желдетумен біріктіру қарастырылады.
129. Табиғи жарықтандыруға арналған жарық коэффициенті 1:4 – 1:5 болып белгіленеді,
жасанды жарықтандыру қыздыру шамдарында кемінде 100 лк және люминисцентті шамдарда кемінде
200 лк болуы тиіс. Терезелер сәндік торлармен жабылады.
130. Тренажер залының жанына киім ауыстыратын, себезгі және дәретхана орналастырылады.
Себезгі қондырғылары мен қол жууға арналған раковиналар саны осы Санитариялық қағидаларға 2-
қосымшаның
сәйкес жобаланады.
4-кестесіне
131. Діріл ауруының алдын алу бойынша кабинеттер жұмысшылардың қолына дірілдің
берілуімен сипатталатын технологиялық процестері және операциялары бар цехтар үшін көзделеді
. Кабинеттің құрамына: физиотерапиялық емшаралар, емдік дене шынықтыру, психологиялық және
эмоциялық жеңілдету үй-жайлары кіреді.
132. Физиотерапиялық емшараға арналған үй-жайдың ауданы бір қол ваннасына 1,5 м
2
есебінен (немесе құрғақ ауамен жылыту қондырғысына 2,3 м ) белгіленеді, бірақ кемінде 35 м
2
2
болуы тиіс. Ванналардың саны 3 жұмысшыға 1 ванна және адам ең көп ауысымда 10 жұмысшыға 1
қондырғы есебінен анықталады.
133. Емдік дене шынықтыруға арналған үй-жайдың ауданы залды пайдаланатын бір жұмысшыға
(тренажерлер мен спорт снарядтарын қолданатын) 1,6 м , бірақ кемінде 20 м есебінен
2
2
анықталады.
134. Медицина персоналына арналған ауданы кемінде 8 м үй-жай бөлінеді.
2
135. Әйелдердің жеке гигиенасы бөлмесінде (бұдан әрі – ӘЖГ) кабиналар 100 жұмысшы
әйелге 1 кабина есебінен, жоғары шаңданатын кәсіпорында – 50 әйелге 1 кабина және тамбуры
болуы тиіс. Тамбурда ыстық және суық су араластырғышы бар раковина, қызмет көрсететін
персоналға арналған үстел, қолға арналған электрлі кептіргіш, сабын салғыш көзделеді.
136. Жеке кабиналар ыстық және суық су араластырғыш келтірілген себезгімен және
унитазбен, пайдаланылған гигиеналық пакетке арналған қақпағы бар бөшкемен және киім
ілгіштермен жабдықталады.
137. ӘЖГ бөлмесінің қабырғалары мен жеке кабиналар арасындағы қалқалар оларды жеңіл
тазалауға, жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жууға мүмкіндік беретін
материалдардан болуы тиіс.
138. ӘЖГ бөлмесіне арналған үй-жайдан жұмыс орнына дейінгі арақашықтық 150 м-ден артық
болмауы тиіс. ӘЖГ дәретханалармен біріктіруге жол берілмейді.
139. Жүктілік кезінде әйелдердің еңбегі мен демалуын тиімді ұйымдастыру үшін
мамандандырылған емдеу-сауықтыру кешендері (бұдан әрі – МК) бала туатын жастағы жұмысшы
әйелдер саны 500 және одан көп объектілерде көзделуі тиіс.
140. Мамандандырылған кешендер құрамына өндірістік (цех, учаске) және қосалқы (демалыс
бөлмесі, жеке гигиена бөлмесі, дәретхана) оқшауланған үй-жайларда орналастырылады.
141. МК-ні табиғи жарығы мен табиғи ауа алмасуы жоқ ғимараттарға, жертөле, цоколды
үй-жайлар мен 2-қабаттан жоғары (лифт болмағанда) орналастыруға жол берілмейді.
142. Демалыс бөлмесінің ауданы ауысымдағы бір жұмыс істейтін әйелге 2,0 м есебінен,
2
бірақ кемінде 18 м белгіленеді. 30 м -ден артық демалыс бөлмелері демалыс аймағына және
2
2
гимнастикалық жаттығулар аймағына, дәрігерлік бақылау және сабақ өтетін аймақтарға бөлінеді.
143. Жүкті жұмысшы әйелдерді жұмысқа орналастыруға арналған МК үй-жайындағы еңбектің
сипатына қойылатын гигиеналық талаптар оңтайлы жағдайдың 1-сыныбын қанағаттандыруы тиіс.
144. Еңбекпен сауықтыру орталығы (учаскелері) (бұдан әрі – орталық) жұмысшылар саны
5000 және одан көп адам болатын объектінің құрылымында көзделеді. Орталықтардың құрамында
емдеу-диагностикалық және техникалық бөлімдер болуы тиіс.
145. Орталықтың емдеу-диагностикалық бөлімінің үй-жайлары болжанатын өндірістің
сипатына сәйкес жабдықталады.
