Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



жүктеу 311,18 Kb.
Pdf просмотр
бет7/9
Дата10.12.2017
өлшемі311,18 Kb.
#3712
1   2   3   4   5   6   7   8   9

      Иондаушы сәулеленудің нормаланатын параметрлеріне мыналар жатады:

      1) тікелей иондаушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін 

адамдарға арналған рұқсат етілген эквивалентті және тиімді дозалар (А санаты);

      2) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істемейтін, бірақ объектілердің қызметіне 

негізделген жұмыс орнының немесе тұратын жерінің орналасу жағдайы бойынша иондаушы 

сәулеленудің әсеріне ұшырайтын адамдарға арналған шекті эквивалентті және тиімді дозалар (Б 

санаты).

      Дозалық шектер радиоактивті заттармен және басқа да иондаушы сәулелену көздерімен 

жұмыс кезіндегі қолданыстағы радиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуі тиіс.

      156. Жұмыс орындарындағы өндірістік көздердің ультракүлгін сәулеленудің (бұдан әрі – 

УК) рұқсат етілген деңгейлері: ұзын толқынды УК-А-400-315 нм, орта толқынды УК-В-315-280 нм,

қысқа толқынды УК-С-280-200 нм облыстары үшін сәулеленудің спектрлік құрамын ескере отырып 

қабылдануы тиіс және Кодекстің 144-бабының 

 сәйкес бекітетін адамға әсер ететін 

6-тармағына

физикалық факторға қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы қажет.

      Сәулелену қарқындылығының гигиеналық нормативтері жұмысшыларға оның әсер ету ұзақтығын

ескере отырып белгіленген. Сонымен бірге, сәулеленуден қорғайтын арнайы киімді киюді, бас 

киімді және көзді қорғайтын құралдарды пайдалануы міндетті болып табылады.

      157. Осы Санитариялық қағидалардың 

 талаптары 2000  С жоғары 

160-тармағының

0

температурадағы көздер тудыратын (электрлік доғалар, плазма, балқытылған металл, кварц 



әйнегі), полиграфияда, химиялық және ағаш өңдеу өндірістерінде, ауыл шаруашылығында, кино 

және телетүсірілімдерде, дефектоскопияда, денсаулық сақтау ұйымдары мен өндірістің басқа да 

салаларында пайдаланылатын люминисцентті көздер тудыратын сәулеленуге қолданылады.

      Көрсетілген нормативтер қызмет көрсететін персонал болмағанда ортаны зарарсыздандыру 

үшін қолданылатын лазерлер тудыратын, сондай-ақ емдік және профилактикалық мақсатта 

қолданылатын УК-ге қолданылмайды.

      158. Тері бетінің қорғалмаған учаскелері (бет, мойын, қол саусақтары) 0,2 м  артық емес

2

болғанда, жұмыс ауысымының сәулелену әсерінің жалпы ұзақтығы 50 % және бір реттік сәулелену 



ұзақтығы 5 минут және одан артық болғанда жұмысшыларға УК-нің рұқсат етілген қарқындылығы: 

УК-А аймағы үшін шаршы метрге 10,0 Ваттан (бұдан әрі – Вт/м ); УК-В аймағы үшін 0,01 Вт/м  

2

2

аспауы тиіс.



      159. Терінің барлық беті қорғалған кезде жұмысшылардың сәулеленуінің рұқсат етілген 

қарқындылығы УК-В аймағында: жұмыс ауысымы бойы әсердің ұзақтығы УК-С аймағында 1 Вт/м  

2

аспауы тиіс.



      160. Жабық өндірістік үй-жайлар микроклиматының тиімді және рұқсат етілген 

параметрлерін дұрыс есептеу үшін метеорологиялық жағдайды сипаттайтын (ауаның температурасы,

салыстырмалы ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылумен сәулелену қарқындылығы) 

көрсеткіштерге, сонымен бірге энергетикалық шығындар туралы деректерге сүйену қажет.



5. Өндірістік объектілерді жылытуға, ауасын желдетуге және

баптауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      161. Басқару пульттері үй-жайларын, краншылардың кабиналарын және басқа да оқшауланған

үй-жайларды қоса алғанда өндірістік ғимараттардағы, үй-жайлардағы және құрылыстардағы жылыту

, желдету және ауа баптау жүйелері тұрақты және уақытша жұмыс орындарының жұмыс аймағындағы 

еңбек ету уақытында Кодекстің 144-бабының 

 сәйкес бекітетін адамға әсер ететін 

6-тармағына

физикалық факторларға және қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға 

қойылатын 

 

 сәйкес температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының 



гигиеналық нормативтерге

жылдамдығы, зиянды заттардың болуы, иондау көрсеткіштері бойынша ауа ортасының нормативтік 

параметрлерін қамтамасыз ету қажеттілігін есепке ала отырып жабдықталады.

      162. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар табиғи, механикалық жалпы алмасатын ішке 

тарту-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады. Жаңа жабдықталған, қайта жаңартылған, 

күрделі жөнделген желдеткіш қондырғылары олардың тиімділігін анықтайтын құрал-саймандық 

қабылдау сынағынан өтуі тиіс.

      163. Механикалық желдету нормаланған микроклиматтық параметрлер мен жұмыс аймағының 

ауасындағы зиянды заттардың болуы табиғи желдетумен қамтамасыз етілмейтін үй-жайлар мен 

жекелеген учаскелер үшін, сондай-ақ табиғи желдетілмейтін үй-жайлар мен аймақтар үшін 




көзделеді. Ауаны ішке тартуды немесе шығаруды ішінара қолданатын біріктірілген - механикалық

желдетуді пайдалануға жол беріледі.

