Мемлекеттік қызметтің төлқұжаты



жүктеу 37,21 Kb.
Pdf просмотр
Дата16.05.2018
өлшемі37,21 Kb.
#14109


Мемлекеттік қызметтің төлқұжаты

Қызметтің атауы

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою

Қызметті көрсететін мемлекеттік

орган

Мемлекеттік қызметті Астана жəне Алматы қалаларының,



аудандардың жəне облыстық маңызы бар қалалардың

жергілікті атқарушы органдары (бұдан əрі – көрсетілетін

қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды жəне

нəтижелерін беруді жүзеге

асыратын мекеме

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) «электрондық үкіметтің»

www.e.gov.kz

 веб-порталы

(бұдан əрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің нəтижесін беру

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге

асырылады.

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі



Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін

қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сəттен

бастап – 3 (үш) ай;

      мүліктің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000

еселенген мөлшерінен асқан кезде – 5 (бес) ай;

      болашақта сыйға тарту шартына қол қою үшін – 2 (екі)

ай;


      мүліктің құны айлық есептік көрсеткіштің 30000

еселенген мөлшерінен асқан кезде, болашақта сыйға тарту

шартына қол қою үшін – 4 (төрт) ай;

      болашақта мүліктің қабылдау-беру актісіне қол қою үшін

– 2 (екі) ай;

      2) кезекте күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15

(он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты –

15 (он бес) минут.

Мемлекеттік қызметтің

көрсетілетін нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) жəне (немесе)

қағаз жүзінде. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған

сəттен бастап, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген кезде

– күнтізбелік 15 (он бес) күн;

      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең



ұзақ уақыты – 20 минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты –

30 минут.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан

Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес демалыс жəне

мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі

түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса

алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау жəне мемлекеттік қызмет көрсету

нəтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі

үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз жəне жеделдетіп

қызмет көрсетусіз кезек тəртібімен көрсетіледі.

      2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты

техникалық үзілістерді қоспағанда, тəулік бойы (Қазақстан

Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес көрсетілетін

қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс

жəне мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау

келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік

қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш (еркін

нысанда);

      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын

кəуландыратын құжат (жеке басын сəйкестендіру үшін талап

етіледі);

      3) жақын туыстарының бала асырап алуға арналған

жазбаша келісімі;

      4) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс

орнынан жалақысы туралы, кəсіпкерлік қызметтегі табысы

жəне бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де

табыстары туралы анықтама);

      5) отбасы жағдайы туралы анықтама (2008 жылға дейін

некеге тұрған (бұзған) жағдайда, некеге тұру (бұзу) туралы

куəліктің көшірмесі, бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не

Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда,

баланың туу туралы куəлігінің көшірмесі) (бала бар

болғанда)

      6) «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы»

Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан əрі – Кодекс) 91-



бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына сəйкес азаматтың

ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы

анықтаманың, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді

мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген

«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық

құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан

Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін

атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907

бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық жəне

психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы

мəліметтің жоқтығы туралы анықтама.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада

ұсынылады, кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті

алушыға қайтарылады.

      порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған

электрондық құжат нысанындағы сұраныс;

      2) жақын туыстарының бала асырап алуға арналған

жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;

      3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтаманың

электрондық көшірмесі (жұмыс орнынан жалақысы туралы,

кəсіпкерлік қызметтегі табысы жəне бірге тұратын барлық

отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);

      4) отбасы жағдайы туралы анықтаманың электронды

көшірмесі (2008 жылға дейін некеге тұрған (бұзған)

жағдайда, некеге тұру (бұзу) туралы куəліктің көшірмесі,

бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан

Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда, баланың туу

туралы куəлігінің көшірмесі (бала бар болғанда);

      5) Кодекстің 91-бабы 1-бөлімінің 6) тармақшасына

сəйкес азаматтың ауруының жоқтығын растайтын денсаулық

жағдайы туралы анықтаманың, сондай-ақ Нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697

болып тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы

медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907

бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық жəне

психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы

мəліметтің жоқтығы туралы анықтаманың электрондық

көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын

куəландыратын, тұрғын үйге меншік құқығын немесе



тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттары

туралы мəліметтерді, Қазақстан Республикасының Бас

прокуратурасы Құқықтық статистика жəне арнайы есепке

алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша адамның қылмыс

жасағаны туралы мəліметтің бар немесе жоқтығы туралы

анықтамаларды көрсетілетін қызметті беруші «электрондық

үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық

жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше

көзделмесе, көрсетілген қызметті алушы көрсетілетін

қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйедегі

мəліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті

беруші көрсетілетін қызметті алушыға мынадай

мəліметтерді көрсетіп, тиісті құжаттардың қабылданғаны

туралы қолхат береді:

      1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;

      2) сұралатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

      4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) жəне орны;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті қабылдаған

қызметкерінің тегі, аты, сондай-ақ əкесінің аты (бар

болғанда);

      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ

əкесінің аты (бар болғанда) жəне оның байланыс

телефондары.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті

алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін

қызметтің сұранысы қабылданғаны туралы мəртебе, сондай-

ақ хабарлама жіберіледі.

      Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-

қосымшаға сəйкес нысан бойынша бала асырап алуға

үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-

тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісі көрсетілетін

қызметті алушы жоғарыда аталған құжаттарды ұсынғаннан

кейін күнтізбелік он күн ішінде дайындалады.

Мемлекеттік қызметтің нəтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нəтижесі:

      Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - осы

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға



сəйкес нысан бойынша бала асырап алуға үміткер(лер) болу

мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды.

      Порталда – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына 2-қосымшаға сəйкес нысан бойынша бала

асырап алуға үміткер(лер) болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі)

туралы қорытындының дайындығы туралы хабарлама

(бұдан əрі - хабарлама).

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан

кейін бала асырап алуға үміткер(лер) болудың мүмкіндігі

(мүмкін еместігі) туралы қорытындыны алу үшін



хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша хабарласуы

қажет.

Document Outline

  • ‎D:\Документы\Работа\akimataktobe.gov.kz\Госуслуги\На 31.10.2016г\горОО\19\паспорт каз.doc‎

жүктеу 37,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау