60. Жыл сайын жыл соңында қоймада пестицидтердің қалдықтарына акт толтырыла отырып,
инвентаризация жүргізіледі.
61. Пестицидтер, ҚӘЕҰЗ, химиялық заттар, прекурсорлар Кодекстің 144-бабының 6-
тармағына сәйкес бекітетін «Жолаушылар мен жүкті тасымалдайтын көлік құралдарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
сәйкес тасымалданады.
санитариялық қағидаларына
62. Ауыл шаруашылығында пайдалануға тыйым салынған немесе жарамсыз болған
пестицидтердің қалдықтарын толық жойылғанға дейін қоймада сақталынады.
63. Радиожиілікті диапазондағы электромагниттік өрістер (одан әрі – ЭМӨ) көздерімен
жұмыс істейтін өндірістік үй-жайларды ағымды желілерде орналастыруды қоса алғанда жалпы
үй-жайларда, сондай-ақ жеке үй-жайларда да орналастыруға жол беріледі. Егер персоналдың
қондырғыда жұмыс істеуге және оған қызмет көрсетуге байланысты емес жұмыс орындарындағы
ЭМӨ-нің деңгейлері Кодекстің 144-бабының
сәйкес бекітетін «Радиотехникалық
6-тармағына
объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
сәйкес рұқсат етілген шекті мәннен аспаса, ЭМӨ көздерін жалпы үй-жайларда орналастыру
көзделеді. Көрсетілген жағдайды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, ЭМӨ қондырғылары
жеке үй-жайларда орналастырылады.
64. ЭМӨ көздерімен жұмыс істеуге арналған экрандалған үй-жайларда жұмыс аудандары мен
көлемдері өңделетін бұйымның көлемдеріне қарай белгіленеді.
65. Экрандалған үй-жайлардың қабырғалары, төбесі мен едені сіңіретін материалдармен
қапталады.
66. Экрандалған үй-жайларда табиғи жарықтың, ультракүлгін жеткіліксіздігін, ауаның
газды және ионды құрамының өзгеруінің орнын толтыру бойынша шаралар көзделеді.
67. Электромагниттік энергия құрылыс конструкциялары арқылы көрші үй-жайларға өткен
жағдайда әртүрлі экрандалған материалдардан (қалқалар, металл табақтар, торлар) жасалған
құрылыс материалдары және конструкциялары қолданылады.
68. Персоналдың жұмыс орнында лазерлі сәулелену деңгейі Кодекстің 144-бабының 6-
сәйкес бекітетін адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын
тармағына
гигиеналық
сәйкес мәнді шектеу деңгейінде қарастырылады.
нормативтеріне
69. Шу көздері орналасқан жаңа және қайта жаңартылатын объектілерде үй-жай ішінде,
жұмыс орындарында, сондай-ақ тұрғын үйлер қоршап тұрған аумақта шуды төмендетуге бағытталған
сәулет-құрылыс іс-шаралары көзделуі тиіс.
70. Шу параметрлерін гигиеналық нормативтермен белгіленген мәнді шектеу деңгейіне
дейін жеткізу мүмкін болмаған жағдайда:
1) стационарлық жабдық үшін дыбыстан оқшаулау кабиналарын жасау, процесті қашықтықтан
басқаруды көздеу;
2) қол аспабы үшін басқа жұмысшыларға шудың әсерін болдырмайтын жұмыс орындарын
орналастыруды көздеу қажет.
71. Жұмысшыларға шудың, дірілдің, ультра және инфрадыбыстың әсеріне байланысты жұмыс
орындарының маңында мерзімдік демалуға және профилактикалық рәсімдер жүргізуге арналған
үй-жайлар қарастыру қажет.
72. Персоналдың жұмыс орнындағы шудың, дірілдің, ультра және инфрадыбыстың деңгейі
Кодекстің 144-бабының
сәйкес бекітетін адамға әсер ететін физикалық факторларға
6-тармағына
қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес көзделеді.
73. Плазмалы технологияларға арналған үй-жайларда:
1) бір жұмысшыға кемінде 10 м және үй-жайдың биіктігі еденнің ең төменгі нүктесінен
2
кемінде 3,5 м есебінен жабдық қойылмаған алаңның болуы көзделеді;
2) қабырғалары мен төбесі ультракүлгін сәулені жұтатын, жанбайтын перфорацияланған
материалдан қорғаныш жабыны бар, дыбыс сіңіретін қаптаумен жабылады. Жабдықтың өзінде дыбыс
сіңіретін қорғанышы болмағанда, қаптау биіктігі кемінде 2,7 м болуы тиіс.
74. Өндірістік ғимараттарға және құрылыстарға кіреберістерінде аяқ киімді тазалауға
арналған металл торлар мен басқа да құрылғылар қарастыру қажет.
75. Адамдар тұрақты болатын өндірістік объектілерде табиғи және жасанды жарықтандыру
көзделеді.
76. Жасанды жарықтандыру жұмысшы және апаттық болып көзделеді. Орташа дәлдіктегі
жұмысты атқарған кезде жұмыс орнындағы құрамдастырылған жарықтандыру кемінде 500 люкс (бұдан
әрі – лк), аз дәлдіктегі және дөрекі істелетін жұмыс кезінде кемінде 200 лк болуы тиіс.
77. Персоналдың жұмыс орнындағы жарықтандыру көрсеткіші Кодекстің 144-бабының 6-
сәйкес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
тармағына
мемлекеттік орган бекіткен «Адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтерге сәйкес көзделеді.
78. Жұмыстар бинокулярлық стереоскопиялық микроскоптарды қолдана отырып орындалатын
жағдайларда, микроскоптан тыс монтаждау үстелінің жұмыс аймағын жарықтандыру осы
Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаның
сәйкес белгіленеді.
1-кестесіне
79. Көзбен шолып бақылайтын экрандары бар көзге күш түсіретін жұмыстар үшін
жарықтандыру деңгейлері осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаның
бойынша
2-кестесі
қабылдануы тиіс.
80. Шамшырақтардың жарық-техникалық сипаттамалары, олардың жұмыс аймағына қатысты
орналасуы мен орнатылуы жұмысшыларға тікелей және шағылысқан жарқылдың зиянды әсерін
болдырмауды қамтамасыз етуі тиіс.
81. Шамшырақтардың конструктивті орындалуы жұмыс және қызмет көрсету кезінде өрт және
электр қауіпсіздігін, өндірістік ортаның (өрт және жарылыс қауіпті, шаң, химиялық активті)
нақты жағдайларында сипаттамалардың беріктігін, ұзақтығын және тұрақтылығын, қызмет
көрсетуге ыңғайлылығын қамтамасыз етуі тиіс.
82. Өндірістік үй-жайларда жарық шамдарды уақтылы тазалау және күйген шамдарды, істен
шыққан шамдарды айырбастау жүргізу қажет.
83. Өндірістік объектілерде шамшырақтарды тазалауға және жөндеуге арналған құралдармен
жабдықталған шеберханалар, жарық пен жарық-техникалық жабдықтың газды разрядты көздерін
сақтау қоймалары көзделеді.
84. Құрамында сыныбы бар бар қондырғылар мен шамдарды, газбен қуаттандырылатын шамдары
бар жарықтандыру қондырғыларын жинап сақтау үшін арнайы бөлінген орын қарастырылады.
Сынаппен толтырылған, істен шыққан жарамсыз шамдарды кәдеге жарату арнайы ұжымдар орындайды.
85. Өндірістік үй-жайлардың жарықтандыру қондырғыларының құрамында ультракүлгін
жеткіліксіздігінің алдын алу үшін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары
көзделуі тиіс. Ұзақ әсер ететін профилактикалық ультракүлгін сәулелену қондырғылары
өндірістік ультракүлгін сәулелену көздері бар үй-жайларда көзделмейді.
86. Жұмыс істейтін адамдарға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар осы Санитариялық
қағидаларға сәйкес белгіленеді. Тамақтану бөлмелерін тұрмыстық тоңазытқышпен, ыдыс жуатын
раковиналармен жабдықтайды.
87. Бірінші және екінші қауіпсіздік сыныбы заттармен, сондай-ақ патогенді
микроорганизмдермен ластанған киімді арнайы киім сақтайтын гардеробтарда сақтау қажет.
Жұмысшыларға таза киімді таратуға арнайы тарату бөлмесі қараластырылады. Ластанған арнайы
киімді қабылдау (жинау) және уақытша сақтау үшін жекеленген арнайы бөлме гардеробтың жанынан
қарастырылуы қажет.
88. Киімдер жуылған мерзімде жұмысшыларға арнайы киімдердің ауысымды жиынтықтары
беріледі.
89. Жуынатын бөлмелер гардеробпен жапсарлас тұрған немесе гардеробтарда, арнайы
бөлінген орын- жайларға орналастырылады.
90. Киімдердің ластануына, сондай-ақ 1-ші және 2-ші қауіпсіздік сыныбындағы заттармен
ластануымен жүргізілетін өндірістік процестер кезінде себезгі бөлмелері гардеробпен қатар,
санитариялық өткізгіш ретінде орналастырылады.
91. Гардеробтардың қабырғалары мен қалқалары 2 м. дейін, себезгі, жуынатын
бөлмелерінің, әжетханалардың, әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлмелердің, қол, аяқ
ванналары бөлмелерінің едендері, қабырғалары және жабдықтарының беті тегіс, ылғалға төзімді,
жуатын және дезинфекциялық заттарды пайдалана отырып ыстық сумен тез жуылатын материалдармен
қапталуы тиіс. Аталған үй-жайлардың қабырғалары мен жеңіл қабырғалары 2 м. жоғары, ал
төбесін ылғалға төзімді жабындымен жабу көзделеді.
92. Еден, қабырғалар, гардеробтар жабдықтары, душ бөлмесі, сонымен қатар аяқ
ванналарын әр ауысымнан кейін ылғалды тазарту қажет. Себезгінің кіре берісінде сандалиді әр
пайдаланған сайын залалсыздандыратын және формалин ерітіндісі үшін кіші ванналары көзделген.
Эпидермофитиямен ауырған аурулар үшін күнделікті аяқ киімін залалсыздандырып кептіру үшін
арнаулы үй-жай жабдықталады.
93. Себезгі бөлмелері қондырғыларын жеңіл тазарту, жуу және дезинфекциялау құралдарын
пайдалана отырып ыстық сумен едендерді жуу, қабырғалар мен төбені жуу және себезгі
кабиналарындағы пайдаланылған судың ағуын қарастырады.
94. Әжетханалардың тамбуры электр сүлгілері бар қолжуғыштарымен қамтамасыз етіледі.
95. Темекі шегуге арналған орындар Кодекстің 144-бабының
сәйкес бекітетін
6-тармағына