      164. Ауаның шығыны үй-жайдың көлемінде зиянды заттардың, жылу мен ылғалдың әркелкі 

таралуын ескерген есептеулермен анықталады.

      165. Жұмыс аймағының ауасына бірнеше зиянды заттардың бір уақытта бөлінуі кезінде 

жалпы алмасу желдетуді есептегенде ауаның шығынын барынша көп қажет ететін зиянды зат 

бойынша анықталуы тиіс.

      166. Бірқатар заттардың организмге бір бағытта әсер етуі туралы деректер бар болғанда 

жалпы алмасу желдетуді есептеу әрбір затты бөлек Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес 

бекітетін қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын гигиеналық 

нормативтерге сәйкес оның РЕШШ-не дейін ерітуге қажетті ауа шығынын қосу жолымен жүргізіледі

.

      167. Өндірістік объектілердегі табиғи немесе механикалық желдету осы Санитариялық 



қағидаларға 

 сәйкес бір жұмысшыға сыртқы ауаның келуін қамтамасыз етуі тиіс.

4-қосымшаға

      168. Желдету және ауаны баптау жүйелерінің қабылдағыш саңылаулары және табиғи ауа 

келетін желдеткішке арналған саңылаулар арқылы ғимараттар мен құрылыстардың ішіне түсетін 

ауадағы зиянды заттардың шоғырлануы Кодекстің 144-бабының 

 сәйкес бекітетін 

6-тармағына

қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын гигиеналық нормативтерге

сәйкес жұмыс аймағының ауасы үшін рұқсат етілген шекті деңгейлерден (бұдан әрі - РЕШД) 30 % 

аспауы тиіс.

      169. Бір ғимаратта қауіптілік сыныптары әртүрлі зиянды заттар бөлетін өндірістерді 

немесе көршілес үй-жайларды біріктірген кезде барынша уытты зиянды заттар бар үй-жай үшін 

ұйымдастырылған ішке тартудан сыртқа тарату басым болуы көзделуі тиіс.

      170. Көп қабатты өндірістік ғимараттарда алаңдар жабынының монтаждық ойықтары 

оқшаулайтын жаппамен жабдықталуы тиіс, ал ауа алмасу әр қабат үшін жеке есептелуі тиіс.

      171. Жылдың салқын мезгілінде (желдетудің теріс дисбалансы) сыртқа таратудың орнын 

толтыру үшін сыртқы ауаның ұйымдастырылмаған ішке тартуына биіктігі 6 м және одан аласа 

үй-жайларда сағатына бір рет ауа алмасудан артық емес, ал биіктігі 6 м жоғары үй-жайларда 

еден ауданының әр 1 м -не сағатына 6 текше метр (бұдан әрі – м /сағ) көлемде жол беріледі.

2

3

      172. Егер көршілес үй-жайларда жағымсыз иісі бар заттар болмаса және санитариялық 



талаптарға сәйкес жұмыс аймағының ауасындағы рұқсат етілген шекті шоғырлану Кодекстің 144-

бабының 


 сәйкес бекітетін қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық 

6-тармағына

ауаға қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес 30%-дан аспаса, одан ұйымдастырылмаған 

ауаның келуіне жол беріледі.

      173. Ішке тартылатын ауаны беру үй-жайдың таза және аз ластанған аймақтарына ауа 

неғұрлым ластанған аймақтар арқылы келмейтіндей етіп көзделеді.

      174. Зиянды заттарды (газдарды, шаңды, жылуды) бөлетін көздер технологиялық жабдықтың 

ішіне орнатылған не көзге мейлінше жақын орналастырылған жергілікті сорғысы бар жергілікті 

сыртқа тарату желдеткіші құрылғысымен жабдықталуы тиіс.

      175. Үй-жайға бөлінетін немесе жергілікті сорғымен шығарылатын зиянды заттардың, жылу 

мен ылғалдың мөлшері технологиялық бөлімнің деректері бойынша қабылданады. Қажетті 

мәліметтер болмаған жағдайда ұқсас объектілердегі табиғи зерттеулердің немесе есептеулер 

жолымен алынған деректердің нәтижелері пайдаланылады.

      176. Санитариялық талаптарға сәйкес технологиялық жабдықтан қауіптілігі 1 және 2-

сыныпты зиянды заттарды шығаратын жергілікті сорғылар осы жабдықпен жергілікті сыртқа тарату

желдеткіші жұмыс істемеген кезде ол жұмыс істемейтіндей етіп блокталады.

      177. Егер сыртқа тарату желдеткіші ажыратылған кезде өндірістік процесті тоқтату 

мүмкін болмаса немесе жабдықты (процесті) тоқтатқан кезде жұмыс аймағының ауасы үшін РЕШШ 

асатын шоғырланудағы зиянды заттар үй-жайдың ауасына бөлінуін жалғастырса, жұмыс режимін 

автоматты ауыстырып қосатын резервті желдеткіштері бар жергілікті сорғы құрылғысы көзделеді.

      178. Желдетуге, ауамен жылытуға және ауаны баптауға арналған ауаның рециркуляциясын 

санитариялық талаптарға сәйкес ауасында ауру қоздырғыш бактериялары, вирустары немесе 

грибоктары бар, сондай-ақ айқын білінетін жағымсыз иісі бар немесе Кодекстің 144-бабының 6-

 сәйкес бекітетін қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға 

тармағына

қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес қауіптілігі 1 және 2-сыныпты зиянды заттары бар 

үй-жайларға қарастыруға жол берілмейді.

      179. Кодекстің 144-бабының 

 сәйкес бекітетін қалалық және ауылдық елді 

6-тармағына

мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын гигиеналық нормативтерге сәйкес қауіптілігі 3 және



жүктеу 311,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау