"Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 174 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырдағы № 10939 тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі
Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының
сәйкес
:
6-тармағына
БҰЙЫРАМЫН
1. Қоса беріліп отырған «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық
бекітілсін.
қағидалар
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті
заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді
баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға
жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы министрлігінің ресми интернет-ресурсында
орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшелік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық
экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
__________ Т. Дүйсенова
2015 жылғы 4 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 ақпандағы
№ 174 бұйрығымен
бекіткен
«Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық
қағидалар) Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және
денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 144-бабының
сәйкес әзірленді,
6-тармағына
өндірістік мақсаттағы ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды жобалауға, салуға,
реконструкциялауға және пайдалануға, оларда жұмыс істейтін адамдардың жұмыс орындарына,
еңбек жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетілуіне, медициналық қамтамасыз ету мен
тамақтануына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мыналарды:
1) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын талаптарды;
2) өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын талаптарды;
3) өндірістік объектілердегі технологиялық процестерге және жабдықтарға қойылатын
талаптарды;
4) өндірістік объектілерді жылытуға, жарықтандыруға, ауасын желдетуге және баптауға
қойылатын талаптарды;
5) сумен жабдықтауға, су бұруға және өнеркәсіп қалдықтарын кәдеге жаратуға қойылатын
талаптарды қамтиды.
3. Санитариялық қағидалар жерасты құрылыстарын және кен қазбаларын, сондай-ақ жұмыс
мерзімі бес жылға дейін құрылыс кезеңінде тұрғызылатын уақытша өндірістік ғимараттарға және
құрылыстарға қолданылмайды.
4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) аэрация – құрамындағы органикалық заттарды жылдам тотықтыру үшін әртүрлі орталардың
ауамен жасанды қанығуы;
2) ауамен себезгілеу – үй-жайға салқын ауаның, газдың, будың, шаңның түсуінің алдын
алуға арналған жергілікті желдеткіш;
3) зиянды заттар – ауадағы рұқсат етілген шекті шоғырланудан (бұдан әрі - РШШ) асатын,
адамның организміне теріс әсер ететін заттар;
4) зиянды өндірістік фактор – қызметкерге әсері ауруға немесе еңбек қабілетін
төмендетуге және (немесе) ұрпағының денсаулығына теріс әсер етуге алып келуі мүмкін
өндірістік фактор;
5) өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар – технологиялық жабдықты
пайдаланатын және адамдардың еңбегі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін өнеркәсіптік
және ауыл шаруашылығы өндірістері орналастырылған өндірістік объектілер;
6) объектінің
– қуатына, пайдалану жағдайына, қоршаған ортаға
қауіптілік сыныбы
бөлінетін ластайтын заттардың сипатына және мөлшеріне, қоршаған ортаға және адамның
денсаулығына қолайсыз әсер ететін шуға, дірілге, иондамайтын сәулеленуге байланысты
белгіленетін объектінің санаты;
7) өңдірістік объект (одан әрі – объект) – адамның денсаулығы мен өмір сүру ортасына
әсер ету көздері болып табылатын процестерді, жабдықтарды және технологияларды пайдалану
арқылы жүзеге асырылатын өнім шығарумен, жұмысты орындаумен және қызметтер көрсетумен
байланысты шаруашылық қызметінің объектісі;
8) өндірістік бақылау – бұл заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің атқарып отырған
санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау,
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды орындауды қамтамасыз ету бойынша
атқаратын қызметтеріне сай жүргізілетін санитариялық қағидаларды сақтау және
санитариялық–эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды орындау.
9) рециркуляция – температураны және қоспалардағы компоненттердің шоғырлануын реттеу
мақсатында технологиялық процеске газдар, сұйық және қатты заттар ағымының көп мәрте, толық
немесе ішінара қайтуы;
10) шлам – сарқынды суларды тазарту процесінде алынған, құрамында 60-70 пайызға (одан
әрі – %) дейін минералды бөлшектер мен органикалық материал бар лайлы шөгінді;
11) шлам үйіндісі – шламды жинау және сақтау орны;
12) экрандалған үй-жайлар – радиоаппаратураны пайдалану, монтаждау, жөндеу және сынау
кезінде, әртүрлі жоғары вольтты қондырғылар мен генераторлар тудыратын электромагниттік
өрістерді (бұдан әрі – ЭМӨ) орналастыру кезінде қызмет көрсететін персоналды
электромагниттік өрістің әсерінен қорғау, қабылдаушы құрылғылар мен арнайы өлшеу, есептеу
және басқа да аппаратураны сыртқы ЭМӨ әсерлерінен қорғау мақсатында жабдықталған үй-жайлар.
2. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
5. Объектілер сәулет-құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының
мен осы
заңнамасы
Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жобаланады.