыларын жөндеу, реттеу және бақылау бойынша шеберханалар 

көзделеді.



6. Сумен жабдықтауға, су бұруға және өндірістік объектілердегі

өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      202. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған жер асты және жер беті 

шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерін санитариялық-эпидемиологиялық қорғау Кодекстің 144-

бабының 


 сәйкес бекітетін «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау

6-тармағына

орындарына, шаруашылық ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына 

және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» 

 сәйкес жүзеге асырылады.

санитариялық қағидаларына

      203. Шаруашылық-ауыз су құбырлары желілерін ішуге жарамайтын сападағы суды беретін су 

құбырлары желілерімен біріктіруге жол берілмейді. Техникалық суды ішу мақсатында пайдалану 

мүмкіндігін болдырмайтын техникалық су құбырлары құрылыстарының арнайы боялуын қарастыру 

қажет.


      204. Кәсіпорындардың өндірістік және қосалқы ғимараттарындағы шаруашылық-ауыз судың 

қажеттілігіне суды шығындау нормалары шаруашылық-ауыз су су құбырлар жүйелері көзделеді.




жүктеу 311,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау