«Темекі шегу үшін арнайы жабдықталған орындарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық қағидалары талаптарына сәйкес жабдықталады.
96. Суық немесе жылу бөлу арқылы жүргізілетін және жұмыс орындарындағы микроклиматтық
жағдайлардың нашарлауынан тудыратын өндірістік процестер кезінде жұмыс істеушілердің қысқа
мерзімді демалысы мен олардың жылулығының бірқалыптылығын сақтайтын бөлмелерді жобалау қажет
.
97. Жұмыскерлердің жылынуға арналған бөлмелерінде ауа температурасы мен оның
жылдамдығын тиісінше +22 - +25 градус Цельсий (бұдан әрі - С) және секундына <=0.2 метр (
0
бұдан әрі – м/с) деңгейінде сай ұстау көзделеді.
98. Терінің (бет, саусақтар, табан) шоғырланған температурасын дереу қалпына келтіру
үшін жергілікті шуақты және конвекциялық жылытатын қосымша аспаптар мен құрылғылар
қарастырылады. Бұл ретте жұмыскердің денесінің сыртқы қабатымен жанасатын құрылғылардың
бетіндегі температураны 38–40 град.С деңгейінде ұстау көзделеді.
99. Ауа температурасы +10 С немесе +26 С жоғары болған жағдайда жұмысшыларды тиісінше
0
0
ыстық шаймен немесе суытылған ауыз сумен қамтамасыз етеді.
100. Ауыз су режимін сақтау мақсатында жұмысшыларды ауыз сумен, ауысымда адам басына
кемінде 1,0 – 2,0 литр есебінен қамтамасыз етеді.
101. Салқындатқыш құрылғыларын (жартылай себезгілер, радиациялық салқындатудың
кабиналары немесе қабаттары) жылулық сәулелендірудің және жұмыс орындарындағы жұмыс
жағдайының немесе демалатын бөлмелердің қарқындылығына байланысты қарастырылуы тиіс.
102. Шаң мен зиянды заттардың бөлінуіне байланысты технологиялық процестер кезінде,
гардеробтарда шаңнан тазартатын және оның кедергісін бақылайтын фильтрі бар респиратор
қондырғылары, қабылдауға арналған үстелдер, респираторларды жөндеп беру үшін жууға арналған
құрылғылар, жартылай бетперделерді жууға, залалсыздандыруға және кептіруге арналған
қондырғылармен, өзін-өзі сақтағыштар мен респираторларды сақтайтын ұяшықтар мен шкафтар
көзделеді.
103. 1 в, 2 в, 2 г 3 б тобындағы кәсіпорындарындағы өндірістік процестер кезінде
арнайы киімді шаңнан тазартатын, зарарсыздандыратын, кептіретін, жуатын, химиялық тазартатын
автономды вентиляция жүйесі құрылғысы бар жекеленген үй-жай қарастырылады. Оның құрамы мен
ауданы арнайы киімнің шаңын қағу, тазалау және залалсыздандыру кезеңділігі мен тәсілімен
айқындалады.
104. Арнайы киімдер мен арнайы аяқ киімдерді кептіруге арналған гардероб үй-жайлары
механикалық жалпыалмастырғыш кіру-сору желдеткіштермен (жылдың суық мезгілінде кірген ауаны
жылытып) жабдықталады.
105. Гардероб үй-жайларында қосымша жабдықтаулар ретінде:
1) залалсыздандыратын қабыршақты дәрі-дәрмектерді (жұмыс ауысымына дейінгі және
ауысымнан кейінгі шағын жарақаттарды өңдеу үшін) сонымен қатар, табан терісінің тершеңдігі
және қышыма қотыр ауруларының профилактикасы үшін дәрі-дәрмектер сақтайтын дәрі-дәрмек
шкафтары;
2) қорғау пасталары мен жуу құралдарына арналған арнайы мөлшерлегіш құрылғылар.
106. Арнайы киімдер мен аяқ киімдерді кептіруге арналған үй-жайлар құрылғылары,
олардың өткізгіш қабілеттілігі мен қолданылатын кептіру әдісі арнайы киімдер мен аяқ
киімдердің жұмыс ауысымының басталуына дейін толық кептіруді қамтамасыз етуді қарастырады.
107. Арнайы киімді шаңнан қағу үшін арнайы қондырғылар қолданылады (қысымды ауаны
қолданатын механикалық, аэродинамикалық шаңдату және т.б. қондырғылар). Арнайы киімді шаңнан
тазалау кезеңділігі арнайы киімнің ластану деңгейіне байланысты болады (ауысымдық, кезеңдік,
эпизодиялық). Қондырғыларда киімді шаңнан тазалау тиімділігі 30 – 40 сек (бұдан әрі – сек)
ішінде кем дегенде 90 пайызды құрауы керек.
108. Арнайы киімді жуу орталықтандырылған кір жуатын орындарда жүргізіледі.
109. Жуу, химиялық тазалау тәсілі (тәртібі), оларды жүзеге асыру үшін жабдықтар тізімі
ластану затының саны мен құрамына, ластану түрі мен технологиялық процесіне байланысты
анықталады.
110. Кір жуатын орындардың ауданы мен жабдықтары айына екі реттен кем емес
қолданылатын арнайы киімдер жинағын жууды есепке ала отырып анықтау қажет. Кір жуатын
орындар арнайы киімдердің үдемелі кірлену кезінде арнайы киімдерді жиі жууды қарастырады.
Қыстық арнайы киімді химиялық тазартуға береді.
111. Тұрмыстық ғимаратта арнайы киімді және аяқ киімді жөндеу үшін бөлмелер
қарастыруға рұқсат етіледі.
112. Тізімдік құрамы 50-ден 300-ге дейін адам бар
объектілерде медициналық пункт, 300-
ден астам адам бар объектілерде фельдшерлік немесе дәрігерлік денсаулық сақтау пункттері,
сондай-ақ Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін «Денсаулық сақтау объектілеріне
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
сәйкес сауықтыру
Санитариялық қағидаларға
кешендері көзделеді.
113. Медициналық пункттің, фельдшерлік және дәрігерлік денсаулық сақтау пункттерінің
үй-жайлар құрамы мен ауданданы осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаның , ,
1
2
3 –
сәйкес қабылданады.
кестелеріне
114. Денсаулық сақтау пункттерін, медициналық пункттерді тері мен көзге түскен
агрессивті өндірістік заттардан бейтараптандыратын (зақымдалған жерді сумен шайғаннан кейін)
инактиватор жинағымен қамтамасыз етеді.
115. Санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың құрамы осы Санитариялық қағидаларға 2–
қосымшаның
сәйкес анықталады.
4 – кестесіне
116. Жекелеген санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың ауданы, жабдықтар мен рәсімдердің
жиыны әр нақты жағдайда объектінің қуатын, еңбек процестерінің сипатын, зиянды өндірістік
факторлардың болуын ескере отырып шешіледі.
117. Жұмыс орнына тікелей жақын орналасқан, жұмысшыларды сауықтыруға қажетті
емдеу-сауықтыру кешенінің үй-жайлары магнитті және электромагнитті өрістерден салыстырмалы
қорғайтын экрандармен және дыбыс оқшаулағыштармен, сондай-ақ цехтағы ластанған ауаның түсуін
болдырмайтын тұмшаланған есіктермен жабдықталады.
118. Психофизиологиялық жеңілдету бөлмелері айқын дене және жүйкеге күш түсіретін
еңбекпен сипатталатын (гигиеналық сыныптама бойынша 3 топтан жоғары) объектілерде көзделеді.
119. Жұмыс орнынан психофизиологиялық жеңілдету бөлмелеріне дейінгі арақашықтық 75
м-ден артық болмауы, ал объект алаңындағы жұмыс орнынан – 150 м-ден артық болмауы тиіс.
120. Психологиялық жеңілдету бөлмелерінің пайдалы ауданы бір орынға сағатына 4 адам
есебінен (ауысымына 4 сағат жұмыста) отыратын орынның болуымен анықталады. Бір отыратын
орынға кемінде 2 м бөлінеді, бұл ретте жалпы аудан кемінде 20 м болуы тиіс.
2
2
121. Психологиялық жеңілдету бөлмесі 68 м нұсқаушы-әдістемешіге арналған қосалқы
2
үй-жайды және киім ауыстыруға арналған кіреберісті қамтиды, оның өлшемі бір адамға кемінде
0,5 м есебінен болатын, отыратын орынның санына байланысты болады. Бөлмелер шулы цехтарға
2
тікелей жақын орналасқан кезде кіретін жер дыбыс оқшаулағыштары бар екі есікті тамбур
тәрізді болуы көзделеді.
122. Психофизиологиялық жеңілдету бөлмесін жарықтандыруға табиғи, сонымен бірге
қыздыру шамдарын немесе басқа да жарықтандыруды (10-нан 200 люкске дейін) реттеу құрылғысы
бар рұқсат етілген жарық көздері көзделеді. Шудың фондық деңгейі 60 децибелден (бұдан әрі –
дБА) аспауы тиіс. Ауаның температурасы плюс 18 – 22 С шегінде ұсталуы тиіс. Желдету ауа
0
баптағыштардың көмегімен жүзеге асырылады.
123. Психофизиологиялық жеңілдету үй-жайлары демалу үшін шынтақшасы бар жұмсақ
орындықтармен жабдықталады. «Түрегеп тұрып» жұмыс істейтін мамандықтардың жұмысшылары үшін
әр креслоға аяққа арналған жұмсақ тіреулер көзделеді.
124. Бір сарынды еңбек және (немесе) гипокинезиясы бар объектілерде жұмыс
үй-жайларынан 150 м алыс емес орналасқан тренажер залдары көзделеді. Залға кіретін жер шу
мен шаңнан оқшаулауды қамтамасыз ететін тамбур арқылы болуы тиіс.
125. Тренажер залының ауданы биіктігі 4 м-ден төмен емес, жалпы ауданы кемінде 40 м ,
2
бір адамға кемінде 4 м есебінен белгіленеді.
2
126. Тренажер залының ауасында зиянды заттар, қоспалар, иістер болмауы тиіс. Көміртегі
диоксиді (СО ) 0,1 %-тен аспауы, шаңдану текше метрге 6 милиграммнан (мг/м ) артық болмауы,
2
3
кремний 2%-дан аспауы, микроорганизмдер 1 м -ге 4000 микробтан аспауы, статикалық электр
3
өрісінің кернеуі сантиметріне 150 Ваттан (В/см) артық болмауы тиіс.
127. Қажетті ауа режимі табиғи (фрамуг, терезе), жасанды желдету және ауаны баптау
көмегімен қамтамасыз етіледі. Барлық фрамугалар қимасының ауданы еденнің ауданына 1:50
қатынасында болуы тиіс. Мәжбүрлі желдету кезіндегі ауаны ішке тарту қарқындылығы сыртқа
таратудан 10 – 15 %-ға жоғары болуы тиіс.
128. Ауаның температурасы орталықтандырылған жылыту және ауа баптау арқылы плюс 15 –
22 С шегінде қамтамасыз етілуі тиіс. Орталықтандырылған жылыту радиаторларын терезенің
0
астындағы қуыстарға орналастырады және алмалы-салмалы ағаш торлармен жабады. Жылытуды