146. Орталықтың техникалық бөліміне еңбекпен оңалту цехтары (учаскелері), диспетчерлік
, көлік қызметі және өнімнің сапасын бақылау қызметінің үй-жайы,
конструкторлық-технологиялық және жоспарлау-экономикалық бюро, стандартты емес жабдықтар мен
құралдарды дайындауға арналған тәжірибелік-жөндеу учаскелері кіреді.
147. Өндірістік объектілердегі асханалар үй-жайлары және тамақ өнімдерін өндіру және
азық-түліктік шикізаттарды сақтау Кодекстің 144-бабының
сәйкес бекітетін «
6-тармағына
Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
сәйкес көзделеді.
санитариялық қағидаларына
148. Өндірістік үй-жайларда тағамды сақтауға және ішуге жол берілмейді.
4. Өндірістік объектілердегі технологиялық процестерге,
жабдықтарға және жұмыс орындарына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
149. Технологиялық процестер мен жабдықтарды әзірлеу және пайдалану кезінде мыналар
көзделеді:
1) бастапқы және соңғы өнімде зиянды заттар қоспаларының болуын шектеу, соңғы
өнімдерді шаңданбайтын түрлерде шығару;
2) жұмыс істейтін адамдардың зиянды өндірістік факторлармен жанасуын болдырмайтын
өндірістік технологияларды қолдану;
3) жабдықтың конструкциясына жұмыс аймағына қауіпті және зиянды өндірістік
факторлардың түсуінің (таралуының) алдын алатын шешімдер мен қорғаныш құралдарын қолдану;
4) жіті бағытталған әсері бар заттармен жұмыс аймағының ластану жағдайына автоматты
бақылау, дабыл және технологиялық процесті басқару жүйелерін орнату;
5) тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру;
6) технологиялық және желдету шығарындыларын уақтылы жою, зарарсыздандыру, өндіріс
қалдықтарын кәдеге жарату және көму;
7) зиянды заттар мен факторлардан ұжымдық және жеке
;
қорғаныш құралдары
8) жұмыс орындарындағы қауіпті және зиянды өндірістік
факторлардың деңгейін бақылау;
9) нормативтік-техникалық құжаттамаға қауіпсіздік талаптарын енгізу;
10) олардың атқарған қызметтеріне сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыру;
11) барлық технологиялық процестердің өзгеруіне (өндірістік қуаттылығын арттыру,
процестер мен өндірістің интенсификациясы және бекіткен жобадан ауытқуы), халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы
сәйкес
қолданыстағы заңнамаға
санитариялық-эпидемиологиялық
алу қажет.
қорытынды
150. Технологиялық процестерде Кодекстің
сәйкес Қазақстан Республикасында
7-1 бабына
қолдануға рұқсат етілген химиялық заттар пайдаланылады.
151. Ылғал бөлу көзі болып табылатын өндірістік жабдық тұмшаланады және төгуге
арналған автоматты құрылғымен жабдықталады.
152. Еңбек жағдайы технологиялық процестің, оның өзгертулері, әр түрлі жұмыстарды
орындаудағы нақты жағдайы, жабдықтарды жөндеу, сауықтыру іс-шараларын енгізу ерекшеліктерін
ескере отырып бақыланады. Өндірістік факторлардың өлшемі қолданыстағы әдістеме бойынша
орындалады.
Өндірістік объектілерде өндірістік (ведомстволық) бақылау жүргізіледі. Өндірістік (
ведомстволық) бақылау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасымен
белгіленген тәртібінде аккредиттелген өндірістік немесе тәуелсіз зертханалармен жүзеге
асырылады. Ведомстволық бақылау қорытындысы тиісті аймақтың халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының
аумақтық бөлімшесіне ұсынылады.
153. Объектідегі жұмыс аймағы ауасындағы негізгі зиянды заттардың болуына өндірістік (
ведомстволық) бақылау жасау, Кодекстің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітетін қалалық және
ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға қойылатын
сәйкес
гигиеналық нормативтерге
жүзеге асырылады.
Жұмыс аймағы ауасындағы негізгі зиянды заттардың болуына өндірістік (ведомстволық)
бақылау жасау, жұмыс аймағы зертханалық өндірістік бақылауға жататын негізгі зиянды заттар
тізіміне сәйкес жүргізілу қажет және технологиялық процестің жеке сатысындағы жұмыс аймағы
ауасынан бөлінетін заттарға сүйене отырып толықтырылады.
154. Инфра және ультрадыбыс, жалпы және жергілікті діріл, иондалған және иондалмаған
сәулелену көздері болып табылатын жұмыс орындарындағы жабдықтардың жанында Кодекстің 144-
бабының
сәйкес бекітетін адамға әсер ететін физикалық факторға, радиациялық
6-тармағына
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және радиациялық-қауіпті объектілерге қойылатын гигиеналық
нормативтерге сәйкес РЕШШ деңгейін асыруға жол берілмейді.
155. Иондаушы сәулеленудің нормаланатын параметрлері осы санитариялық қағидалардың 3-
келтірілген негізгі дозалық шектер болып табылады.
қосымшада